Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы барлық таксилерді сары түске бояу ұсынылды

Қазақстандағы барлық таксилерді сары түске бояу ұсынылды

Қазақстандағы барлық таксилерді сары түске бояу керек. Жол қозғалысы қауіпсіздігінің "Ортақ жол" ассоциациясы осындай ұсыныс  тастады деп жазады Tengrinews.kz .

"Заңсыз таксилердің қызметін пайдаланған азаматтарға қарақшылық шабуыл жиіліп кетті. Заңсыз таксилермен күресу мақсатында ассоциация ҚР үкіметіне көліктердің сыртында сары түсуі болуы қажет деген ұсыныс жіберді", - деді ассоциацияның басшысы Арсен Шакунов. Шакуновтың ұсынысы қазір "Жол қозғалысы туралы" ҚР-ның Заңына өзгерістер енгізу туралы"жаңа заң жобасын құрастырып жатқан жұмыс тобына бағытталды. Қазір заң жобасымен жұмыстар жүргізіліп жатқандығын республиканың ІІМ-нің Жол полициясы комитетінің құқықтық-координациялық жұмыстар басқармасының басшысы Қанат Сәдуақасов нақтылады. "Жұмыс тобы құрылды. Депутаттар барлық ұсынысты талқылап жатыр. ІІМ өкілдері де жұмыс тобына да сарапшылар тәрізді енгізілді", - деп түсіндірді Сәдуақасов. Сондай-ақ "Ортақ жол" Жол қозғалысы қауіпсіздігінің ассоциациясы "Жол қозғалысы туралы" заңды толықтырып, жүргіншілерді қараңғы уақытта жолда байқалып жүруге міндетті деген идеяларын да айтты. "Егер адам қараңғы уақытта жүретін жолдан өткенде оның жарық шағылдырғыш элементі болуы қажет. Бірінші кезеңде елдімекеннен тыс жердегі жолдардағы жүргіншілер үшін енгізуге болады", - деп атап өтті Шакуов. Ассоциация депутаттарға жолда қандайда бір жұмыс жүргізгенде қауіпсіздік ережелеріне көңіл бөлуді ескертті. "Жүргізушілерге нақты нұсқаулар берілуі қажет. Біз қызмет көліктері мен жүк автотранспорттарын да жарық шағылдырғыш элементтерімен белгілеп қоюды ұсынамыз", - деді Шакунов. Еске салайық, "Жол қозғалысы туралы" жаңа заң 2014 жылдың 2 қарашасында күшіне енді.

Похожие материалы