7kun.kz 1991 жылдан бері наурызда Қазақстан Республикасы басынан өткерген елеулі оқиғаларға шолу әзірлеп, назарларыңызға ұсынады.
[caption id="attachment_5896" align="aligncenter" width="949"] Фото: voxpopuli.kz[/caption]1991 жылдың 15 наурызы - «Наурыз мейрамы – халықтық көктем мерекесі туралы» Қазақ КСР Президентінің Жарлығы жарық көреді. Құжат мақсаты адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптеп, достықты, республика ұлттары арасындағы бірлікті нығайту, халық дәстүрін қайта жаңғырту болды.
[caption id="attachment_5897" align="aligncenter" width="460"] Көрнекі фото: e-history.kz[/caption]1992 жылдың 2 наурызы - Қазақстан Бас Ассамблеяның 46-шы сессиясында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданады.
[caption id="attachment_5898" align="aligncenter" width="1000"] Фото: vse.kz[/caption]1993 жылдың 10 наурызы - 1993-1995 жж. арналған Мемлекеттендіру және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы қабылданады. Барлық қазақстандықтарға, тіпті кішкентай балаларға дейін әр адам басына 100 дана (ауылдық жерде тұратындарға 120) жекешелендіру купоны таратылады. Бұл купондарды халық жеке инвестициялық жекешелендіру қорларына (ИЖҚ) салды, ал аталған қорлар өз кезегінде купондарды жинап, мемлекеттен зауыттар мен фабрикаларды сатып алуға тиіс болатын. Купон иелері мұның ақысына нақты кәсіпорын немесе өндіріс орнының акциясына ие болып, белгілі бір көлемде қосымша табыс алып отыру керек-ті. Алайда 170-тей қордың бірде-біреуі ел азаматтарына ешқандай ақша төлеген жоқ. Тек "Бутя-Капитал" қоры ғана 2004 жылы Болат Әбіловтың сайлауалды кампаниясының қарсаңында халыққа тиісті ақшаны таратып береді.
[caption id="attachment_5899" align="aligncenter" width="956"] Сурет: kase.kz[/caption]1994 жылдың 31 наурызы - "Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы" және "Тауарлық биржалар туралы" заңдар қабылданады.
[caption id="attachment_5900" align="aligncenter" width="535"] Фото: voxpopuli.kz[/caption]1995 жылдың 6 наурызы - Конституциялық сот 13-ші шақырылымның Жоғарғы Кеңесін журналист Татьяна Квятковскаяның шағымы бойынша заңсыз деп танып, таратып жібереді. Осы оқиғаға дейін сайлауға түскен Квятковская жеңілгенін мойындамай, сайлау комиссиясына келіп түскен дауыстарды қайта санауға көндіреді. Нәтижесінде, дауыстардың дұрыс есептелмегенін анықтайды. Далада қалған депутаттар бірнеше күн бойы Жоғары Кеңес ғимаратын босатпай отырып алады, алайда оларынан ештеңе шықпайды. Жыл соңына дейін 9 ай бойы Қазақстан Парламентсіз өмір сүреді. Дәл осы 1995 жылы 2 наурызда "Қазақстан халықтарының ассамблеясын құру туралы" Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы баспасөз бетінде жарық көреді.
[caption id="attachment_5901" align="aligncenter" width="900"] Фото: etoretro.ru[/caption]1996 жылдың 14 наурызы - Қызылорда педагогикалық институтына университет дәрежесі беріледі. Оқу орны Қазақстандағы 15-ші университет болып тіркеледі.
[caption id="attachment_5902" align="aligncenter" width="364"] Фото: atyrau-city.kz[/caption]1997 жылдың 29 наурызы - Қазақстанда бекіретұқымдас балықтардан қара уылдырық өндірумен айналысатын бірден-бір кәсіпорын, ірі өндіріс орны "Атыраубалық" АҚ-ның 40 пайыздық акциялар пакетіне GAVEX AG компаниясы ие болады. Бұған дейін 10%-ды қолына алған швейцариялықтар бақылаушы пакеттің қожайыны аталады.
[caption id="attachment_5903" align="aligncenter" width="997"] Көрнекі фото: autoatlas.kz[/caption]1998 жылдың 11 наурызы - Алматыда жол қозғалысын басқарудың автоматты жүйесін модернизациялаудың алғашқы кезеңі аяқталады. Күннен-күнге көбейіп келе жатқан көліктердің кептеліссіз жүріп-тұруы үшін ескі жүйенің орнына компьютендірілген жаңа заманауи кешен орнатылады.
