Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуінен бірлі шаруашылық ұйымдары ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру,несиелеу жүйесінің құрылымы тән. Несиелеу операцияларының құқықтық-ұйымдастыру формаларының жүзеге асырылуынан, несиелеудің формалары мен әдістерінің және несиелеу қатынастарының, ұйымдастыру құрылымының өзгеруінен несиелеу жүйесінің жұмыс істеу механизмі әрқашан өзгеріп отырады. Несиелік жүйелерді жүзеге асыру 1987 жылдан басталды. Несие жүйесінің құрылымын ұйымдастырғанда банк рөлінің жоғарылауы, олардың халық шаруашылығының дамуына оңтайлы әсері, несиенің әрекет ететін “экономикалық тұтқаға” айналуы алдын ала көзделген еді. Гүлдендірудің басты мақсаты банктерді шаруашылыққа жақындату болды. Қайта ұйымдастыру белгілі дәрежеде банктердің жұмысын жақсартты. Бірақ бұл жағдайды түбірімен өзгерте алмады, себебі ол шын мәнінде экономикалық қатынастардан тыс болды. Түп негізінде несиелік қатынастар өзгерген жоқ: жартылай автоматты түрде несиелеу жалғастырылды, несиелік ресурстарды әкімшілік әдістермен бөлу сақталды, банктік жүйенің монополистік құрылымы жойылған жоқ, тек ведомстволық принципке сәйкес маманданған банктердің әсер етуші салаларының бөлінуі байқалды. Бұл олардың арасындағы бәсекелестіктің болдырмауына жол берді. Банктік реформаның екінші сатысында тек банк құрылымы қайта ұйымдастырылып қана қоймай, несие қатынастар механизмі мен несиелеу қызметтерінің әдістерінде терең өзгерістер орын алды. Нәтижесінде Қазақстанда заңды түрде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты: I-деңгейде – Қазақстанның Ұлттық Банкі; II-деңгейде – коммерциалық банктер және басқа да жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын несие-қаражат ұымдары. Курстық жұмыс үш үлкен бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өзінің орны ерекше. Несиенің дәл әрі нақты талданып, несиелеу кезеңдері көрсетілген. Несиелік механизм туралы да аз жазылған жоқ. Банктің несие беру процессі, банктің несиесі және де оның экономикалық мағынасы ауқымды түрде жазылды. Үшінші бөлімде әлемдегі банктің несие жүйесін мысал ретінде жаздым.
І Бөлім. Несие жүйесі 1.1 Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы
Нарықтық экономикада несие – банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезеқте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді. Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б. АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес саласын банк саласының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн. доллар соммасында бағаланған. Американдық шаруашылықта пайдалынатын ақшалай капиталдың орта есеппен ¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд. долларды құрады. Несие жуйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды. Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлм айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді. Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бір-біріне қарыз беру барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алкшы субьект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексальді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парқты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субьектілеріне- шаруашылық жүргізуші субьектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мпзмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды. Несиелік қатынастар мен несие фрмаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынада несие жүйесі ұғымын құрайды. Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және бақа да ұаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады. Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік жәңе банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандырылған несие-қаржы мекемелері. Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады: • Орталық (эмиссиялық) банк; • Коммерциялық банктер; • Мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т.б). Қазақстан республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) несиелік профелі. Банктердің несиелері әкономиканы тұрақтандыруда ең маңызды фактор болып табылады. Сондықтан да, қазіргі таңда банктік несие формасының рөлі арта түседі. Сонымен 1-кестеде берілген екінші деңгейдегі банктердің несиелік портфелі құрылымына экономиканың салалары бойынша соңғы үш жылдағы берген несиелеріне талдау жасайық. Экономика салалары бойынша берген екінші деңгейдегі банк несиелері*. 1-кесте Экономика салалары 01.’01 1997 01.’01 1998 01.’01 1999 1998/97 өсуі (+;-) 1999/98 өсуі (+;-) барлығы 48040.4 80478.7 85709.2 1.2 1.4 Соның ішінде:қысқа мерзімді несие 31718.2 41124.4 50557.5 1.3 -1.2 өнеркәсіп 8841.3 13735 11907.1 1.6 -1.2 Ауыл шаруашылығы 1449.7 11604.8 35551.2 8 -3.3 Құрылыс 1299.5 1789.2 1558.9 1.4 -1.1 Көлік 615.5 41.2 1569.9 -15 38.1 Байланыс 38.5 1058.4 750.9 27.5 1.4 Сауда 5691.8 10035.3 17927 1.8 1.8 Басқалары 13781.9 12861 13293.2 -1.1 1 Орта және ұзақ мерзімді несие 16331,2 19354,3 35151,7 1,2 1,8 Өнеркәсіп 7974,3 9591,2 9840,8 1,2 1 Ауыл шаруашылығы 1272,1 2187,7 5491,3 1,7 2,5 Құрылыс 1117,3 480 400,7 -2,3 -1,2 Көлік 392,4 2231,7 3119,8 5,6 1,4 Байланыс 54,4 441 639,1 8,1 1,4 Сауда 2,3 650,8 4232 282,9 6,5 Басқалары 5518,4 3771,9 11428 -1,5 3
Мақыш “Коммерциялық Банктер операциялары” С.Б Мақыш – Алматы, Қазақ Униерситеті 2002ж-120бет. *- ҚР Ұлттық банктің статистикалық бюллетен **- Мерзімі өткен ссудаларды есепке алғанда.
Келтірілген 1-кесте мәліметтеріне қарап, банктердің экономика салалары бойынша берілген несиелердің жалпы сомасы 1997 жылдың басында 48049,4 млн теңгені құраса, ал 1998 жылдың басына бұл сома 1,2 есе артып, 60478,7 млн теңгеге жетеді. Жыл бойынша банк несиелерінің көлемі 1,4 есе ұлғайып, 1999 жылдың қаңтар айына – 85709,2 млн теңгені құрайды.
Берілген несиелердің мерзіміне қарай үлесін анықтасақ, қысқа мерзімді несиелер:01.01.97 жылы – 66%-ды(31718,2 млн т), 01.01.98жылы – 68%(41124,4 млн т) және 01.01.97жылы – 59% (50557,5 млн т) құрайды. Қысқа мерзімді несиелер көлемі соңғы жылы азайғандығын көреміз.
Сондай-ақ орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне: 01.01.97жылы-34%(16531,2 млн т), 01.01.98ж – 32%(19354,3 млн т) және 01.01.99ж – 41%-ды(35151,7 млн т) тиеді.Орта және ұзақ мерзімді несиелердің соңғы жылдардағы динамикасы олардың өсіп отырғандығын көрсетеді.
1.2 Несиелеу объектілері мен субъектілері
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыда несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынастар субъектілері деп атауға болады. Несие берушіге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық) , банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Несиелеу объектісі – бұл несиенің пайдаланылған заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, сатып алады. Жартылай өнімдер, азық – түліктер және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Ұзақ мерзімді несиелеу объектісіне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді: • өндіріс объектісінің құрылысы; • өндіріс объектісін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту; • техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу; • жаңа өнімді шығаруды ұйымдастыру. Несиелеу принциптері негізінен несиелік процесс, яғни банктік несиенің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижесіндегі және т.б. анықталады. Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері 2 топқа бөлінеді: І – топқа. Жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер: • несиенің мақсаттылығы; • несиенің дифференциалдығы. ІІ – топқа. Несиенің мәнін бейнелейтін принциптер. • Несиенің мерзімділігі; • Несиенің қайтарымдылығы; • Несиенің төлемділігі; • Несиенің қамтамасыз етілуі. Несиені қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиені сақтандыру. Несие әдістері – несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорынның қаражат айналысының шеңберіне қатынасу тәсілдері. Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің 2 әдісі қолданылған: 1. қалдық бойынша 2. айналым бойынша Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы (яғни, несиені беру және қайтару) несиелнетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болып келеді. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы – материалды құндылықтар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар т.б.), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Мұндай несие әдісіне компенсациялық сипатта болады, өйткені, компенсациялық несие жай несиелік шоттар бойынша беріледі. Сондай-ақ бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге асырылады. Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен, яғни олардық түсу және жұмсалуына байланысты анықталады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болады, себебі несиенің берілуі тікелей төлемдегі қатысты және ең бастысы, заемдық қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылады. Айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиенің көмегімен жүргізіліп, арнайы несие шарттары бойынша беріліп отырған. Бұл жерде несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен банктік несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан. Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады: • айналым бойынша несиелеу әдісі; • қалдық бойынша несиелеу әдісі; • айналым – қалдықтық. Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналысындағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективті қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады. Қалдық бойынша несиелеу барысында несиенің несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтары мен өзара байланыс. Қалдық бойынша несиелерді несиелеу объектісін кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелерде несиелеу объектісі толығымен қамтылады. Айналым және қалдық бойынша несиенің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдық тық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде, несие деген қажеттіліктің туындалуына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие туарлы-материалды құндылықтарды кепілге ала отырып, шығындар айналыстың бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде несие клиенттің банкалдындағы мерзімді міндеттері негізінде өтеледі. Несие берудің мұндай формасын несие желіні ашу деп атайды. Несиелік желі – келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде қарыз алушыға несие беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің алдыңғы міндеттемесі. Жаңартылған несиелік желі әдісінің сыртқы көрінісі жағынан отандық, яғни ірі объектінің айналым бойынша несиелеу әдісіне көбірек ұқсастығы да болады.
