Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Цифрлы Қазақстан: отандық бот ресейлік HR-нарықта сұранысқа ие

Цифрлы Қазақстан: отандық бот ресейлік HR-нарықта сұранысқа ие

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – Қызметкер таңдау, басқаруға көмектесетін қазақстандық стартап ресейлік нарықта 40 миллион теңге инвестиция тартты.

HR-bot жобасы WhatsApp базасында жұмыс істейді. Жүйе сұхбаттарға шақыруды автоматтандыруға мүмкіндік береді, дербес кадрлар резервін қалыптастырады, қызметкерлер арасында сауалнама жүргізеді, қызметкерлерді бейімдеу бойынша жұмысты жүйелейді, оңтайландырады және басқа да міндеттерді атқарады. Мессенджерлерде чат-боттарды енгізу операция уақытын 7-10 есеге азайтуға мүмкіндік береді.

Жобаға I2BF қоры мен кәсіпкер Мұрат Әбдірахманов қаржы салған.

«2018-да құрылған сәттен бастап бұл стартап үшін инвестициялардың бірінші кезеңі. Жобаның Қазақстаннан тыс жерлерде жүз есе өсуге әлеуеті бар. Біз Еуроодақтың нарығына келесі жылдың өзінде шығуды және жасанды интеллектіні технологияларда қолдануды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Абдрахманов.

Стартап қазір ресейлік және қазақстандық нарықта жұмыс істейді. Жоба табысының 56%-ы Ресейден, 44%-ы Қазақстаннан келеді. Бір жыл ішінде HR-bot 25-тен астам клиент-компаниялар үшін 1,5 млн маман таңдауға көмектескен. Ағымдағы жылдың сәуір айында қазақстандық стартап WhatsApp бизнес-профиліне ресми қол жеткізген елдегі алғашқы компания болды.

Похожие материалы