[caption id="attachment_5912" align="aligncenter" width="601"] Фото: wikimedia.org[/caption]1999 жылдың 1 наурызы - Демократиялық партия, "Қазақстанның халық бірлігі" партиясы, Қазақстанның либералды қозғалысы және "Қазақстан-2030" қозғалысы бірігіп "Отан" партиясын құрды. Осы күні жаңа партияның алғашқы съезі өтті.
[caption id="attachment_5937" align="aligncenter" width="550"] Көрнекі фото: headline.kz[/caption]2000 жылдың 7 наурызы - Жапония Семейде өткізілетін зерттеулерге арнап 75 836 доллар көлемінде грант бөлді.
[caption id="attachment_6024" align="aligncenter" width="599"] Фото: mod.gov.kz[/caption]2001 жылдың 1 наурызы - Ақтау қаласындағы №2 кәсіби-техникалық колледждің негізінде Қорғаныс министрлігінің Жоғарғы әскери-теңіз училищесі құрылады.
[caption id="attachment_5941" align="aligncenter" width="601"] Фото: velolive.com[/caption]2002 жылдың 22 наурызы - Қазақстандық велоспортшы, әлемдегі ең мықты командалардың бірі германиялық "Телекомда" өнер көрсететін Александр Винокуров беделді "Париж-Ницца" жарысын ұтып алды. Сегіз күнге созылатын бұл сайыс кәсіби велоспортта ең абыройлы жарыстардың бірі болып саналады және әлемдік классификацияда бедел бойынша тек Тур де Франс, Вуэльта және Джиро д’Италияға жол береді.
[caption id="attachment_5946" align="aligncenter" width="600"] Сурет: inform.kz[/caption]2003 жылдың 13 наурызы - "Kazakhstan Engineering" ҰҚ" ААҚ құрылды. Оның құрамына 10 машинақұрастырушы ұйым кірді. Компания тобының қызметінің басты бағыты машина жасау, қорғаныс тағайындалымының өнімдеріне сервистік қызмет көрсету, инжиниринг, мұнайгаз, темір жол, агроөнеркәсіптік және отын-энергетикалық кешендерде өнімдер шығару мен қызмет көрсету болып бекітілді..
[caption id="attachment_5947" align="aligncenter" width="949"] Фото: voxpopuli.kz[/caption]2004 жылдың 11 наурызы - ТЖ жөніндегі агенттік басшысы Заманбек Нұрқаділов журналистерді кезекті баспасөз мәслихатына шақырады. Алайда ведомствоның есебін берудің орнына шенеунік бір жарым сағат бойы өзінің ашық хатын оқиды. Хатта ол билікті жемқорлық үшін айыптап, ашық қарсылыққа шығады. Үш күннен кейін Нұрқаділов отставкаға жіберіледі.
[caption id="attachment_5949" align="aligncenter" width="550"] Фото: forbes.kz[/caption]2005 жылдың 10 наурызы - «Forbes» журналы әлемдегі ең бай адамдардың кезекті рейтингін жариялады. Оған әрқайсысында 1 млрд доллар байлығы бар А.А. Машкевич, П.К. Шодиев және А.Р. Ибрагимов кіріп, 620-шы орынға ие болды.
[caption id="attachment_5952" align="aligncenter" width="800"] Көрнекі фото: kapital.kz[/caption]2006 жылдың наурызы - елдегі барлық даму институттары (Қазақстанның Даму банкі, Инвестициялық және инновациялық қорлар, экспорттық несие мен инвестициялар жөніндегі мемлекеттік корпорация, шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры) "Қазына" атты бір қор болып бірігеді. Ұйымға басшы болып келген Қайрат Келімбетов қызметкерлер санын қысқартып, экономиканы әртараптандыруға кіріседі.
[caption id="attachment_5953" align="aligncenter" width="400"] Фото: zonakz.net[/caption]2007 жылдың 17-19 наурызы - Алматы облысы Маловодное ауылында қайғылы оқиғалар орын алады. Қазақ-шешен арасындағы қақтығыстан бірнеше адам қаза табады.
Бұған бір күн бұрын, яғни 17 наурызда ұлты қазақ Бекжан Сәлімбаев пен ұлты шешен Магомед Махмаханов арасындағы төбелес себеп болады. Төбелестен кейін біршама уақыт өткен соң Магомедтің ағасы Тахир Бекжанды көлікпен қағып, артынан аяғына тапаншамен атады.
