Алматы. 26 қыркүйек. 7kun.kz – Қоғам қайраткері Хасен Қожахмет алда өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатыспақ. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі «Арон Атабек Воля» парақшасында айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Азат ҚДП-сы және «Қазақ елі» коалициясының төрағасы Қожа-Ахмет Хасен Кәрімжанұлы 2022 жылдың қарашасында өтетін президент сайлауына түсуге ниетті», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленді.