2014 жылдың қарашасынан бері ларидің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы 33%-ға төмендеп, 1 мамыр күні Грузияның ұлттық банкімен 2,3327 лари/$1 деңгейінде бағаланды. Осылайша кезекті антирекорд орнады, соңғы рет Грузия валютасы мұндай нашар көрсеткішті өткен ғасырдың аяғында көрсеткен-тін, бұл елдің түгелдей дерлік салаларына кері ықпалын тигізуде.
Үкіметтегілердің айтуынша, ларидің құнсыздануы сыртқы факторларға байланысты және олар жақын арада жағдай оңалады деп есептейді.
"Логикаға сүйенсек, Грузияда ұлттық валютаның іріленуі басталуы тиіс", - деп мәлімдеді журналистерге жұма күні Грузияның вице-премьері, экономика және тұрақты даму министрі Георгий Квирикашвили. Оның айтуынша, "барлық фундаменталдық негіздер" бар.
Министрдің болжамынша, ларидің айырбас бағамы күрделі өзгерістерге ұшырамайды.
"Керісінше, жазғы кезеңде елге валюталық ресурстардың үлкен көлемі міндетті түрде келіп түседі, сондай-ақ бүгінгі таңда жекешелендіру алдындағы дайындық процесі аяқталды, көптеген нысандар сатылымға шығарылады", - деп мәлімдеді вице-премьер.