Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазкоммерцбанк доллар бағамын төмендетті

Қазкоммерцбанк доллар бағамын төмендетті

 «Қазкоммерцбанк» доллар бағамын ҚР Ұлттық банкі 15 шілде күні белгілеген валюта дәлізіне сәйкестендірді.

Еске сала кетейік, бүгін бірқатар банктер мен валюта айырбастау пункттері теңгенің долларға шаққандағы бағамын бірден өсіріп жіберген еді. Оның ішінде Қазкоммерцбанк доллар курсын 198, 67 теңгеге көтерген. Ал, бұл кезде доллардың ресми бағамы 195,54 теңгені құраған. Қазкоммерцбанк ұсынған бағам Ұлттық банк бекіткен валюта дәлізінің шекті мөлшері 198 теңгеден асып кеткен. Қазіргі кезде банк валюта бағамын шекті валюта дәлізіне сәйкестендіріпті. Банк сайтында 1 доллар/197.77 теңгені көрсетіп тұр. Бірқатар ақпарат агенттіктері хабарлағандай енді Қазкоммерцбанкке бұл ісі үшін үлкен мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Бұған дейін шілде айында«Сбербанкке» валюта бағамын шекті мөлшерден асырғаны үшін 991 000 теңге айыппұл салынған еді. аждождпод   Сурет Қазкоммерцбанктің сайтынан алынды

Похожие материалы