Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Б. Сағынтаев Ақтөбе облысының өнеркәсіп орындарын аралады

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz - Бүгін Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралады. Олардың мысалында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу шараларымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Б. Сағынтаевтың жұмыс сапары Мұғалжар ауданынының өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралаудан, атап айтқанда, Жаңажол вахталық кентінің дамуымен танысудан басталды. Премьер-Министрге газ өңдеу зауытында табиғи ілеспе газды өңдеудің автоматтандырылған процесі көрсетілді. Бұл жерде Алтынды ауылындағы «Altyn EX» ЖШС тау-кен байыту комбинатының және Жаңа таң ауылындағы «Газ процессинг компани» ЖШС газ өңдеу зауыты құрылысының макеттік нұсқалары таныстырылды.

[caption id="attachment_93077" align="alignnone" width="2000"] Фото: primeminister.kz[/caption]

Сонымен қатар, Б. Сағынтаевқа Алтынды ауылындағы «Altyn EX» тау-кен металлургия комбинатын салу жобасы таныстырылды. Бүгінгі таңда компания Қазақстандағы құрамында алтыны бар ең ірі кендердің бірі — «Юбилейное» кен орнын әзірлеумен айналысады. Бұған қоса, кәсіпорынның құрылтайшысы Е. Достыбаевтың айтуынша, комбинат құрылысы өнімділікті арттырып, сондай-ақ ДОРЕ (қорытпаны алтын кен орындарынан алып, одан әрі тазарту үшін мұнай аффинаж зауыттарына жібереді) алтын-күміс қорытпасын шығарумен селдір кендерді қайта өңдеуге жол ашатынын айтты.

Жаңа өндіріс орнында заманауи технологиялар және алдыңғы қатарлы жоғары өндірістік жабдықтар қолданылатын болады. Өндірістің жылдық қуаттылығы жылына 5 млн тоннаға дейін құрамында алтыны бар кендерді құрайды. Бұл комбинаттың Қазақстандағы құрамында алтыны бар кендерді өңдеуде екінші орында болуына және еліміздің әлемдік алтын өндірісіндегі пайыздық үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Құрылысты 2020 жылға қарай аяқтау жоспарланған. Өндіріс іске қосылғаннан кейін 800 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Облыс экономиканың маңызды нысандарының бірі және өңірлік Индустрияландыру картасына кіретін «СНПС–Ақтөбемұнайгаз» АҚ газ өңдеу зауыты да Премьер-министрдің назарынан тыс қалмады. Жоба «Жаңажол» кен орнында іске асырылған және мұнай дайындауға, ілеспе мұнай газын күкіртті сутегінен және меркаптандардан тазартуға, ал алынған күкіртті сутегінен күкірт шығаруға, сондай-ақ сұйытылған газ алуға мамандандырылған.

Кешеннің басшысы Б. Тасмағамбетов зауыт толықтай автоматтандырылғанын айтты. Газ өңдеу зауытында өндірілетін тауарлық газ «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді газ құбыры арқылы оңтүстік өңірлерге жеткізіледі. 

[caption id="attachment_93078" align="alignnone" width="2000"] Фото: primeminister.kz[/caption]

Бүгінде өнім түрлері бойынша өндіріс көлемі: газ дайындау — 6,5 млрд м3; мұнай дайындау — 3,84 млн тонна; сұйытылған газ өндіру — 550 мың тоннаны құрайды.

Облыс әкімінің орынбасары Қ. Бекенов Премьер-Министрге қолда бар әлеуетті ескере отырып, мұнай-химия зауытын салу міндеті тұрғанын жеткізді, ол Ақтөбе облысының және жалпы Қазақстанның мұнай-химия саласын дамытуға қосымша серпін береді.

Одан кейін Премьер-Министрге «Gas Proсessing Company» ЖШС іске асыратын Байғанин ауданындағы Қожасай кен орнындағы газды кешенді әзірлеу қондырғысын салу жобасы таныстырылды. Жоба жетекшісі Б. Сақтағанов жаңа қондырғы ілеспе газды өңдеу көлемін арттыруға және жаңа өнім түрлерін өндіруге мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Жылдық қуаты 300 млн текше құрғақ бензині алынған газды, 37 000 тонна пропан-бутан техникалық қоспасын, 5 400 тонна газ конденсаты және 10 500 тонна күкіртті құрайды.

«Қондырғы өңірдегі экологияны жақсартады. Себебі ілеспе газ алау арқылы жанбайды. Газды кешенді әзірлеу қондырғысының құрылысын биыл аяқтау жоспарланған. Пайдалану кезеңінде 258 жұмыс орны ашылады», — деп хабарлады жоба жетекшісі Б. Сақтағанов.

ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі — 36,5%, ауыл шаруашылығы — 4,8%, құрылыс — 5,8%, сауда — 16,8%, көлік және қаттау — 9,1%, ақпарат және байланыс — 0,7% , жылжымайтын мүлік операциялары — 7,1%, тағы басқалары —19,2% құрайды.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдың соңында іске асырылған «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС нысаны да  Премьер-министрдің назарынан тыс қалмады. Ол цехте жоғары қысымда жұмыс істейтін қондырғыларды әзірлеудің және блоктық-жиынтықты жабдықтардың технологиялық үдерісімен танысты. Зауытты аралау барысында «ҚМЖЗ» ЖШС директоры А. Кашлаев зауытта өндірілетін өнім сапасының пайызы 96% асатынын айтты. Осылайша, өндіріс көлемі бірінші жарты жылдықта жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеге шамамен 5 мың т құрады. Шығарылған құбырлар ұңғымадан сыртқа газ немесе сұйық флюидты тасымалдауға, бұрғылау кезінде және оларды одан кейінгі пайдалану үшін мұнай мен газ ұңғымаларын бекітуге, сондай-ақ суды, пайдалы қазбаларды және т.б. іздеу кезінде ұңғымаларды бұрғылау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, блоктық-жиынтықты жабдық жол және құрылыс үшін битум мен мазут алуға, ал қондырғылар ұңғымаларды бұрғылауға арналған. [caption id="attachment_93080" align="alignnone" width="1280"] Фото: primeminister.kz[/caption]

Премьер-Министр облыс орталығын аралауды жалғастырады. Ақтөбе облысындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралау және облыс активімен өңір экономикасын жаңғыртудың өзекті мәселелері бойынша кездесу өткізу жоспарланған.

Ақтөбе облысы — ірі өнеркәсіптік өңір. Хром қорлары бойынша әлемдік көшбасшы, оның көлемі 400 млн т асады. Облыс аумағында көмірсутегі шикізатының болжамды қорларының 30% шоғырланған, мұнайдың өнеркәсіптік қоры елімізде үшінші орында. Сондай-ақ, мұнда алтын, күміс, мыс, мырыш, кобальт, каолин, фосфорит, мұнай битумды жыныстар, құрылыс материалдарын шығаратын шикізаттар алынатын ірі кен орындары бар.

Похожие материалы