Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 330 теңгеге дейін төмендеді

Доллар бағамы 330 теңгеге дейін төмендеді

2016 жылдың 12 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 330,33 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 329,40 теңгені құрады. Максималды курс — 333 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 331 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 74 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 186.

Ақша айырбастау орындарында 12 мамырдағы доллардың максималды курсы — 332,5 теңге (Алматы уақытымен 11:30).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы