Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметі

Кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметі

Шаруашылық-қаржы қызметі процесінде мекеме мен ұйымдар қаржы қорларын - белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі козғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.

Мекемелер мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде мекемелердің, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндсгі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгсртіліп, қасы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы мекемелер мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары  материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру (үшін) жұмыс істсді. 1992 жылға дсйін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылды. Министрліктер мен всдометволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру ведмостоваға қарасты мекемелер мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтапдырылған қорлар құрылды: ғылым мен тениканы дамытудыц бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағалы реттеу қоры және басқалары.

Қаржы қорларында мекемелер мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық-қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесс ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетсді. Сондықтан кейбір қорлар бір мсзгілдс орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен Мекеме қызметінің қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы мәліметтер ретіндс қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде мекеменің тұтыну қорын жұмсау ауқымы; Мекеменің бір қызметкеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.

Мекемелер мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары. Құрылтайшылардың немесе Мекемелер ұжымдарының қарап шешуі бойынша басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы, медициналык, сақтандыру қоры, басқа шаруашылық органдарымеи болатын үлестік қоры және басқалары.

Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген Мекеме (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табы­лады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады.

Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгсріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айна­лым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дсйінгі және капиталдың, басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар-материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.

Мекемелердің қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннсн кейін Мекемелер мен ұйымдар кешенді қорларды - тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.

Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді:

  • бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
  • ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бой­ынша сыйақылар;
  • еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және натуралдық нысандардағы қаражаттар;
  • материалдық көмек;
  • еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар.

1.Мекеме капиталының бүгінгі және болашақ құны

Қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін табыстар (дивидендтер, пайыздар);

Оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа да жеке сипаттағы төлемдер.

Қорлану қоры:

  • Мекеменің қарамағында қалатын табыс;
  • негізгі қапиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
  • шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
  • банктердің несиелері;
  • басқа да көздер есебінен қалыптасады.

Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын қаржылаңдыруға:

негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;

ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді итеруге;

табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;

өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объсктілерін салуға үлестік қатысуға;

әлеуметтік инфрақұрылым объсктілерін салуға қатысуға пайдаланылады.

Ірі мекемелер мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады: жалақы, еңбекке ақы толеу, ондірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.

Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қам­тамасыз етуде қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел коры, сақтық қоры) маңызы зор. Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржы резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржы ресурстары есебінен басқару құрылымдары (нормативтік аударымдар негізінде), мамандандырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет (әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржы қорлары) жасай алады. Оның мақсаты - шаруашылық қаржы жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, Мекемелердің қаржы жағдайын тұрақтандыруды қам­тамасыз ету. Қор мекеменің тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады (осы мақсаттар үшін олардың жеткіліктілігі жағдайында).

Мекемелер мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады:

экспорттық валюталық түсім-ақшадан;

жарғылық капиталға түсетін жарналардан;

банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңи тұлғалардың валюталық несиелерінен;

ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу;

бейрезиденттер көрсететін қаржы көмегі (гранттар).

Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен валюталық түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар төленгеннен кейін Мекемелер мен ұйымдардың валюта қорларына бағытталады. Бұл қорларға активтерге (бағалы қағаздарға) инвестицялардан, депозиттер, салымдар нысанындағы және т.б. нысандардағы, етер бұл дивидендтер мен табыстар меншікті немесе қарыз қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса, қаражаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар есептеледі. Мекемелер мен ұйымдарға ортақ міндеттерді шешу үшін ерікті негізде өздерінің валюта қаржысын мекемелер мен ұйымдар ешкімнің рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңнамасының шеңберінде өздерінің қарап шешуі бойынша пайдалана алады. Валюта қорлары ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік-мәдени дамуына жұмсалады; валютаның, бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын шетел тауарларын, дәрі-дәрмектерді және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюта қорларының қаржысы ізгілік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдалануы мүмкін. Мекемелер мен ұйымдар валюта қоры қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге - Мекемелер мен ұйымдарға бере алады; бұл түсімдердің көлемі шарттың негізінде экспорттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле отырып, шешілді.

