Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Қытай бірлесіп 20 жоба әзірлеп жатыр

Қазақстан мен Қытай бірлесіп 20 жоба әзірлеп жатыр

Қазақстан аймағында өңдеу өнеркәсіп саласына қатысты Қазақстан мен Қытай елдері арасында 20 жоба әзірленіп жатыр, деп қазақстан-қытай инвестициялық форумының отырысында индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді. Бұл туралы бүгін primeminister.kz порталы хабарлады.

«Өңдеу өнеркісіп саласы бойынша дайын өнім немесе құны жоғарғы өнімге негізделген 20 шақты жоба қарастырылуда. Сондай-ақ, қос тарап бірлесіп жаңа жобалар дайындадық. Бүгін соны талқылаймыз. Сәуір айында жоспарланған жобаларға қатысты екі жақты келісімді толық аяқтаймыз деп сенемін», – деді Әсет Исекешев.

Инвестфорум ұйымдастырушалырының хабарлауынша, екі жақты талқылаулар 5 бағыт бойынша өрбіген. Олар: тау-кен комлекстері, энергетика және мұнайөңдеу саласы, машина жасау саласы, құрылыс индустриясы және химия өндірісі саласы, көлік инфрақұрылымы және логистика саласы, тағам және жеңіл өнеркәсіп салалары.

Похожие материалы