Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҰҚК-ның бұрынғы басшысы тұтқындалды

ҰҚК-ның бұрынғы басшысы тұтқындалды

Астана. 29 желтоқсан. 7kun.kz - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардағы бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-тармағында («Мемлекеттік құпияларды жария ету») және 362-бабының 3-тармағында («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») көзделген қылмыстарды жасауға күдіктілігі бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды. Көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК тергеу оқшаулағышына қамалды. Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды. Тергеп-тексеру жалғастырылуда, оның барысы және нәтижелері туралы қосымша хабарланады.   Нартай Дүтбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық комитеті төрағасы  қызметін атқарған (11.12.2001-22.02.2006).

Похожие материалы