Каспий аймағындағы мұнай құбыр коммуникациялар геосаясатының экономикалық астары (диплом)
Орталық Азияның батыс бөлігі Қазақстан мен Түркменстан, Кавказ өңірі, Ресей Федерациясының кейбір аудандарымен, Иранның солтүстік аумағы Каспий аймағын қүрайды. Бұл аймақ өз кезегінде Еуразия материгінің орталық бөлігін құрап, қазіргі таңда әлемнің саяси картасында ерекше орын алады. Еуразияның географиялық орталығы бола тұра, Каспий аймағы экономикалық және саяси маңызды аймақтардың, Шығыс Еуропаның, Таяу және Орта Шығыс, Оңтүстік Азияны, Азия-Тынықмұхит аймағын және Ресей Федерациясының солтүстік-батысындағы дамыған аудандарын байланыстырып, сонымен қатар, оларды бір-бірінен бөліп тұрады.
Каспий теңізі арқылы мұнай мен газ тасымалдайтын құбырлар мен онымен шектесетін аймақтарды байланыстыратын кеме жолдары өтеді. Сондықтан, ағымдағы саяси, сауда-экономикалық және демографиялық ерекшеліктері Каспий өңіріндегі мемлекеттер мен халықаралық қатынастардың маңызды субъектілерінің Еуразия орталығы арқылы бір-бірімен қандай сипатта байланысатындарын анықтайды.
Геосаясат ғылымынын негізін қалаушылары Каспий өңірінің әскери-саяси және экономикалық артықшылықтар беретін географиялық ерекшеліктеріне бұрыннан көңіл бөлген. Британ географы Х.Макиндер аймақты «Әлем аралы» деп сипатама берген.
Тақырыптың өзектілігі – қазіргі таңда әлемдік экономиканың қарқынды дамуы, халықтың өмір деңгейінің жоғарылауы елдерде энергия тұтынысының өсуіне байланысты дамыған әлем державаларының негізгі мұнай ағымын қадағалауға, стратегиялық қорларының көлемін өсіруге бағытталған энергия ресурстары шоғырланған аудандардың бірі Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының қарама – кайшылықтары мемлекеттердің экономикалық мүдделерінің сай келмеуі болып табылады.
Энергия ерте уақыттын бері билік, байлық және әділеттілік мәселелерімен тығыз байланысты. Өткен жүзжылда құрылған энергетикалық жүйе жаппай өнеркәсіптік өндірістің қарқынды өсуіне, адамдардың жақсы тұрмыс хәлінің өсуіне әсер етті, осыған байланысты осы заманғы консьюмеризмді анықтады, әлеуметтік теңсіздіктің жаңа түрлерін және маңызды геосаяси және экономикалық мәселелерді тудырды. Аймақтағы мұнайқұбыр коммуникациялары геосаяси күштердің тоғысуының негізгі объектісі болып табылады. Каспий аймағында АҚШ, Ресей, Иран, Түркия, Қытай және Еуропалық Одақ (ЕО) сияқты әлемдік және аймақтық геосаяси күштердің және кіші транзиттік мемлекеттердің экономикалық мақсаттары шоғырлануда. Қазіргі таңдағы Каспий аймағындағы мұнай құбыр коммуникациялары аясындағы геосаяси жағдайларды келесі тенденциялар арқылы сараптауға болады: Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) жобасын іске асыру арқылы АҚШ-тың аймақтағы ролін нығайту; Ресейдің аймақтағы транзиттік мүмкіншіліктерін жоғалтпауға бағытталған іс-әрекеттері; Каспий аймағындағы Қытайдың өз позициясын нығайту.
Каспий аймағындағы Баку – Тбилиси – Джейхан және Батыс Қазақстан Қытай (Атасу-Алашанькоу) мынайқұбыр маршруттарының іске қосылуы аймақтағы геосаяси және экономикалық мақсаттармен сабақтас болып келеді.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты- Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар негізінде туындаған геосаяси жағдай мен әлемдік мүнай ағымын қадағалауға бағытталған әлемдік, аймақтық және кіші транзит мемлекеттерінің экономикалық және саяси мақсаттарын ұштастыра отырып қарастыру және Қазақстан Республикасының аймақтағы стратегиялық геосаясаты мен мұнай тасымалдау инфрақұрылымын дамыту жолдарын қарастыру мәселесі қойылған.
