Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда зауыт құрылысына 3 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалды

Қазақстанда зауыт құрылысына 3 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалды

Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — 2015 жылдан бері Қазақстанда 378 жобаны жүзеге асыру үшін 3,1 трлн теңге қаржы жұмсалды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствода жаңа өндіріс орындары есебінен 31 мың тұрақты жұмыс орны құрылғандығын айтады. Олардың ішінде, 2017 жылы 120 жобаға 1,5 трлн теңге бөлініп, 10 мыңға жуық жұмыс орны құрылған.

Сондай-ақ, 2018 жылға 150-ден астам жобаны 1 трлн теңгеге іске қосып, 14 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланады. Әсіресе, маңызды болып есептелген кешендердің қатарына дөңгелек өндіруші «Проммашкомплект» (Павлодар облысы), ауқымды диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын «Эйжа Стил Пайп Корпорейшн» зауыты (Алматы), «Маревен Фуд Тянь-Шань» азық-түлік өндіру зауыты (Алматы облысы, Қапшағай қаласы), жалпақ шыны өндіретін «Orda Glass Ltd» зауыты (Қызылорда облысы) енеді.

Бұдан бөлек, 2017 жылы 187,5 млн долларға 9 инвестициялық жоба құрылған. Бұл жобалардың инвесторлары Қытай, Ресей, Австрия, Германия, Турция, Оңтүстік Корея және Польша болып есептеледі. Инвестицияның ең көп көлемі арнайы экономикалық аймақтағы «Хоргос-Шығыс қақпа» құрғақ порт құрылысына бағытталды. Оған бөлінген қаражат көлемі 90 млн долларды құрады. Екінші және үшінші орында Қытай мен Польшаның бірлескен өндірісі орнықты. Ал, оған 22 млн доллар инвестиция бөлінген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы