Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда қаңтар-сәуірде алынған қолма-қол ақша көлемі 3,9 трлн теңгені құрады

Қазақстанда қаңтар-сәуірде алынған қолма-қол ақша көлемі 3,9 трлн теңгені құрады

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz - Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға көп. Мәмілелер саны 15,2%-ға артып, 82,9 млн-ға жетті. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Айналым сомасының 84,8% қолма-қол ақшамен қамтамасыз еткен банкоматтар ға тиеселі. Оның үлесі жылына 28,7%-ға өсіп, 3,3 трлн-ға жетті. Қалған 15,2%-ы POS-терминалдардың еншісінде (92,1 млрд теңге), бұл жыл ішінде 18,2%-ға артты.

Төлем карталарынан қолма-қол ақшаны алудың ең жоғарғы көрсеткіші Алматы облысында 37,9%-ға 174,9 млрд теңгеге жетті. ҚР-дағы үлесі 4,1%-дан 4,5%-ға дейін өсті.

Одан кейін ОҚО 35,1%-ға, 345,4 млрд теңгеге дейін жетті. Қазақстан Республикасындағы үлес 8,3%-дан 8,8%-ға дейін өсті.

Үштікке, сондай-ақ Қызылорда облысы кіреді. Онда жылдық өсім 31,5%, 119,2 млрд теңгені құрады. ҚР үлесі 2,9%-дан 3,1%-ға дейін өсті.

Жалпы алғанда, жыл бойы ақша қаражатының көлемінің өсуі елдің барлық 16 өңірінде байқалды.

Алматы облысындағы өсім 21,9%-ды құрап, 3,8 млн транзакцияға дейін жетті. ҚР үлесі 4,3%-дан 4,6%-ға дейін өсті.

ОҚО-ның жыл сайынғы өсімі - 19,6%, 7,2 млн транзакцияға дейін жетті. ҚР үлесі 8,3%-дан 8,6%-ға дейін өсті.

Қызылорда облысында карталардан қолма-қол ақшаны алу операцияларының саны 18,5%-ға, 2,5 млн транзакцияға көбейді. ҚР үлесі 3%-дан 3,1%-ға дейін өсті.

Похожие материалы