Біздің еліміздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және ғылыми – техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлуі тиіс. Міне, осы курстық жұмыстың өзектігі болып табылады.
2003 жыл индустриялық – инновациялық стратегиямызды іске асырудың алғашқы жылы болды. Елімізде даму институттары құрылып, олар қазірдің өзінде өңдеуші салаларды жақсартуға нақтылы жағдай жасай бастады. Даму банкі жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит бөліп отыр.
Жазылып отырған курстық жұмыстың басты мақсаты инновацияларды және инновациялық прогресті жан – жақты зерттеу, олардың жіктелуін көрсету, Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық қызметіне талдау жасау. Курстық жұмыстың объектісі - «Уркер косметикс» кәсіпорны, пәні және аталмыш кәсіпорынның инновациялық қызметі болып табылады.
Бұл курстық жұмыста көптеген әдебиеттер қолданылған. Ол дегеніміз – газеттер, журналдар және кітаптар.
«Қазақстан - 2030» стратегиясының ең тұтқалы басымдылықтарының бірі экономиканың теңгерімді дамуының, жалпы ұлттық өнімн құрайтын шикізат-ты жоғары технологиялы, оның ішінде экспорттық өнімге кезең - кезеңмен алмастыру және елдің ғылыми – техникалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде экономикалық өсу болып табылады.
Қазақстанда бұл үшін барлық алғы шарттар бар. Бұл – бай табиғи ресурс-тар, бос өндірістік қуаттардың болуы, жеткілікті білікті ғылыми - техника-лық қызметкерлер және жоғары жалпы білімділік деңгейімен ұштасқан арзан жұмыс күші, бірқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың болуы.
Сонымен бірге, бірқатар бөгеуші факторлар да бар. Атап айтқанда, соңғы жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуінің деңдеген кезі болды. Қазіргі өндірістің тұқыртылуы, өндіргіш күштердің индустриясыздануы, өндірістің абсолюттік көрсеткіштерінің күрт қызқаруы және жанбасылық, тұтыну мен қорланудың төмендеуі тегеурінді экономика-лық даму үшін республиканың аттаныс жағдайын едәуір күрделендіреді.
Экономикалық қарым – қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке негізгі орын беріледі, өйткені елдің экономикалық қуаты оның ақырғы нәтижелерімен - өндіріс тиімділігін көтерумен ғылымды қажетсіне-тін өнім көлемін өсірумен айқындалады.
1 тарау. Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны.
1.1. Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің жақсартуы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми – техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
- өнімділік;
- үдерістік;
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделінеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Процестік инновация - бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталынады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірілік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірілік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:
- жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми – зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
- өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдың қажетті түрлерін таңдап алу;
- жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
- қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техникалық үлгілерін енгізу;
- жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық - басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
- қажетті ақпараттық ресустарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
- қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
- инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
Жаңалықтардың енуін, талдануын, құрылуын қамтамасыз ететін басқарушылық, технологиялық және экономикалық әдістердің бірігуі кәсіпорынның инновациялық қызметін құрайды. Оның мақсаты – басқа фирмалармен бәсекелестігін жоғарылату және өндіру мен сату рентабельділігін жоғарлату.
Кәсіпорын инновациялық қызметте үлкен нәтижелілікке жету үшін белгілі бір объектіге негізделінуі керек және де ішкі және сыртқы орта факторларын ескеруі қажет. Ол үшін инновациялардың толық классификациясын, олардың қасиеттерін және де қаражаттану көздерін білу керек. Кәсіпорын қызметінің объекті ретіндегі инновациялардың классификациясы 1- кестеде толығымен көрсетілген. Жаңалықтардың мінездемесінің бірден – бір көрсеткіштері болып олардың абсолютті және қатысты жаңалығы, басымдылығы мен прогрессивтілігі, унификация мен стандартизация деңгейі, бәсекелестігі, шаруашылықтың жаңа талаптарына сай болуы, модернизацияға бейімділігі, экономикалық эффективтілігінің көрсеткіштері, экологиялық қауіпсіздік және бағы басқа сайып келгенде, бұл көрсеткіштердің барлығын жаңалықтардың технико – ұйымдастырушылық деңгейінің және бәсекелестігінің көрсеткіштері деп атауға болады. Олардың маңыздылығы осы факторлардың кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелеріне әсер ету дәрижесіне байланысты болып келеді.
Инновациялық қызметтің мотивтері болып сыртқы және ішкі факторлар саналады. Сыртқы мотивтері:
- шаруашылықтың жаңа талаптарына кәсіпорынның бейімделуі;
- салық, несие – ақша және қаржы саясатындағы өзгерістер;
- сату нарығын жетілдіру мен динамикалау;
- бәсекелестерді активизациялау;
- конъюнктуралық тербелістер;
- құрылымдық салалық өзгерістер;
- жаңа арзан ресустарлдың пайда болуы, өндіріс факторлар нарығының кеңеюі демек, сұраныстың қысымы, және тағы басқа.
Инновациялық қызметтің ішкі мотивтеріне келесілер жатады:
- сатудың көлемін ұлғайтуға ұмтылу;
- нарық бөлігінің кеңеюі, жаңа нарықтарға көшу;
- фирма бәсекелестігін жақсарту;
- кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі және қаржылық тұрақтылығы;
- ұзақ уақыт кезеңінде пайданы өсіру.
Мазмұны бойынша · Тауарлар · Қызметтер · Техникалық · Ұйымдастырушылық · Экономикалық · Экологиялық · Ақпараттық | Өңдеу мен тарату деңгейі бойынша · Мемлекеттік · Республикалық · Регионалды · Салалық · Корпоративтік · Фирмалық |
Жаңалық дәрежесі бойынша · Абсолютті · Салыстырмалы · Шартты · Жеке | Өңдеу мен тарату сфераларына байланысты · Өндірістік · Қаржылық · Қызмет көрсету · Сату делдалдық · Білімдік – педогогикалық · Құқықтық |
Инновациялық потенциалы бойынша · Радикалды · Шоғырланған · Модивикациялық | Қаражаттандыру көздеріне байланысты · Өз қаржылары · Тікелей бюджеттік · Қаржыландыру · Тартылған қаражат · Заемдық қаражаттар |
Инновациялық потенциалы ерекшеліктеріне байланысты · Ұйым ішіндегі · Ұйым аралық | |
Инновациялық процестің этаптарының ұзақтылығына байланысты |
1-кесте. Инновациялар мен инновациялық процестердің классификациялық белгілері.
І.2. Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.
Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметтің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірнші кезегінде – жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттілігін дәстүрлі қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тиімділігі.
Техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың ғылыми - зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық – ұйымдасыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейіде байқалады: еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділгі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресустарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыда аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштер мен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдалынылады.
Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқыдылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу – ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады. Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;
Екінші кезең – бұл қаржыландыру мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші кезең – Бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.
Жалпы түрінде ғылыми – техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік.
Экономикалық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.
Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпорында ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы.
Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техника мен технологияны ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.
Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықты материалдық және мәдени – тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанғаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету және тағы басқа.
Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми – техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.
Қандай да кәсіпорын болмасын жаңа техника мен технология енгізгенде белгілі бір шығындарға ұшырайды. Жаңа техниканы енгізуге кеткен шығындар дегенімізде капиталдық енгізілімдердің, айнымалы қорлардың және адам еңбегінің қосындысын айтамыз. Экономикалық эффект келесі формула арқылы табылады:
Э=Р- З
Мұндағы, Э - айырысу кезеңіде жаңа техниканы енгізуден болған экономикалық эффект тг;
Р - айырысу кезеңіндегі жаңалықтардың құндық бағасының нәтижесі тг;
З - айырысу кезеңінде жаңа техника мен технологияны енгізуге және тағы басқа сол сияқты жұмыстарға кеткен шығындарға құндық баға беру тг.
Жаңалықтарды енгізудегі бүкіл кезеңі бойынша әр уақытағы шығындарды келесідей формула арқылы есептейміз:
Р=Рa
Мұндағы, Р - t жылуындағы құндық баға; a – шығындар көрсетілімінің коэффициенті.
Келесі жылдардың шығындары мен капиталдық енгізілімдердің вариант бойынша уақыт факторын ескере отырып есептеу керек. Ол шығындар көрсетілімінің коэффициенті:
a=(1+Е)
Мұндағы, t – шығындар көрсетілімдердің коэффициенті; Е - әр көлемдегі шығындардың қабылданған нормативі; Т – шығындар жылы мен нәтижелі жылын бір- бірінен айырылатын уақыт аралығы.
Сонымен, қорыта келе инновация :
- Техникалар мен технологиялардың ауысымын қамтамасыз етуге байланысты экономикаға қаржы жұмсау;
- Ғылыми – техникалық прогрестің жетістігі нәтижесіндегі жаңа техника және технология екенін білдік. Инновацияны анықтайтын фактор – ол өнертапқыштық, оңтайландыру, ірі жаңалықтарды жарыққа шығару болып табылады.
Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция арқылы жаңа құрылыстар салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құруды қамтамасыз етеді.
Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жеке меншігіндегі қаржысынан және қарыз қаражатынан құралады. Инновациялық менеджмент банк несиесі, бағалы қағаздар, ақша нарығына сүйеніп іс жасайды, инвестицияны қатыстыра отырып, өндірістік жаңа енгізілімін жүзеге асырады.
Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатыныстардың тиімділігін белгілеу: өндірістік субъектісімен, инвесторлармен (тапсырыс беруші), жұмыс атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалу жөніндегі қызметін үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе – оның нәтижелілігін бағалау.
Инновациялардың өмірлік циклі дегеніміз жаңалықтарды құрудың стадиялары мен процестері. Инновациялардың өмірлік циклі дегенді ойдың туумен сол негізінде пайда болған инновациялық өнім уақыт аралығын айтамыз.
2 тарау. «Уркер косметикс» ПКФ-нің инновациялық қызметін талдау.
2.1. «Уркер косметикс» ПКФ-нің жалпы сипаттамасы.
«Уркер косметикс» парфюмерия – косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығарушы кәсіпорын болып табылады. Қазақстан нарығында 1993 жылдан бастап қызмет етуде. Кәсіпорынның негізгі бизнесті парфюмерлі косметикалық өнімдерді шығару мен өткезу. Бұл косметикалық өнімдерге: су сабын, крем, балаларға арналған косметикалық өнімдер, тазалық заттары соымен қатар тұрмыстық химия өнімдері жатады.
Кәсіпорында 4500 адам жұмыс істейді. «Уркер косметикс» Қазақстан нарығында 1993 жылдан бастап жұмыс істегендіктен, химиялық шикізат шығарытын халықаралық масштабтағы лидермен, шикізатты, жеткізуші шетел фирмаларымен ұзақ мерзімді келісімдерге көп отырған. Оларға келесі фирмаларды жатғызуға болады: Cleariant, Asko Nobel, Bopelins, Goldsmidt (Германия), Floresans, Reno Fils (Франция), Pradoko (Австрия), Eurocompound (Бельгия), Bauer, Irlan Aticet (Турция), Olbright Vilsan (Ұлыбритания), Zohar (Израиль), IFF, Jar (Нидерланды), Tuba Ambalasa (Словакия).
Кәсіпорын 1995 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында өз бөлімшелерін ашқан. Осы бөлімшелердегі тармақталған дистрибьторлық тор кәсіпорында шығарылған өнімнің 77% өткізіп отыр.
«Уркер косметикс» ПКФ бірдей технологиялық жүйемен қамтылған өндірістік кешен. Ол сапа стандарттарына сай кең ассортименттегі барлық косметика өнімдерін шығара алады. Кәсіпорынның келесі құрылыспен қамтылған:
- өндірістік және қосымша корпус;
- әкімшілік корпус;
- қоймалық шаруашылық;
- транспорттық блок;
- локальді – тазалағыш құрылыс;
- тереңдік бұрғыма;
- насостық станция;
- жылжыту пештарі;
- буландыру пештері.
Өндірістік корпуста полимерлік ыдыс, тұрмыстық химия, ваннаға арналған паста, коскетикалық кремдер, су сабын, геьдерді шығаруға арналған бөлімшелер бар. Косметикалық өнімдерді өндіру үшін қазіргі заманғы – технология мен батыс елдердің комьютерленген желілермен, автоматтармен жабдықталған. Кәсіпорын жұмысын талдау кезінде өнім сату көлемінің өскендігін бақылауға болады. Оның себебі көп көңіл бөлінді. Тұтынушыларға қызмет көрсетудің Van Sell жүйесінен аралас Van Sell жүйесіне және жекелеген аймақтарда Press Sell жүйесін енгізу 30 мөлшерде сауда нүктелері көбейді. Сонымен қатар бұл жүйені енгізгеннен кейін өнімді өткізуде кететін шығындар 19% - дан 16% - төмендеді.
Қазіргі кезде компания ассортименті 4 өнімдік желіден тұрады:
- Су сабын
- Тіс пастасы
- Кремдер
- тұрмыстық химия
Белсенді жарнама жүргізу мен ассортиментті дамытудың есебінен сату көлемін ұлғайту көзделеді.
2002 жылы ассортименттік саясатты жүзеге асырғандықтан ол мұндай мүмкіндіктерді береді:
- Магия природы су сабынын модернизациялау;
- 2002 жылдың мамырында жаңа Wear Black су сабынын нарыққа шығару;
- Сошеттерде су сабынды шығару 2002 жылы сы сабынды сату көлемін айына 14 млн. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік берді.
2001 жылы тұрмыстық химия құрамында 3 ассортименттік тон болды. Олар:
- Ағартқыштар
- Су жуғыш заттар
- Тазалаушы ұнтақтар
Ал 2002 жылы ассортимент 5 топқа жетті. Олар:
- Ағартқыштар
- Су жуғыш заттар
- Тазалаушы ұнтақтар
- Кір жуғыш ұнтақтар
- Ыдыс жууға арналған гель
Өнімдерді өткізудегі 1 айдағы нарықтық потенциалдық сыйымдылығы: су сабын – 5 млн. дана, тіс пастасы – 4 млн. дана, кремдер – 2 млн. дана, тұрмыстық химия – 10 млн. дана. Шығарылған өнімді сатумен аймақтың сату бөлімшесі айналысады. Бұл бөлімшелердің барлығы 1 ақпараттық компьютерлік тормен біріктірілген. Қазақстан республикасы бойынша сауда сайын 7560 көтерме бөлшек саудасының сауда нүктелері бар.
Өткізілген өнімнен түскен табыс 2002 жылы 1384460 теңгені құраса, 2003 жылы 1528420 теңгеге көтерілген. Оның себебі 2003 жылы нарыққа жаңа тауарларшығарылды, яғни тауар ассортиментінің көбеюі есебінен өткізілген өнімнен түскен табыс көбейіп отыр.
Өткізілген өнімнің өзіндік құны базалық жылы 879620 теңге болса, есепті жылы 685310 теңгеге дейін төмендеді. Өзіндік құнның төмендеуінің себебі жаңа технологияны қолданудан болған. Сонымен қатар, шикізатқа деген шығындардың азаюы да себепші болып отыр.
Жалпы табыс 2002 жылы 704840 теңге болса, 2003 жылы 843110 теңгеге жеткен. Базалық жылмен салыстырғанда 1,9 есе өскен. Жалпы табыстың өсуінің себебі өнімді шығаруға кеткен шығындар азайып, өткізілген өнімнен түскен табыс өсіп отыр.
Кезең шығындарына тоқталатын болсақ бұл есепті жылы шығындар 965770 теіге болса, базалық жылы 363030 теңгеге төмен болған. Оның себебі есепті жылы жалпы және әкімшілік шығындар және пайыздар бойынша шығындар өсті.
Негізгі қызметтен түскен пайда. Бұл көрсеткіш бойынша есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда пайда 1,9 есе өсіп отыр. Бұл өсу жолы табыстың өсуі есебінен болып отыр.
Таза табыс. Кестеден көріп отырғандай базалық жылмен салыстырғанда есепті жылы таза табыс 1,1 есе өсіп отыр. Бұның негізгі себебі өткізілген өнімнен түскен табыс пен жалпы табыс 2003 жылы өсіп отыр.
Негізгі қордың орташа құны. Бұл көрсеткіштің сомасы 2002 жылы 1838790 теңге болса, ал 2003 жылы бұл сома 1785880 теңгеге дейін төмендеді. Ауытқу 52910 теңгені құрап отыр. Көрсеткіш сапасының бұлай ауытқуының себебі есепті жылы іске жарамай қалған негізгі қорларды есептен шығарудың салдары, яғни жарамай қалған ескірген техникалар өндірістен алынып тасталынды.
Қор қайтарымдылығы. Базалық жылы бұл көрсеткіш 1,75 болса, есепті жылы 1,85-ке өсіп отыр. Бұл жердегі ауытқу 0,1-ге тең болып отыр. Бұл ауытқудың негізгі себебі өткізілген өнімнен түскен табыс өсіп отыр.
Қор сыйымдылығы. 2002 жылы бұл көрсеткіш 2,3 болса, 2003 жылы 2,16-ға дейін төмендеп отыр. Бұл көрсеткішке де негізгі қорлардың орташа құны мен өткізілген өнімнен түскен табыс әсер етіп отыр. Кестеден көріп отырғанымыздай негізгі қорлардың орташа құны базалық жылы есепті жылмен салыстырғанда төмендеп отыр. Қор сыйымдылығының төмендеуіне осы себепші болып отыр.
Қызметкерлердің тізімдік саны. Базалық жылы қызметкерлердің саны 3970теңге болса, есепті жылы 530 адамға өсіп, 4500 адамды құрады. Бұның себебі өнімнің жаңа түрін шығаруға жоғары маманданған қызметкерлер керек болды.
Еңбек ақы қоры. 2002 жылы 396400 теңге болса, 2003 жылы 517300 теңгеге дейін көтерілді. Бұның себебі кәсіпорында жұмысшылардың көбеюінің есебінен болып отыр.
1 жұмысшыға деген орташа айлық еңбек ақы мөлшері. Ол 82820 теңге болса, 2003 жылы 95790 теңгеге жетті. Яғни орташа еңбек ақы мөлшері 12790 теңгеге өсті. Бұған кәсіпорындағы ынталандыру жұмыстары көп тигізді, яғни жұмысты жақсы істеген қызметкерлерге жалақы деңгейін біршама өсірді.
Еңбек өнімділігі. Базалық жылы бұл көрсеткіш 384,7 болса, есепті жылы 339,6-ға дейін төмендеді. Бұл жұмысшылардың көбеюі есебінен болып отыр.
Сату рентабельділігі. 2002 жылы бұл көрсеткіш 1,57-ге тең болса, 2003 жылы 1,12-ге дейін төмендеді. Оның басты себебі өткізілген өнімнің өзіндік құнының төмендеуімен байланысты.
Өнімнің рентабельділігі. Базалық жылы бұл көрсеткіш 1,36-ға тең болса, есепті жылы 1,44-ке дейін көтерілді. Көрсеткіштің мұндай өзгеруіне әсер еткен факторларға жалпы табыстың 2003 жылы өсуін жатқызуға болады.
2.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметі.
Ғылыми-техникалық потенциал кез келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық дамуыдың, көркеюдің негізгі жолы - ғылыми – техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми – техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатады. Сондықтан да бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми – техникалық және инновациялық саясат ғылыми – техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Бұл бүкіл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі мақсаты.
Қазір Қазақстан Республикасының ғылыми – техникалық зерттеулері мен инновациялық саясаты кризистік жағдпйда. Бірақ сол қиындықтаға қармастан Қазақстан кәсіпкерлері шетел жаңалықтары мен ғылыми – техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғары қарқынмен қызметтеріне енгізіліп келеді. Әрине бұл инновациялар халықаралық технологиялық деңгейде көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми – техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күн жаңалықтары. Сондықтан да шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық Ғылыми – техникалық потенцаилымыздың дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек.
Негізінен инновациялық қызмет жаңа шаруашылық аймақтық құрылымдарды (технопарктерді, бизнес инкубаторларды, аймақтық инновациялық қорларды, венчурлық фирмаларды) дамытуға, бұрын құрылған шаруашылық субъектілер арасындағы өзара байланыстарды трансформациялауға, бақару технологияларын дамытуға көмектеседі.
Кәсіпорындармен жалпы Республиканың инновациялық қызметін дамытуға келсек, мемлекеттің 2003 -2015 жылдарға арналған индустриялық инновациялық бағдарламасын айтып кетпеуге болмайды. Бағдарлама мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
- экономиканың жоғары технологиялық шикізаттық емес секторларын қалыптастыру;
- инновациялық қызметті мемлекеттік ресурстық қолдау;
- өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуды жүргізу және экспортқа бағытталған ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру;
- ғылыми – инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
- шығын кәсіпкерлік субъектілерін инновациялық қызметке тарту;
- салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру;
- инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалаптастыру;
- неғұрлым перспективалы ғылыми бағыттарды сақтау және дамыту;
- инновациялық кәсіпорындар үшін мамандарды даярлау;
- халықарлық ғылыми – техникалық ынтымақтастықты дамыту.
Осы жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру арқылы ғана мемлекетіміздің, кәсіпорындарымыздың инновациялық қызметін дамытуға болады.
Ал «Уркер косметикс» ПКФ-ның инновациялық қызметіне келсек, кәсіпорында 2003 жылы жаңа технологиялар енгізілген болатын. Осы негізінде тауарлар ассортиментін көбейтуге, олардың сапасын жақсартуға, тауарлардың өзіндік құнын төмендетуге және де жалпы жоғары пайда алуға мүмкіндік туды.
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік – бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолы мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып типін игерген кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдылыққа ие болады.
Жоғарыда айтып кеткедей «Уркер косметикс» порфюмерия –косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығарушы кәсіпорыны болып табылады. Оның негізгі бизнес парфюмерлі косметикалық өнімдерді шығару мен өткізу «Уркер косметикс» ПКФ-ның басты мақсаты – сапалы өнім шығарып, оны өткізу арқылы жоғары пайда табу. Ол үшін олар өздерін қазіргі заманға сай техникамен технологиясымен қамтамасыз ету керек.
«Уркер косметикс» порфюмерия –косметикалық фабрикасы американдық технология негізінде жұмыс істейді. Осы технологияларды қолдану арқылы кәсіпорын өз жұмысын тоқтатпауға және осы мақсатқа жету үшін, өнімдердің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуге, нарық экономикасының қатаң талаптарына қарсы тұруға мүмкіншілік алды. Нарықтық қатынастарға көшу кезінде инновациядан бас тартып, ескірген өндірістік әдіс-тәсілдерге және өнімге сүйеніп жұмыс жасайтын кәсіорындар нарықта нықтап тұра алмайды. Инновациялар айналымды жоғарлатуда шешуші рөл атқарады, бұл кәсіпорын қызметінің нәтижесін жақсартудың бірден – бір жолы. Мысалы, 1588 жылы неміс фирмасы «Байерн» 50% айналымы және 70 % пайдасы соңғы жылдары енгізілген өнімдер мен өндірістік әдіс-тәсілдер арқасында болды.
«Уркер косметикс» кәсіпорыны жаңа техника мен технологияны енгізу арқылы өнімдерін күннен күге көбейтіп, түрлендіріп және сапасын айтарлықтай жақсартып отыр. Бәсекелестік жоғары деңгейде дамыған тек саплы өнімдер, материалдар мен механизмдер шығару арқылы, сонымен қатар арзан өндірістік әдістер қолдану арқылы нарықта ұзақ уақыт өмір сүріп отыр.
Сәтті немесе табысты инновациялық самат тек қана күрделі қаржының болмауымен шектелмейді. Мүмкіншілігіне кәсіпорын осы қаражаттарды алдына қойған мақсатқа жету үшін тиімді пайдалану керек. Ол үшін нарық процестерді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау жүргізіп, сонымен қатар оның кәсіпорынның басқы функциялармен байланысын қамтамысыз ету қажет.
Инновацияларды енгізу арқылы жоғры пайда алуға болады. «Уркер косметикс» кәсіпорынына 2003 жылы жаңа технологиялар енгізген болатын. Осы негізде тауарлар ассортименті көбейтуге, олардың сапасын жақсартуға, тауарлардың өзіндік құнын төмендетуге және де жалпы жоғары пайда алуға мүмкіндік туды. 2002 жылы саметтерде су сабындарды шығару арқылы сату келісімі айына 14 млн.тг ұлғайды.
Косметикалық өнімдерді өніру үшін қазіргі заманғы технологиямен батыс елдерінің компьютерлык желелері, автоматтары қолданылады. Кәсіпорын жұмысын тадлдау кезінде өнім сату көлемінің өскендігін байқауға болады. Оның себебі осы жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Тұтынушыларға қызмет көрсетудің Van Sell жүйесінен аралас Van Sell жүйесіне және жекелеген аймақтарда Press Sell жүйесін енгізу 30 мөлшерде сауда нүктелері көбейді. Сонымен қатар бұл жүйені енгізгеннен кейін өнімді өткізуде кететін шығындар 19% - дан 16% - төмендеді.
3 Тарау. Кәсіпорында инновациялық қызметті дамыту жолдары.
3.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы шетелдік озық тәжірибелерді қолдану.
Дамыған елдер тәжірибесі көрсетуінше, экономикалық дамудың негізгі гаранты – ғылыми – техникалық салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтан да 80 жылдардан бастап барлық алдыңғы қатардағыелдер белсенді ғылыми – техникалық саясат жүргізе бастады. Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму процесі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлі және басқа да ғылым дәрижелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде.
Қазіргі күнде барлық елдерде ірі көлемді ғылыми – техникалық саясаттар жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл - өнеркәсіпке жаңалықтар мен инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми – техникалық дамудың ірі және жеке бөлімдерін қолдау. Барлық елдерде ғылыми – техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған, бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік құқық, акт. Үкімдер бойынша жүзеге асырылады.
Өткен ғасырдың соңғы он жылдыңғында Қазақстанның ғылыми – техникалық потенцаилы қиындықтар мен қақтығыстарға ұшырады. Тек 1999 жылдан бастап қана ғылым жетістіктері мен инновацияларды игеру, ғылым, өндіріс тізбеген дамытудың маңыздылығын мойындай бастадық. Нарықты экономика тұсында ғылыми жаңалықтарды инновациялық компаниялар игеріп, өндіріске енгізіп отырады. Бұл салаға шағын инновациялық кәсіпкерлік айтарлықтай үлес қосады.
Шағын кәсіпкерлік кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез –келген нарықты экономика дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отыр. Егер, Еуропа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсіпорын болса, АҚШ – та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсіпорын ғана құрайды екен.
Бұл кәсіпкерлік сферасында шағын инновациялық бизнес ерекше орын алып, мемлекет экономикасының дамуына көп әсер етеді. Ол бірқатар артықшылықтарға ие:
- шағын инновациялық кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай экономиканың барлық сферасын қамтиды.
- ірі фирмалар ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді жүргізуге мүмкіншілігі әлде қайда көп болса да, күрделі басқару пирамидалары себебінен инновациялық процесс баяу атқарылады. Сондай – ақ ірі фирмалар сыртқы орта өзгерістеріне тез икемделіп, жауап қайырып, процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті.
- шағын фирмалар ірі компанияларға қарағанда ғылыми – техникалық зерттеу нәтижелерін, инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпке жылдамырақ енгізеді.
АҚШ ұлттіқ қорының зерттеулері бойынша ірі компанияларға қарағанда шағын фирмаларда 2,5 есе көп жаңалық ашады, өнеркәсіптегі 50% инновациялар шағын кәсіпкерлік саласымен жасалынған. Ал өнеркәсіпке енгізу прцесі шағын кәсіпкерлікте 1 жылға ертерек іске асыралады.
Дүниежүзілік тәжірибеге қарайын болсақ, шағын инновациялық кәсіпкерлік қызметіне және дамуына ең қолайлы жаңдай ғылыми технологиялық орталықтарда – инкубаторларда, технопарктерде, технополистерде ұйымдастырылады екен.
Қазір дүниежүзінде 400-ге жуық технопарктер бар, олардың жартысы АҚШ-та орналасқан.
Еуропада континентінде технопаркті құрылымдар 70 жылдардың басынан дами бастады. Алдымен Ұлыбританияда, онан кейін Францияда, германияда. Қазір Францияда «техникалық регионалды комплекстерді дамыту» бойынша мемлекеттік қызмет бар. Франциядағы ең ірі технопарктер – «София – Антиполис». Бұл технопаркте 26 өнеркәсіптік кәсіпорын, 14 ғылыми зерттеу ұйымы бар. Жалпы Францияда 50-ге жуық технополистер мен технопарктер бар.
Жапонияда мемлекеттік программалар негізінде 20-ға жуық технополистер қалыптасқан, олардың ішіндегі ең ірісі Цуруба. Мұнда 47 зерттеу ұйымы, бүкіл ғалымдардың 40% -і шоғырланған.
80 жылдардан бастап дамушы елдерде Бразилия, Индия, Қытай мемлекеттерінде технопарктер маңыздылығын түсініп, олардың қызметіне жағдай туғызу бастады.
Ғылыми -технологиялық орталықтардың қызмет көрсету деңгейінің кеңеюі, өспелілігіне байланысты олардың былайша тізбектелуін көрсетуге болады: инкубаторлар, технопарктер, технополистер, ғылым мен технология аймақтары.
Инкубаторлар – инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы комплекс. Инкубаторларда жаңа ғана қалыптасқан фирмаларға бухгалтерлік, маркетингтік (бизнес – жоспарын жасау, өнімге жарнама, маркетингтік талдау жасау) компьютер, басқа да құрал –жабдықтарды жалға ұсыну сияқты көмектер көрсетіледі. Бұл ғылыми - өнеркәсіптік құрылымының негізгі мақсаты – шағын инновациялық фирмаларды ғылыми идеядан практикаға жеткізу, бәсеке күресіне төтеп бере алатын кәсіпорын дәрижесіне жеткізу.
Технопарк – ғылыми – техникалық, территорлиалды комплекс, негізгі мақсаты шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай қалыптастыру.
Технополис – жеке қала негізінде құрылған ғылыми - өндітістік құрылым.
Ғылым мен технология аймақтары – ірі оқу орындары, ірі өндіріс кәсіпорындары шоғырланған территориясы шектелмеген ғылыми өнім өндіруге маманданған аймақ.
3.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы нақты ұсыныстар.
Жаңа техника дегініміз еңбек ету процестерін тиімді етуді қамтамасыз ететін материалданған ғылыми еңбектер мен білім.
Инновациялық менеджмент – бұл инновациялық қызметті және осы процесте қамтылған қызмет етуші персоналды басқару мен ұйымдаструдың принциптері, әдістері мен түрлерінің жиынтығы.
Барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекет инновациялық салаға қаржылай түрде, ұйымдастыру процесіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қааржы кризистері кезенде же мемлекет инновациялық қызмет саласы қолдап, дамытып отыруы қажет.
Ал, «Уркер косметикс» кәсіпорынына келсек есепті жылы оның қаржылық жағдайы тұрақты болды деп айтуға болады. «Уркер косметикс» ПКФ-ның инновациялық қызметін қарыстырған кезде келесілерді ескеру қажет:
- инновациялық процестер кездейсоқтық, мүмкіншілік сипатта болады және де олар әлсіз детерминацияланған болып келеді;
- инновациялық процестер творчестволық сипатқа ие және же олар креативтік менеджмент тәсілдерін қолдануды талап етеді;
- инновациялық жүйенің орталық субъектісі болып инноватор – инновациялық сфераның жұмысшысы саналады;
- инновациялық қызметтің субъектісі болып табылатын новаторлар мен инновациялық менеджерлердің тұлғасын күрделі әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру керек. Олар әлеуметтік – психологиялық, эвристикалық, дидактикалық тәсілдерін қолдануды талап етеді;
- инновациялық қызметтің нәтижелілігін жоғарлату үшін икемді, адаптивті,моральдік – этикалық және индивидуалды тәсілдерді қолдану керек.
«Уркер косметикс» ПФК-ның инновациялық қызметін дамытуға мынандай ұсыныстар беруге болады:
- экспортқа бағытталған өнімдердің шығарылуын қамтамасыз ететін технологияларды енгізу;
- ішкі және сыртқы нарықтарда тұрақты сұранымға ие болатын өнімдерді шығаруға бағдарланған ғылымды қажетсінетін өндірістерді іске қосу;
- инновациялық сала үшін білікті кадрлар даярлау;
- өнімді өткізудің тұрақты нарықтары мен ірі өндірістерді қалыптастыру;
- экономика салаларының технологиялық дамуын қамтамасыз ету;
- халықаралық ғылыми – техникалық ынтымақтастықты дамыту;
- инновациялық қызметті мемлекеттік ресерстіқ қолдау;
- инновациялың неғұрлым тиімді түрлерін пайдалану.
Сонымен, дүниежүзілік тәжірибе көрсетуіне қарағанда, шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік ғылыми –техникалық саясаттың басты бағыты. Біздің елде шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау бойынша нақты заң жоқ, ал дамыған елдерде бұл бизнес түрін мемлекет тарапынан қолдау жүйесі ұйымдастырылған.
Дүниежүзілік стандарт негізінен қарағанда, инновация дегеніміз – бұрын нарықта болмаған жаңа өнімді және жақсартылған технологиялық процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар.
Қазақстанда ғылымды қаржыландыру жеткілікте емес. Шаруашылық субъектілірінің ғылым мен инновациялық қызметке жұмсалатын шығындарын мемлекеттік ынталандыру жүйесі дамымаған, ғылыми – техникалық, ұйымдастырушылық және басқа да факторлар (4 кестеде) ықпал етеді.
