Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды. Табиғи орта миллиардтаған жылдарғы даму барысында қалыптасқан өте күрделі құрылымды жүйе. Оның құрылымды бөліктеріне ұсақ организмдер, саңырау құлақтар, өсімдіктер, жан-жануарлар, адамзат, топырақ, қызу, жарық, басқа ғаламшарлар, жұлдыздар, түрлі тартулы күштері, магнитпен электр өрістері жатады. Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы,яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады. Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. Әрине, ол заттардың үнемі қозғалыста болып, бір орыннан екінші орынға жылжып отыруы табиғи жайт. Алайда адам қатысында бұл қозғалыс шапшаң түрде өтетін болады. Аз уақыт ішінде заттар мен атомдар бір жерде азайып, екінші жерде күрт көбейе түседі. Заттардың бірі тарыдай шашылып кетіп, екіншісі шоғырлана бастайды. Мысалы: адам кеніштердегі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан қандайда қазбаны аз жылдың ішінде-ақ әлде бір затқа айналдырып, жер жүзіне таратып жібереді. Немесе ол кенді өңдеп, пайдаға жаратамын деп жүріп сол өңдеген жердің маңайына ауасын, суын, табиғатында екінші бір заттардың шоғырлануын туғызады. Бұған қоса адам өте көп мөлшерде түрлі жанғыш заттар бөлінетін күш-қуаттарын пайдаланады. Оларды тіршілік аясының әр тұсына немесе одан тыс жерлерге жинақтап, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын тудырады. Ал осның бәрі адамның ішіп - жеуге байланысты қажеттіліктерін ғанғ емес, бірінші кезекте күннен күнге еселей өсіп бара жатқан әлеуметтік тұтыныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Ғаламшардың тіршіліктік қорлары мен көздері адамның тамақ ішіп тірі жүруі, өмір сүруі үшін қажет болса, жер қойнауындағы кендер мен қуат қорлары адамның, қоғамның алуан түрлі тауарлық өндірістерінің көзі болып отыр. Қоршаған ортаның ластануы. Соңғы елу жылдағы ғылыми-техникалық төңкеріс ықпалымен өндіріс технологиялардың күрт дамуына орай бірнеше жүздеген мың жаңа химиялық, табиғатта бұрын болмаған, өз бетінше тумаған жасанды заттар шығарылып, жан-жақты қолданылу үстінде. Қоршаған ортадағы улы заттар үлесінің тынымсыз артып отыруы ең әуелі адамның өзіне ауыр, денсаулығына жүк болады. Мұнан соң ауыл шаруашылығы өнімдері мен дақылдарының сапасын аздырып, түсімділігін төмендетеді. Ормандар мен су қоймаларының қуатын әлсіретіп, құнарлығы төмен жаңа жерлерді айналысқа түсіру қажеттілігін туғызып, оларды өңдеуге кететін шығын мөлшері артады. Өзендер мен көлдерге мұнай және оның түрлі өкілдері органикалық улы заттар құйылады. Мұның бәрі де біз өмір сүріп отырған ортаның тазалығын төмендетіп, адам денсаулығына қауіп төндіреді. Сндай-ақ былғанған ауа мен судың, ластанған топырақтың мұндай кері әсерлері бүгінгі күнмен бітпейді. Олар кен қазу жұмыстары тоқтағаннан кейінде, ұзақ уақыт бойы сақтала береді.

І ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ Аймақтың табиғат райы және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктері мен оның тазалығын сақтау Табиғатының шекарасы. Алматы облысының аумағы сотүстігінде Балқаш қаласы арқылы Сарыарқаның оңтүстік сілемдерімен, солтүстік-шығысында Тарбағатай жотасымен, барлық мойлы тауларымен, Шығысында Жетісу қақпасы, Борохоро Боротола жоталары арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь – Шаньның Кетпен жотасымен және күнгей Алатауымен, оңтүстік Іле, Теріскей Алатауларымен және оңтүстік батысында Шу-іле тауларының Жетіжол және кіндіктас тауларымен батысында Жусандала үстірті арқылы Шу,Іле тауларының Айтау т.б. аласа тау аңғарларымен шектеседі. Солтүстік-батысында Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың Қиыршыңтасты шөлді шөлейтті өңіріне ұласады. Жетісудың кең аумағы және тауларының биіктігі әр түрлі болуы оның климаты мен ландшафтарының да түрліше қалыптасуына ықпал етті. Өзендері: Балқаш – Алакөл тұйық алабында жатыр дегенмен жер беті ағын облыс аумағында 800-ден астам өзендер мен су аңғарлары бар. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайлы, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйек.ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Жалаңаш көл, Сасық көл, Ұялы, Қошқар көл, Көлсай, Үлкен Алматы көлі, Іле өзені бойында Қапшағай бөгені және СЭС-ы салынған. Мұнан басқа Бартоғай, Күрті бөгендері бар. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі. Топырағы мен өсімдік дүниесі. Облыстық топырақ және өсімдік жамылғылары тік белдемдікке байланысты қалыптасқан.жазық бөлігінде шөлдіңде, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгік, сораң, сексеуіл көктемде эфемир өсімдіктері басым тараған. Балқаш,Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлер астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі, боө далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал оданда жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы өседі. Биік тау альпілік шалғынын өлең шөп, алтай қоға жайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір облыс малшыларының жазғы жайлауы. Жануарлар дүниесі. Жазық жерінде қара құйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т.б. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлан, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т.б. мекендейді. Экономикасы. Алматы облысының экономикасы көп салалы өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік пен байланыс және сауда құрылымдарынан тұрады. өнеркәсіпте электр қуаты (1997 ж. өнеркәсіп өнімдегі үлесі 39,9 %), машина жасау және темір өңдеу (6,5 %), құрылыс материалдары (6,2 %), тамақ өнекәсібі (38,2 %) ұн, жарма және құрама жем (5,5 %) салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, қыш-кәрлен өндірістері қалыптасқан. 1991-1997 ж өнеркәсіп өнімі 2,6 есе артты. Сонымен қатар қызылша, картоп, көкеніс бақша, жеміс жидек және жүзім шаруашылықтары айрықша дамыды. Одан тыс мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, бал, сүт, қымыз өндірістік шаруашылықтары қатар дамыған. Сырттан электр аппараттары, есептеу техникасы т.б. құрал жабдықтар алынды. Кен байлықтары. Облыс аумағында жанғыш және полиметал кендерінің қоры мол. Жетісу Алатауында Тентек, Текелі, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе, Кетпен жотасының оңтүстік баурайында тұйық полиметалкендері игеріле бастады. Іленің атырауында -марганец,Буғыты тауында вольфрам кендері барланған. Мыс кені Сарыөзек кентінен солтүстікке қарай Быжы өзен жағалауында кездеседі. Радиобелсенді кендер Ойқарағай шатқалында орналасқан. Сирек металл қоры облыстың орталық аумағында шоғырланған.

II-ТАРАУ.ТІРШІЛІК АЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЛАСТАНУЫН АЛДЫН АЛУ 2.1 Табиғат қорларын пайдалану

Біз тіршілік аяларын ластаушы зиянды,улы деп бағалып жүрген заттардың бәрі де адам өмірі үшін аса қажет табиғат қорларына жатады. Бар кінәрат олардың жатқан жерінен жылжып кетуінде, тиісті орнында тұрмауында және әуелгі енжар, бей әрекетті қалпынан белсенді күйге ауысуында ғана. Күкір, сынап, қорғасын тіпті радиобелсенді элементтер де өз кеніштерінде жатқанда ешқандай зиян келтірмейді. Ал оларды жылы орнынан қозған, қазып алып, толық пайдаланбаса, онда қалған бөлігінің бәрі өндіріс және тұтыныс қалдығы аталып, қоршаған ортаны былғаушы, уландырушы затқа айналады. Дегенмен адам табиғат қорларын пайдаланбай және олардың саны мен сапасына әсер етпей, яғни өзін қоршаған ортаға өзгеріс енгізбей тұра алмайды. Бұл адам әрекетімен, оның өмірімен байланысты. өзгерістерді адам арқылы болатын өзгерістерді адам әрекеті дейді. Тіршілік мәдениеттің тұтыныстарын қанағаттандыру мақсатында қоғамның табиғат қорларын пайдалану әрекеті табиғатты пайдалану деп аталады. Ол ұтымды және асырапты болуы мүмкін. Табиғатты ұтымды пайдалануға оны әуелі зерттеп-зерделеу, құнттап, ұқыпты пайдалану, оны қорғап сақтау және көбейту, пайдаланған кезде бүгінгі күннің қажетімен ғана шектеліп қоймай, алыс болашақ қажеттерін де ескеру жайлары жатады. Ысырапшылдықпен пайдалану табиғат қорларының азып тозуына, таусылып-тітуіне, табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына, қошаған оратның былғануына, ластануына алып келеді.

2.2 Ауаның ластануы Ауа. Әуелде жер ғаламшарының газ қабығы, яғни газды қауырсыны болмаған. Ауаның пайда болуы – жанартаулардың тынымсыз атқылап, жер кідігінен азот пен көміртектің қос тотығы шығарылуы салдарынан жүрген геологиялық, геохимиялық әрекеттесулер нәтижесі. Жер үстінде өмір іздері пайда болғанға дейінгі кезеңде ауа метан мен аммиактан және су буынан тұрған. Шамамен 1,8 млрд. жыл бұрын бактериялардың тіршілік әрекеттері, онан соң өсімдіктердің өсуі нәтижесінде ауа құрамы өзгеріп, ондағы еркін күйдегі оттек мөлшері арта бастады. Оттек қорының артуы әуе құрамының бірте-бірте азотты оттектікке ауысуына алып келді. Сөтіп тотығу әрекеттері тән «екіншілік» ауа пайда болды. Жердің ауа қабығының салмағы астрономиялық санмен есептелінеді және ол 5,2*10,15 т. Әринежер қабығының аса мол көлемі және оның газдық құраушының табиғи айналым арқасында үнемі теңгеріліп, орны толтырылып отыруы жайына байланысты әуеде ешқашан таусылмайтын болып көрінуі мүмкін. Алайда, мәселеге оның табиғаттағы бастапқы қалпы сақталып, құрамының өзгеруі тез арада сейіліп шыға келеді. Ауа қабаты бес қабаттан тұрады. Олар тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экосфера деп аталады. Ауның негізгі (90 % дейін) бөлігі жермен жанасып тұрған және 8-18 шақырымға дейін биіктікке созылатын тропосфера қабатының аумағында тараған. Ауа химиялық қосылыс емес, өзін құраушы газдардың жай араласып жүрген қоспасы болып табылады және оның теңіз деңгейіндегі орташа құрамы 78,08% азоттан, 20,95% оттектен, 0,03% көмірқышқыл газынан, барлығы бірігіп 0,94% құрайтын енжар газдардан, озоннан, радонна, сутектің асқын тотығынан, аммиактан және йодтан тұрады. Жер әесінің көбірегі азот пен оттектен тұруы – оның басқа ғаламшарлар әуесінен басты айырмашылығы болып табылады. Ауа үнемі қозғалыс үстінде болады және бұл оның ең маңызды физикалық қасиеті болып табылады. Ол жерге тік және қапталдас бағыттарда қозғалады. Бұл қозғалыстардың бәрі де ауаның әр тұсындағы қызу айналыстан туады. Ау адамның және бүкіл жер үстіндегі жан-жануарлары мен өсімдіктерінің өмір сүру ортасын құрайды. Олардың ауасыз тіршілік етуі мүмкін болмас еді. Ауаның басым бөлігін құраушы азот – жер үстінде тіршіліктің пайда болып, дамуының негізі болып табылатынбасқада тіршілік туғзушы қосылыстар құрамындағы басты элемент. Сондықтан азотты қазақша өміртегі немесе тіршіліктегі деп атаса болады. Табиғатта оттек пен азот тоқтаусыз айналымда болады және сол арқылы ауа құрамының тұрақтылығы сақталады. Барлық ағзалар, соның ішінде өсімдіктер де оттек пен демалады. Қалыпты жағдайда қалыпты жағдайда әуеде әрқашан мөлшері 0,4-1,0% дейін ауытқып тұратын су буы және шаң мен түтін түрінде біраз мөлшерде механикалық ермелер болады. Әуеде мұндай ермелердің пайда болуының екі, яғни табиғи және жасанды көздері бар. Ауа ластайтын заттар – Ауа құрамындағы қатты ермелерді шаң дейміз. Тау кен үйектік аймақтық ауаларында шаң жаққа жақын да дала және құмды жерлер ауасында ол өте көп болады. Әуенің адам әрекеті негізінде былғау көздеріне қатты, сұйық және газдық отындарды пайдаланушы жылу электрлік орталықтардан, тұрмыстық отжағулардан, темір көліктерден, темір өңдеуші және химиялық кәсіпорындардын бөлінетін шаңдарды жатқызуға болады және бұлар тіршілік аясы былғануының басты себепкерлері болып табылады. Айталық Алматы облысында 2005 жылы әуені былғауға қатысушы тұрғылық тұтынушы көздерінің саны 4243 болса, қозғалысты ұшынды көздері, яғни облыс аумағында тіркелген автокөлік саны 138 мыңға жетті және осы жыл ішінде әуге тұрғылықты көздерден 69 мың тонна (2004 жылы 71 мың тонна) қозғалысты көздерден 130,9 мың тонна ұшынды бөлініп шыққан. Келтірілген 4243 тұрғылықты ұшынды көздері ішінде Қарасай, Іле аудандарындағы ,Алматы 2-ЖЭС, Қзмырыш Текелі қуатты кешені, «Талдықорған жылу қызмет», Қарасай; Іле аудандары мен Қарабұлақ, Балпық би аудандарындағы қант зауоттары әуеге бөлініп жатқан ұшындының басым бөлігін шығаратындардың ең ірілері болып табылады. Мысалы: бір ғана Текелі қуаттық кешені 2001ж 2077,8 тонна, яғни облыстағы барлық тұрғылықты көздерден шыққан ұшындының 7/1-ін шығарған. Соңғы жылдары жүргізілген әлемдегі шаң шығарушы басты салалар әрекетін бақылау нәтижесінде ауқымы 20мкм төмен тозаңдардың бір жыл ішінде әуеге көтерілетін мөлшері 1-ден 6 млн. т. дейін жететінін көрсетті. Әуедегі газ құрамының ойдымдық өзгеруі оның қандай да бір құрауыштарының азаюы немесе көбеюі салдарынан ғана тумайды, оған табиғатта өздігінен пада болмайтын, тек адам қолымен ғана жасала алынатын «бөгде» газ тәрізді ермелік қосылыстардың , мысалы: хлор,фтор,метан сияқты газдардың қосылып, араласып кетуінен туады. Газдық былғануға қоса әуедегі тозаң мөлшері де болып табылатын тозаңдар ластаушы есбінен әуенің көмескіленуі соңғы 30 жылда он есеге артыпты. әрине, адам әрекеті белсенділік сипаттағы аймақтардың үстіндегі әуе әлдеқайда тозаңдылығымен және бұл қалыптың көп уақыт бойы сақталатын тұрақтылығы мен ерекшеленеді. Адам әрекеттік былғауыштар қоюлығы мен ғана емес, құрамының алуан түрлілігімен де айрықшаланады. Мысалы: өткен ғасыр басында өндірісте 19 химиялық элемен қолданылған болса, ғасырдың ортасына қарай 50 элемент, ал оның 70 жылдарына таман Менделеев кестесіндегі элементтер түгелдей қолданылатын болды. Бұл жай өндіріс ұшындыларының құрамын бұрынғыдан да күрделендіріп, зияндылық салдарынан ондаған есе ұшындырып, ұшындырып жібереді. Енді оның құрамы ауыр және сирек темірлер тозаңдарымен, табиғатта кездеспейтін күрделі құрамдық, радиобелсенді, рак тудырушы, бактериялық және басқа да заттармен, осылардың сан-алуан жаңа әрі күрделі қосындыларымен толықты. Алайда адам ауа әрекетімен пайда болатын шаң тозаңдар мен улы газдар негізінен ауа белгілі бір қабатында, тропосферада ғана таралып, соның ішінде өндіріс орындары тұрған жерлерде айрықша шоғырланады. Сөйтіп ауаның ең төменгі қатарында жинақталған бұл ластауыш көздірінің тіршілік аясына тікелей әсер еті мүмкіншілігі артып, еселене түседі. Ауа тазалығын сақтау – Ауаның зиянды өнеркәсіп ұшындыларымен былғануымен алдын-алу жолындағы әрекеттер бірнеше бағытта жүргізіледі. Бұған өндіріске қалдықсыз технологияларды енгізу, технологиялық процестерді өз ортасында тұмшаландыра жүргізу, зиянды қалдықтарды іске жарата білу жолдары т.б. жатады. Технологиялық тұрғыда газ тазалау, шаң тұтыну құралдарын орнату, зиянды заттарды биік моржалар арқылы тропосферадан жоғары шығарып шашырату, зиянды заттарды зиянсызға алмастыру, шикізатты ылғалдандыра өндеу тәсілдерін қолдану сияқты амалдар бар. Битум өндірісінің ұшындылары 700-750 С-та толық жағылып жіберілсе, тыңайтқыш өндірісінде ол газдарды қайта пайдалану технологиясы енгізілген. Бояу өндірісінде хлорланған көмірсутектерді хлорға айналдырады. Жалпы тау кен кәсіпорындарынан шығатын зиянды ұшындылар салдарын экономика – экологиялық тұрғыдан бағалағанда: 1) Олардың қоршаған ортаға тікелей тигізітін зиянды әсерлерін 2) Ол жерден туатын экономикалық зиянды 3) Қоршаған ортаны жақсартуға, қалпына кететіруге кететін шығын мөлшерін 4) Қалдықтарды ұтымды пайдалану, іске жарату технологияларын жасауға кететін шығын мөлшерін есептеу керек болады. Яғни бұл ретте болатын шығындар, ластанған ауа ортасының тіршілік иелеріне зиянды әсерін жоюға жұмсалған және осы әсерден туатын шығындарға бөлінеді. Мұның біріншісінде тіршілік иелерін былғаныш әуе ортасынан көшіру, тазалық қорғаныш аймағын көгалдандыру, тұрған үйлерге берілетін ауаны тазалау жүйесін салу және пайдалану істері жатады. Екінші топқа қатысты шығындарға былғаныш ауа салдарынан ауруға ұшыраған адамдарға емдік қызмет көрсету, олардың кейбіреулеріне еңбекке жарамсыздығына ақы төлеу, ғимараттарды, құрылыс орындары мен құрал-жабдықтарды қалпына келтіру шығындары жатады. Өнеркәсіп ұшындыларын азайту үшін төмендегідей шараларды жүзеге асыру керек: 1) Кәсіпорындарды электр және ұшындылары мен пайдаланатын жанғыш заттарды құрамындағы зиянды заттарды тазалаушы және алдын-ала аластаушы технологиялары бар ірі электр станциялардың маңында шоғырландыру. 2) Өндірісті булық, шаңдық әуе ұшындыларын азпйтушы немесе бейтараптандырушы сүзгілер және басқада құрылғылар орнату. 3) Көліктер мен технологиялық аспаптарды қозғалтқыштары мен тазалаушы құрылғыларын жетілдіру және оларды мүмкіндігінше зиянсыз түрге көшіру. Ауа тазалығын сақтаудың бұл келтірілген шараларына қоса, айналаны мейлінше көкалдандыру, ормандарды қалпына келтіру және көбейту, өсімдіктер дүниесінің жетілуіне жағдай жасау, қалалар мен өнеркәсіп орындарын, елді мекендер мен жол бойларын жасыл желекке бөлеу жұмыстары кең қанатжаюы тиіс. Алайда әуе шектен тыс былғану жағдайында бұл шараларда жеткіліксіз болады. Әрі мұндай аса былғаныш әуеге тұншыққан жасыл желектер ортаны одан ары ластай түсуі де мүмкін. Мысалы: күкірт қостотығын көп жұтуға мәжбүр болған өсімдіктер оны әеге күкіртті сутек және рак қоздырғыш күкіртті көміртек ретінде кері бөліп шығарады. Әуедегі аммиак мөлшері артып кету жағдайында өсімдіктер оны азот тотықтарына айналдырып тағыда кері қайтарады, олай болса әуе тазалығын сақтаудың ең дұрыс жолы оны ластамау болып табылады. Зиянды заттарды бөліп алу әдістері. өндіріс ұшындылары құрамындағы органикалық заттарды әсіресе ылғалды күйіндегілерін қойырлықтары жоғары жағдайда қыздыра жағу арқылы, қойырлығы төмендеу жағдайда – аптай отырып, жағу арқылы бөліп алады. Аптауыш ретінде белсенді көмір, белсенді кокс, алюминидің белсенді тотығы т.б. қолданылады. Ұшындыларды тазалаудың өзінің бірнеше деңгейі болады. Мысалы: бір жағдайда ұшынды құрамындағы зиянды затты бөліп алу немесе зиянсыз күйге айналдыру мақсаты қойылса, екінші бір жағдайда – ұшындыны тазалай отырып, зиянсыздандырылған өнімді басқа нәрсеге айналдыру немесе сол өндірістің өзінде қайта қолдануға жіберу, үшінші жағдайда – ұшынды құрамындағы зиянды заттың қалдықтық бөлігінен арылу мақсаттары қойылады. 2.3 Судың ластануы

Су. Су біздің ғаламшарымыздың үстінде 3-3,5 млрд жыл бұрын жер қыртысының газсыздануы саядарынан шыққан бу түрінде пайда болған деп есептеледі. Қазіргі кезде судың салмағы жер салмағының 0,025%-ын құрайды және оның жалпы мөлшері 1,6*10,9 текше шақырым болып саналады. Су түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық, табиғи зат. Сондай-ақ ол толық құнарсыздығымен ерекшеленеді. Солай бола тұра жер әлеміндегі барлық тіршілік үшін қажет. Аусыз адам да, жан-жануарлар да, өсімдіктердің де тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғаттың қай жерінде кездеспесін су ортасы қашан да ағза тектілерге толы орта болып табылады. Шөп сабағына түскен шықта да, аяқ астындағы көлшік су да, үлкен су тоғандарында да қайнаған өмірді кездестірмеу мүмкін емес. Су өзінің түзілуіне ықпал етуші физика химиялық қасиетінің арқасында қазіргі кездегі көптеген жан-жануарлар мен өсімдіктер пайда болған орта ғана емес, ғаламшарымыздағы тіршілік атаулының алғашқы бесігі болып табылады. Барлық жан-жануарлар мен өсімдіктердің құрлыққа шыққанға дейінгі туып даму тарихының басым бөлігі басқа емес, нақ суда өтті. Өсімдіктер мен жан-жануарлардың 50 және 76 %-ы теңізде, 8-6 %-ы тұщы суда, 42-18 %-ы құрлықта пайда болған. Қазіргі таңда олардың 50 және 84%-ы теңізде, 77-51 %-ы тұщы суда, 65 және 35 %-ы құрлықта өмір сүреді. Яғни жан-жануарлардың ¾, ал өсімдіктердің жартысы теңізде пайда болған. Тұрмыстық шаруашылыққа су ішуге, жуынуға, тұрмыстық қызмет мекемелері өндірісіне, көше шаңын басуға, көгалдарды суаруға, өрт сөндіру мақсаттарына жұмсалады және мұның бәрі өнеркәсіп пайдаланылатын судың 15 %-ын құрайды. Болжам бойынша жақсы жабдықталған қала тұрғыны жеке қажеттілігі үшін тәулігіне 200-300 су жұмсайды. Тау кен өңдеуші өндіріс орындарыныңтікелей өзқажеттіліктеріне тпайдаланылатын су мөлшері онша көп болмайды. Бірақ олар жердің асты үстіндегі су сапасына елеулі әсер етеді. Карьерлер мен кеніштердегі сулар үңгімелер мен ұңғымаларды суландыруға және бұрғылауға қолданылады. Ал кенді сумен қару және сумен аршу кезінде кен қабатын бұзуға және тасымалдауға, геотехнологиялық тәсіл жағдайында кеннің қажетті құрауы мен ерітуге және тасымалдауға қолданылады. Кеніш үстіндегі кешендерде су шаруашылық, тұрмыстық қажеттіліктерге, сыққыш және басқа да жабдықтарды суытуға, қалаушы қоспаларды дайындауға, тасымалдауға және басқаларға да қолданады. Кеніш үстіндегі кешендерде су шаруашылық, тұрмыстық қажеттіліктерге, сыққыш және де басқа да жабдықтарға қолданылады. Кенді байыту кезінде су оны шолоғо сұрыптаушы арқылы жеңіл және ауыр орта дайындауға шаңбасуға, технолгиялық жабдықтарды суытуға өндіріс қалдықтарын тасымалдауға қолданылады. Тау кен және кен байыту кәсіпорындары пайдаланатын су көлемі, олар қазған шұңқырлар мен кеніштерден шығатын судың қасында айтуға болмайды.ол сулардың өр топырақ астылық қамалма, жарықшақты және ақпалық жер асты сулары сондай-ақ өзен-көл желісі және әуелік жауын-шашындардың сіңбеленуі негізінде қорланатын кәріздік сулар, тікелей өндірісте қолданылатын технологиялық сулар жиынынан құралады. Кеніште сулардың жұмсалуы, оларды пайдалану мөлшері көптеген табиғи және технологиялық жайлар негізінде анықталады. Ал негізгі технологиялық жайларға шая отырып бұрғылау, гидравликалық салма, шаңды сумен басу әрекеттері жатады. Су ластануының алдын – алу: Шаруашылық және ауыз су ретіндн пайдаланатын су тоғандарына құятын ағындардағы суды былғаушы зиянды заттардың шептік мөлшері арнайы ережемен белгіленген және онда зиянды заттар тізімінде 400- ден аса атау тіркелген. Өндірістік мақсатта пайдаланылатын судың өзі жұмыс істеушілерге зиянсыз, құрал-жабдықтардың жемірілуін, олардың түбіне тұз тұруын туғызбайтындар жәнеөнім сапасына кері әсер етпейтіндей болуы тиіс.ауыл шаруашылығы алқаптарын суғаруға жұмсалатын су өсімдікке зиянсыз және өнім,түсім мен топырақ сапасын нашарлатпайтын болуы тиіс. Су қоймалары да әр түрлі мақсатта қолданылатындықтан, оларды былғанудан сақтау шараларын негіздеу үшін зияндылық дегеннің, өзі не екені, оның қандай дәрежелері, белгісі бар екенін анықтап алу керек болады. «Жерүсті суларын төгін сулармен былғанудан сақтауережелері» бойынша судың былғнубелгісіне оның дәм арқылыбілінетін қасиеттерінің өзгеруі құрамында адамға, жан-жануарларға, құсқа, балыққа, жемдік және кәсіптік ағзалар зиянды заттардың болуын жатқызады. Сондай-ақ су ағзаларының қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен, судың қызуыда қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен судың қызуыда бақылауда болуы тиіс. Соңғы жайт бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауында да арнайы көрсетіледі, онда «егер су, оның құрамын немесе түбінің бедерін өзгерту салдарынан су пайдаланудың кез келген түрінің бірі үшін жарамсыздық танытса, оны былғанған деп есептеу керек» деп жариялаған. Су сапасына қатысты жасалған «Тазалық ережесі және жерүсті суларын былғанудан сақтау ережесінің су бөгендерін, олардың тазалық дәрежесіне қарай екі топқа бөледі. Бірінші топқа ауызсу және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы су бөгендерін, (олардың ) екінші топқа балық шаруашылығы мақсатындағы су тағамдары жатады. Ереже бойынша су бөгендеріндегі қалқып жүрген ермелер мен жүзгіндер мөлшері, судың иесі, дәмі, түсі, қызуы, РН мәні, құрамы және ондағы минералдық ермелердің,суда еріген оттектің қойырлығы, судың оттекке деген биологиялық сұранысы, улы және зиянды заттар мен ауру таратқаш бактериялардың құрамы мен шектік жіберімдік қойырлығы назарда ұсталып, тексерілуі тиіс.

