Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың "өз ісіне" деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді,дербес шаруашылық қызметі.Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып,мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып,пайда табу жолын көздейді.Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға,экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа,жаңашылдыққа байланысты.Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіргенде мынадай екі жағдайға:біріншіден,коммерциялық бағыт-бағдарға,тәуекелге бел буушылық пен дербестікке,бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге,кездескен кедергілерді жеңе білуге;екіншіден,экономикада ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады.Олар: шаруашылық-өндірістік,сауда-көтерме сату,жаңарпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық,сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:
- Қазақстанның азаматтары;
- шетел мемлекетінің азаматтары;
- адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.Құқығы,міндеті,жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі.
Кәсіпкерлік жоғарыда айтылғандай кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы.Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді.Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады:кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде (әрбір азаматтың өзінің материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) шағын және орта бизнесті дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен.Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетеді.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы - бұл әлеуметтік аспектілігінде.Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды,сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады.Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі.Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке "ісін" ашу,өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады.Мұның өзі сондай-ақ шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.
Жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар "жанама" өнім ретінде болмайды.Олар еліміздің ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады.
- Кәсіпкерлік іс-әрекеттің экономикалық негізі
Ел шаруашылығында шағын және орта фирмалар,кәсіпорындар сан жағынан бірінші орында тұр және жылдан жылға дамып отыр.Кәсіпкерлік іс-әрекетімен шұғылдану үшін ең алдымен капитал керек.Өндірісті ұйымдастыруда капитал екі түрге бөлінеді:
1)Негізгі капитал – бұл еңбектің барлық техникалық құралдары (өндірістік үй,жабдықтар,тасымалдау құралдары т.б.).
2)Айналым капиталы – бұл еңбек заттары (шикізат,материал,өңдеуі бітпеген өнім,ақшасы келіп түспеген дайын өнім т.б.).
Еңбек құралдары мен еңбек заттарының қосындысы өндірістің құрал-жабдықтары немесе өндірістің факторлары деп аталады.
Кәсіпкер алдына қойған мәселені іске асыруда қажетті өндірістік факторларды есептеуге кіріседі.
- Кәсіпорынның жұмысын ұйымдастырудағы орындалатын негізгі есептеу жұмыстары
2.1 Бастапқы мәліметтер
– Өңделетін бұйымдардың аты – тісті доңғалақтар;
– Бұйымның материалы – болат 15кп;
– Бұйым бірлігіне жұмсалатын материалдың қара салмағы – 4,5 кг;
– Өнімнің мөлшері, бағдарламасы – 12500 дана;
– Технология процесі бойынша қолданылатын жабдықтардың тізімі,аталуы,әр операцияның уақыты,сағатпен,технологиялық операциялардың ұзақтылығы - t=3,0 сағат.
2.2 Негізгі өндірістік қорды есептеу
Негізгі өндірістік қордың мөлшері,құрамындағы элементтерінің шамалары анықталады.Өндірісте жабдықтар екі топқа бөлінеді:технологиялық және көмекші жабдықтар.
1)Технологиялық жабдықтар.
Әр операциядағы технологиялық жабдықтардың саны мына формуламен анықталады:
Q ti
Тжі=———, (1)
Ужі
мұнда Тжі – і–ші операция бойынша қажетті жабдықтардың,станоктардың саны;
ti – технологиялық операцияның уақыты,сағатпен;
Q – өңделетін бұйымның мөлшері;
Ужі – жабдықтар,станоктар жұмыстың сағатпен берілген уақытының жылдық қоры,сағатпен.
Өнеркәсіпте жабдықтардың жұмыс уақытының жылдық қор шамасы мына формуламен есептеледі:
Ужқ = Жқ Ку Кс (1-L/100), (2)
мұнда Жқ – жыл ішіндегі жұмыс күнінің саны;
Ку – кезең уақытының шамасы,сағатпен;
Кс – тәуліктегі кезеңнің саны;
L – жұмыс істеп тұрған жабдықтардың ақаулықтарын жоюға,жөндеу жұмыстарын атқаруға жылдық уақыт қорынан бөлінетін уақыттың мөлшері, пайызбен.
Мысалы, бір жылда 266 жұмыс күні болсын,1 кезең уақыты 8 сағат деп белгіленсін,жұмыс істеп тұрған жабдықтардың жылына жылдық жұмыс уақыт қорынан 3-5 пайыз уақыты жабдықтардың ақаулықтарын жоюға,жөндеу жұмыстарын атқаруға бөлінеді.
Сонда жабдықтардың жылдық уақыт қорының шамасы тәулікте бір кезең ғана жұмыс істесе мынаған тең:
Ужқ = 266 8 1 (1-L/100)=2030 сағат, (3)
Ал екі кезең жұмыс істесе мынаған тең:
Ужқ = 266 8 2 (1-L/100)=4015 сағат, (4)
Сонда әр операциядағы технологиялық жабдықтардың саны
Q tі 12500* 3,0
Тжі = ——— = —————— =18,47 ≈19 дана
Ужқ 2030
2)Көмекші жабдықтар.
Технологиялық жабдықтардың жұмысы дұрыс жүріп тұруына қызмет жасау қажет,осы қызметтер көмекші жабдықтар арқылы орындалады.Мысалы,істен шыққан аспаптарды қайта іске қосу үшін жону қажет па,былайша айтқанда,осындай жұмысты атқару үшін жабдықтар қажет,бұндай жабдықтарды көмекші жабдықтар деп атайды,оларды технологиялық жабдықтардан 2 пайыз шамасындай алу керек:
19*0,02=0,38 ≈1
Негізгі өндірістік қор дегеніміз - бұл өндірістік ақша арқылы көрсетілген құны, сондықтан жабдықтарға жұмсалған қаржының есебін шығару керек.
Жабдықтарға жұмсалған қаржыны оның сату бағасына,тасымалдау мен монтаждауға жұмсалатын шығындарды қосып есептейді.Экономикада бұны жабдықтардың алғашқы құны деп атайды.Орта есеппен жабдықтарды сатып алған пункіден орнататын кәсіпорынға дейін тасымалдауда жұмсалатын шығынның шамасын сатып алынған бағасынан 3 пайыз мөлшеріндей алуға болады,Сбx0,03,ал сол жабдықтарды монтаждауға,былайша айтқанда,орнатуға жұмсалатын қаржыны оның сатып алынған бағасынан 7 пайыздай алуға болады.
һОрта есеппен жабдықтардың алғашқы құнының мәнін төмендегідей формуламен есептейді:
Ақ = Сқ + 0,03Сқ + 0,07Сқ = 1,10Сқ, (5)
мұнда Ақ - жабдықтардың алғашқы құны,теңгемен;
Сқ - жабдықтардың сату құны,бағасы,теңгемен.
һКәсіпорынды ұйымдастырудағы жабдықтарға жұмсалатын қаржының көлемі кесте 1 бойынша анықталады.
Кесте 1 - Өндіріс жабдықтарына жұмсалатын шығынның сметасы
Жабдықтардың аталуы | Қуаты, кВт | Жабдықтардың қажетті саны,данамен | Барлық қосынды қуаттың мәні,кВт | Жабдықтардың бір данасының сату бағасы,мың тг | Барлық жабдықтардың сату бағасы (3бағана*5 бағана),мың тг | Жабдықтардың алғашқы құны (1,1*6 бағана),мың тг |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Негізгі жабдықтар: 1)Токарлық станоктар Көмекші жабдықтар | 7 7 | 19 1 | 133 7 | 50,0 50,0 | 950,0 50,0 | 1045,0 55,0 |
Барлығы | ∑=20 | ∑=140 | ∑=1100,0 |
Қажетті жабдықтарды анықтаған соң өндірістік негізгі қордың басқа элементтерін есептеу үшін төмендегі нұсқаулар қолданылады.
3)Өндірістік үй мен құрылыстар.
Бұлардың құнын есептеп шығару үшін төмендегідей көрсеткіштерді анықтап алу керек:
а)цехтың жалпы ауданы;
ә)өндіріс үйдің биіктігі;
б)өндіріс үйдің 1 м³ құны.
Цехтың жалпы ауданына өндірістік,көмекші және қызмет пен тұрмыс бөлмелерінің ауданы кіреді.Цехтың өндірістік ауданын анықтау үшін әрбір жабдықтың меншікті ауданын анықтап алу керек.
Зауыттың механикалық цехтардағы меншікті аудандары:
бір ұсақ станокқа 10-12 м²
1 ұсақ станоктың меншікті ауданы - Sұ.с=1*12=12 м²
бір орта станокқа 15-20 м²
бір ірі станокқа 30-40 м²
19 ірі станоктың меншікті ауданы - Si.c=19*30=570 м²
бір слесарлық немесе бақылау жұмысының орны 10-15 м²
Sс.б.ж.о.=1*15=15 м²
Сонымен цехтың өндірістік ауданы:
Sө.а.=Sұ.с+Sі.с+ Sс.б.ж.о.=12+570+15=597 м²
Өндіріс ауданына жүретін жол,жүк таситын құралдардың орны,жүріп отыратын жолдар кіреді т.б.
Көмекші және қызмет пен тұрмыс бөлмелерінің ауданының мөлшерін өндірістік ауданынан 20-30 пайыз шамасында алынады,немесе цехтың жалпы өндірістік ауданы қажетті өндірістік ауданның 1,25-1,30 ретіндей етіп алынады:
А=597*1,3=776,1 м²
Цехтың биіктігі 7-10 м болу керек.Цехтың жалпы өндірістік ауданын цехтың биіктігіне көбейтсек,цехтың көлемі шығады.Өндірістік үйдің 1 м³ құны 800-1000 тенге шамасында болса,онда өндірістік үйдің құны мына формула бойынша есептеледі:
Fқ=A* H* П, (6)
мұнда Fқ - өндірістік үйдің құны,мың тенгемен
А - цехтың ауданы,м² (776,1);
Н - цехтың биіктігі,м (10);
П - өндірістік үйдің м³ бағасы,теңгемен (1000).
Сонымен
Fқ=A H П=776,1*10*1000=7761000 тг =7761 мың тг.
4)Энергетикалық жабдықтар - бұл жабдықтарға жұмсалатын қаржының мөлшерін өндірістік жабдықтардың алғашқы құнынан 3 пайыз шамасындай алуға болады:
0,03*1100,0=33 мың тенге
5)Аспаптар мен қондырғылар - бұларға жұмсалатын қаржының көлемін өндірістік жабдықтардың құнынан 10 пайыз мөлшеріндей алуға болады:
0,1*1100,0=110 мың тенге
6)Электронды есептеу техникасы - бұларға жұмсалатын қаржының көлемін өндірістік жабдықтардың құнынан 8 пайыздай алу керек:
0,08*1100,0=88 мың тенге
7)Бақылау мен өлшеуіш аспаптары,приборлары және қажет болатын жарақтар - бұлардың құнын өндірістік жабдықтардың құнынан 5 пайыз шамасындай алуға болады:
0,05*1100,0=55 мың тенге
8)Жүк тасу немесе көлік құралдары - бұларға жұмсалатын қаржының мөлшерін технологиялық процесте қолданылатын көлік құралдарының түріне,санына,бағаларына қарай анықтау қажет:
20 станокқа -2 қара
800000*2=1600.000 мың тенге
9)Өндірістік және шаруашылық инвентарьлар - өндірістік инвентарьларға мыналар жатады - желдеткіштер,верстактар,стелаждар т.б;шаруашылық инвентарьларға - столдар,шкафтар,оргтехникалар т.б. жатады.Бұларға жұмсалатын шығындардың мөлшерін өндірістік үй мен өндірістік жабдықтардың құнынан 1 пайыз мөлшерінде алуға болады:
0,01*1100,0=11 мың теңге
0,01*7761=77,61 мың теңге
11+77.61=88,61 мың теңге
Негізгі өндірістік қордың барлық элементтерін есептеп болғаннан кейін 2 кестені толтыру керек.Бұл кестенің қорытындысы жобалап отырған кәсіпорындағы өндірістік негізгі қордың құнын көрсетеді,былайша айтқанда,осы кәсіпорынды ұйымдастыруға қажетті күрделі қаржының,несиенің мөлшерін көрсетеді.
