Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 384 теңгеге дейін төмендеді

Доллар бағамы 384 теңгеге дейін төмендеді

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 384,18 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (384,58 теңге/$1) ұлттық валюта 0,4 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 384 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 384,30 теңге, жабылу курсы бір долларға 384,23 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 33 млн 548 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 99.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 386,5 теңге, Алматыда – 386,6 теңге.

Ұлттық Банктің 14 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 384,51 теңгені құрайды.

Похожие материалы