Келесі күні (18 наурыз) Сәлімбаевтың достары мен туыстары жиналып, Махмановтар тұратын көршілес Қазатком ауылына келеді. Екі жақ жанжал шығарып, ақыры Махмановтар қару қолданады (екі адам өледі), артынша тығылмақ болады. Олардың үйлерін, көліктерін өртеген жиналған халық оқ атқандарды қуып жетіп, үшеуін өлтіреді, ал Тахир қашып құтылады. Ызалы топ сол маңдағы өзге ұлты шешен азаматтарды ұрып-соғып, үй-жайларын қирата бастайды. Жергілікті полицияның топты тоқтатуға шамасы жетпей, орталықтан жәрдем шақырады.
19 наурыз күні Маловодноеда бірнеше жүз адам жиналып, Қазаткомға бет алмақ болады, алайда полиция мен ОМОН оларды тоқтатады.
Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, 3 адамға қарсы қылмыстық іс қозғап, тағы 2 азаматты шартты түрде соттайды. Үш күн ішінде барлығы 9 адам қаза табады.
[caption id="attachment_5965" align="aligncenter" width="1000"] Сурет: wikimedia.org[/caption]2008 жылдың наурызы - Дариға Назарбаева мен "Хабардың" жолы екі айрылады. 49,999 пайыздық пакет қазақстандық қор биржасына шығарылып, 12 миллиард теңге әкеледі. 570 848 акцияның (49,999%) иесі болып мемлекет, нақтырақ айтқанда "Ұлттық ғылыми-техникалық "Самғау" қоры" атанады.
[caption id="attachment_5966" align="aligncenter" width="748"] Фото: azattyq.org[/caption]2009 жылдың 13 наурызы - биліктің "Нұр Отан" партиясы «Руханият», Коммунистік халықтық (ҚКХП), «Әділет», «Ауыл» партияларымен және Қазақстанның патриоттар партиясымен Республиканың экономикасына әлемдік қаржылық дағдарыстың ықпалы кезеңінде серіктестік пен бірігу туралы меморандумға отырады.
[caption id="attachment_5967" align="aligncenter" width="800"] Фото: azattyq.org[/caption]2010 жылдың 12 наурызы - Алматы облысы, Ақсу ауданында су бөгеті бұзылып, Қызылағаш ауылы су астында қалады, 25 адам қаза табады. Санаулы минуттар ішінде бүкіл ауыл қирап қалады. Бұған қоса Алматы-Өскемен автожолындағы Қызылағаш көпірі шайылып кетеді. Түн ортасында болған апат салдарынан ауылдағы барлық дерлік мал қырылады. Үш мыңдай адам жақын маңдағы ауылдарда, жергілікті әскер казармада, Талдықорған қаласында орналастырылады.
[caption id="attachment_5972" align="aligncenter" width="800"] Фото: lada.kz[/caption]2011 жылдың 1 наурызы - алдағы президент сайлауына қатысу үшін төрт кандидат Орталық сайлау комиссиясында тіркеледі. Олар Нұрсұлтан Назарбаев, Мэлс Елеусізов, Ғани Қасымов және Жамбыл Ахметбеков болды.
[caption id="attachment_5974" align="aligncenter" width="614"] Сурет: nv.kz[/caption]2012 жылдың наурызы - Қазақстан кирилл әріптерімен жазылған .ҚАЗ доменіне ие болды. Республика Ресей мен Сербиядан кейін мұндай мүмкіндік алған үшінші мемлекет ретінде тіркелді.
[caption id="attachment_5975" align="aligncenter" width="1000"] Фото: youtube.com[/caption]2013 жылдың наурызы - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері Harlem Shake стиліндегі билері үшін дауға қалады. 30 секундтық видео түсіріп, Интернетте жариялаған олар оқу орны әкімшілігі тарапынан жазаға ұшырайды. Қоғамдық пікір екіге жарылып, оқиға әлеуметтік желілерде белсенді талқыланады.
[caption id="attachment_5976" align="aligncenter" width="933"] Фото: pavlodar.meximas.com[/caption]2014 жылдың наурызы - Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын ірі көлемдегі пара алды, мемлекет ақшасын ұрлады деген айыппен тұтқындалады.
Ұқсас материал: Қазақстан Республикасы тарихындағы ақпан айы