ІІ Бөлім. Несие түрлері 2.1 Банктік несие және оның экономикадағы рөлі
Банктік несиенің рөлі оның экономикадағы мемлекеттегі және халықтағы қолданыс нәтижелерімен және оларды әдістерімен ерекшеленеді. Әдістері туралы айтатын болсақ, олар әдетте қаражаттың ақылы ұсынылуымен кредиттің қайтарылымын белгілі дәрежеде шартталады. Бұл несие операциясының қатысушыларының жауап кершілігі мен қызығушылығын арттырады, олардың қарыз қаражат (немесе мақсатқа сай) қолдануына себеп болады. Несиелік қатынастарға қаражатты пайдаланғаны үшін төлеген құнына қоса қаражаттың қолданылатын қаражат мөлшері мен оларды пайдалану уақытын үнемдеудің қызығушылығын арттырады. Берілген несиелік қатынастардың ерекшелігі бюджеттік қаржыландырудың суммсының кемуінде материалдық қызығушылықтың, оларды пайдалану мүлдем жоқ болатын қайтарылмайтын бюджеттік қаржыландырумен теңестіргенде байқалады. Белгіленген ерекшеліктер, әсіресе, қайтарылымдығы, жеделдігі және ақылығы ресурстардың үнемдеуінде несиенің маңызын арттырыды. Несиені пайдалану нәтижелері маңызды және алуан түрлі қаражаттың қайтарылуы үшін қолданылатын несие өндіріс процесіне тауарды өткізу мен тұтымына және ақша айналымының салаына ықпал етеді. Несиенің рөлі коммерциялық, банктік, мемлекеттік тұтыну және ипотекалық несиелерде пайда болатын несиелік қатынастардың алуан түрлерін іске асыру нәтижесінде анықталады. Әр бағыттағы несиенің әсері неисиелік қатынастардың қандай да бір түрі басты, яғни доминантты орынды алады. Несиелік қатынастардың жүйесінде несиелеу операцияларын орындау үшін қаражатты тарту өте маңызды. Бірақта ондай әрекет әр түрлі несиелік қатынастар үшін бірдей емес. Мысалы, коммерциялық несие қолданғанда несие алушының басқа жақтан қаражат тарту керегі жоқ. Өткізіліп жатқан тауардың төлеу мерзімін ұзарту үшін қарыз қаражатты ұсыну кезінде несие алушының ресурстары қолданылады. Бұл несие алушының қаржы салымын компенсациялау үшін банктік несиені қолдануды жоққа шығармайды. Банктердің бұндай іс-әрекеті маңызды, себебі тартылған қаражаттың бар болуы қаражат меншіктенушілері оларды тауарды сатып алу үшін жұмсамағанын білдіреді. Басқаша айтқанда, банктік несиені қолдану – нәтижесінде материалдық ресурстарды қайта бөлуге әкеліп соғады. Бұндай нәтиже банктік несиені қолдану – шаруашылықтағы материалды ресурстарды қайта бөлудегі мәнінде мінездеді: Негізінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мемлекеттік, тұтынушы және жылжымайтын мүлікті залогқа және тұрғын үй сияқты мүлікті құруда ипотекалық несиені қолдану кезінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мүмкін болады. Бұның бәрі несиенің материалдық ресурстарды қайта бөлу кезінде өте маңызды екенін дәлелдейді. Бірақтан бұл ресурстарды орынды пайдалану дәрежесіне жететін несиелік қатынастарды керек етеді. Сонымен қатар, несиенің рөлі тауарды өндіру мен өткізудің үздіксіздігінде көрініс табады. Кәсіпорынның уақытша ақшалай түсім мен шығындардың жүйелі түрде сәйкес келмеуінен қажетті тауарлы – материалдардың құндылықтарды сатып алуға, қаражаттың жетіспеушілігі қызмет көрсетуді төлеу және осының салдарынан тауарды өндіру мен өткізу процессінің үздіксіздігінің бұзылуы мүмкін. Қарыз қаражаттарын беру уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіру процесі, сонымен қатар оның үздіксіздігі мен жылдамдатуына кедергі әсерін тигізіп отыратын, қарыз алушыларда қаражаттың үздіксіз қайталанып тұратын “құйылымы” мен “шегіну” игеріледі. Несие өндірістің мерзімділігі мен өнімнің белгілі түрлерін өткізумен шартталған қаражатта уақытша қажеттілігін қанағаттандыруда үлкен роль атқарады. Қарыз қаражаттарын пайдалану мерзімдік қосалқылардың пайда болуына және кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық мерзімдік салаларының мерзімдік шығындарды жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Ең маңыздысы несиені пайдалану кезінде кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне ғана қолайлы жағдайда жасалып қоймай, ресурстарды экономикада пайдалану үшін де жағдай жасалады, себебі бұл кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысын (әрекетін) өзінің қаражатының менималды көлемінің жұмсалуымен іске асыра алады және резервтердің азаюы, соның ішінде ақшалы бөлігін де санағанда. Сонымен бірге әртүрлі қарызгрлердің арасында қаражаттың қайта бөлудің арқасында қарызгерге берілетін біркелкі қаражаттың көлемінің азаюы туады. Мерзімдік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі үшін берілетін қарыз қаражатты беру кезінде керекті алғышарты болып қаражатта қажеттіліктің көлемі шығында да мезгілдік факторлармен шартталатындығы болып табылады. Бұндай талаптардың сақталмауы қарыз қаражаттарын шамадан тыс берілуіне және мезгілсіз қайтарылуына әкеліп соқтырады. Өндірісті кеңейтуде несиенің рөлі үлкен. Өндірісті кеңейту мен өнімді өткізу үшін керек. Қарыз қаражаттарды салыстырмалы қосалқылар аз уақытқа көбейту үшін шығындарды берілуі мүмкін.Сонымен бірге несие негізгі фонды көбейтудің қайнар көзі ретінде пайдалана алады, бұл ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтарды сатып алу және т.б. Өндірістің үздіксіздігі мен оның дамуына әсер ететін несиенің тұтқа ретінде мінездемесі қарама-қарсы бағытта, себебі өндірістің және өнімді өткізудің жылдамдығының төмендеуіне әсер ете алатын несиені пайдалану мүмкін. Қаражат айналым саласында несиенің рөлі маңызды. Бұл барлық қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз мемлекеттердің қаржы-несие жүйесінің қатысты. Қазақстанда Қазақстанның Ұлттық банкі қолма-қол ақшаның әмиссиясы мен олардың айналымын ұйымдастыруын жүзеге асырады, яғни банктер арқылы. Соңғысы орындалады, бір жағынан, егер банктер шоттарында қалдықтары бар болса, банк кассаларынан айналымға оларға қолма-қолақшаны шығару кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке азаматтар қолма-қол ақшаны беру кезінде мүмкін. Бұндай қалдықтардың бар болуы несиелік қатынастардың бар болуын білдіреді.
