Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Cот Майкл Калвиді тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстырды

Cот Майкл Калвиді тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстырды

Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – Мәскеудің Басман соты Baring Vostok қорының негізін салушы Майкл Калвиді тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстырды. Бұл туралы бірқатар ресейлік БАҚ жазды.

Кеше белгілі болғандай Тергеу комитеті сотқа Калвиді абақтыдан үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш жасаған.

Сотта Тергеу комитетінің өкілі жасаған өтініште екі ай ішінде көп нәрсе өзгергені, жаңа ақпараттар пайда болғаны айтылған.

"Калвиді босату туралы көптеген адамдар өтініш жасады. Оның тұрақты жұмыс орны, пәтері бар. Инвестициялық жобаларды дамытумен айналысады. Түрлі қорлар мен балалар ұйымдарына тұрақты көмектеседі. Және кәмлетке толмаған үш баланың әкесі ретінде үйқамаққа ауыстыруға негіз бар", - деген өтініште.

Калвидің өзі болса бұл даулы мәселе арбитражды сотта қаралуы тиістігін, алайда қарсыластары заңды белшесінен басып кеткенін айтқан. Ол бұл шулы іске қарамастан Ресейдің инвестициялық тартымдылығына сенетінін білдіріпті.

Бүгін сот Калвиді үйқамаққа ауыстыру туралы шешімін тек 13 сәуірге дейін белгіледі, ары қарай тергеу үйқамақты созу немесе абақтыға қайта қамау туралы өтініш жасауы керек. Кейбір Ресейлік БАҚ жазуынша 13 сәуірден ары қарай оған қарсы қылмыстық іс мүлдем тоқтауы мүмкін.

Айта кетейік, үйқамаққа Калвимен бірге «Восточный» банкінің экс-басқарма төрағасы Алексей Кордичев те ауыстырылды. БАҚ жазуынша ол қылмысын мойындаған және өзіне, басқаларға қарсы түсінік беріп, қылмысты ашуға көмектесетінін айтқан. Қалған төрт серіктесі қамауда қалды.

Айта кетейік, Калви 16 ақпанда бір топ серіктестерімен ұсталған еді. Оларды алаяқтық жасады және «Восточный» банкінен 2,5 млрд рубль ұрлады деп айтыптап отыр.

Калви тағылған айыпты мойындаған жоқ. Оның айтуынша бұл Baring Vostok пен Артём Аветисян, оның серіктесі Шерзод Юсупов арасындағы «Восточный» банкі айналасындағы ішкі даулы мәселе ғана. Алайда жоғарыдағы екеуі банкті толық бақылауға алып, бұрын қосылған «Юниаструм» банктен ұрланған активті жасыру үшін осы істі қозғалуына ықпал еткен.

Baring Vostok 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. Қор бұрынғы КСРО елдері мен Ресейде 80-ге жуық жобаға инвестиция салған. Олардың қатарында «Яндекс», Avito, «1C», Skyeng, Gett, ivi, «Вкусвилл», Busfor және Қазақстандағы ең ірі қаржы компаниясының бірі бар. Айта кетерлігі бұл жобалардың барлығы табысты, инновациялық компаниялар ретінде ерекшеленеді.

Похожие материалы