Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Финляндия мен Қазақстанның экономикалық қарым-қатынасы

Финляндия мен Қазақстанның экономикалық қарым-қатынасы

Финляндия Республикасы — Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысында орналасқан мемлекет. Оңтүстік-батысын Балтық теңізінің Ботния, оңтүстігін Финн шығанақтары шаяды. Жер аумағы 338 мың км2. Халқы 5,2 млн. адам (2000). Тұрғындарының 93%-ы финдер, 6%-ы норвеггер, қалғандары цыгандар, саамдар, орыстар. Ресми тілі — финн және швед тілдері. Діни сенімі бойынша халқының көпшілігі (90%) лютерандар, 1%-ы православтар, қалғандары басқа діндерді ұстанады. Астанасы — Хельсинки қаласы. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — 1 палаталы парламент (эдускунта). Жоғарғы атқарушы органы — мемлекеттік кеңес. Әкімшшілік-аумақтық жағынан 12 лянға (губернияға) бөлінеді. Елдің құрамына кіретін Аланд аралдарына дербес автономиялық құқық берілген. Онда негізінен шведтер тұрады. Өзіндік парламенті (ландстинг) бар. Ақша бірлігі — евро (2002 жылға дейін финн маркасы). Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні, 6 желтоқсан (1917). Финляндия БҰҰ-ның (1955), Солтүстік кеңестің (1955), Еуро Одақтың (1995) мүшесі.

І-ТАРАУ. финляндия мен қазақстанның экономикалық сипаттамасы

1.1 Финляндияның географиялық орны

Финляндия жері қоңыржай белдеудің солтүстік жағына орналасқан. Ел аумағының 1/4-і полярлық шеңберде болғандықтан, мұнда "ақтүн" 73 күнге, ал қыста "полярлықтүн" (финше "каамос") 51 күнге созылады. Теңіз жағалауының ұзақтығы 4500 км. Жағасы негізінен биіктігі орташа жарлы келеді, қатты тілімденген, шхер аралдар көп кездеседі. Аласа төбелі жазық (200 м) бедері қалыптасқан. Елдін шығыс және солтүстігін аласа таулар және қыратты жолдар (биіктігі 300 — 400 м, Суоменселькя, Кайнунселыся, Манселькя, Оуменселькя), қиыр солтүстік-батысын Скавдинавия тауларының сілемдері (елдің ең биік жері Халтиатунтура (1324 м, осында) алып жатыр. Климаты қоңыржай континенттік; оңтүстік шетіне жақындаған сайын теңіздік климат басымырақ байқалады. Қысы суық, бұлтты, қарлы. Суық айларының орташа температурасы — 15°С (Аланд аралдарында). Жазы салқын, тұманды, шілдеде 12 — 16°С; оңтүстігінде 17 — 18°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 400 — 500 мм (солтүстігінде) және 600 — 650 мм (оңтүстігінде). Жауын-шашынның көпшілік көлемі жазда және күзде түседі. Солтүстік бөлігіне келетін жалпы жауын-шашынның 40%-дан астамы және оңтүстігіндегісінің 30%-ға жуығы қар күйінде түседі. Ағын сулары қар, жаңбыр суымен қоректенеді, өзендері негізінен шағын, бірақ суы мол. Ірі өзендері — Кем-Йоки (ұз. 550 км), Кюмин-Йоки, Кокемяэн-Йоки, Оулун-Йоки. Финляндия аумағының 8%-ға жуығын көл айдындары алып жатыр, жалпы саны 60 мыңға жуық. Көпшілігі елдің оңтүстік бөлігінде. Бастылары: Сайма (Үлкен Сайма), Пяйянке, Инари, Үлкен Калла, Оулуярви.