Қойылған мақсаттарға сәйкес төмендегідей мәселелер қазғалған:
- Әлемдік мұнай нарығына жалпы шолу;
- Каспий аймағының мұнай нарығындағы маңыздылығын анықтау;
- Аймақтағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының экономикалық мүдделерін қарастыру;
- Каспий аймағындағы транзиттік мемлекеттер арасындағы бәсекелестікті талдау;
- Қазақстанның аймақтағы стратегиялық геосаясатын қарастыру;
- Каспий секторындағы Қазақстанның мұнай кешенінің қазіргі жағдайына сипаттама беріп, мұнай тасымалдау маршруттарының дамыту жолдарына байланысты мемлекеттік бағдарлама аясында қарастыру;
Анықталған мәселелерге байланысты мазмұндық жүйесі құрылды. Бірінші тарауда әлемдік мұнай нарығына жалпы сипаттама беріліп, Каспий аймағының маңыздылығы қарастырылды. Екінші тарауда мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының экономикалық аспектілері мен аймақтағы транзиттік мемлекетер арасындағы бәсекелестік және Қазақстанның стратегиялық геосаясаты қарастырылды. Үшінші тарауда Қазақстанның Каспий секторындағы кешені мен мұнай тасымалдау маршруттары сипатталады.
Берілген тақырып келесідей ресейлік авторлармен зерттелінген: Жилцов С.
Геополитика Каспийского Региона, Гусейнов В. Каспийская нефть: экономика и геополитика, Сергеева О. Каспийский глобальный пасьянс и российские интересы, Бабак В. Нефть Каспия в отношениях Казахстана с Россией Заславский И. Дело труба, Зонн И. С. Каспийская энциклопедия және т.б. Қазақстандық авторлардан Абішев А. Каспий: нефть и политика, Есентугелов.А. Нефть Казахстана: мифы и реальность, Пахрудинов Р. И., Егоров О. И. Проблемы экспорта казахстанской нефти, Қ. Тоқаев. Казахстан в контексте геополитики Каспийского региона және т.б. зерттеген.
Дипломдық жұмыстың жазылу барысында әр түрлі материалдар мен авторлардың еңбектері, кезекті басылымдар мен электрондық ресурстар және де Каспий теңізіндегі Қазақстан секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы қолданылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ МҰНАЙДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ РОЛІ
1.1 Әлемдік мұнай нарығының жалпы сипаттамасы
Қазіргі таңда халықаралық экономикалық қатынастардағы әлемдік энергетика негізі мұнай тауары болып табылады. Мұнай аясында көптеген дау-дамайлар, талас-тартыстар стратегиялық альянстар мен саяси бірлестіктер шеңберінде қалыптаса келе, мемлекеттің саяси-экономикалық бағытына елеулі әсер етеді. Соңғы тарихи оңжылдық көрсеткендей, халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды субъектілері, ірі державалар глобалды мұнай ағымын бақылау мен қадағалауға бағыталған саяси және экономикалық күрестерін жүргізіп келе жатқаны ақиқат. Қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикалық дамуын, әлемдік экономиканың дамуын энергетикалық шикізаттарсыз, мұнайсыз, табиғи газдыз және көмірсіз елестету мүмкін емес. Әлемдік энергияның қайнар көзі мұнайға энергияның экономикалық тұтынысының 40 % жатады. Көп жағдайларда табиғи газ мұнайдың экологиялық тұрғыдан ең жақсы альтернативасы болып табылады, бірақ оның физикалық қасиеттеріне байланысты іштен жанатын двигательдерде пайдалану мүмкіншілігі болмағандықтан көптеген халықшаруашылық аймағында және адамның тіршілік әрекет ету аймақтарында энергетикалық шикізаттың бұндай түрі мұнаймен бәсекелесе алмайды. Осыған сәйкес энергияны толығымен тұтынудағы табиғи газдың үлесі мұныйды тұтыну үлесінен төмен және ол 23 %-ды құрайды. Энергияның тағы бір негізгі көзі – көмір. Энергетикалық шикізаттың бұл түрі өнеркәсіп өндірісінде және жеке қолдануда маңызды орын алып отыр. Энергия тұтынуда оның үлесі 22 %-ды құрап отыр. Табиғи газ және көмір мөлшері жеткілікті және олардың қорлары эксперттердің бағалауы бойынша XXI ғасырдың аяғыны дейін, мүмкіндігінше, одан да ұзақ мерзімге жетуі тиіс. 2003 жылы тұтыну көлемі бойынша табиғи газдың көлемі көмірдің көлемінен жоғарырақ және 2020 жылға қарай айырмышылық көтеріледі – табиғи газ көмірге қарағанда 44 % -ға көбірек тұтынылады. [1]
Энергия ерте уақыттын бері билік, байлық және әділеттілік мәселелерімен тығыз байланысқан. Өткен жүзжылдықта құрылған энергетикалық жүйе жаппай өнеркәсіптік өндірістің қарқынды өсуіне, адамдардың жақсы тұрмыс хәлінің өсуіне әсер етті, осыған байланысты осы заманғы консьюмеризмді анықтады, әлеуметтік теңсіздіктің жаңа түрлерін және маңызды геосаяси мәселелерді тудырды.