Жөндеу қоры мекемелерда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай жөндеу қорына аударылатын аударымдардың нормативтерін Мекемелер өздігіне белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай-күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады. Ішінара жөндеуге жұмсалатын шығындар болашақ кезеңдерге жатқызылатын шығыстардың есебінен жабылуы мүмкін.

2.Қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы базистік категория, яғни тап осындай нысанада жұмыс істейтін айырықшалықты белгілері мен ерекшеліктері бар объективті экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бірақ ақша қорлары қозғалысының объектісі бар, субъектілердің нақтылы мүдделері жөнінде көрінетін кез келген қатынастар сияқты, олар реттеуді, тиісті қаржы ағынының бағыттарын, олардың қозғалысын ретке келтіруді қажет етеді. Бұл қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың санасымен, машығымен және іскерлігімен жасалатын субъективті басқарушы іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Экономика­лық заңдармен анықталатын базистік аса маңызды құбылыстардың талабына бағдарлануы тиіс, бұл талаптарды үнемі ескеріп отыруы тиіс, яғни базистің шарттарына бағынышты болуы тиіс болғандықтан қондырмалықтарға жатады. Бұл басқарылатын іс-әрекеттерге қаржы менеджменті ұғымы - тиімді пайдалану мақсатымен мекеменің ақша ағынының, мекеменің бүкіл қаражаттарының қозғалысы механизмін басқару жүйесі жатады.

Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару қаржы менеджменті деп аталады және мекемелер мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.

Мекемелерде қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.

Қаржы менеджменті Уәждемелерге - адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.

Жалпы қаржы менеджменті қаржыны басқарудың ілтеріде баяндалған қағидаттарына негізделген. Ол басқарудық тиісті элементтерін - ақпаратты, жоспарлауды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді, бақылауды кіріктіреді. Қаржы менеджментін жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің рыногымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары рыногының жұмыс істсуі, мекемедардың қызметін мемлекеттік реттсуді заңнамалық реттемелеу кезіндегі кәсіпкерлік қызметті коммерцияльіқ есеп негіздерінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, Мекемедардың қаржы менеджментінің шеңбері нарықтық факторлармен анықталады, бұл оны жеке буындарында басқарушы субъектілердің басқарылу объсктілріне ықпал жасауының экономикалық элементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады. Мекемедардың қаржы менеджментінің жүйесі аса жылжымалы, өйткені бұл буындағы нысандардың, әдістердің арсеналы жалпымемлекеттік қаржылардағыға қарағанда тым әр түрлі. Мысалы, Мекемедардың қаржы менеджменті әр түрлі нысандардағы есеп айырысу (төлем тапсырмасы, төлем талабы (талапшоты), әр түрлі акредитивтер, есеп айы­рысу чектері және т.б.), барлық нысандардағы несиелендіру, баға­лы қағаздармен және валютамен жасалатын операциялар бойынша көп таралған операциялардан басқа хеджерлеу, кепілдік-ипотекалық және сенімтерлік (трасттық) операциялар, қаржы және опера­ция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты нысандар мен әдістерді қамтиды; валютамен, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша, қауіптердің барлық түрлерін сақтандыру бойынша қаржы құралдарының жинақталымы айтарлықтай кеңейеді.

Қаржы менеджментін мына кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде елестетуге болады:

1) ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және мақсатын анықтау;

2)  ақша ағындарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін, тәсілдерін таңдау;

3)  қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес-жоспар немесе басқа рәсімдеу түріндегі іс-әрекеттердің бағдарламасын жасау;

4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;

5)  атқарылу барысына бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;

6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және бағалау.

Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктерімен, яғни жобаланған нұсқамен салыстырғанда табысты кем алу немесе зиянның пайда болуы ықтималдығымен кездесіп отырады. Тәуекелдікті талдау оның көздері мен себептерін анықтаудан, ысыраптың белгілі бір деңгейінің ықтималдығын өлшеуді, яғни тәуекелдіктің қолайлы дәрежесін белгілеуден басталады. Тәуекелдік статистикалық, сараптық және құрамдастырылған әдістермен анықталады. Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктің барлық түрін - өндірістік, коммерциялық, қаржы тәуекелдіктерінің үйлесуін қажет етеді.

Алайда бизнеске экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік, саяси және табиғи сипаттағы секілді көптеген құбылыстар да әсер етеді: әрлеу мен дағдарыстар, банк пайызының, бағалардың ауытқулары, тұтынушылар ұнатуларының, бәсекелестер іс-қимылының өзтеруі, үкіметтің көлденең (болжанбаған) шешімдер қабылдауы, ереуілдер, табиғи катаклизмдер, апаттар және т.б.

Қолайсыз уақиғалар болған кезде келеңсіз зардаптарды азайтуға ақшаны, өндірістік қуатты, шикізатты, дайын өнімді резервте сақтау есебінен қол жетеді; коммерциялык, қызметті қайта бағдарлау жөніндегі алдын ала жасалған шаралар болуы мүмкін. Жиынтық тәуекелді басқару кезіндегі Мекемеға төнетін тәуекелдердің түрлі тарпаттарында бірігетін Мекеме қоржынын ортараптандырудың ерекше маңызы бар.

Хеджерлеудің көмегімен қаржы тәуекелдігін (қатерін) барынша азайтудың техникасы қолданылады. Бұл кезде негізгі келісіммен қатар үшінші тараппен қосымша мәміле жасалынады. Оның шарты мынадай: негізгі мәміледегі қаржы ысыраптарына соқтыратын мәнжай болған кезде қатысушы залал шеккен ысыраптарды түгел немесе ішінара бейтараптандыра отырып, қарама-қарсы мәміледе ұтады. Хеджерлеу техникасында опциондар, фъючеретер, пайыздық айырбастар (своптар) сияқты және т.б. пайдаланылады.

Тәуекелдікті азайту мен төмендетудің дәстүрлі әдісі мүліктік сақтандыру болып табылады, бұл кезде сақтандырылушыға (сақтанушыға) сақтандыру шартымен шарттасылған сақтандыру оқиғасы болған кезде төленетін сақтық төлемі қамтамасыз етіледі.

Қаржы менеджментінде маңызды объект ақша ағыны - құн (Д-Т-Д) нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық процестерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімі мен жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түскен түсім-ақша, онан кейін несие ресурстары, әр түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы  дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, несиелерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді инвеетициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты.

3."Қаржы менеджментінде ақша оның іс-әрекетінің мезгілдік (уақытша) межелдемелері тұрғысынан функцияларды атқару кезіндегі өзге нысанға, сапаға айналғанға дейін қаралады. Бұл аспсктідс ақшаның "уақытша құнының "барлығы есепке алынады: мұндай сомада бүгінгі ақша мен келешектегі ақшаның са­тып алу күші бірдей болмайды. Ақшаның қазіргі және келешектегі құны өзара қайтымды. Қазіргі (бүгінгі) құн келешектегі құнға компаундингілеу - күрделі пайыздарды есептеу арқылы, ал келешектегі құн қазіргі құнға дисконттау - пай­ыздарды пайдаланып төмендету арқылы жеткізіледі. Ақшаның келешектегі құнының есеп-қисабында инфляцияның индекстерін есепке алу, яғни ақшаның құнын инфляциялық құнсыздануға төмендету, қажет.

3.Дисаканттау  коэффициенті

Жобаларға жұмсалатын инвестициялар нысанындағы ақшаның, рента төлемдерінің, жүйелі жарналардың, кірістердің және басқа ақша операциялары есептеулерінің бір жолғы, сондай-ақ дүркін-дүркін түсулері мен төленулері жай және күрделі аннуитеттердің есеп-қисабы, "капиталды бюджеттендіру", "табыстылықтың ішкі мөлшерлемесі" тәсілдері арқылы жүргізіледі.