1.2 Финляндияның табиғат ресурстары

Жерінің көпшілік бөлігінде қылқан жапырақты тайга орманы өседі. Оңтүстік және оңтүстік-батысында ғана аралас орман алқабы қалыптасқан. Ормандығы жөнінен (аумағының 72%-ы) Финляндия Батыс Еуропада 1-орын алады. Әсіресе, елдің шығыс жағы ағаш қорына бай. Орманда қарағайлы қылқан жапырақты және шыршалы алқаптарының үлесі басым. Орманды өңірі батпақты. Ормандық жануарлардан бұлан, солтүстік бұғысы, ақ түлкі, борсық, қасқыр, аю, сілеусін, күзен, құстардан бүркіт, аққүйрықты су қарақұсы, жабайы қаздар, аққулар кездеседі. 1100-ден аса ағаштың, өсімдіктердің түрлері өседі. Су айдындары балыққа бай. Ірі ұлттық саябақтары — Лемменйоки, Паллас-Оунастунтури, Оуланка, Коли. Көптеген резерваттар ұйымдастырылған. Кен байлықтарынан титан-магаий, мыс, мырыш, темір, никель кентастары белгілі.

1.3 Финляндияның халқы

Финляндия аумағын алғашқы адамдар мұз дәуірінен кейін қоныстанған. Б.з.б. 2-мыңжылдықта Балтық теңізінің шығыс жағын мекендеген тайпалардың бір-қатары оңтүстік-батыс Финляндияға қоныс аударып, онда мал өсірумен және егіншілікпен айналысқан. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында Балтық жағалауындағы финн тайпалары Оңтүсстік - Батыс Финляндияға қоныс аударды. Финн тайпалары негізінен екі аймаққа: еми (хаме) — орталық  және суми (суоми) — оңтүстік-батыс аймаққа шоғырланды. 7 — 9 ғ-ларда финдер Сайма өззеніне дейін жетті. Б.з. 1-мыңжылдықтың аяғында Карель мойнағы мен Ладога көлінің солтүстік жағалауын карелдер мекендеді.

Пори— Тампере — Миккели межесінен солтүстікке қарай саамдар көшіп-қонды. Шведтердің көрші отыруы, "варягтан грекке" баратын жолдың жақын өтуі финн тайпаларының тез дамуына үлкен әсер етті. 9 ғасырларда Аурайоки өзені сағасында айырбас сауда жүргізетін аса ірі Коройнен мекені пайда болды. 12 — 13 ғасырлардағы бірнеше крест жорықтары барысында Финляндияны шведтер жаулап алып, христиан дініне енгізді. 1542 ж. Финляндияның бос жатқан жерлері швед королінің меншігі деп жарияланды да, солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтар кеңінен игеріле бастады. 1550 ж. Гельсингфорс (Хельсинки) қ. салынды. 1581 ж. Финляндия Ұлы князьдігі дәрежесін алып, өзіндік жергілікті сейм жұмыс істеді. 1596 —      97 ж. елде швед езгісіне қарсы бағытталған аса ірі шаруалар соғысы болды. 17 ғасырдың орта шенінен бастап Финляндияны шведтендіру процесі күшейді. Карл XI тұсында бұл аймақ метрополияның қатардағы губерниясына айналды. Жергілікті басқару органдары жойылып, финн тілі әкімшілік мекемелер мен мектептерден аласталды. Солтүстік соғыс (1700 21) Финляндия экономикасын қатты күйзелтті. 1710 жылдан бастап соғыс қимылдары Финляндия жеріне көшті. Напуэ іргесіндегі шайқастан (1714) кейін елді орыс әскерлері басып алды. Ништадт бітім шарты (1721) бойынша басқа жерлермен қатар Оңтүстік-Батыс Карелия және Выборг Ресей қарамағына өтті. 1741 — 43 жылдардағы орыс-швед соғысын аяқтаған Або бітім трактаты (1743) бойынша Оңтүстік-Шығыс Финляндия Ресей құрамына көшті. Финляндияның басқа жері бұрынғысынша Швеция қол астында қалды. 1788 - 90 жылдардағы орыс-швед соғысы кезінде жергілікті финдердің Швецияға қарсы қозғалысы тіптен күшейді. 1808 - 09 жылдардағы орыс-швед соғысынан кейін Финляндия толығымен Ресейге қосылды. Оған Финляндия Ұлы князьдігі деген атпен автономия беріліп, мемлекет басшысы Ресей императоры болып есептелді. Финляндияның өзіндік заң шығару органы, лютерандық шіркеуі сақталып, ресей армиясында қызмет етуден босатылды. 1811 ж. Финляндияға Выборггуб қосылды. 1812 жылдан ел астанасы Хельсинки қаласы болды. 1815 ж. қасиетті одақ құрылғаннан кейін Ресей Финляндияға саяси қысымды күшейте бастады.

1.4 Финляндияның жалпы шаруашылығы

а. Өнеркәсібі

Елде ағаш кесу, кен өнеркәсібі өркендеп, 1857 — 68 ж. капиталистік қатынастар түпкілікті орнықты. Бірақ әкімшілік, оқу-ағарту салалары күштеп орыстандырылды. 1904 — 05 ж. елде орыстандыру саясатына қарсы халық көтерілісі болып, Ресей үкіметі әскери тәртіп енгізді. Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін 1917 ж. 6 желтоқсанда жергілікті сейм елді тәуелсіз мемлекет деп жариялап, РКФСР ХКК Финляндияның тәуелсіздігін таныды. 1918 — 19 ж. елде азамат соғысы болды. 1919 ж. 17 шілдеде Финляндия республика болып жарияланды. Конституция қабылданып, президенттік басқару енгізілді. Демократиялық елге айналып, нарықтық экономикаға бағыт алды. 1927 жылғы жер реформасы нәтижесінде шаруа қожалықтары құрылды. 1929 — 33 ж. дүниежүзілік экон. дағдарыс Финляндияны да қамтып, шаруашылығына әсер етті. 1932 ж. Финляндия Кеңес Одағымен өзара тиіспеу және даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу туралы шарт жасасты (1934 ж. бұл шарт тағы да 10 жылға созылды). Осы шарттың КСРО тарапынан бұзылуына байланысты 1939 ж. 30 қараша — 1940 ж. 12 наурызда кеңес-финн соғысы болды. 1940 ж. наурызда Швеция мен Норвегияның делдалдығымен кеңес-финн соғысы тоқтатылып, келісім жасалды. Келісім бойынша КСРО кұрамына Карель мойнағы, Выборг шығанағындағы аралдар, Ладога көлінің батыс және солтүстік жағалауы, Рабочий және Средний түбектері кірді. Кеңес Одағына Ханко аралы 30 жылға берілді. Жаңа кеңес-финн шекарасы негізінен 1809 жылға дейінгі, яғни Финляндияның Ресей империясына қосылуына дейінгі шекара шегін қайталады. Ал елдің КСРО-да қалған бөлігінде Карель-Фин КСР-і құрылды. Бұл келісімге келіспеген Финляндия 1941 — 44 ж. Германияның одақтасы ретінде Кеңес Одағына қарсы соғысқа араласты. 1944 ж. қыркүйекте Финляндия Германия жағынан шығып, оған қарсы соғыс ашты. 1947 жылғы кеңес-финн бейбіт келісімі бойынша Финляндия КСРО-ға өз жерінің 2%-ын беріп, 300 млн. долл. репарация төледі. 1963, 1967 ж. Финляндия тарапынан Солтүстік Еуропа елдерінің жерін ядролық қарусыз аймақ деп жариялау туралы ұсыныс жасалды. 1963 ж. 8 тамызда Финляндия үш сферада ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы Мәскеу шартына қол қойды. 1968 ж. 1 шілдеде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды. 1969 ж. мамырда Финляндия үкіметі Еуропадағы ынтымақ пен қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес шақыру туралы бастама көтеріп, 1969 — 76 ж. Кеңес Одағымен экономикалық, ғылыми, сауда және мәдениет салаларында келісімдер жасады. Финляндия үкіметінің бастамасымен 1975 ж. 30 шілде — 1 тамызда Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақ жөніндегі кеңестің қорытынды актісіне қол қойылды. 1995 жылдан Еуро Одағына мүше. Басқа елдермен бейтараптылық саясат ұстанады. Финляндия — жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Финляндияның негізгі салалары елдің орман қорына негізделе қалыптасқан. Финляндия — дүние жүзіндегі ағаш өнімдерін экспортқа шығарушы басты елдердің бірі. Қағаз бен қатты қағазды сыртқа шығару жөнінен Финляндия әлемде 2-орын (Канададан кейін), целлюлоза мен тілінген тақтай шығарудан 4-орын алады. Экономикасының негізіі салалары: машина жасау, кеме жасау, негізінен мұзжарғыштар (әлемде 1-орын), теңіз буксирлері, паромдар, целлюлоза-қағаз, ағаш өңдеу, қара және түсті металлургия, химия, тоқыма, тігін, тамақ, тау-кен, мұнай өңдеу, отын-энергетика, электроника, т.б. Машина жасауда швед капиталы, мұнайда америка және ағылшын-голланд капиталының ықпалы басъм. Жеңіл автомобиль жасауда "СААБ - ВАЛМЕТ" компаниясы, электронды өнеркәсіпте жетекші орынды "Нокия", "Солора" компаниялары алады. Темір, титан-магний, мыс, мырыш, никель, шойын, болат, хром (әлемдегі ірі кен орны), қорғасын, гранит, мәрмәр, кобальт өндіру жақсы дамыған. Электр қуатының жан басына шаққандағы мөлшері бойынша Финляндия дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы бес мемлекеттің қатарына кіреді. Теңізде жүзу мен балық аулау маңызды рөл атқарады.

ә. Ауылшаруашылығы

Ауыл шаруашылығында етті-сүтті ірі қара мен қой өсіру басым. Сонымен қатар шошқа, құс, бұғы өсіріледі. Финляндия — ұсақ және орташа фермерлер елі. Егіншілік мал шаруашылығына қосалқы сала ретінде қалыптасқан. Бидай, қара бидай, арпа, сұлы, картоп, мал азық дақылдары, шөп егіледі. Елдің солтүстік бөлігінде бұғы шаруашылығы дамыған. Орман шаруашылығы — экономиканың ежелгі саласы. Темір жолының ұзындығы 5,9 мың км, автомобиль жолының ұзындығы 77,7 мың км. Басты су жол жүйелері — Сайма, Пюхяярви, Пяйянне көлдік жүйелер. Ірі теңіз порттары — Хельсинки, Турку, Котка, Пори, мұнай порттары — Шельдвиг, Нантали, Швеция, Эстония, Польша, Германиямен арада паром жүреді. Туризм дамыған. Сыртқа ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі өнімдерін, кеме (мұзжарғьштар, теңіз буксирлері), целлюлоза — қағаз өнеркәсібі жабдықтарын, электр техникалық бұйымдарын, қара және түсті металдар, машина мен жабдықтар, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері өнімдерін, спорт шаңғыларын шығарады. Импортының негізін сұйық отын, ядрорлық жанармай, табиғи газ, көмір құрайды. Ұлттық жиынтық өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 24400 АҚШ долл-на тең. Негізгі сауда серіктестері: Еуро Одағы елдері, АҚШ, Жапония, Норвегия, Ресей.

ІІ ТАРАУ. Қазақстан Республикасының халықаралық қарым – қатынасы

2.1. ҚР-ның Финляндиямен дипломатиялық байланысы

1992 ж. 13 мамырда Финляндия мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық байланыс орнады. Осы жылы 38—30 қыркүйекте Финляндия президенті М.Койвисто Қазақстанға ресми сапармен келді. Сапар барысында екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, осыған сәйкес үкіметаралық қазақстан-финн комиссиясы құрылды. 1999 ж. 16 — 20 мамырда ҚР Парламенті делегациясы Финляндияда ресми сапармен болды. Екі елдің сауда айналымы 2005 ж. 375,5 мың АҚШ долл-н құрады. Қазіргі кезде Қазақстанда 13 бірлескен кәсіпорын мен финн компанияларының өкілдері жұмыс істейді.

1992жылдың 28-30 қыркүйегінде Қазақстанға Финляндия республикасының Президенті. Койвисто 1992жылдың 13 мамырында ресми сапармен келді.

Қазақстан мен финляндия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1997жылдың М 21-24 қыркүйегінде осы мемлекет Парламентінің халықаралық байланыстар бойынша комитетінің төрағасы М. Аалтоненнің басшылығымен парламенттік делегация Алматыға келді.

1997жылдың қарашасында Қазақстанға Финляндия Респуликасының сыртқы істер Министрінің орынбасары  Я. Бломберг іс-сапармен Алматыға келді.

1998 жылдың 6-7 сәуірінде сыртқы сауда мен Финляндияның еуропалық істерінің Министрі О. Й.Норрбак Алматыға келді

Іс сапарда Қазақстандық нарықта өз бизнесін дамытуға мүдделі сегіз ірі фин кәсіпорындарының өкілдері онымен бірге келді. ҚР сауда мен индустриясының , энергетикасының , сыртқы істер министрлерімен , инвестициялар бойынша ҚР мемлекеттік комитетінің директорларымен кездесулер болып өтті.

1999 жылдың 16-20 мамыр айында ҚР Парламент мәжілісінің делегациялары Финляндияға барды, онда Финляндияның Президенті  М.Ахтисаримен кездесуі , Финляндия  Парламентінің спикері Р.Уосукайненмен , көрнекті парламентариялармен кездесулер өтті.

1999 жылы Москвада ҚР елшілігімен Қазақстанменсеріктестікті дамытуға қызыққан ірі  Финляндияның компанияларының басшыларымен кездесулер қатары болды. Ортаның сауда палатасы мен Финляндияның сыртқы сауда Ассоциациясының   президенттері К.Якас пен  С.Хяркун арасында болған сұхбатта екі жақтың  суда-экономикалық қатынастарын интенсификациялау мәселелері , сонымен бірге ҚР экономикасына Фин капиталын инвестициялау мүмкіндіктері қарастырылды. «Юнт- юхтюме» атты Еуропадағы ірі құрылыс компаниясының басшылығымен оны Қазақстан территориясындағы жобаларға қатысу мүмкіндігі  қарастырылды.

2004 жылдың 27-28 қазан айында  сауда-экономикалық серіктестік бойынша Қазақстан- Фин өкіметаралық комиссиясының екінші мәжілісіне қатысуы үшін ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Досаевтың басшылығымен Қазақстан делегациясы Финляндияға барды.

2.2. Экономикалық  қатынастары

2005 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 375,5 млн. доллар құрады( Қазақстандық экспорт – 177,6 млн. доллар, импорт- 197,9 млн. доллар) . 2005 жылы тауар айналымы – 319,1 млн. долларды (Қазақстандық экспорт – 166,9 млн. ; импорт – 152,2 млн.) құрады.

Экспорттың негізгі түрлері : тез еритін қорғасын , тез еритін қорғасынның катодтары, мұнай шикізаты, стирол, өңделмеген цинк, антрицит, ерітінділер, бидай. Финляндиядан Қазақстанға  жер иелігі мен байланыс құралдары , электротехникалық жабдықтар , тас пен қара металдар бұйымдары , ағаш, лакбояулы материалдар, қағаз бен қатты қағаз, автокрандар мен қазандар, құрылыс қондырғылары мен жиһаз, кең тұтыну тауарлары жеткізіледі.

1992 жылдың 29 қыркүйегінде қол қойылған сауда –экономикалық серіктестік жайлы келісімге сәйкес , сауда-экономикалық серіктестік бойынша  қазастандық-финдік Үкіметаралық бірінші мәжілісі 1993 жылы 16-19 қарашада Алаты қаласында өтті.

Үкіметаралық комиссияның екінші мәжілісі 2004 жылдың 27-28 қазан күндері Хельсинкиде болды. Финляндия Республикасы  Қазақстанмен болатын екі жақты қатынасты дамытып кеңейтуге айтарлықтай қызығушылық танытты және Үкіметаралық комиссияның форматын өзгертуге дайын екенін білдірді. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты деп финдік жақ  қазақстандық серіктестерімен әртүрлі салалардың іске асуын көздейді, атап айтқанда теллекоммуникация мен орман шаруашылығы , құрылыста үлкен халықаралық тәжірибеге ие, көлік пен метал өңдейтін секторда үлкен көшбасшылыққа ие екенін көрсетеді.

Қазақстандықтар бәсекеге қабілетті дүние жүзіндегі ең биік индекске жетуі бойынша Финляндияның тәжірибесін зерттеуге қызығушылық танытты, шикізаттың қандай да бір маңызды қорына ие емес түрде мемлекеттің экономикалық дамуына жол беретін институционалды реформаларды жүргізу тәжірибесіне аса қызығушылықпен қарады.

Коммисия аясындағы жұмыстан басқа Финляндия елі Қазақстандық делегация үшін әртүрлі салалардың одағының тұсау кесерін  өткізді.Қазақстандықтардың қалауы бойынша Финляндияның сыртқы істер министрі Э. Туолшойямен кездесу ұйымдастырылды, онда Финляндия жақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Финляндия Республикасымен серіктестігінің перспективалары жайлы ақпарат алды.Сонымен қатар Қазақстан Республикасы қаржы министрі А.Дунаева Финляндияның қаржы министрі Улла-Май Видеруспен сұхбаттасты, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Е. Досаева Финляндияның денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру министрі Мейса Хюссялямен кездесулері болып өтті.

Хельсинки қаласына іс-сапарға бару барысында делегация мүшелері «Нокиа» және «Телия-Сонера» Финляндияның телекоммуникация салаларының көшбасшы деген фирмаларын аралады. Мемлекеттің инновациялық қор «Текес» атты ғылыми өңдеулерді қаржыландыру бойынша мемлекеттік агенттікпен кездесулер ұйымдастырылды. Екі жақты кездесулер мен Финляндия компанияларының офистерін аралау аясында екі жақта кейінгі серіктестік және тікелей байланысты орнатуға үлкен қызығушылық танытты.

Финляндияның бизнес-қоғамдастығында Қазақстан рыногына қызығушылық арта түсуде. Бұл туралы Алматыда өткен «Қазақстан-Финляндия: бизнес үшін жаңа перспективалар» бизнес-форумының барысында Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі Паула Лехтомяки мәлімдеді. П.Лехтомяки екі жақты сауда-экономикалық, инвестициялық және саяси ынтымақтастықты кеңейту мақсаттарында Қазақстанға келген аса ірі фин компаниялары басшыларының делегациясын басқарады.

Министр ТМД елдерінің арасында Қазақстан фин экспортының көлемі бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алатынын, ал импорттың көлемдері бойынша тек Ресейді ғана алға шығарып, екінші орында тұрғанын атап өтті. «Өткен жылдың қаңтар айынан қыркүйек айына дейінгі мерзімде Қазақстан мен Финляндия импортының көлемі 68 %-ға өсті, бұл, ең алдымен, мұнай жеткізілімдерінің көбеюіне байланысты. Осы аралықта Финляндиядан Қазақстанға тауарлар экспорты 13 %-ға ұлғайды»,- деді П.Лехтомяки.

Фин Министрінің айтуынша, ҚР БСҰ-ға кіру мәселесі «Финляндия үшін де ерекше қызығушылық туындатады, өйткені Қазақстанның БСҰ-ға қосылуы жөніндегі жұмыс тобын Финляндияның БСҰ-дағы Тұрақты өкілі басқарады. Финляндия Қазақстанның осы Ұйымға мүшелікке ұмтылуын дәйекті түрде қолдап отырды»,- деп атап көрсетті министр ханым.

2.3. Финляндия Қазақстанға білім, денсаулық сақтау және жоғары технология саласындағы тәжірибесін ұсынуы
Финляндия Қазақстанға білім, денсаулық сақтау және жоғары технология саласындағы осы елдің тәжірибесін пайдалануды ұсынуда. Бұл жөнінде Финляндия республикасының сыртқы сауда және даму министрі Паула Лехтомяки Қазақстанның СІМ Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінен кейін болған брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. "Қазақстан экономикасы қарқынды дамуда. Өнеркәсіп және экономика саласына деген қызығушылығымыз басым. Бір жағынан, біздің де ұсынатынымыз бар", деді П. Лехтомяки. Атап айтқанда, оның айтуынша, финдерде "жылдам дамып жатқан Қазақстан нарығына қажетті алдыңғы қатарлы жоғары технологиялар бар". Сонымен қатар, финляндиялық министр білім және денсаулық сақтау салаларын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл салалар "Қазақстан саясатының басым бағыты болып табылады". "Финляндиялық білім жүйесі халықаралық деңгейде, оның ішінде Экономикалық ынтымақтастық ұйымы тарапынан да жоғары бағаланған. Бұл денсаулық сақтау саласына да қатысты. Біз аса көп қаражат жұмсамай-ақ жақсы нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Біз осы екі салада нәтижелі жұмыс істеп келеміз. Осы тұрғыда , біз мамандармен , ақпарат және тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін байқап отырмыз", деді Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымы 2006 жылдың қаңтар қараша айларында $4657 млн. құрады, оның 255 7$ млн. -экспорт, 210$ млн.-импорт. Лехтомяки Қазақстанға құрамында Финляндияның ірі бизнес құрылымдарының өкілдері бар үлкен делегацияны бастап келді. Осыған дейін айтылғандай, финляндиялық министрдің Алматыға сапары аясында Орталық Азиядағы "ФинПро" атты жалғыз фин сауда орталығын ашып , екі елдің іскер орталарының қатысуымен Қазақстан Финляндия бизнес форумын өткізу жоспарланып отыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті.

  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еуропалық Одақпен бірлесе отырып, “Еуропалық Одақтың иммиграциялық саясаты” тақырыбында семинар өткізді. Оның жұмысына Парламент Сенатының депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері және Еуропалық комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Андриан ван дер Меер қатысты.

Финляндия Ішкі істер министр­лігінің иммиграциялық саясат жө­ніндегі сарапшысы Эза Маркканен өз кезегінде баспана сұраушыларға қатысты туындайтын бірқатар қиындықтарды  таратып айтып берді.

Қорытынды

1992 ж. 13 мамырда Финляндия мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық байланыс орнады. Осы жылы 38—30 қыркүйекте Финляндия президенті М.Койвисто Қазақстанға ресми сапармен келді. Сапар барысында екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, осыған сәйкес үкіметаралық қазақстан-финн комиссиясы құрылды. 1999 ж. 16 — 20 мамырда ҚР Парламенті делегациясы Финляндияда ресми сапармен болды. Екі елдің сауда айналымы 2005 ж. 375,5 мың АҚШ долл-н құрады. Қазіргі кезде Қазақстанда 13 бірлескен кәсіпорын мен финн компанияларының өкілдері жұмыс істейді.

1992жылдың 28-30 қыркүйегінде Қазақстанға Финляндия республикасының Президенті. Койвисто 1992жылдың 13 мамырында ресми сапармен келді.

Қазақстан мен финляндия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1997жылдың М 21-24 қыркүйегінде осы мемлекет Парламентінің халықаралық байланыстар бойынша комитетінің төрағасы М. Аалтоненнің басшылығымен парламенттік делегация Алматыға келді.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002 ж. Т. 4. 313 б.
  2. Қазақстан Республикасы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2001 ж.113 б.
  3. Кан А.С.История скандинавских стран, М., 1980; Финлян-дия, М., 1991; Страны и регионы мира.
  4. Әлисұлтан Қ. Қарым – қатынастардың жаңа мүмкіндіктері. // Егемен Қазақстан.- 2006. – 28 қараша. Б. 1 – 2.
  5. Әлисұлтан Қ. Сыртқы саясат. // Егемен Қазақстан. – 2006. – 22 қараша. – 1 б.
  6. және Интернет желісінен htpp. www.Google.kz сайты бойынша

Похожие материалы