Жоғары дамыған шетелдердің тәжірибелеріне сүйенсек, Қазақстан үшін инновациялардың мынандай түрлері неғұрлым тиімді:
«Үстемелеу» инновациясы – жаңа өнімдер мен отандық ғылыми – техникалық әлеуеттің технологияларын жасауда шетелдік ғалымдар мен конструкторлардың тәжірибесін пайдалану.
«Қарыз алу» инновациясы – бұрын Қазақстанда шығарылмаған және түпкі тұтыну өнімін шығаруға бағдарланған өнімдерді игеру.
«Көшіру» инновациясы – шетелдік ғылыми – техникалық әлеует пен жаңа енгізілімдерді отандық экономикаға тарту.
Қорытынды
Сонымен, бұл курстық жұмыста көптеген мәселелер қарастырылды.
1-тарауда инновация терминінің анықтамасы беріліп, оның түрлері мен формаларын білу кәсіпкерге өзінің ісін дұрыс істеуге, сонымен қатар экономикалық шешімдерді тиімді қабылдауға мүмкіндік беретіндігі көрсетілген.
2-тарауда «Уркер косметикс» кәсіпорынының қаржылық, техника – экономикалық жағдайына талдау жасалынып, оның тиімді жақтары қарастырылды. Өткен жылы «Уркер косметикс» кәсіпорыны үшін айтарлықтай тұрақты болды. Олар республикада болып жатқан әлеуметтік – экономикалық даму өзгерістерінің ырғақтарына қарай өздерінің ассортименттік мүмкіншіліктерін көбейтті.
2003 жылы кәсіпорынның қызмет көрсету әрекеті – жалпыға бірдейлік, тиімділік, тұтынушылар талабын барынша қанағаттандыру сияқты принциптер арқылы жүзеге асырылды. Есепті кезеңде сандық және сапалық көрсеткіштерді арттыру жөнінде алға қойылған міндеттер мен шаралардың үлкен бөлігі іске асырылды. Бұдан әрі әуелсіз аудитор есебімен бірге ұсынылып отырған есептік «Уркер косметикс» кәсіпорынының қызметінің қаншалықты жеткілікті болғанын және қандай нәтижеге қол жеткізгенін көрсетеді.
3-тарауда кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудың жолдары көрсетілген. Мұнда шет елдердің инновациялық тәжірибесі туралы және де «Уркер косметикс» кәсіпорынының инновациялық қызметін дамытудағы ұсыныстар жайлы айтылған.
Ғылыми-техникалық потенциал кез –келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы және осыны ескере отырып мемлекет 2003 -2015 жылдарға арналған индустриялық – инновациялық бағдарламаны жасады. Бағдарлама республиканың инновациялық дамуының ұзақ мерзімді кезеңге арналған мақсаты мен міндеттерін айқындайды және жыл сайын ұлттық әлеуметтік – экономикалық басымдылықтарға сүйене отырып нақтыланатын және түзелінетін болады.
Республикада қолайлы инновациялық ахуал жасау. Қазақстаннығ әлеуметтік бағдарланған және нарықтық экономикасы дамыған жоғары индустриялы қоғамға айналуының базалық факторы болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Н. Назарбаев «Қазақстан -2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Білім баспасы 1998 жыл.
- Мейірбеков «Кәсіпкерлік экономикасы» 151-157 бет. Кәсіпорынның инновациялық қызметі.
- Волков С.И «Экономика предпиятия» М: Инфра-М,1997 г.
- Горфинкель В.Я «Экономика предпиятия» М: Инфра-М,1997 г.
- Иванов И.В «Высокотехнологичные предприятия в эпоху глобализации» Поблишер,2003 г.
- «Прикладая экономика» - М: Прин-ди,1993 г.
- «Саясат журналы» 2004 жыл №2, 57-60 бет.Бороли Қ. Инновацияның даму жолдары.
- «Қаржы – қаражат»журналы 2004 жыл, №2 92-96 бет.Сапарбаева. Отандық кәсіпорынның инновациялық қызметі.
- ҚР Президенті мен ҚР Үкімітінің Актіле жинағы 2001 жыл №17, 33-64 бет, №30 4-50 бет.ҚР Президентінің «ҚР индустриалдық – инновациялық дамуының 2003-2015жж арналған стратегиясы».
- «Бухгалтер бюллетені» 1998 жыл,№46 3-5 бет.
- «Жетісу» газет3 2004 жыл, №34 2-3,6 бет. Ел басының халыққа жолдауы.
- Совицкая «Анализ хозяйственной деятельности предприятия» Минск, И.П. Экоперспектива 1999 г.
- «Инновационный менеджмент» под ред. Оголяева 2001 г7
- «Уркер косметикс» ПФК-ның қаржы – шаруашылық қызметенің нәтижелері туралы есеп.
- Қазақша – орысша сөздік.