Алматы. 7 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 383,43 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (384,51 теңге/$1) ұлттық валюта 1,08 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 383 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 384,40 теңге, жабылу курсы бір долларға 383,46 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 152 млн 980 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 312.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 387,5 теңге, Алматыда – 386,7 теңге.
Ұлттық Банктің 7 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 384,53 теңгені құрайды.