Аннуитет дегеніміз тұрақты негізде уақьттың белгілі бір мезгілі ішінде тіркелген межелдемелер арқылы төленетін немесе алынатын инвестиция, табыс.

Капиталды бюджеттендіру (капиталдық бюджеттендіру)-өтеудің қарастырылған мезгілінде қаражаттарды кейінгі дүркін-дүркін қайтаруларымен жабылатын ақша қаражаттарының бір жолғы жылыстауы. Бюджеттендіру тұжырымдамасы негізгі активтер бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде пайдаланылады, бұл жобаларды талдау және ақша қаражаттарының ұзақ мерзімді және ірі жұмсалымы жөнінде шешімдер қабылдаудың процесі.

Табыстылықтың ішкі мөлшерлемесінің есеп-қисаптары жобаларды салыстыру және пайдалылықтың пайыздары бойынша инвестициялық шешімдерді таңдау үшін және жобаның есепті табыстылығы мен пайыздың қолданыстағы нарықтық мөлшерлемесін салыстыру және жобаны жүзеге асыру мезгіліне оның, болжамы үшін жүргізіледі.

Қаржы менеджментінің маңызды аспектісі Мекеменың каржылық жай-күйін талдау болып табылады. Бұл Мекеменың қаржы тұрақтылығын (рентабслділікті, төлем   қабілстін, нссиені отеу қабілетін), оның рыноктағы жағдайын (бәсекегс жарамдылығын) сипаттау үшін қажет. Талдауға қажетті ақпараттар бухгалтерлік баланста қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте (пайда және зияндар туралы есепте), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте болады; сондай-ақ толығырақ ақпарат қолданылады.

Көрсеткіштерді, коэффициенттерді, нормаларды - қаржы-экономикалық механизмнің элементтерін қадағалап отыру Мекемедардың жұмысын оперативті басқаруға және бақылауға, бизнес-жоспарда немесе дамыту жобасында берілген қаржы-шару­ашылық процестерді, бағыттарды дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл көресткіштер Мекеменың "визит карточкасы" болып табылады, инвесторларға, әріптестерге және несиегерлерге оның өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы туралы ойлануға мүмкіндік береді.

Сөйтіп, қаржы менеджменті Мекеменың қаржылық қамтамасыз етілуінің тактикасы мен стратегиясы ретінде қаржының тиімді іс-әрекет етуінің мақсаттары үшін оның ағындарын басқа­руға мүмкіндік береді. Мекеменың жиынтық ақша айналысын басқару жөніндегі қаржы менеджментінің стратегиялық нұсқамасы ұдайы өндірістік процесті қамтамасыз етуге, берілген критерийлерде ақша қорларын қалыптастыру, оларды нысаналы арналым бойынша пайдалануға бағытталған.

Қаржы менеджментінің жалпы мақсатты нұсқамасы - экономикалық дамудың ішкі және сыртқы факторларын есепке алу негізінде Мекеменың тең қаржы саясатын жүзеге асыру.

4.Жай және күрделі пайыздар

Мекемедардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды - негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады. Өндірістік капиталдардың бұлай бөлінуі олардың айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен байланысты.

Мекемедарда өндірістік құрал-жабдықтар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық эко­номика жағдайында өндірістік құрал-жабдықтардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарын сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіруді жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақша қорлары құрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында Мекемедардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының тұрақты толық айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық-заттай элементтерін - еңбек құралдары мен еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын толтыру үшін қаржы ресурстарын авансылау жолымен жетеді. Еңбек құралдары мен еңбек заттарынан тұратын, құн нысанында көрінетін өндіріс құрал-жабдықтары негізгі және айналым капиталдары бо­лып табылады.

Казіргі жағдайда ұзақ пайдалану айналымынан тыс активтердің жаңа түрлерінің бірі - материалдық емес активтер. Материалдык, емес активтер - жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең ішінде пайдаланылатын материалдық емес объектілер. Олардың Мекеме активтерінің құрамында пайда болуы нарықтық қатынастарға көшуге, шаруашылықты жүргізудің дүниежүзілік практикасына жақындастыру қажеттігіне байланыс­ты болып отыр.

Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс процссінде ұзақ уақыт бойы қатысады және өзінің құнын біртіпдеп, бөліп-бөліп тозығына қарай жаңа өнімнің құнына көшіреді. Көшу процесін амортизация, көшірілген құнның үлесін амортизация нормасы, ал бұл үлестің ақшалай көрінісін амортизацялық  аударымдар деп атайды.

Жұмыс істсп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі және айналым капиталдарының орны өнімді (қызметтерді) сатқаннан кейін және тиісті табыс түскеннен кейін толтырылады. Бұл табыстан амартизациялық аударымдар нысанында тозған негізгі капиталдардың орнын толтыру үшін қаражаттар қалыптастырылады, ал өнімді өткізуден алынған табыстың басқа бөлігі айналым капиталдарының құрамына кіретін тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға бағытталады. Жаңа Мекемедарды құру немесе оларды кеңейту кезінде қаражаттардың едәуір бөлігі құрылтайшылардың жарналары, акцияларды сатудан түскен қаржылай қаражаттарды тарту есебінен қалыптасады; мемлекеттік Мекемедар үшін - бұл бюджет пен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары. Қаражаттардың бір бөлігі басқарудың жоғарғы буындарының - бірлестіктің, ассоцияцияның, министрліктердің, ведомствалардың орталықтандырылған қаржы ресурстары есебінен авансылануы мүмкін. Соңғы уақытта қаржыландырудың көзі ретінде шетелдік инвесторлардың қаражаттары кеңінен пайдаланылып келеді.

Жұмыс істеп тұрған Мекемедарда өндірістік капиталдар­дың өсімін қаржыландырудың көзі Мекеменың қарамағында қалдырылатын және тікелей осы мақсатқа бағытталатын, сондай-ақ қаржы қорлары - өндірісті дамыту қоры (қорлану қоры), өндірістік және әлеуметтік даму қоры, қаржы резерві, басқа инвестициялық қорлар арқылы жұмсалынатын таза табыс (пайда) болып табылады. Осы мақсатқа сонымен бірге банк кредиттері: негізгі капиталдарды қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді, айналым капиталдарын қаржыландыру үшін қысқа мерзімді кредиттер пай-даланылады. Айналым қаражаттарын көбейтудің көзі бұдан басқа, кредиторлық берешек пен тұрақты пассивтердің өсімі (жалақы, әлеуметтік қажеттерге аударылатын аударымдар бойынша ең аз берешек, Мекеменың төлемақылары бойынша берсшектің басқа түрлері) болып табылады.

Сөйтіп, өндірістік капиталдарды жасау мен оның, өсімін қаржыландырудың көздерін меншікті, тартылған және қарыз қаражаттарына топтастыруға болады. Айналым қаражаттарының аса маңызды құрамды бөлігі меншікті айналым қаражаттары болып табылады, өйткені олардың болуы, сақталымдылығы, басқа қаражаттармен ара салмағы нақтылы рыноктағы Мекеменың қаржылық орнықтылығының дәрежесін анықтайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттарына құрылтайшылардың алғашқы жарналары, амортизациялық аударымдар және таза табыс (пайда) жатады.

Алгашқыда шаруашылық жүргізуші субъекгілерді құрған кезде өндірістік капиталдарды, материалдық емес активтерді, айна­лым құралдарын сатып алудың көзі жарғылық капитал болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалады. Жарғылық капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста қамтылып көрсетіледі және Мекеменың, фирманың қаржылық қуатын бағалаудың алғашқы критерию қызметін атқарады.

Кейінгі негізгі капиталдарды сатып алуға шаруашылық қызмет нәтижесінде Мекемеда пайда болған қорланымдар пайдаланылады. Оларга ең алдымен өнім өткізуден алынатын түсім-ақша құрамындағы амортизациялық аударымдар мен табыс (пайда) жа­тады.

Мемлекеттік Мекемедарда өндіріске жұмсалған инвестициялардың бастапкы көзі қызметін бюджет қаражаттары мен орталықтандырылған бюджеттен тыс қорлар, ал мемлекеттік емес Мекемедарда акционерлік капитал атқарады. Өндіріс базасын одан әрі дамыту Мекемедардың ішкі ресурстары мен тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

Тартылған қаржылай қаражаттар акцияларды орналастырудан, еңбек ұжымы мүшелерінің, заңи және жеке тұлғалардың жарналарынан алынған ақшаны қамтиды.

Қарыз қаражаттарына коммерциялық банктердің ұзақ мерзімді несислері, негізгі капиталдарды қаржы лизингі негізінде сатып алу және инвестициялық салық несиесі жатады.

Өндірістік капиталдардың қалыптасуы кәсіпкерлік қызмет бастауының объективті алғышарты болып табылады. Бұл қызметтің нәтижелері дайын өнім (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер) нысанында көрінеді.

Өндірістік капиталды пайдаланудың нәтижесі арнайы қаржы­лық көрсеткіштермен сипатталады және Мекеменың қаржы менеджментінің нәтижелігін дәлелдейді. Бұл нәтижелік өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс (түсім-ақша) мөлшерінде, Мекеменың шығынында айқындалады.

Түсім-ақшаның ауқымы Мекеменың (ұйымның), фирма­ның өнім өндіру мен оны өткізуге жұмсаған шығындарының (ақшалай жұмсалымдарының) көлеміне байланысты болады.

Қазақстан Рсспубликасында бугалтерлік есептің стандарттары бойынша "өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден алынған табыс" көрсеткішінде негізгі қызметтен алынған табыс қамтып көрсетіледі, ол тауар-материалдық босалқы қорларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуден алынған табыстардан басқа, қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, басқа салықтар мен міндеттемелсрді, қайтарылған тауарлардың құнын және сату мен бағадан шегерімдерді алып тастағаннан кейінгі сыйақы (мүдде),  яғни пайыздар, дивңцендтер, қаламақы және рента түріндегі алынган табысты да қамтиды.

Өнім өткізуден алынған табыс пен оның өзіндік құны арасындағы айырым жалпы табысты құрайды. Алайда бұл сызба бой­ынша өзіндік құн бүкіл шығыстарды қамтып көрестпейді - олардың бір бөлігі кезең шығыстарын құрайды, атап айтқанда:

жалпы және әкімшілік шығындары (жалпышаруашылық және әкімшілік арналымы шығыстарының сомасы);

өткізуге (тауар-материалдық босалқы қорларды сатуға) байланысты шығыстар;

сыйақыны (мүддені) пайыздарды (алынған несиелср, мүлікті жалдау үшін және пайыздар бойынша басқа шығыстар) төлеу бой­ынша шығыстар.

Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет бойынша сальдоланылған қаржылық нәтижені қамтып көрсетеді және "негізгі кызметтен алынған табыс (немесе зиян)" деп аталады.

Негізгі емес қызметтен алынған табыс (немесе зиян) - активтерді пайдалануға беруден, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан және т.с.с. алынған қаржылық нәтиже.

Негізгі қызметтен алынған табыс (зиян) пен негізгі емес қызметтен алынған табыстың (зиянның) сомасы салық салынғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен алынған табысты (зиянды) көрсетеді. Одан корпорациялык, табыс салығы шетерілгеннсн кейін салык, салынғаннан кейінгі кәдуілгі қызметтен алынған табыс (зиян) болады. Төтенше ахуалдардан болған зиянға түзетілген ол Мекемедық таза табысы болып табылады.

Табысты бөлудің тәртібі де салық салудың қолданылып жүрген сызбасына байланысты. Мәселен, Қазақстан Республикасында жиынтык, жылдық табыс және еңбекке ақы төлеу шығындарын қамтитын заңмен белгіленген тауар-материалдық босалқы қорларға, еңбек-ақыға, амортизациялық аударымдарға, банктердің сыйақысына, резервтік қорларға аударылатын аударымдарға, сақтық төлемдерне және басқа бірқатар шығындарды қамтитын шетерімдер бойынша сызба қабылданған ("Корпорациялық табыс салығын" қараңыз).

Басқа сызбаларда бұл шығындар жалпы табысқа кіріктіріледі және оньң құрамында салық салуға жатады. Салықтарды төлегеннен кейінгі табыс, бұл нұсқада еңбекке ақы төлеуге және Мекеменың өндірістік және әлеуметтік қажетіліктерін қанағаттандыруға бөлінеді.

Мекемедар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері жеке көресткіштер бойынша тиісті есепте қамтып көрестіледі. Бұдан басқа, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп жасалады, онда бұл қозғалыс үш бағыт бойынша көрсетіледі:

операциялық қызметтсн (шаруашылық жүргізуші субъектінің негізгі қызметін сипаттайтын);

инвестициялық қызметтен (ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен мөлшеріндегі өзтерістерді тудыратын);

қаржылық қызметтен (меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын).

Бағыттардың әрқайсысы бойынша ақша түсімдерінің нақтылы түрлсрі, тиісті қызметтің нәтижелерінде олардың шығып қалуы мен көбеюі немесе азаюы көрсетіледі. Қаражаттардың құрамы, олардың көздері және белгілі бір күнге орналастырылуы туралы мәліметтер бухгалтерлік баланста келтіріледі.

Табысты (пайданы) бөлудің негізге алынатын қағидаттардың бірі - ол біріншіден, ең алдымен мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді алғашқы кезекте орындау; екіншіден, меншікті ұлғаймалы өндірістің қажеттіліктерін тиісті қаражаттармен қамтамасыз ету; үшіншіден, Мекеменың резервтерін қалыптастыруға бағыттау; кәсіпкерлік тәуекел едәуір өсіп отырған жағдайда мұның маңызы ерекше.

  • Табыстың (пайданың) сан қырлы мәні, маңызы экономиканың нарық шаруашылығының негіздеріне көшуіне қарай күшейе түсуде. Істің мәні мынада болып отыр: қаржылық дербестік пен тәуелсіздікке ие болған әртүрлі меншік нысанындағы Мекемедардың бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен аударымдары төлегеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсауға құқығы бар.

Бүгінгі шаруашылық жүргізуші субъектісінде табыстар мен пайданың толып жатқан жүйссі іс-әрекет етеді. "Қосымша құн" мен "пайда" категорияларының экономикалық мазмұны іс жүзінде бара-бар. "Табыс" категориясының "қосымша құн" категориясынан айырмашылығы оның ақы төлеуге жұмсалатын табыстарды өзінс қамтуында.

Жалпы алғанда, табыстар құн көрінісіндс алынған игіліктерде және оған жұмсалған қажетті шығындардың айырмасы ретінде анықталады.

Жалпы табыс Мекеме иелерінің, табысы және жалдама қызметкерлердің табысы болып бөлінеді, соңғысы жалақы деп ата­лады. Егер барлық табыстан жалақыны шетеріп тастаса, онда негізінен жалпы пайда қалады.

Тауар айналысы сферасының салаларында (сауда, қоғамдық тамақтану, маркетинг, дайындау) "өнім өткізуден түскен түсім-ақша" категориясының орнына "тауар айналымы" категориясы пайдаланылады. Тауар айналымының мәнін сатып алу-сату жолымен ақшалай табыстарды тауарларға айырбастаумен байланысты болатын экономикалық қатынастар құрайды. Шетелдік практикада "түсім-ақша" атауының орнына көбінесе "жалпы табыс" атауы пайдаланылады. Алайда, бұл осы атаудың өте кең баян етілуі, жалпы табыс экономикалық категория ретінде қайта жасалған құнды немесе шаруашылық жүргізуші субъектісінің таза өнімін білдіреді.

Саудада жоспарлау мен есеп жүргізудің практикасында жалпы табыс деп сауда үстемелерінің (жеңілдіктерінің) сомасын, қоғамдық тамақтануда сауда үстемелері мен қымбаттаудың сомасын айтады.

Похожие материалы