2.4 Жердің ластануы

Жердің ластануы. Жер күнді айналып жүрген 9 ғаламшардың ішінде ауқымы мен салмағы бойынша 5-ші ғаламшар. Оның салмағы 5976*1021 кг, бұл Күн салмағының 3300000/1, аталған үлкен ғаламшарлар айырмасы – онда тіршілік бар. Ол осыдан шамамен 4,5 млрд жыл бұрын күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ тозаңдардың тартылыс күші әсерінен бірігуінен пайда болған. Жер бетінің едәуір бөлігін дүние жүзі мұхиттары, қалған бөлігін 39%-ын оңтүстік жарты шарының 19%-ы жуығын таулы, 64%-ы жазық өңір және 33,1%-ы ауыл шаруашылығы үлесінде, 30,1%-ы орманда, 36,8%-ы басқа жерлер. Жер бетінің өзгеруі. Техника жетілген сайын адам неғұрлым құралдарды қолданып, жер бетін өзгерте береді. Оның кен және арықтар қазуға, құнарлы топырақтар орнын ауыстыруға, су бөгендерін салуға қатысты әрекеттері барған сайын кеңейе түседі. Мысалы: 1960-1970 жылдары ғана жер қонынан қазып алынатын әртүрлі жыныс – топырақтардың бір адамға шаққандағы мөлшері 200 тонна болса, бүгінде ол көрсеткіш 30 тоннадан асып отыр. Ал қазылып алынып жатқан шикізаттың тек 2%-ы ғана пайдаға жарап, қалғаны табиғатқа тастанды түрінде кері қайтарылып жатыр. Қзіргі кезде адам еркімен жыл сайын 10-15 мың текше шақырым тау жынысы жер үстінде ары-бері тасымалданады екен. Адам жер қойнына кіріп, онда жүріп жатқан процестерге араласады, оларды жылдамдатады не баяулатады, ал кейде тіпті бағытын да өзгертеді. Ашық кендік, жабық кендік қазу жағдайларының екеуінде де жер беті елеулі және негізінен екі түрлі өзгеріске ұшырайды. Біріншіден, кені алынып іші босап, үңгірленіп қалған жер жарылып, үсті ойылып, опырылып немесе төмен түсіп, жер қаттарының орны ауысады, топырақ құрылысы бұзылады. Екіншіден, кен қазылған төңіректе жұтаң кен үйінділері мен өндіріс тастандылары пайда болады. Мұнан кейін болатын зиянды салдардың бәрі осы екеуінде бастау алады. Ол зиянды салдардың өзі физикалық қыртыстарының орын ауыстыруы, механикалық және химиялық бұзылуларға бөлінеді. Қатты тастандыларға темір, ағаш, икемзат, түрлі ұнтақтар мен шаңдар, өндіріс қоқырсықтары жатады. Бүгінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы басты мәселелердің бірі осы қатты қалдықтарды жою, олардан құтылу болса, екіншісі – кенді, асты үңгілеп, үсті бұзылған жерлерді қалпына келтіру, шаруашылық айналасына түсіру болып табылады. Ал ауыл шаруашылықтың жерінің құнарлығы, оның топырағына байланысты. Онда көміртек, азот, фосфор, калий және басқа да заттар мол жиналады және олар өсімдіктің сіңіруіне қолайлы күйде болады. Тіршілік үшін аса қажет минералдық заттар мен тірі дүние қатынасы аяғымыздың астындағы күнде езіліп жататын осы топырақ арқылы жүзеге асып жатады. өсімдік сумен қоректік затты да топырақтан алады. Сынған бұтақтар мен түскен жапырақтарда айналып келіп топыраққа барады, онда ыдырап бойларындағы минералды топыраққа қайтарады. Топырақтың үстіңгі жағынан, ал тастық жыныстардың физика-химиялық бұзылуы астыңғы жағынан өзгерітіп дамытады. Яғни топырақ құнарлық қасиеті бар және жер қыртысының үстіңгі қабатын құрайтын және өсімдік, жан-жануарлар және минералдармен қатар қоюға болатын табиғи денең болып табылады. Ол күн сәулесінің, су буының, желдің, ауаның, көмірқышқыл газының, күн мен түн алмасуының, қызу өзгеруінің тау жыныстарына ұзақ уақыттық әсер және алғашқы ағзалардың тіршіліктік әрекеті негізінде пайда болған. Ол ағзалар мыңдаған жылдар бойында тіршілік ете отырып та, өле отырып та жердің тас қабатын бұзып, өздері қарашірікке айналып келді. Ал қарашіріке неғұрлым жетілген тіршілік иелері, жаңа өсімдіктер мен жануарлар пайда болып, олар өз кезегінде топырақты онан ары дамыта берді. Нәтижесінде адамзат өзінің басты ырыстарының бірі, күн көрісін басқаға алмастыру мүмкін емес тағы бір қайнар көзі – құнарлы топыраққа ие болды. Дегенмен жер үсті құнарлы топыраққа соншалық бай да емес. Сондықтан оны аса құнттылықпен пайдалану қажет болады. Ал ірі және ұсақ-түйек өндіріс ошақтарынан бөлініп жатқан қатты қалдықтар, тау-тау күресіндер бірінші кезекте осындай топырақты жерлерді басып қалып, қалған бөлігіне желмен шашылып, әуеден отырып, жаңбырмен жауып,сумен барып, оған өлшеусіз зиян келтіруде.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл келтірілгендерден төмендегідей төр тұжырым шығады. 1) Бәрі бір-бірімен байланысты. Яғни экожүйеде бір жердегі аз ғана жылжудың, өзгерудің өзі алыс жерде немесе алыс болашақта едәуір және ұзақ уақыттық салдарға алып келуі мүмкін. Сол себепті шикі затты «кешенді» өңдеу дегенді қазылған кеннің құнды құрауыштарын толық бөліп алу тұрғысында емес, барлық жайды ескеру, жан-жақтылық тұрғысында түсіну керек. 2) Бәріде қайта болмасын, әйтеуір көзден таса болуы, бір жаққа жасырылуы тығылуы, бір жерден өз орнын табу тиіс. Қоршаған ортаның күйзеліске түсуінің басты себебі сол – жер қойнынан орасан мөлшерде кен қозылып, жаңа, белсенді заттарға айналдырылады да, олардың қошаған ораға тигізер зиянды ықпалдары ескерілмей әрі оның есебін шығарарлық ақылда жетпей, шартарапқа шашылып тасталады. 3) Табиғат бәрінде жақсы біледі. Табиғаттың миллиондаған жылдар бойы мысқылдап жасағанын адам асыға үсіге аз уақытта-ақ жасап, соның салдарынан өмірге бір-бірімен қиысып, түйісіп тұруы тиіс тетіктердің аса күрделі құрастындыларды алып келіп, мұның бәрі өзара толық үйлесе алмай, шым-шытырық қайшылыққа түсіп отыр. Мысалы: қолдан құрау арқылы жасалған, табиғатта болмаған, болуы мүмкін емес органикалық заттардың пайдасынан зияны көп болып тұр. Жәндік жойғыштарда, шөп жоғыштарда өмірге осылай келді. Бұдан мынадай қорытындылар шығады: 1. пайдалы қазбалардың сапсынан гөрі олардың табиғи ерекшеліктерін терең зерделеу негізінде тұтыну технологиясын жетілдіруді ойлау және шешу керек. Минералды шикі заттың құрамы, құрылымы және бедері дегендер біз өзгерте алмайтын және өзгертпеуіміз тиіс шынайы болмыс болып табылады. Бұл жайларды танып білу оларды тұтыну технологиясын игеруге мүмкіндік береді.2. Айналамызда тұрғылықты және аса оңтайлы орта жасауды табиғаттан үйрену және үлкен шараларды өмірге енгізерде істі табиғат тәжірибесіне қайта-қайта қарай отырып жүргізукерек. 4) Ешнәрсе тегін келмейді, ақысыз берілмейді. Экономикадағы сияқты экотануда бұл заң мүлтіксіз орындалып отырады, яғни кез-келген нәрсенің қандай да құны болады. Қазақ судыңда сұрауы бар деген. Сондықтан табиғаттан алған әсіресе оның өз еркімен бергені, сыйлағаны емес, жер қойнынан «күшпен», «зорлығын көрсете» отырып, қазып алынған, одан «тартып» алынған нәрселердің орнын толтыру, өтемін қайтару керек болады. Оның ақысын төлемей кету мүмкін емес.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1) Сагимбаев Г.К. экология и экономика – Алматы мектеп 1997-144 б. 2) Фурсов В.И. экологические проблемы окружающей среды – Алматы 1991-192 б. 3) Охрана окружающей среды / Под редакцией С.В. Белова – М: 1991г. 320 стр. 4) «Закон республики Казакстан» об охране окружающей среды. Алматы Жеті жарғы 1998 ж. 95 бет. 5) Белов С В и др. Охрана окружающей среды – М: Высшая школа, 1991г.319 стр. 6) Бордский А К Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы Алматы ғылым 1997 -192 б. 7) Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: экология және табиғатты қорғау – Алматы мектеп ААҚ 2002ж. 392 б. 8) Қалыбеков Т Экология және ашық кен. Алматы Қазақстан 1988 ж. 96 б. 9) Қоженбаев С. Махмудов С. Табиғатты қорғау – Алматы: «Ана тілі» 1992 ж. 144 бет.

Похожие материалы