2016 жылдың 12 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 330,33 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 329,40 теңгені құрады. Максималды курс — 333 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 331 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 74 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 186.
Ақша айырбастау орындарында 12 мамырдағы доллардың максималды курсы — 332,5 теңге (Алматы уақытымен 11:30).
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Тэги:
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