Қазып алынытын отынды тұтынуға бағыттылған осы заманғы энергетика билік пен байлық концентрациясынан басқа энергия тұтыну мен әлеуметтік тұрмыс жағдайдағы ірі диспропорцияларды анықтады. К. Флейвин және С. Данн сияқты зерттеушілердің есептеулеріне сәйкес осы заманғы энергетиканың ерекшеліктері мысалмен алғанда 2 миллиард кедей адамдарға таратылмайды, бұл әлелдік халықтың үш бөлігі, олар әлі күнге дейін жылу көзі ретінде билмассаны қолданып отыр және электр көзіне қолдары жетпеген. Тағы да 2 миллиард адам отынның осы заманғы түрлерін және электр көзін жеткіліксіз мөлшерде қолданып отыр. Мыңжылдық аралықта адамзаттың едәуір бай бесінші бөлігі әлемдік энергияның 58 %-ын қолданады, бұл уақытты адамзаттың ең кедей бесінші бөлігіне тек қана энергияның 4 %-ынан кемі келеді.
АҚШ-тың энергетика министрлігінің болжауы бойынша 2004 жыл мен 2020 жыл аралығында әлемдегі энергияны тұтыну едәуір жоғары қарқындылықпен өседі. Энергияны тұтынуының өсуі қазіргі кездегі жалпы әлемдік энергия тұтынудың 65 %-ын құрайды. Тұтынудың өсуін сандық көрсеткіштер түрінде алғанда 2004 жылы 478 квадриольоннан 2020 жылы 607 квадриольонға дейін өседі. Энергия тұтынудың болжанып отырылған өсудің негізгі көлемі дамып келе жатқан елдер, бірінші орында, Азия, Орталық және Оңтүстік Америка елдерінде орын алады. Бұл елдерде қаралып отырылған мерзімдегі энергия тұтыну екі еседен жоғары артады. Азияда және Латын Америкада жылына 4 % дәрежесінде энергия тұтынудың тұрақты өсуі күтілуде. Бұл әлемдегі энергия тұтынудың барлық өсуінің жартысын және дамып келе жатқан елдердегі энергия тұтынудың өсуінің 81 %-ын құрап отыр.
Батыс эксперттері бұрыңғы ССРО мемлекеттері өздерінің энергияның ірі тұтынушылыры ролін біртіндеп қалпына келтіруіне толығымен сенімді. 1980 – 1990 жылдар аралығындағы болған экономикалық коллапсқа дейін олар осы рольде болды. Мұнай құнының өсуі және 1990 жылдар аяғында 2000 жылдар басында болған экономиканың кейбір қалыптасулары Ресейдегі өнеркәсіп өндірісінің өсуіне әсер етті. Осыған ұқсас тенденциялар бұрыңғы ССРО мемлекеттері ішіндегі басқа да ірі экономикалық мемлекеттерінде де байқалды. Экономикалық өсудің осындай қарқынды темптерін сақтау кезінде Ресей мен бұрыңғы ССРО мемлекеттеріндегі энергия тасушыларға деген сұраныс 2004 – 2020 жылдар аралығындағы мерзімде жылына 1,7 % дәрежесінде өсуі мүмкін. Бұл жоғарыда келтірілген мерзімнің соңында 56 квадрильонға жетеді.
Көпшілік мақұлдаған қазіргі кездегі болжауларға сәйкес мұнай келесі жиырмажылдық мерзім соңына дейін де әлемдік энергия тұтынудың 40 % үлесін сақтап отырады. Осы мерзім аралығында әлемдегі мұнай тұтынудың өсуі жылына 2,1 % дәрежесіне жетеді – 2004 жылы 85 млн. баррельден 2020 жылы күніне 120 млн. баррельге дейін өседі. [1]
XIX – XX ғасырлар аралығында іштен жанатын двигательді ойлап табу транспорттың дамуына үлкен мүмкіншіліктер ашты. 1911 жылы Адмиралтействаның бірінші лорды Уинстон Черчилльдін талабы бойынша Ұлыбритания өкіметінің бірнеше жыл қарсыласуынан кейін мемлекеттің әскери-теңіз флотын көмірмен жағудан жетілдірілген мазутты жағуға ауыстыруға шешім қабылдады. Көптеген эксперттер бұл қадамды қымбат және тәуекелді деп санады, бірақ Черчилль бұл қадамды стратегиялық қажетті деп санады, өйткені ол ашық теңіздегі герман флотын жеңудегі талап етілген жылдамдық пен қуатты қамтамасыз етеді. Осы кезден бастап мұнай ең маңызды стратегиялық өнім болып табылады және тек қана экономикалық тұрғыдан ғана емес сонымен қатар геостратегиялық фактор тұрғысынан да үлкен мәнге ие болды. Уинстон Черчилль атап өткендей, “флоттарды көмірден мұнайға ауыстыру барлық біздің әскери артықшылықтарды мұнайға ұштастыру, маңызды саяси фактор болып табылады. Біздің аралдарда қажетті мұнай қорлары болмағанымен... Бейбітшілік болған жағдайда да соғыс болған жағдайда да бізден алыс орналасқан елдерден теңіз бойынша мұнай жеткізуіміз қажет. Флоттарды британдық көмірден шетелдік мұнайға ауыстыру ең маңызды шешім болып табылады деді.”
Аз жылдардан кейін пароходтар саны азайды, өйткені стихиялық пайда болған мұнайды тасымалдайтын жүк және жолаушы кемелер қосылды. XX ғасырдың басында мұнайды кеңінен пайдалануға бағытталатын экономиканың пайда болуына ғылымның қарқынды өсуі, өнеркәсіп өндірісінің өсіп келе жатқан талаптары, ірі қалалардағы ауаның ластануы сияқты экологиялық мәселелердің тереңдеуі, сонымен қатар миллиондаған адамдардың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына талпынысы сияқты көрсеткіштер де әсер етті. Осыған сәйкес мұнай қорларына ие болу көптеген елдердің әскери-саясаттық артықшылықтары мен экономикалық дамудың ең маңызды талаптарына айналды. [2]
Соңғы екі жүзжылдықта энергия мен саясат тығыз байланысты. XX ғасырды көптеген мамандар “мұнай” ғасыры деп атайды. Бұл ғасыр қазіргі таңдағы өнеркәсіптің негізгі саласын, көптеген экономикалық, әскери-саяси, мәдени және басқа да салдарды тудырды. Мұнай қорларын иелену деген тура және жанама күрестер соңғы жүзжылдықтағы көптеген ірі және ұсақ халықаралық келіспеушіліктер негізі болған. Соның қатарына 1941 жылғы Жапонияның Перл-Харборға шабуылы, 1991 жылы болған Парсы Шығанағы соғысы мен Ирақтағы қақтығыстарды айта кетуге болады. Мұнай факторы – мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарға әсер ететін негізгі элементтердің бірі. Өкімет энергетикаға деген стратегиялық мүддені әртүрлі себеп-салдар арқылы білдіреді. Біріншіден, мұнай импортынан тәуелділікті төмендету арқылы ұлттық саяси-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Екіншіден, экономикалық дамудың тұрақты деңгейін мұнай тұтынысының жоғары көлемі арқылы ұстану және де ҒТП-ті ынталандыратын экономикалық өсудің құралы ретінде қарастыру болып табылады.
Әлемдік саясаттағы энергоресурстардың орасан зор мәні жетекші державалар арасындағы жасырынды және ашық қарсылашулықтарды тудырады. Мұнай мен газдың әлемдік қорлары шер шарында біркелкі таралмағандықтан, ал соның ішінде мұнай қайтадан қалыптаспайтын ресурс болғандықтан жағдай нашарлайды. К. Флейвин және С. Данн сияқты зерттеушілер жазғандай, “XVI ғасырда Ұлыбритания арзан ағашсыз қалған сияқты біз де арзан мұнайсыз қалуымыз мүмкін.” Мұнай қорының біркелкі таралмауы және осы ресурстың шектеулігі осы концентрленген қорларға қолы жететін елдерге пропорционалды емес билік пен халықаралық әсер етуін болдырады. Оның ішінде, бірінші орында, АҚШ, Ресей және жақыншығыс елдері бірінші кезекте тұрады.
Сонымен қоса, әр жыл сайын мемлекеттің ішкі саяси тұрақтылық пен олардың энергетикалық қауіпсіздігі арасындағы өзара қарым-қатынас өседі. Энергия тасушылардың әлемдік бағасының тұрақсыздығынан мемлекет дамуының тәуелділігі артады. Бұл көрініс, әсіресе адамдардың өмір сүру жағдайы жоғары деңгейге дағдылынған дамыған мемлекеттерде байқалады. Ал өмір сүру жағдайы деңгейінің аз да болса төмендеуі болжамбаған негативті салдарға әкеліп соғуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандай, қазіргі уақыттағы энергетикалық режим көп шоғырланған саяси тәуелділіктерге ие. Мұнай нарығындағы кәсіпшілік қатысушылар (мұнай өндіретін және мұнай сататын компаниялар) бүкіл әлемдегі тек қана экономикалық қана емес сонымен қатар саяси лоббирлеу құралдарын, жоғары эффективті және кең мүмкіншіліктерді иеленіп отыр. Солардың көмегімен транснационалды компаниялар және олардың тактикалық одақтары өздерінің корпоративті қалауларын ілгерілету мақсатымен қоғамдық тіршіліктің кез-келген аймағында кез-келген шараларды қаржыландыруға қабілетті.
Дегенмен, онжылда аса мұнай нарығы біршама тұрақты болды, ал 1998 жылы тарихтағы ең төмен баға дәрежесіне жетті, әлемдік ресурсты базаның қазіргі кездегі баға көрсеткіштері елеусіз өсуде. 1990 жылдардағы мұнай нарығындағы тыныштық ұсыныстың жоғарылауымен емес сұраныс өсуінің төмендеуімен негізделген. Жаңа кең орындарын шығару бойынша үлкен талпыныстарға қарамастан соңғы 25 жыл ішінде белгілі мұнай қорлары елеусіз жоғарылады, дегенмен, кейбір елдер өзінің энергетикалық секторларына инвестицияларды назар аударту үшін немесе мұнай өңдеуге ОПЕК-тен ірі квота алу үшін (бұлар – картель мүшелерінің елдері) қорлар санын көбейтті. Қазіргі уақытта мұнайдың 80 %-ы 1973 жылға дейін ашылған кен орындарында өндіріліп алынады, солардың ішінде көп бөлігінің жағдайлары төмендеп келеді.
Батыс эксперттерінің ойлары бойынша қазіргі кездегі мұнай қорларында шамамен алғанда 1 трлн. баррелі мұнай өңдеп алуға болады. Мұнайдың 800 млрд. баррель мөлшері шығындалғандықтан бастапқы ресурстық база шамамен жартысына дейін азайған. Қазіргі уақыттағы теориялық есептеулерге сәйкес қайта өңделмейтін ресурстарды өңдеп шығару қоңырау тәріздес қисығымен жүреді, сондықтан келтірілген сандар экстраполяциясы мынандай жорамал жасауға жол береді: мұнайды әлемдік өңдеп шығару 2010 жылда ең жоғары деңгейде болады, кейіннен төмендейді. Эксперттердің оптимистік бағаларына сәйкес мұнайды әлемдік өңдеп шығарудың ең жоғарғы деңгейіне жету тек қана бір онжылға ғана кері жылжытылады. [3]
XXI ғасырдың басындағы мұнайды әлемдік өңдеп шығарудағы максимумға жету тек қана энергетикалық жүйеге ғана емес, сонымен қатар әлемдік шаруашылық байланыстарына және халықаралық қатынастар жүйесіне де әсері тиеді. Мәселе қазіргі таңда күніне шамамен 68 млн. баррель мұнай тұтынылатынына байланысты ғана емес, сонымен қатар мұнай қорлары аз көптеген дамып келе жатқан елдердің халықшаруашылық мақсаттарда шикізаттың осы түрін қолдануды кеңейту ойларының болуында. Қытай, Үнді және басқа да дамып келе жатқан елдердің өсіп келе жатқан талаптарын қанағаттандыру үшін өнеркәсіпті дамыған елдердегі мұнай тұтынуының өсуін қарамаған күннің өзінде әлемдік өңдеп шығаруды үш есе көбейту керек. 2020 жылға қарай мұнай өңдеп шығарудың қазіргі кездегі дәрежесінен жоғары дәрежеге өсіру мүмкіншілігі екіталай. Анығырақ айтсақ, ол төмендеуі мүмкін. Осындай шарттарда қазіргі уақыттағы ой-пікірлермен келіспеуге болмайды, яғни жақын арадағы болашақта адамзат мұнай қорлары мен оның транспортты ағынын қадағалауда глобалды бәсекенің күшеюіне соқтығысады.
2005 жылдың басында аймақтар бойынша мұнай резервтерінің таралуы мынантай түрде болды. Мұнай қорларының абсолютті дәлелденген қорларының 65 %-ы Таяу Шығыс аймағына келеді. Келесі аймақ – Еуропа және Еуразия, бұған бұрыңғы Совет Өкіметі елдері (9,2 %) кіреді. Мексиканы қоспағанда Латын Америка және Африка (8,9 %), Солтүстік Америка (5,5 %), сонымен қатар Азия-Тынықмұхиты аймағы (4,2 %). Мұнайдың сапасы мен арзаншылығы көзқарасынан Таяу Шығыстағы мұнай өндірісі әлемдегі басқа мұнайлы аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді. Парсы шығанағы елдеріндегі бір баррель мұнай өндірісінің құны 1 – 2 доллар құрайды. Бұл Солтүстік теңіз кен орындарында өңдеу құнынан төрт есе арзан. Бұдан басқа, таяу шығыс мемлекеттері – мұнай экспортерлары артық шығынсыз мұнайды өңдеп шығару деңгейін жоғарылату жағына және төмендеу жағына қарай оңайлықпен өзгерте алады. Көптеген мамандардың ой-пікірлері бір жерден шығып отыр, егер халықаралық саяси нюанстар болмағанда мұнайды барлық әлемдік өңдеп шығару Парсы шығанағы аймағында шоғырланған еді. (1-кесте)
Шығыс жершарындағы энергетикалық сферасында АҚШ-тың негізгі серіктестері Мексика және Венесуэла болып табылады. 2004 жылдың басында Мексиканың мұнай қорлары 17,2 млрд. баррельге бағаланды (1983 жылы олар 49,9 млн. баррельді құрады). Мемлекеттің АҚШ-қа мұнай экспорты күніне 1,75 млн. баррельді құрайды. Осы көрсеткіш бойынша Мексика үшінші орынды иеленуде, алдыңғы орындарда Канада және Сауд Аравиясы. Венесуэланың дәлелденген мұнай қорлары 77,2 млрд. баррельді құрайды. Мұнай елдегі экспорттық табыстарының 75 – 80 %-ға жетеді. Мұнай өнеркәсібі Венесуэла өкіметімен 1970 жылдары ұлттандырылды. 1990 жылдардың аяғында Венесуэла күніне 3 млн. баррель мұнай өңдеп шығару дәрежесіне жетті. Өңделіп шығарылатын мұнайдың шамамен тең жартысы АҚШ-қа жіберіледі. Қазіргі таңда президент Уго Чавестің басшылығымен отырған ел басшылығы теріс радикалды позицияны алып отыр, бұл Вашингтонды мазасыздандырады. Венесуэла ОПЕК-те басқарма ролінде бола отырып картельдің басқа мүшелерін мұнайдың ірі әлемдік экспортерларына, соның ішінде АҚШ-қа да қатал баға саясатын жүргізуге шақырады. Сонымен қатар, У. Чавес келесі жағдайды болдыру мүмкіншілігін, ОПЕК “қарапайым мұнай картелінен де” жоғары дәрежеде бола алатынын айтты. Ол Ресей, Оман, Норвегия және Қазақстан сияқты елдеріне картельге кіруіне ұсыныс жасады. Бұл мемлекеттер У. Чавеске ұнамды, өйткені оларды мұнай бағасының жоғары болуын қызықтырады. АҚШ пен Венесуэла арасындағы қатынас ел басының ОПЕК басшысы ретінде картельдің он еліне, соның ішінде Ираққа сапарынан кейін шиелене түсті. Саддам Хусейнмен кездесуі кезінде У. Чавес 2000 жылғы ОПЕК-тің саммитіне Ирақ басшысын өз атынан шақырды. [4]
1-кесте
Елдер мен әлемдік аймақтар бойынша мұнайдың дәлелденген қорлары (тонна).
Елдер | 1983 ж. аяғына, млрд. барр. | 1993 ж. аяғына, млрд. барр. | 2002 ж. аяғына, млрд. барр. | 2005 ж. аяғына | ||
Млрд. тонна | Млрд. барр. | Жалпы ә-лемдік % | ||||
АҚШ | 36,6 | 30,2 | 30,7 | 4,2 | 30,7 | 2,7 |
Канада | 9,6 | 10,0 | 17,6 | 2,3 | 16,9 | 1,5 |
Мексика | 49,9 | 50,8 | 17,2 | 2,3 | 16,0 | 1,4 |
Солтүстік Америка | 95,2 | 91,0 | 65,5 | 8,8 | 63,6 | 5,5 |
Аргентина | 2,4 | 2,0 | 2,8 | 0,4 | 3,2 | 0,3 |
Бразилия | 2,1 | 5,0 | 9,8 | 1,5 | 10,6 | 0,9 |
Колумбия | 0,6 | 3,2 | 1,8 | 0,2 | 1,5 | 0,1 |
Перу | 0,7 | 0,8 | 1,0 | 0,1 | 1,0 | 0,1 |
Венесуэла | 25,9 | 64,4 | 77,2 | 11,2 | 78,0 | 6,8 |
Орталық және Оңтүстік Америка | 33,7 | 79,1 | 100,5 | 14,6 | 102,2 | 8,9 |
Әзербайжан | - | - | 7,0 | 1,0 | 7,0 | 0,6 |
Дания | 0,3 | 0,7 | 1,3 | 0,2 | 1,3 | 0,1 |
Италия | 0,6 | 0,6 | 0,7 | 0,1 | 0,7 | 0,1 |
Қазақстан | - | - | 9,0 | 1,2 | 9,0 | 0,8 |
Норвегия | 3,8 | 9,5 | 10,4 | 1,4 | 10,1 | 0,9 |
Ресей | - | - | 67,0 | 9,5 | 69,1 | 6,0 |
Түркменстан | - | - | 0,5 | 0,1 | 0,5 | 0,1 |
Ұлыбритания | 6,9 | 4,5 | 4,5 | 0,6 | 4,5 | 0,4 |
Өзбекстан | - | - | 0,6 | 0,1 | 0,6 | 0,1 |
Еуропа және Еуразия | 100,1 | 80,4 | 104,3 | 14,5 | 105,9 | 9,2 |
Иран | 55,3 | 92,9 | 130,7 | 18,0 | 130,7 | 11,4 |
Ирак | 65,0 | 100,0 | 115,0 | 15,5 | 115,0 | 10,0 |
Кувейт | 65,0 | 96,5 | 96,5 | 13,3 | 96,5 | 8,4 |
Оман | 3,6 | 3,1 | 15,2 | 2,0 | 15,2 | 0,5 |
Катар | 3,3 | 3,1 | 15,2 | 2,0 | 15,2 | 1,3 |
Сауд Аравиясы | 168,8 | 261,4 | 262,8 | 36,1 | 262,7 | 22,9 |
Сирия | 1,5 | 3,0 | 2,3 | 0,3 | 2,3 | 0,2 |
БАЭ | 32,3 | 98,1 | 97,8 | 13,0 | 97,8 | 8,5 |
Таяу Шығыс | 396,9 | 660,1 | 726,8 | 99,0 | 726,6 | 65 |
Алжир | 9,2 | 9,2 | 11,3 | 1,4 | 11,3 | 1,0 |
Ангола | 1,7 | 1,9 | 8,9 | 1,2 | 8,9 | 0,8 |
Камерун | 0,4 | 0,3 | 1,5 | 0,2 | 1,5 | 0,1 |
Конго | 0,7 | 0,7 | 1,5 | 0,2 | 1,5 | 0,1 |
Египет | 4,0 | 3,4 | 3,5 | 0,5 | 3,6 | 0,3 |
Габон | 0,5 | 0,7 | 2,4 | 0,3 | 2,4 | 0,2 |
Ливия | 21,8 | 22,8 | 36,0 | 4,7 | 36,0 | 3,1 |
Нигерия | 16,6 | 21,0 | 34,3 | 4,6 | 34,3 | 3,0 |
Судан | 0,3 | 0,3 | 0,7 | 0,1 | 0,7 | 0,1 |
Тунис | 2,6 | 0,4 | 0,5 | 0,1 | 0,5 | - |
