Экономика
Қор биржасындағы доллар бағамы 345 теңге болды
Қазақстан қор биржасының (KASE) 6 қаңтардағы таңғы сессиясы кезінде доллардың орташа курсы 345,49 теңге болды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, таңғы сессияда АҚШ долларының минималды курсы 344,90 теңге болды. Максималды курс — 346,30 теңге. Сессия жабылу кезінде доллар бағамы 345,50 теңгені құрады.
KASE мәліметі бойынша, долларға қатысты сауда көлемі — 39 млн 500 мың доллар. Валютамен жасалған келісімдер саны — 82.
6 қаңтардағы доллардың ресми бағамы 343,11 теңгені құрайды. Ал 7 қаңтарға арналған ресми бағам 344,68 теңге болады.
Фото:kapital.kz