Экономика
Депутаттар төрт күннен кейін ғана үнсіздік жариялады
Мәжіліс сыннан арылмайтын болды. Ақтөбедегі оқиғадан кейін төрт күн өткенде ғана бір минут үнсіздік жариялаған депутаттар бүгін тағы сынның астында қалды.
Бүгін таңертең мәжіліс отырысы басталғанда депутат Сапар Ахметов бүгін Аза тұту күні екенін айтып, бір минут үнсіздік жариялауды ұсынған.
Бірқатар басылымдар терактінің 5 маусым күні болғанын, ертесі яғни 6 маусымда депутаттардың жұмыс күні басталғанын, алайда «халық қалаулыларының» үкіметтік сағатта да, пленарлық отырыста да Ақтөбедегі оқиға туралы тіс жармағанын, тек туған күні болған депутаттарды құттықтаумен шектелгенін жарыса жазды.
Кеше Президент Ақтөбедегі оқиға туралы мәлімдеме жасағанан еді. Депутаттар бүгін ғана «қайғара» бастаған.
Бұған дейін де депутаттардың қылығына аң-таң болып келген халық мына қылықты мүлдем түсінбей әлек.