Кесте 2 - Негізгі өндірістік қор және жылдық амортизациялық жарна
Негізгі өндірістік қордың элементтерінің аталуы | Алғашқы құны,мың тенге | Амортизациялық жарнаның мөлшері,% | Жылдық амортизациялық жарна,мың тенге |
1 Өндірістік үйлер және құрылыстар | 7761 | 5 | 388,05 |
2 Өндірістік жабдықтар және станоктар | 1100,0 | 10 | 110 |
3 Энергетикалық жабдықтар | 33 | 10 | 3,3 |
4 Аспаптар мен қондырғылар | 110 | 20 | 22 |
5 Электронды есептеу техника | 88 | 20 | 17,6 |
6 Бақылау және өлшеуіш аспаптары | 55 | 20 | 11 |
7 Жүк тасу құралдары | 1600 | 10 | 160 |
8 Өндірістік және шаруашылық инвентарьлар | 88,61 | 12 | 10,6332 |
Барлығы | ∑=10835,61 | ∑=722,5832 |
Жыл сайын негізгі өндірістік қордың тозуына байланысты амортизациялық жарна арқылы өндіріп отырған өнімнің шығынына өткізіліп отырады,сондықтан кестеде әрбір элементтің амортизациясының нормасы келтірілген.Осы көрсеткіш арқылы әрбір элементтің жылдық амортизациялық жарнасының көлемін есептеу қажет.
Кәсіпорын келіп түскен табысынан амортизациялық жарнасын өзінің банкідегі есеп шотына аударып отырады.Жиналған амортизациялық қаржыдан элементтердің іске жарар мерзімі біткен сайын,сол элементтерді жаңартып отырады.
2.3 Айналым қаражатты есептеу
Айналым қаражатының басты элементі - шикізат,былайша айтқанда, материалдар.Бұл жұмыста өңделетін өнімге қажетті материалды ғана есептейміз. Материалдар екі топқа бөлінеді - негізгі және көмекші.
1)Негізгі материал.Кәсіпорынның негізгі материалға қажетті көлемін есептеу әдісі кесте 3-те келтірілген.
Кесте 3 - Негізгі материалға жұмсалатын қаржының мөлшерін есептеу
Көрсеткіштердің аталуы | Белгісі | Есептеу әдісі |
1 Негізгі материалдың аты,маркасы | болат 15кп | |
2 Өнімнің бірлігіне жұмсалатын материалдың: а)қара салмағы,кг; ә)таза салмағы,кг. | Сқ=4,5 Ст | Ст=(0,6-0,7)*Сқ=0,6*4,5=2,7 |
3 Бағдарламаға жұмсалатын материалдың көлемі,тоннамен | Мк | Мк=Q*Сқ=12,5*4,5=56,25 |
4 Материалдың бір тоннасының бағасы,мың тенгемен | Бм | 50,0 |
5 Бағдарламаға жұмсалатын материалдың жалпы сомасы,мың тенгемен | Шм | Шм=Мк*Бм=56,25*50,0=2812,5 |
6 Өнім бірлігінің қалдығының салмағы,кг | Кс | Кс=Сқ-Ст=4,5-2,7=1,8 |
7 Бағдарлама бойынша барлық қалдықтың салмағы,тоннамен | Тк | Тк=Кс*Q=1,8*12,5=22,5 |
8 Қалдықтың бір тоннасының сату бағасы,мың тенгемен | Бс | Бс=0,1*Бм=0,1*50,0=5,0 |
9 Қалдықтарды сатқан кездегі келетін табыстың мөлшері,мың тенгемен | Тм | Тм=Тк*Бс=22,5*5=112,5 |
10 Бағдарламаға жұмсалатын негізгі материалдың құны мен қалдықтар құнының айырмасы,мың теңгемен | Шт | Шт=Шм-Тм=2812,5-112,5=2700 |
2)Көмекші материал. Көмекші материалдарға ағындағы жөндеуге,жабдықтарға күнделікті қызмет атқаруға көмектесетін басқа да материалдар жатады.Қажетті көмекші материалдың мөлшерін негізгі материалдың шамасынан 2 пайыз көлеміндей алуға болады:
2812,5*0,02=56,25 мың тенге
2.4 Энергиялар
Өндірісте энергияның құрамына электроэнергия,су,бу,тығыз ауа жатады.
1)Электроэнергия - кәсіпорынның электроэнергияға қажеті екі түрге бөлінеді-өндірістік мақсатқа және жарық түсіру үшін:
а)Өндірістік мақсатқа жұмсалатын электроэнергияның жылдық шығынын мына формула бойынша есептеуге болады:
Эт=Уж*Р*Кж*Кс*Бэ, (7)
мұнда Уж - жабдықтар жұмысының сағатпен берілген жылдық уақытының қоры (2030);
Р - барлық орнатылған жабдықтардың қосынды қуатының мөлшері,кВт (140);
Кж - жабдықтардың уақыт мерзімінде пайдалануын сипаттайтын жүктеу коэффициенті,орта есеппен бұл коэффициенттің мөлшерін мына шамада алуға болады 0,8-0,9 (0,8);
Кс - сұраныс коэффициенті,бұл жабдықтардың қуатын пайдаланудағы кем жүктелулерін есепке алатын коэффициент,оның шамасын орта есеппен 0,4-0,6 мөлшерінде алуға болады (0,4);
Бэ - электроэнергияның 1 кВт бағасы,теңгемен (5);
Сонымен
Эт=Уж*Р*Кж*Кс*Бэ=2030*140*0,8*0,4*5=454720 тг.
б)Жарық түсіру үшін жұмсалатын электроэнергияның жылдық шығыны былайша есептеледі:
- өндірістік ауданда,тұрмыстық бөлмелерде 1 м² жерге 1 сағаттың ішінде 30 Вт электроэнергия жұмсалады;
- жарық әлеуетінің жылдық мөлшері бір кезеңде -800 сағат,екі кезеңде 2400 сағат,үш кезеңде - 4700 сағат.
Жалпы ауданы 776,1 м²,бір кезең жұмыс істейтін цехта қажетті электроэнергияның жарық түсіру үшін жұмсалатын шығынның мөлшері:
Эжт=776,1 *800*(30:1000)=18626,4 кВт, (8)
Электроэнергияның 1 кВт бағасы 5 теңге болса,онда электроэнергияның шығынын ақшамен есептегенде:
Эжт=18626,4*5=93132 тенге, (9)
2)Будың шығыны.
Будың шығыны курстық жұмыста тұрмыстық қажетке ғана есептеледі.Оны мына формула бойынша есептеуге болады:
Q=0,5*V*Бб, (10)
мұнда V - өндірістік үйдің көлемі,м³ (7761 м³);
Бб - будың бағасы,тенгемен (250).
Q=0,5*7761*250=970125тг.
3)Судың шығыны.
Суға қажеттілік кәсіпорынның технологиялық процесімен байланысты.Жалпы суға қажеттілік екіге бөлінеді:өндірістік және тұрмыстық.
а)Өндірістік қажет - бір металл кескіш станокқа орта есеппен бір сағатта 0,6 литр су қажет.Сонда цех бойынша судың шығынын мына формуламен есептеуге болады:
С=Жс*Уж*Кж*Шс*Бс, (11)
мұнда Жс - жабдықтардың,станоктардың саны,данамен (20);
Уж - жұмыс уақытының жылдық қоры,сағатпен (2030);
Кж - жабдықтардың,станоктардың жүктеу коэффициенті (0,8);
Шс - судың 1 сағатта жұмсалатын шығыны (механикалық цехтағы станоктарға қажетті эмульсия) (0,6 литр);
Бс - 1 м³ эмульсияның бағасы,мысалы (200 теңге).
Сонда
С=20*2030*0,8*0,6*200=3897600 тг.
б)Тұрмыстық қажет - орта есеппен санитарлық норма әрбір жұмысшыға 1 кезең ішінде 20 литр мөлшерінде болсын,сонда цех бойынша суға қажеттілікті мына формуламен есептеуге болады:
Шс=Ж*Нс*2*Ккс*Бс, (12)
мұнда Ж - жұмысшылардың саны (Ж=27);
Нс - әрбір жұмысшыға судың нормасы,литрмен (20);
Бс - судың 1 м³ бағасы (12 тенге);
Ккс - бір жылдағы календарлық күндер саны (266);
Шс=27*20*2*266*12=3447360 тг.
4)Тығыз ауа
Тығыз ауаға қажеттілік кәсіпорындағы технологиялық процеспен байланысты.Мысалы,машина жасау саласында жабдықтарда,станоктарда пневматика қолданса,өңдеп отырған бөлшектерді қондырғыларда бекіту үшін немесе оқтын,оқтын станоктарды жоңқадан желдетіп тазалау үшін т.б. тығыз ауаны қолданған жөн.
Орта есеппен тығыз ауаның шығыны:
- станоктарды желдетіп тазалау үшін 1 сағатта - 1 м³;
- пресстерді бөлшектерден желдетіп босату үшін 1 сағатта - 1 м³;
- қыспа қондырғылардың пневмоцилиндрлерінде 1 сағатта - 1 м³;
- орта есеппен,мысалы,тығыз ауаның 1 м³ 50 тенге болсын.
Цехта барлық жабдықтарда пневматика қолданылатын болсын,онда тығыз ауаға қажеттілікті мына формула арқылы есептеуге болады:
а)жабдықтарды желдетіп тазалау үшін
Шта=Жс*Ужқ*Нта*Бта, (13)
мұнда Жс - жабдықтардың,станоктардың саны (20);
Ужқ - жұмыс уақыттың жылдық қоры (2030 сағ.);
Нта - тығыз ауаның 1 сағаттағы нормасы (1 м³);
Бта - тығыз ауаның 1 м³ бағасы,мысалы 1 м³ - 50 теңге.
Шта=20*2030*1*50=2030000 тг.
Жоғары келтірілген әдіспен кәсіпорынның тығыз ауаға басқа да түрдегі қажеттілігі есептеледі.
5)Аз құнды тез тозғыш аспаптар мен қондырғылар
Бұл элементтерге жұмсалатын қаржының мөлшерін жабдықтардың құнынан 3 пайыз мөлшеріндей алынады:
1100000*0,03=33000 тг.
Жоғарыда есептелген бүкіл энергиялардың шығындары кестеде 4 жинақталады.
Кесте 4 - Энергияларға жұмсалатын шығындар
Энергиялардың аталуы | Өндірістік қажетке,тенге | Тұрмыстық қажетке,тенге | Барлығы |
1 Электроэнергия: соның ішінде а)технологиялық қажетке ә)жарық түсіруге | 454720 | 93132 | |
2 Тығыз ауа а)өндірістік қажетке | 2030000 | ||
3 Судың шығыны: соның ішінде а)өндіріс қажетіне ә)тұрмыстық қажетіне | 3897600 | 3447360 | |
4 Будың шығыны | 970125 | ||
5 Аз құнды тез тозғыш аспаптар мен қондырғылар | 33000 | ||
Барлығы | ∑=6415320 | ∑=4510617 | ∑=10925937 |
Сонымен, жалпы барлық энергия - бұл өндірістік және тұрмыстық энергиялардың қосындысы.
2.5 Жұмысшылармен қызметкерлердің саны және жалақыларының қоры
2.5.1 Жұмысшылардың санын есептеу
Өнеркәсіпте жұмысшылар екі топқа бөлінеді - негізгі және көмекші.
1)Негізгі жұмысшылар.
Бұл жұмысшылар - дайындалып жатқан өнімнің өндіріс процесіне тікелей қатысушылары,олардың саны мына формуламен есептеледі:
Жн=Q*Tт/Уж, (14)
мұнда Жн - негізгі жұмысшылардың саны;
Q - өнімнің бағдарламасы,данамен (12500);
Тт - технологиялық процесстің ұзақтылығы (технологиялық процестегі бірінші операциядан бастап соңғы операцияға дейінгі барлық операциялардың қосындысы),сағатпен (3,0);
Уж - жұмысшының жылдық жұмыс уақытының нақты қоры (1820 сағат).
Жн=12500*3,0/1820=20,6≈21
2)Көмекші жұмысшылар.
Бұл жұмысшылар өнімді өндіруде тікелей технологиялық процеске қатыспайды,олардың мақсаты негізгі жұмысшыларға қызмет жасау.Бұлар - жөндеушілер,тасымалдаушылар, электриктер т.б.Сондықтан көмекші жұмысшылардың санын негізгі жұмысшылардың санына қарай пайызбен есептейді.Өнеркәсіп салалары бойынша оларды орта есеппен 25-35 пайыз мөлшерінде алуға болады:
Жк=(0,25÷0,35)Жн=0,25*21=5,25≈6
2.5.2 Қызметкерлер
Өнеркәсіп салаларындағы қызметкерлерге техника инженерлері,инженер-экономистер, есеп шот қызметкерлері және кіші қызмет атқарушылар жатады. Бұл қызметкерлердің санын негізгі және көмекші жұмысшылардың санына қарай пайызбен есептейді. Өнеркәсіп салаларында қызметкерлердің санын орта есеппен кесте 5 бойынша келесі мөлшерде алуға болады:
Кесте 5 - Қызметкерлердің санын есептеу
Қызметкерлердің аталуы | Негізгі және көмекші жұмысшылардың санынан пайызбен алғанда | Қызметкерлердің саны |
Техника инженер қызметкерлері | 10-15 | 3 |
Инженер-экономист және есеп шот қызметкерлері | 3-5 | 2 |
Кіші қызметтерді атқарушылар | 1-2 | 1 |
2.5.3 Жалақы қорын есептеу
Кәсіпорында орындалатын жұмыстардың күрделілігіне сәйкес түрлі разрядқа жататындығынан жұмысшылар негізінде алты разрядқа бөлінеді.Жалақыны есептеу үшін жұмысшылардың разрядын есептеп шығару керек.Мысалы,кәсіпорында негізгі жұмысшылардың орта разряды - төртінші разряд,көмекші жұмысшылардың разряды - екінші разряд болсын.6 кестеде әр разрядтың тарифтік коэффициенттері келтірілген:төртінші разрядтікі - 2,06;екінші разрядтікі - 1,47.
Әр уақытта халықшаруашылығы бойынша минималдық еңбек ақының мөлшері туралы статистикалық мәлімет бойынша ай сайындық минималдық сағаттық еңбек ақының мөлшері мына формула бойынша есептеліп отырады:
Асм=Еа мин/Жқ*Кс, (15)
мұнда Амс - минималдық сағаттық еңбек ақының мөлшері,тенгемен;
Еа – елдегі минималдық еңбек ақы,тенгемен;
Жқ – бір айдағы жұмыс күндерінің саны;
Кс – бір жұмыс күніндегі сағаттардың саны;
Мысалы, елдегі минималдық еңбек ақы 9750 теңге болса,айдың ішіндегі жұмыс күні – 22, жұмыс күніндегі сағаттың саны 8, онда минималдық сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері:
Асм=9750/22*8=55,4 теңге, (16)
Төртінші разряд бойынша сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері:
Еа=55,4*2,06=114,124 теңге, (17)
Екінші разряд бойынша сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері:
Еа=55,4*1,47=81,438 теңге, (18)
1)Негізгі жұмысшылардың еңбек ақылары жалақылардың кесімді нысаны бойынша есептеледі, былайша айтқанда, өндірілген өнімнің көлемі бойынша. Есептеу формуласы:
Етк=Q*Тт*Ст, (19)
мұнда Q – өнімнің бағдарламасы,данамен (12500);
Тт – технологиялық процестің ұзақтылығы,сағатпен (3,0);
Ст – разряд бойынша сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері,теңгемен (114,124).
Онда
Етк=12500*3,0*114,124=4279650 тг.
Кәсіпорында жұмысшыларға тарифтік еңбек ақымен қатар бірнеше түрлі төлемдер жасалады,сол төлемдердің мөлшері тарифтік еңбек ақыдан орта есеппен негізгі жұмысшыларға 6-7 пайыз шамасында болсын,сонымен қатар сыйлықтың шамасы 30 пайыз болсын.Жұмысшыларға демалысқа шыққанда қосымша еңбек ақы төленеді,оның мөлшері жылдық жалақысынан 9 пайыз болсын.Сонда негізгі жұмысшылардың жылдық еңбек ақылары:
Жнж=Етк+0,07Етк+0,30Етк+0,09Етк=1,46Етк, (20)
Жнж=1,46*4279650=6248289 тг.
2)Көмекші жұмысшылардың еңбек ақылары – жалақылардың мерзімді нысаны бойынша есептеледі,былайша айтқанда,неше сағат жұмыс атқарғанына сәйкес төленеді:
Етм=Жк*Уқ*Ст, (21)
мұнда Жк – көмекші жұмысшылардың саны,(6);
Уқ – уақыттың жылдық нақты қоры,сағатпен (2030);
Ст – разряд бойынша сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері,теңгемен (81,438).
Етм=6*81,438*2030=991914,84 тг.
Көмекші жұмысшыларға тарифтік еңбек ақыларына қосымша түрлі төлемдер жасалады.Үстеме төлемдердің мөлшері жылдық тарифтік еңбек ақыларынан 4-5 пайыз шамасында,сыйлық -25 пайыз мөлшерінде болады.Демалысқа шыққан кезде қосымша еңбек ақы төленеді,оның мөлшеріжылдық тарифтік еңбек ақыдан 9 пайыз шамасында.Сонда көмекші жұмысшылардың жылдық еңбек ақыларымына формула бойынша есептеледі:
Еаж=Етм+0,05Етм+0,25Етм+0,09Етм=1,39Етм, (22)
Еаж=1,39*991914,84=1378761,628 тг.
3)Қызметкерлердің еңбек ақылары-олардың жалақылары орындап отырған жұмыстарының күрделілігіне қарай төленеді,былайша айтқанда берілген категорияларымен байланысты болады.Мысалы,кәсіпорында техника инженерлері мамандықтарына қарай орта есеппен бірінші категорияға жататын болсын,инженер–экономистер және есеп шот қызметкерлері – екінші категорияға жатсын,сонда:
а)техника инженерлердің тариф бойынша жылдық еңбек ақылары мына формуламен есептеледі:
Ети=Ти*U*12, (23)
мұнда Ти – техника инженерлерінің саны (3);
U – орта разряд бойынша орта айлық тарифтік еңбек ақыларының мөлшері;
12 – жылдағы айлардың саны.
Сонда
U=9750*3,53=34417,5
Ети=3*34417,5*12=1239030тг.
Қызметкерлердің басқа топтарының жалақылары да осы әдіспен есептеледі,есептеуде ең бірінші мәселе – қызметкерлердің әр тобының орта категорияларын анықтап,осы категорияның сағаттық тарифтік еңбек ақыларын 6 кестедегі берілген мәліметтер бойынша есептеп шығару керек.
Кәсіпорындарда мамандарға да сыйлық төленеді,ол сыйлықтардың мөлшері алып отырған еңбек ақыларынан 30-40 пайыз мөлшерінде болады,сонда:
ә)техника инженерлерінің жылдық еңбек ақылары мына мөлшерде болады:
Wти=Ети(1+40%/100)=1,40Ети, (24)
Wти=1,4*1239030=1734642 тг.
б)инженер–экономистердің жылдық еңбек ақылары мына мөлшерде болады:
Wиэ=Еиэ(1+30%/100)=1,30Еиэ (25)
Еиэ=2*34417,5*12=826020тг.
Wиэ=1,3*826020т=1073826 тг.
в)кіші қызметкерлер – вахтерлер,тазалаушылар т.б.,олардың разрядтары бірінші разрядқа жатады,сондықтан тарифтік коэффициенттері 1,18.Бірінші разрядтың сағаттық тарифтік еңбек ақысының мөлшері:
Ст=Асм*1,18, (26)
мұнда Асм – елдегі сағаттық минималдық еңбек ақы (55,4 теңге).
Ст=55,4*1,18=65,372
Кіші қызметкерлердің жылдық жалақыларының мөлшері мына формуламен есептеледі:
Wкк=Ккс*Ае*12, (27)
мұнда Ккс – кіші қызметкерлердің саны (1);
Ае – орта айлық еңбек ақылары (9750*1,18);
12 –жылдағы айлардың саны.
Wкк=1*9750*1,18*12=138060 тг.
Жұмысшылармен қызметкерлердің орта айлық жалақылары 7 кестеде келтірілген
Кесте 7 - ТИҚ,ИЭ-ЕШҚ және КҚ жылдық және орта айлық жалақылары
Жұмысшылар мен қызметкерлердің аталуы | Жалпы жылдық жалақы,мың теңгемен | Орта есеппен әрбір жұмыскерге келетін жалақы,теңгемен |
1 Негізгі жұмысшылар | 6248,289 | 24794,79762 |
2 Көмекші жұмысшылар | 1378,761628 | 19149,46706 |
3 Техника инженерлері | 1734,642 | 48184,5 |
4 Инженер экономист және есеп шот қызметкерлері | 1073,826 | 44742,75 |
5 Кіші қызметкерлері | 138,060 | 11505 |
Барлығы | ∑=10573,57863 |
2.6 Шығындардың кешенді статьялары
Кешенді статьяларға мыналар кіреді:
1)Жабдықтарды күту мен пайдаланудағы шығындар;
2)Цехтық шығындар;
3)Жалпы зауыттық,өндірістік шығындар;
4)Өндірістен тыс шығындар.
Ал бір ғана элементтен тұратын статьяларды - жай статьялар деп атайды.Оларға мына статьялар жатады:
1)Негізгі материалдар;
2)Жалақы қоры.
Кешенді статьялары бірнеше элементтерден тұрады.Олардың экономикалық тұрғысы әр түрлі болғанымен,негізгі өндірістік мақсаты біреу - өндірістік.
2.6.1 Жабдықтарды күту мен пайдаланудағы шығындарды есептеу
Өндірісте қолданылатын құрал-жабдықтардың күтімі мен пайдалануына қаржы жұмсалады.Сол шығындардың тізімі мен мөлшері 8 кестеде жинақталған.
Кесте 8 - Жабдықтарды күту мен пайдаланудағы шығындардың сметасы
Статьяның аталуы | Қосынды жылдық шығын,мың теңгемен |
1 Жабдықтарды күту үшін жұмсалатын материал | 84,375 |
2 Өндірістік мақсатқа жұмсалатын электроэнергия,тығыз ауа,су,бу | 6382,320 |
3 Жабдықтарға қызмет ететін көмекші жұмысшылардың жалақылары: а)негізгі ә)қосымша б)әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақының қоры | 689,380814 179,2390116 |
4 Амортизациялық жарна: а)өндірістік жабдықтар ә)энергетикалық жабдықтар б)аспаптар мен қондырғылар в)электронды есептеу техника г)бақылау және өлшеуіш аспаптары д)жүк тасу құралдары | 110 3,3 22 17,6 11 160 |
5 Ағындағы жөндеу: а)өндірістік жабдықтар ә)энергетикалық жабдықтар б)аспаптар мен қондырғылар в)электронды есептеу техника г)бақылау және өлшеуіш аспаптары д)жүк тасу құралдары | 2,2 0,066 0,11 0,088 0,055 3,2 |
6 Аз құнды тез тозғыш аспаптар мен қондырғыларды күту,жөндеу және жаңартудың шығындары | 62,48289 |
Барлығы | ∑=7727,42 |
1)Жабдықтарды күту үшін жұмсалатын материалдық шығынның мөлшерін негізгі материалдың құнынан 3 пайыз ретінде алуға болады:
2812,5*0.03=84,375
2)Өндірістік мақсатқа жұмсалатын энергияларды 4 кестеден алу керек.
3)Кәсіпорындағы көмекші жұмысшылардың жартысы жабдықтарға қызмет етумен айналысады.Сондықтан 7 кестедегі көмекші жұмысшылардың жалпы жалақыларының 50 пайызы - осы жұмысшылардың жалпы жалақылары.Бұлар көбінесе жабдықтарды жұмыс күйінде ұстап тұратын жөндеушілер,электриктер т.б. Әлеуметтік қамсыздандыру жарнасының мөлшерін жалпы жалақы қорынан 26 пайыз ретіндей алу керек.
4)Амортизациялық жарналар 2 кестеден алынады.
5)Ағындағы жөндеуге арналған шығындардың мөлшерін 2 кесте бойынша элементтердің алғашқы құнынан 2 пайыз шамасындай алу керек.
6)Аз құнды тез тозғыш аспаптар мен қондырғыларды күтуге,жөндеуге,жаңартуға жұмсалатын шығындардың мөлшерін негізгі жұмысшылардың жалпы жалақыларынан 1 пайыз шамасында алу керек.
2.6.2 Цехтардың шығынын есептеу
Цехтық шығындарға өндіріс жұмыстарымен байланысты барлық шығындар жатады.Ол шығындар 9 кестеде көрсетілген.
Кесте 9 - Цехтық шығындардың сметасы
Статьяның аталуы | Жылдық шығындардың сомасы,мың теңгемен |
1 Көмекші жұмысшылардың жалақысы (жабдықтарда қызмет атқарушыларды есептемегенде): а)негізгі ә)қосымша б)әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы қоры | 1378,761628 358,4780233 |
2 Техника инженерлердің,инженер-экономистердің және есепшот пен кіші қызметкерлердің жалақылары: а)негізгі ә)қосымша б)әлеуметтік қамсыздандыру мен зейнетақы қоры | 2946,528 766,09728 |
3 Өндірістік үй мен құрылысты күту: а)жарық түсіруге арналған электроэнергия ә)тұрмыстық қажетке арналған су б)жылуға,тұрмыстық қажетке арналған бу | 93,132 3447,360 970,125 |
4 Өндірістік және шаруашылық инвентарьларды күту | 7,0888 |
5 Амортизациялық жарна: а)өндірістік үй мен құрылыстар ә)өндірістік және шаруашылық инвентарьлар | 388,05 10,6332 |
6 Ағындағы жөндеу: а)өндірістік үй мен құрылыстар ә)өндірістік және шаруашылық инвентарьлар | 155,22 1,7722 |
7 Басқа да шығындар | 128,3895 |
Барлығы | ∑=10651,64 |
Мұндағы шығындарды есептеу әдісі:
1)Көмекші жұмысшылардың,қызметкерлердің жалақыларын 7 кестеден алу керек.Әлеуметтік қамсыздандыру жарнасының және зейнетақы қорының мөлшерін жалпы жалақыларынан 26 пайыз шамасындай алу керек.
2)Техника инженерлердің,инженер-экономистердің және есепшот пен кіші қызметкерлердің жалақылары 7 кестеден алынады.Әлеуметтік қамсыздандыру жарнасының және зейнетақы қорының мөлшерін жалпы жалақыларынан 26 пайыз шамасында алу керек.
3)Жарық түсіруге,тұрмыстық қажетке энергиялардың шығындарын 4 кесте бойынша алу керек.
4)Өндірістік және шаруашылық инвентарьларды күту үшін қажетті шығынның мөлшері 2 кесте бойынша сол элементтердің алғашқы құнынан 8 пайыз шамасындай алынады.
5)Амортизациялық жарналарды 2 кестеден алу керек.
6)Ағындағы жөндеуге арналған шығындардың мөлшерін 2 кесте бойынша элементтердің алғашқы құнынан 2 пайыз шамасындай алу керек.
7)Басқа шығындардың мөлшері негізгі жұмысшылардың негізгі жалақыларынан 3 пайыз шамасындай алынады.
2.6.3 Жалпы зауыттық шығындарды есептеу
Кәсіпорынның басқару мен жобалау жұмыстарын жасаған кезде жалпы зауыттық шығындардың мөлшерін негізгі жұмысшылардың жалақысынан 70 пайыз мөлшерінде алуға болады:
6248,289*0,7=4373,8023мың теңге.
2.6.4 Өндірістен тыс шығындарды есептеу
Өндірістен тыс шығындарға тұтынушыларға бұйымдарды тиеу,жіберу және тасымалдау шығындары жатады.Орта есеппен бұл шығындардың мөлшері зауыттық өзіндік құнынан 1 пайыз мөлшерінде алынады:
33525,68*0,01=335,2568 мың теңге.
2.7 Өзіндік құнды есептеу
Өнімнің өзіндік құны екі түрлі әдіспен есептеледі.Бірінші әдіс бойынша калькуляциялық статьялар есептеледі (Кесте 10).Мұнда әр түрлі бұйымдарды өндіруде және оларды ақшаға айналдыруда жұмсалатын шығындарды анықтап білуге болады.
Екінші әдіс бойынша шығындар экономикалық элементтер бойынша есептеледі (Кесте 11).
Мұнда барлық өндірілетін бұйымдарға жұмсалатын шығындарды әрбір экономикалық элемент бойынша анықтап алуға болады.Егер де бір атаулы бұйым өндірілетін болса,онда осы екінші әдісті қолдануға болар еді,бірақ курстық жұмыстың мақсаты - өзіндік құнды есептеуде барлық әдістерді игеру,сондықтан берілген тапсырма бойынша өзіндік құнды есептеуде екі әдісті де міндетті түрде қолданған жөн.
Кесте 10 - Өнімнің өзіндік құны
Шығынның калькуляциялық статьялары | Жылдық сомасы,мың теңгемен |
1 Негізгі материалдар | 2812,5 |
2 Негізгі жұмысшылардың жалақысы: а)негізгі; ә)қосымша б)әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы қоры | 6248,289 1624,55514 |
3 Жабдықтарды күту мен пайдаланудағы шығындар | 7727,42 |
4 Цехтық шығындар | 10651,64 |
Барлығы-цехтық өзіндік құн | ∑=29064,41 |
5 Жалпы зауыттық шығындар | 4373,8023 |
6 Жаңа бұйымдардың өндірісін әзірлеу мен игерудегі шығындар | 87,476046 |
Барлығы (цехтық өзіндік құнға соңғы екі статьяны қосып есептеу керек) - зауыттық өзіндік құн | ∑=33525,68 |
7 Өндірістен тыс шығындар | 335,2568 |
Барлығы (зауыттық өзіндік құнға соңғы статьяны қосып есептеу керек) -толық өзіндік құн | ∑=33860,9368 |
Кесте 11 - Өндірістік шығындардың сметасы
Экономикалық элементтердің шығындары | Жылдық сомасы,мың теңгемен |
1 Негізгі материалдар | 2812,5 |
2 Көмекші материалдар | 56,25 |
3 Энергия (электроэнергия,тығыз ауа,су,бу) | 6415,320 |
4 Негізгі және қосымша жалақы (сыйлықтар және қосымша төлемдер) | 10573,57863 |
5 Әлеуметтік қамсыздандыру мен зейнетақының қоры | 2749,130444 |
6 Өндірістік негізгі қордың амортизациясы | 1845,534 |
7 Басқа да шығындар | 128,3895 |
Барлығы - өндіріс барысында жұмсалған шығындар | ∑=24580,70257 |
2.8 Айналым қаражаттарын есептеу
Айналым қаражаттарының әрбір элементіне норма орнатылады.Кәсіпорындардың мақсаты - орнатылған норманы қолданып әрбір элементке нормаланған айналым қаржыны есептеп шығару.Есеп 12 кестеде келтірілген.
Кесте 12 - Айналым қаражаттарының нормативтері
Статьялардың аталуы | Жылдық шығын,мың теңге | Запас күн | Нормативы,мың теңге |
1 Негізгі материалдар | 2812,5 | 30 | (2812,5/360)*30=234,375 |
2 Көмекші материалдар | 56,25 | 60 | (56,25/360)*60=9,375 |
3 Құны арзан аспаптар | 33,000 | 60 | (33/360)*60=5,5 |
4 Болашақ уақыттың шығындары | 33525,68*0,02= 670,5136 | 60 | (670,5136/360)*60=111,75 |
5 Басқа да материалдық құнды заттар,қосалқы бөлшектер т.б. | (7727,42+10651,64) *0,08=1470,3248 | 60 | (1470,3248/360)*60=245,054 |
Барлығы | 5042,5884 | 606,054 |
1)Негізгі,көмекші материалдардың және аз құнды тез тозғыш аспаптардың айналым қаражаттарының нормативін есептеу үшін олардың бір күндік шығындарын запас күндеріне көбейту арқылы анықтайды.Мысалы,негізгі материалдардың айналым қаражатының нормативын былайша анықтайды:
Нақ=(Мн:Уж)*Зк, (28)
Нақ=(2812,5/360)*30=234,375мың теңге.
мұнда Нақ - негізгі материалдың айналым қаражат нормативының мөлшері,мың теңгемен;
Мн - негізгі материалдың жылдық шығыны,мың теңгемен;
Уж - жылдық календарлық уақыт,күнмен (360 күн);
Зк - запас күндері,зауыттың жұмысы мен басқа кәсіпорындармен (зауыт жеткізушілерімен) келісімі бойынша 30,45,60 күн алынуы мүмкін.
2)Болашақ уақыттағы шығындардың мөлшерін зауыттық өзіндік құнынан 2 пайыз етіп алуға болады.Бұл шығындар кәсіпорынның болашақта жаңа бұйымды өндіруге қажет.Жұмсалатын қаржы - мамандардың ізденіс,ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқаруға бөлінеді.
3)Басқа материалдық құнды заттардың мөлшерін жоғарыда келтірілген статьялардың қосындысынан 8 пайыз мөлшеріндей алуға болады.
2.9 Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері
Экономикалық көрсеткіштерін есептеу үшін ең алдымен күрделі қаржының мөлшерін анықтап алу қажет.Күрделі қаржы былайша есептеледі:
Кқ=НӨҚ + АҚН, (29)
мұнда НӨҚ - негізгі өндірістік қордың құны,мың теңгемен (10835,61)
АҚН - айналым қаражатының нормативы,мың теңгемен (606,054)
Кқ=10835,61+606,054=11441,664 мың теңге.
Күрделі қаржы - бұл осы кәсіпорынды ұйымдастыруға жұмсалатын қаражат,оны қайтару - кәсіпорын пайдасының қайнар көзі.Кәсіпорында жылдық пайданың мөлшерін өндіріп отырған бұйым пайдалылығының (рентабельдігінің) нормасы бойынша анықтайды.Мысалы,осы бұйымға норма бойынша қойылған пайдалылық 20 пайыз болатын болса,онда пайданың мөлшерін анықтау үшін мына формулаларды қолдануға болады:
Р = (П:Өтқ) 100, (30)
П = (Р:100) Өтқ, (31)
мұнда Р - пайдалылықтың нормасы,пайыз;
П - пайданың мөлшері,теңгемен;
Өтқ - толық өзіндік құн,теңгемен.
Қазіргі уақытта бұйымдарға пайдалылықтың нормасын монополияға қарсы комитет белгілейді.Жоғарыда келтірілген мысалда пайданың мөлшері:
П = (20:100) Өтқ, (32)
П = 0,2 33860936,8=6772187,36 тенге
Сонда өндіріліп отырған өнімнің бағасы:
Б = Өтқ+П (тенгемен), (33)
Б = 33860936,8+6772187,36 =40633124,16 тенге
Қазіргі уақытта бұйымдарды ақшаға айналдырған кезде мынандай салықтар салынады - қосылған құнға салық сату бағасынан 16 пайыз мөлшерінде,сұранысы мол бұйымдарға 10 пайыз шамасында.Сондықтан өндіріліп отырған бұйымдардың,тауарлардың толық бағасы:
Бт=Б+16%Б=1,16Б, (34)
Бт=1,16*40633124,16 =47134424,03 тг.
сұранысы мол тауарлардың сату бағасы:
Бс=1,26Б, (35)
Бс=1,26*40633124,16 =51197736,44 тг.
Курстық жұмыстың соңында жобалап отырған кәсіпорынның толық экономикалық көрсеткіштері кесте 13 келтіріледі.
Кесте 13 - Жобаланып отырған кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері
Экономикалық көрсеткіштердің аталуы | Жобалау көрсеткіштері |
1 Өндіріліп отырған тауардың жылдық өнімі: а)данамен; ә)мың теңгемен | 12500 40633,12416 |
2 Негізгі өндірістік қор,мың теңгемен | 10835,61 |
3 Күрделі қаржы,мың теңгемен | 12897,16 |
4 Толық өзіндік құн,мың теңгемен | 33860,9368 |
5 Барлық жұмыскерлердің саны | 33 |
6 Еңбек өнімділігі,мың теңгемен | 1231,31 |
7 Қор қайтарымы,теңгемен | 3,75 |
8 Қор сыйымдылығы,теңгемен | 0,26 |
9 Қормен жарақтану,мың теңгемен | 328,35 |
10 Бұйымның бір данасының: а)өзіндік құны,теңгемен ә)меншікті күрделі қаржысы. | 3240,65 1031,7728 |
11 Күрделі қаржыны өтеу мерзімі,жылмен | 2,8 |
ЕӨ=Ө/Жс=40633,12416/33=1231,31 мың тг.
Ққ=Ө/НК=40633124,16/10835610=3,75 тг.
Қс=НК/Ө=10835610/40633124,16=0,26 тг.
Қж=НК/Жс=10835,61/33=328,35 мын тг.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындысында жобаланып отырған кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерінің бірі: өндіріліп отырған тауардың жылдық өнімі - 12500 дана тісті дөңгелек.Есептей келгенде осы өнімнің бағасы - 40633124,16теңге болды.Негізгі өндірістік қордың негізгі элементтерінің қосындысы - 1083561теңгені құрайды.Біздің кәсіпорынды ұйымдастыруға күрделі қаржының мөлшері - 12897,16мың теңге шықты.Ал оны қайтару кәсіпорын пайдасының қайнар көзі.Кәсіпорындағы пайданың көзі - 6772187,36 теңге болса,онда күрделі қаржыны өтеу мерзімі 2,8 жыл болып отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1 Ишмухамбетова Т.Р.,Қапанова А.К.Кәсіпкерлік іс-әрекеттің экономикалық негізі, - Алматы:ҚазҰТУ,2001.
2 Мейірбеков А.Қ.,Әлімбетов Қ.Ә.Кәсіпорын экономикасы, - Алматы: Экономика,2003.