2.2 Банктегі несие беру процессі
Банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік кезеңдері болады. Несиелік процес несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып, несиенің толық қайтарылуымен аяқталады. Жалпы несиелік процесті 1- сызбамен көрсетуге болады. Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” 31.03.1995жылы және “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтр туралы” 30.08.1995ж ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтарын, №1-ші 11.02.1994ж. “Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережесін” сондай-ақ банктің Жарғысы мен нұсқауларын басшылыққа алады. Несиелер төлем қабілеті бар қарыз алушыларға несиені қайтарудың нақты көздерінің және тұрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай беріледі.
Әр кезеңде пайдаланылатын несиелеу механизмнің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді. Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды: • несиеге деген өтінішті қарау; • несиелік қабілетін талдау; • несиелік келісім-шарт жасау; • несие беру; • несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау. I-кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау. Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мқсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысалы ретінде құжаттар пакетінің құрамына жататындар: 1. соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер; 2. несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі; 3. несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім-шарттар көшірмелі (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелі және т.с.с); 4. басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша көшірме); 5. несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар; Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады.Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақатта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкесін толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; мекен айырысу және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттары;негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер. Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады. II-кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі. Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтаруқабілетін бағалау сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді. Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады: 1. Ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқаумен танысуға тиіс; 2. Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді оындауы түсіндіріледі; 3. Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет. Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлердің біліктілігі жатады. Неиселеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиіділігі, бәсеке сияқты факторлар есептеледі. III-кезең. Несиелік келісім-шарт жасау. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасау үшін несиелеу субьектісімен қатынсқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді. Несиелік келісім- шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда: несиелеу мақсаты және обьектісі, несиенің мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; несиені қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері, сондай-ақ несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі. Несиелік келісім-шарттың мазмұны елісуші жақтардың өздері анықтайды. Бұл жерде отандық банктер, оның типтік формаларын пайдаланады. Несиелік клісім-шарттың мазмұнында несиелу механизмі, оның негізгі элементтері (несие түрлері және обьектілері, сомасы, несиенің бағасы, несиелеу әдістері және ссудалық шоттар түрлері, ссуданың қамтамасыз етілу және қайтарылу тәсілдері, банк бақылауы) және банк ссудаларының қозғалысы қарастырылады. Несиелеу тиімділігі осы элементтердің банктік жұмысына қалай іске асырылуына және өзара үйлесетіндігіне тікелей байланысты болып келеді. IV-кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ссудалықшот формасын, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды. Несие беруді құжаттау тәртібі ссудалық шот формаларына байланысты ажыратылады. Жай ссудалық шот ашылған қарыз алушы қорларының жинақтауына байланысты несиеге деген өзінің қажеттілігін өтінеді. Осы мақсатта банкке несиеленеті тауарлы-материалдық құндылықтардың төленген нормативтен жоғары қалдығы, олардың қозғалысы туралы мәліметтер беріп, банк соның негізінде ссудаға деген қажеттілік мерзімді міндеттемелер арқылы құжатталады. Арнайы ссудалық шот бойынша берілген ссуда әр алған сайын құжатталмайды, себебі, ол шот ашу барысында өтініш- міндеттемесі негізінде жүргізіледі. Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші – белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді). Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады. V-кезең. Несиені қайтау және оған сыйақы төлеуінебақылау жасау-несиелік операцияның маңызды кезеңі. Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі ссудалық шоттар формасында, банк қаржаттарның пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөліне байланысты. Жай шоттар бойынша банкке қарызы есеп айырйсу шотындағы меншікті қаражаттардан аударатын жарналар жолымен қайтарылады. Ссуданы қайтару мерзімі беру уақытында мерзімді міндеттемелермен құжатталады: егер де ссуда тұта қайтарылатын болса, онда бір ғана қайтарылатын болса,онда әр төлемге мерзімді міндеттеме толтырылады. Арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тікелейосы шотқа келіп түсетін түсімдер есебінен жүзеге асырылады. Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте ссудалар бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкелері күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен ссудаларды қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарвз алушының есеп айырысу шоты басқа банкте ашылған болсан, ссуда бойынша қарыздыжәне сыйақвны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының төлем тапсырмасы уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады. Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісім шартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін. Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формалары қолданылады. Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрде беріледі:
J= мұндағы: I- сыйақы мөлшері; P- қарыз қалдығы; n- сыйақы есептелген кезеңдегі күндер саны; J- ссуданың барлық мерзіміне есептелген жай сыйақы сомасы; Несие бойынша есептелген күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей: J=P* мұндағы: I- сыйақы мөлшерлемесі; P- несиенің бастапқы сомасы; J- несиенің барлық мерзімінеесептеген сыйақы сомасы; n-аймен берілген несиенің ұзақтығы.Банк несиелік келісім-шарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысуқұжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жуйесі болады. Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты, банк: қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға құқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы. Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені, банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысында тәуекел көзі болып табылады.
2.3. Несиелік механизм және несиелік процесс
Экономикалық түсініктегі “механизм” белгілі бір қызметті жандандыруға және бір нәрсені іске қосуға болатын құралды білдіреді. Бұл мағынасында “механизм” термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мәні экономикалық, оның ішінде несие саясатының міндеттерімен байланысты болып келеді. Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің “техникалық қабаты” ретінде бөліп қарастырылады. Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесстерін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауларды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Басқаша айтқанда, несиелік механизм бұл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі – бұл несиенің ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Несиелеу процессі мынадай кезеңдерді қамтиды: • Несие деген өтінішті қарау; • Несиелік қабілетін талдау; • Несиелік келісімшарт жасау; • Несие беру; • Несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау. Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарды қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсатты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретінде құжаттар пакетінің құрамына жататындар: 1. құрылтайшылық құжаттарды, жарғынығ, жалға алу шартының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландыратын жерде пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері; 2. соңғы екі жылдың қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер; 3. несиеленетін шаралардың рентабельділік деңгейі және оның қайтарылуы мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі; 4. несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, таурлы – материалдық құндылықтар сипатының көшірмелері және т.с.с.); 5. басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шот бойынша көшірме); 6. қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар; 7. несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар; 8. қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорындардың бизнес жоспары. Несиелік механизм – нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерін, несиелеу принциптерін, несиелеу әдістері мен тәсілдерін және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігін білдіреді. Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланатын несиелік механизм өзінің негізгі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді. Несиелік механизмнің сипатының объективтігін айта отырып, екі элементі: несиені және несиелік механизмді бір-бірінен бөліп қарау дұрыс емес. Соңғысы несиені бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды. Несиелік механизм несиелеуді экономикалық-ұйымдастыру қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс-әрекеті түсіндіріледі. Демек, несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жаталы. Сонғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады. Берілген несиелік механизм тұжырымы бұл механизмнің тек субъективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-қарсы тұрады. Осы тұрғыдан, кейбір мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле отырп, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұны, оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизіміне өтеді. Несиелік механизм банктік қызметке байланысты зақдармен, банктердің дербес несиелік саясаттармен және экономиканың тиімділігін арттыру міндеттерімен анықталады. Кез келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады. Сондай-ақ қазіргі несиелік механизмнің басқа да экономикалық механизмдер сияқты, мынадай құрылымдық элементтері болады: • несиенің түрлері; • несиелеу объектілері; • несиелеу субъектілері; • несиелеу принциптері; • несиелеу тәуекелді басқару. Несиелік механизмнің ішінара бөлініп көрсетілген құрылымы 1-сызбада берілген.
Мақыш “Коммерциялық Банктер операциялары” С.Б. Мақыш – Алматы, ҚазУ. 163бет Несиенің түрі –бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады. Іс жүзінде несиенің екі формасы болады: тауар және ақша . ал, кейбір экономикалық әдебиеттерде оларды коммерциялық және банктік деп атайды. Коммерциялық несие –жабдықтаушының сатып алушыға сатқан тауары немесе көрсеткен қызметі үшін төлейтін төлем уақытын кешіктіруін білдіреді. Коммерциялық несиенің іске асырылу құралы –вексель болып табылады. Банктік несие – бұл банктердің және арнайы несие-қаржы мекемелерінің қарыз алушыға ақшалай түрде берілетін несиесі болып табылады. Банктік несие әмбебап болып келеді. Өйткені, ол банктер арқылы қайта бөлінетін қарыз капитал ретінде экономиканың барлық салаларында кең қолданылады. Ал, несиенің жекелеген түрлеріне келсек, олар несиенің осы екі формасының қолданылуы барысында қалыптасады. Қазіргі кездегі шетелдік және отандық банктік тәжірибеде жиі қолданылып жүрген несиенің түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: тұтыну, лизинг, ипотекалық, ломбардтық, вексельдік, овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік және т.б.
ІІІ Бөлім. Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары
Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы жылдары біршама өзгеріске ұшырады. Банк жүйесінің барлық компоненттері жалпы әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда. Ғылыми-техникалық революцияның дамуы себепші болған өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен орталықтандыруын талап етіп, соған сәйкес банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ірілендіру жағына қарай түрлендіре бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу қатар жүреді; банк жүйесінің құрылымдылық қайта құрылуы көз алдымызда, белгілі бір мамандандырудың сақталуымен қатар, банк қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптануы орын алады, банктік емес несиелік мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жеке типтерінің арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгешеліктердің несие бөгеулердің модел жойылуы - соңғы жылдары несие жүйесінің құрылымдық қайта құру тенденциясының маңыздысының бірі. Соңғы жылдары банктер мен басқа арнайы қаржы-несие мекемелері арасындағы халықтық және фирмалар мен компаниялардың жинақтары күрес ерекше шиеленіскен сипатқа ие болады. Бұрын коммерциялық банктер халық жинақтарын тартудағы депозиттер бойынша мөлшерлемелерді өсіру сияқты тиімді қаруды еркін қолдана алады. Оларға мерзімді және жинақ салымдары иелеріне төлеуге рұқсат рұқсат етілген пайыздық мөлшерлемелердің максималдық шегі белгіленген еді, ал басқа арнайы несиелік мөлшерде мұндай шектеулер болмайды. Әрине, соңғылары бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болады. Қазір жағдай өзгерді. Банктер пайызды конюктура жағдайына байланысты белгіленетін ақша нарығының сертификаттарын шығару рұқсатына қол жеткізді. Сонымен қатар 1980 жылы АҚШ-та қабылданған депозиттік мекемелерді бейреттеу мен ақша айналымын бақылау туралы заң салымдар бойынша пайыздарды төлеуге қандай да болмасын шектеулердің күшін жойды. Ірі банктік мекемелерге ортақ әмбебаптану тенденциясы олардың мамандануын сақтап қалуымен үйлесім табады. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жеке түрлерін қатысты алғанда өзіндік ерекшеліктермен біркелкі емес дамуда. Мұнда әмбебап типті мекемелердің мамандануының жойылуы туралы сөз қозғалып отыр. Сонымен бірге бұл тенденция қызмет көрсету сапасының артуына ықпал жасап, бірінші кезекте нарықтық амалдардың, яғни әмбебап немесе ірі банктердің назарын аудармаған қызмет түрін табуға ұмтылатын шағын және орта банктерге әсер етеді. Маманданудың жойылу тенденциясын банктік бизнестегі бәсекелестің күшеюі қолдап отыр. Өзгерген экономика жағдайларына сәйкес банктік қызметтің өзінің, дәстүрлі банктік операциялардың қайта құрылуы жүзеге асқанын айта кету қажет. Бұған банктік қызметті реттейтін әкімшілікке ережелер күшінің жойылуы, яғни бейреттеу ықпал жасады. Банктердің мақсаты – банктерді бәсекелестік құралдардың кең ауқымын пайдалануға, банктік қызметтер нарығын белсендірек әрекет етуге итермелеу болып табылады. Банктік қызметті бейреттеу активтік те пассивтік те операцияларға ықпалын тигізеді. Коммерциялық банктердің активтік операциялары біршама өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда олар жанама несиелеуден фирмалар мен кәсіпорындарды тікелей несиелеуге толығымен көшті. Мұнда бағалы қағаздарды пайдалану арқылы рәсімделетін несиелік мәмілелер кең тараған, осының арқасында несиелік міндеттемелер нарыққа сатылуы мүмкін, ал несиелік мекемелер тәуекелерді белсендірек бөлшектеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл тенденция банктердің өз несиелернің нарықтық бағалы қағаздарға конвертациялау талпынысында нақтылай көрініс табуда. Несиелеу объектілерін ірілендіру жүзеге асады. Коммерциялық банктер өз активтерінің сапасына мұқият қарай бастады, өйткені активтер сапасын дәл және уақытылы бағалау – банктер сенімділігінің кепілі. Банктер басшылығы өз активтерінің сапасына, жаңа несиелерді беруге несиелеу технологиясына (құжаттар, контрактілер, қамтамасыз ету), заем алушылардың несие шарттарын сақтауына және т.б. бақылау жасап отырады. Ұзақ мерзімді несиелеу де даму үстінде. Коммерциялық банктердің қаражаттарды тарту бойынша пассивтік операциялары да өзгеріске ұшырайды. Оларды үкімет белсенді қолдауда. Мұны 1993 жылы енгізілген салымдардың әр түрі бойынша банктік пайыз үшін максималды шектерді алып тастау бойынша 80 – жылдары АҚШ-тағы бейреттеу процесін көруге болады. Бұл банктердің депозиттік базасының нығайтылуына мүмкіндік береді, себебі олар талап етуге дейінгі салымдар бойынша да пайыздарды белгілей алатын болды, ал бұл жаңа клиенттерді тартуға жағдай жасады. Нәтижесінде тартылған қаражаттар құрылымы күрт өзгерді: егер 1950 жылы АҚШ коммерциялық банктері балансының пассивтік құрылымында банктік шоттардағы қалдықтар 70% -дан артық болып, мерзімді жинақ салымдары тек 24-26% құраса, 80-жылдары соңғылары 60%-дан артық үлесін құрады. Банктердің пассивтік операцияларының инавациясы сонымен бірге қосымша ақша қаражаттардың тартудың жаңа құрылымдарын жасауда көрініс тапты. Пайызы бойынша, нарық пайызына жуықтайтын салымдардың жаңа типтері ашылды. Мұндай шоттарға ақша нарығының депозиттік шарттары жатады. Көптеген коммерциялық банктер ақша нарығында еркін айналыста болатын депозиттік (өзінше бір бағалы қағаз) шығара бастады. Банктік операциялардың дамуында ерекше рөлді ақпарат пен коммуникацияның қазіргі техникалық құрамдары атқарады. Бнкісі бұрын-соңды болмаған ақпаратты дер кезінде беру, оның тез өңделуі мен мәліметтердің растылығына, экономикалық жағдайды талдау мен ақша нарығының даму перспективаларын дұрыс бағалауға байланысты болып отыр. Қаржылық нарықтық қатысушылары өз істерін жүргізу үшін барынша көп ақпарат қажет етуде. Сондықтан банк ісіне ғылыми-техникалық революцияның соңғы жетістіктерін енгізусіз, компьютерлік техниканы игерусіз банктік қызметті тиісінше модернизациялау мүмкін емес. Банк жүйесі дамуындағы маңызды құбылыс ретінде несиелік мекемелердің “көтерме” операциялардан “бөлшек” операцияларға өтуін атап көрсетуге болады, бұл олардың клиенттері шеңберінің кеңейюіне әкеледі. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін банктер сақтық танытып, тек таңдаулы, “ерекше сенімді” клиенттерге ғана қызмет көрсететін, ал қазір ірі банктер өз стратегиясын өзгертті. Олар кәсіпкерліктің барлық сферасына белсендік түрде араласумен қатар, шағын бизнесті де қамти отырып, жаппай клиентураға, соның ішінде тұрғындардың тұрмысы төмен топтарына да бағдарлануда. Бұл қазіргі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді. Сондықтан кейінгі кезең нарықтық қатынастарды дамыған елдер экономикасындағы өндірістің шоғырлануының жоғары деңгейімен сипатталады, бұл, өз кезегіне банктік капиталдың шоғырлануымен орталықтануына , аталған процестің жаңа формаларының пайда болуына, ел ішіндегі және әлемдік қаржы нарықтарында да күшті позицияларға ие – банк – алпауыттар тобының жедел өсуіне әкеп соқтырады. Мұндай банк – алпауыттар ең алдымен Жапония, Германия, Кананда; АҚШ пен араб әлемінде пайда болды, мұнда олардың активтері 100 млрд. АҚШ долларынан көп соманы құрайды. Бұл тек дамыған нарықты экономикалы елдердегі қазіргі несие жүйесін сипаттайтын кейбір маңызды жағдайларға тоқталып өттік. Өз экономикасын нарықтық жолға қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесі дамуының мұндай тенденциялары ерекше қызығушылық тудырады, себебі нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді. Республика үшін шетелдік тәжірибені толығымен көшіру орынды емес, өйткені оның экономикасы нарыққа өтудің ең бастуында тұр, ол Батыс болса, мұнда бұрыннан қызмет етуде, алайда тәжірибеден өткені кезең жағдайында қолданыс табуы мүмкін барлық позитивті жайларды қабылдауы қажет.
