Экономика
Авто
Ең ірі 10 банктің үшеуі ғана қайтару мерзімі өтіп кеткен кредиттер көлемін азайтты
Несие сапасы жолындағы ең үздік күрескерлер: ЕДБ ТОП – 10 кредиторларының ішінен мерзімі өткен қарыздардың көлемін бір жыл ішінде тек қана 3 ірі банк қысқартты.
Күздің соңғы айларында Қазақстандық банктердің несие қоржыны 13,3 трлн. теңгені құрады. Болмашы айлық өсімге (1% -ға) қарамастан, жыл ішінде несие көлемінің қысқартылуы 489,8 млрд. теңгені немесе 3,5% құрады.
Дегенмен, алдыңғы қатарлы он несие беруші банктердің 9-ы жылдық динамикада ұтыста, ал олардың 5-і несие көлемінің 20% -дан астамын қосып алды: АТФБанк, Kaspi Bank, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Хоум Кредит Банкі және Халық банкі.
Қарызды қысқарту, бірінші кезекте, ЕДБ-ді уытты активтерден арылтудың арқасында жүзеге асырылатыны көңіл көншіктіреді. Осылайша, мерзімі өткен қарыздар өткен жылғыдан бірден 945,8 млрд. теңгеге немесе 33,6% -ға, 1,9 трлн. теңгеге дейін , ал 90 күннен астам уақытқа (NPL) созылатын ең ұзақ мерзімді кешіктірілу - 614,8 млрд. теңгеге немесе 36,1% -ға 1,1 трлн.тг дейін қысқартылды.
Нəтижесінде несие бойынша кешіктіру деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 20,4% -ға қарсы 14% -ды, ал NPL — өткен жылғы 12,3% -ға қарсы 8,25% -ды құрады. Дегенмен, елдегі ең ірі он кредиторлық банктердің ішінен тек үшеуі ғана несие сапасын жақсартты. Несие қоржынының тазалығы үшін күресте абсолюттік көшбасшы – АТФБанк.
«АТФБанк» бір жыл ішінде «жаман» несие деңгейін бірден 144,9 млрд. теңгеге немесе 56,2% -ға, 112,9 млрд. теңгеге дейін қысқартты. Бұл – қаржы институтының несие қоржынының 11,6% ғана.Ал банктің өз
қарызы бір жыл ішінде 175,1 млрд тг-ге немесе 21,9%-ға, 975,8 млрд тг.дейін артты.
Естеріңізге сала кетейік, банк халыққа да, бизнеске де нарықтық орташа мөлшерлемеден гөрі тиімдірек мөлшерлеме бойынша несие береді. Мысалы, АТФБанк шағын және орта кәсіпкерлікті кез келген мақсатқа кредиттеу сегментінде шектусіз кепілдік несиелерді ең төмен несие бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі- жылына 13,2% -дан бастап («Бизнес Стандарт») ұсына отырып, елдегі ең ірі ЕДБ-р арасында сенімді түрде көш басқарып тұр.
Бұдан басқа, банк шағын және орта бизнеске жаңарартылатын несиелік желі аясында кассалық алшақтықты өтеуді қамтамасыздандыру мүмкіндігінсіз «жылдам» несиелер және бірреттік овердрафттар ұсынады. Несие желісінің мерзімі - бір жыл, транш - 45 күнге дейін, ал НЖТС - 21,8%-н бастап.
Кешіктіруді қысқарту бойынша көшбасшылардың бірі Сбербанк болып табылады: минус 110,2 млрд. теңге немесе 47,6%, 121,5 млрд. теңгеге дейін, бұл – банк қоржынының 10,1% ғана. Сбербанк несиелерінің көлемі жыл ішінде 101,8 млрд. теңгеге немесе 9,2% -ға, 1,2 трлн. теңгеге дейін өсті. TOP-3 ForteBank жабады: жыл ішінде банк кешіктіруді 1,8 млрд. теңгеге немесе 2,2% -ға, 82,6 млрд. теңгеге дейін қысқартты , бұл банк қоржынының 13,1% -ын құрайды. Сол кезеңдегі несие 40,7 млрд. теңгеге немесе 6,9% -ға артып, 632,3 млрд. теңгеге жетті. Несие қоржынын ең қолайсыз «ұзақ» кешіктіруден тазарту бойынша АТФБанк те көш басында: қаржы институты NPL90+ты 37,1 млрд тг-ге немесе 30,1%-ға, 86,4 млрд тг дейін қысқартты – бұл қоржынның 8,9% құрайды.
NPL-мен күрес бойынша екінші орын мерзімі кешіктірілген қарыздар жағдайындағындай (минус 35,4 млрд теңге, 70,2 млрд. теңгеге дейін - қоржынның тек 5,8%) Сбербанкке тиесілі, ал үшінші орында Еуразиялық банк (минус 1, 6 млрд. теңге, 58,6 млрд. теңгеге дейін - бұл қоржынның 8,7% -ы). Еуразиялық банктің несие көлемі 44,5 млрд. теңгеге немесе 7,1% - ға артып, 672,2 млрд. теңгеге жетті.