3.1. Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері
Несиелеу жүйесі несиелік процесті ұйымдастыруды және несиелеу принциптеріне сай оны реттеуді анықтайтын элементтер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Қазіргі несиелеу жүйесінің құрылымдық элементтеріне мыналарды жатады: • несиелік қызметті реттеуге бағытталған заңдар мен нормативтік актілер; • несиелік саясат; • несиелеу шарттары; • несиелік механизм; • несиелеу техникасы. Қайта құру кезеңіне дейінгі несиелеу жүйесінің элементтері бұрынғысынша қалғанымен, шарашылықтың нарықтық жағдайына өтуіне байланысты аталған элементтердің әрқайсысының мазмұны түбірімен өзгерді. Сонымен қатар несиелеу жүйесінде ең басты буын ретінде болатын, оның барлық элементтерінің өзара байланысы мен біртұтастығын қамтамасыз етіп отыратын несиелеу принциптерінің де мазмұны өзгерді. Қазіргі несиелеу жүйесінде шаруашылық ұйымдардың меншікті және заемдық қаражаттар арасындағы шекті қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан қандай да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын заемдық қаражаттар үшін толық материалдық жауапгершілікті болуға жүктейді. Мұнда заемдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай және тауардай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады. Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде заемға алу туралы өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім-шартта айтылады. Шаруашылық айналыстағы меншікті қаражаттар шамасы бүгінгі күні берілуге жататын несие шамасына, сондай-ақ несиелік қабілетін анықтау барысындағы клиенттің кластық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерге әсер етеді. Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурстарына негізделеді. Бүгінгі жағдайдың бұрынғы әрекет еткен жүйеден айырмашылығы – ол уақытта несиелік мекемелер өздеріне жоғарыдан берілген несиелік ресурстармен ғана жұмыс жасаған болатын. Шынында да төменгі банктермен жинақталатын барлық ресурстар КСРО Мемлекеттік банкі басқармасында орталықтандырылған түрде жинақталып, қайтадан сол орындарға несиелеу лимиті түрінде қайта беріліп отырған. Сондай несиелеу шегінде, сол немесе басқа аумақтың клиенттерін несиелеген. Банк бөлімшелерінің ол уақыттарда қаражат жинақтауға деген ешқандай да мүдделері болмаған және олардың активтері пассивтерінен тәуелсіз болған. Қазіргі несиелеу жүйесі басқа негізде құрылған, яғни берілетін несиелердің көлемі толығымен банктердің тартылған қаражаттарына байланысты. Бұл берілетін несиелердің ауқымының, сонымен қатар несиелік мекемеде қалыптасқан пайда мөлшерін көрсетеді. Қазіргі несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельдігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның: “арзанға сатып алып, қымбатқа сату” принципі орын алады. Бұл әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті. Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты ғана емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, ҚР Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдерді аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне байланысты шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар. Қалыптасып отырған қазіргі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі, бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі болып табылады. Тауарлы-материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені апуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау жасалмады, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына автоматты түрде кепіл болды. Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі және өзіндік ерекше принциптерге негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз ету қағидалары, сол сияқты несиенің ақылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар, олардың бірқатарының мазмұны өзгерген. Бұдан бірнеше жылдар бұрын жақсы және жаман жұмыс істейтін кәсіпорындар категориялары өмір сүріп, несиелеуде дифферинцирленген режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды. Бүгініг таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақтында қайтармау тәуекелін төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ коммерциялық банк, қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы. Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болды. Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалық құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі, олардың уақытылы қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады. Қазіргі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей бршама сенімді формаларға кепіл құқы (оның ішінде ипотека, заклад, бағалы қағаздар кепілдігі), кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету мүмкіндігін береді. Жалпы кәсіпорынды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама дәрежеде нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік жасайды.
ҚорытындыКөп жағдайда қазіргі заманғы жағдайда банктер несиелік ресурстарды пайдалану әдісіне бағытталады. Бұл әдіс экономикалық факторларға сүйенді және, біріншіден, коммерциялық тұрғыдан банктердің, екіншіден, клиенттердің және тұтас халық шаруашылығының пайдасынан құралады. Болашақта банктердің коммерциялық несиелеу жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері болып: 1. Ссуда беру кезінде техникалық емес, экономикалық критерийлерге бағыттау, ал нәтижесінде – мемлекеттің барлық банктік мекемелеріне ортақ критериі болатын, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы қажеттіліктеріне бағыттау. Іс-жүзінде бұл кәсіпорынның қоғамның сапасы халықаралық стандарттарға жауап беретін өнім өндіріп, өткізуіне кететін шығындарға несиелеу жүргізіп жатқанын білдіреді. өнімді өткізу кезіндегі қиыншылықтар тауардың сапасының төмен болуынан емес, тұтынушыда қаржы-қаражаттың уақытша тапшылығынан болуы маңызды. Егер ұзақ мерзімді несиелеу туралы айтатын болсақ, онда үлкен дәрежеде қоғамдық прогреске жауап беретін қоғамның және жеке мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру жағынан алып қарағанда, жақын болашақта өзінің зор үлесін тигізе алатын инвестициялық әрекеттері несиелеуді алады. Мұндай әсерлі бағыттың қолданыс мысалы болып (біріншіден қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру) Жапония мен ФРГ-ның соғыстан кейінгі тәжірибесі болып табылады. Ол кезде банктер мен өнеркәсіп компаниялары басты мақсаты етіп коммерциялық сипаттамасын емес, қоғамдық қажеттіліктерді қояды, бірақта қоғамдық қажеттіліктермен бірге өзінің пайдасын да ұмытпады. өнім түрінің қажеттілігінде индикатор қызметін халық сұранысы ғана емес, кәсіпорындар мен ұйымдардың сұранысы атқарады. Сұраныс көлемі өнімнің белгілі түріне берілген тапсырыс және заңды тұлғалардың қызмет көрсетуінен, жасалған шаруашылық келісімдермен анықталады. Нарық жағдайында сұраныс көлемін өлшеудің бір түрі – баға динамикасы болып табылады: бағаның өсуі – сұраныстың өсуін, ал кемуі, керісінше, – төмендеуін білдіреді. Сондай-ақ қоғам қажеттіліктерінің индикаторы болып қоғамның тауарға және қызмет көрсетуге қажеттілігінің өзгеруіне жауап беретін және белгілі дәрежеде компанияның пайдасын көрсететін белгілі бір компанияның акция курсы болып табылады. Тек қана сұраныс пен соңғы тұтынушының қажетті игіліктерін сұранысқа ие өнімді өндірумен байланысты шаруашылық несиелеуге бағытталған несиелеу бөлек несие емес, қоғам игіліктеріне сәйкес келеді. Сол кезде ғана шаруашылық пен коммерциялық банктік жұмыс жағдайында өзінше тәуелсіз шаруашылық есептегі кәсіпорын ретіндегі банктердің мақсаттары бір-біріне сәйкес келеді. Бұл несиенің қайтарылымына кепіл болып, клиенттің болашақ төлеу қабілетін және банк пайдасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 2. Ауданаралық бәсеке мен қайта реттеу нәтижесінде қаржылық қызмет көрсету мен тауарлар бүкіл мемлекетте біртипті болады. Осының салдарынан, банк және басқа да несиелік мекемелер мен банктер арасында бәсекелік үлкен дәрежеде өсті. Бәсекелестіктің күшеюі банктердің пайдасының қысқаруына әкеліп соқтырады. Дәстүрлі нарықта орнын бекітіп, жаңа нарықтарды жаулап алу үшін банктер өзінің несиелік саясатын ырықтандырып отыруға мәжбүр болады, бірақ бұл банктердің өзіне алатын тәуекелді көбейтеді. Біріккен несиелік тәуекелдің өсуі банк пайдасына кері әсер ету болып табылады. Сенімсіздікті жою мен тәуекелді азайту үшін банктер ұзақ, орта және қысқа мерзімді маркетингті стратегияларды жүзеге асырады, негізгі назарын банктік шығындар мен қосымша шығындарды қадағалауға, төлем ақының қысқарып, банктік мәмілелерді автоматизациялау үшін жаңа технологияларды енгізуді тездетеді. 3. Елде мемлекеттік емес мекемелердің пайда болуынан – пайдық серіктестік пен акционерлік қоғам ретінде ұйымдастырылған, коммерциялық принципте жұмыс істейтін, коммерциялық банктер несиелік іс ұйымдастырудың басқа моделінің негізі қаланды. Бұл модельдің ерекшелігі – несиелік істі банктармен тартылған депозит ресурстары негізінде ұйымдастыру. Соның негізінде тым көп несиелеу мүмкіндігі шектеулі болып тұр. Сондықтан коммерциялық негізде несиелік істі ұйымдастыру несиелеудің әдістері мен критерийлерін және дәстүрлі емес жолдарын іздеуге түрткі болды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. “Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы” ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы (соңғы өзгерістер мен толықтырулары есепке алғандағы). 30.03.95. 2. “Қазақстан Республикаындағы банктер банктік қызмет туралы” ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы (соңғы өзгерістер мен толықтырулары есепке алғандағы). 31.08.95. 3. Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережесі. 11.02.94. ҚР Ұлттық Банк басқармасы бекіткен (хаттама№4). 4. Программа дальнейшего реформирования банковской системы РК. В 1996-1998 годах. 5. Банова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. В М-97 6. Банковское дело /Под ред. Г.С. Сейткасымова – Алматы: “Қаржы-қаражат”, 1998 7. М.Блауг “Экономическая мысль в ретроспективе” стр.183-184. Валютно-банковская политика. Джон Стюарт Миль 3гла 22и24 8. Информационно – аналитический сборник. Казахстан 91-2001. Султанбеков 408 стр. 9. Ақша. Несие. Банктер: оқулық. Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейтқасымов. Алматы – Экономика, 2001- 466 бет 10. Досқалиев С.Ә. “Қазақстанның халықаралық қатынастар” Алматы, 1997ж 11. Ақше. Несие. Банктер.Валюта қатынастары. Оқу құралы/ Көшенов Б.А. Алматы,- экономика, 2000 – 328бет. 12. Шаров “ Производство потребительских кредитов” //Деньги и кредит, 1990, №10. 13. Мақыш “ Коммерциялық Банктер операцияоары” С.Б. Мақыш – Алматы, Қазақ Университеті. 2007ж – 229б.