Африка | 58,2 | 60,9 | 101,7 | 13,5 | 101,8 | 8,9 |
Австралия | 1,9 | 3,3 | 3,7 | 0,6 | 4,4 | 0,4 |
Бруней | 1,5 | 1,3 | 1,1 | 0,1 | 1,1 | 0,1 |
Қытай | 18,2 | 29,6 | 23,7 | 3,2 | 23,7 | 2,1 |
Үністан | 3,6 | 5,9 | 5,6 | 0,7 | 5,6 | 0,5 |
Индонезия | 10,1 | 5,2 | 4,7 | 0,6 | 4,4 | 0,4 |
Малайзия | 2,6 | 6,0 | 4,2 | 0,5 | 4,0 | 0,3 |
Папуа – Жаңа Гвинея | - | 0,5 | 0,4 | 0,1 | 0,4 | - |
Таиланд | - | 0,2 | 0,7 | 0,1 | 0,7 | 0,1 |
Вьетнам | - | 0,6 | 2,5 | 0,3 | 2,5 | 0,2 |
Азия | 39,0 | 52,0 | 47,5 | 6,4 | 47,7 | 4,2 |
Барлығы | 723,0 | 1023,6 | 1146,3 | 156,7 | 1147,7 | 100,0 |
ОПЕК | 475,3 | 774,5 | 881,6 | 120,4 | 882,0 | 76,9 |
ОПЕК мүшелері емес елдер | 162,9 | 186,5 | 179,9 | 24,4 | 178,8 | 16,6 |
Бұрыңғы ССРО елдері | 84,8 | 62,6 | 84,8 | 11,9 | 86,9 | 7,6 |
Мұнайдың қазіргі таңдағы әлемдік нарығының және әлемдік геоэкономикалық пен геосаяси жүйенің ең басты объектісі бірі мұнай өндірістерінің барлық аймақтары және мұнай тасымалдау бағыттары бүкіл дүние жүзінде “АҚШ-тың ең маңызды мәселелері” болып табылады. Мұнай ағымын тура бақылауды орната алмағандықтан Вашингтон мұнай секторының жергілікті дамуын “қолайлы уақытқа” дейін тоқтатып қоюмен дамыған мемлекеттер – мұнай экспортерлардың толық масштабты әрекетіне тосқауыл қояды.
АҚШ-тың глобальді энергетикалық стратегиясында мына үш бағыт жетекші орын алады: Батыс жарты шар елдері, Таяу Шығыс (Парсы шығанағы аймағы) және Каспий. Батыс жарты шарында мемлекеттер – мұнай экспортерларының АҚШ алдындағы максималды қаржы-экономикалық және әскери-саяси байланысы бар және Вашингтон позициялары мен АҚШ-қа шексіз мұнай тасымалдауға еш нәрсе қауіп төндірмейді. Ал Каспий аймағына өзінің ең басты мұнай экспортерінің аймағы деген ролін тұрақтандыру үшін өнеркәсіп пен инфрақұрылым дамуының ұзақ мерзімінен өтуі қажет. Қазіргі уақытта және болашақта Парсы шығанағының аймағы мен Каспий АҚШ-тың геостратегиялық назарының ең басты объектілері болып қалады. Каспий аймағындағы мұнай өңдеп шығарудың өсуімен Таяу және Орта Шығыс аймақтары транзит аймақтар ретінде мәні өседі. Өйткені оңтүстік бағыт (құбырлар арқылы Парсы шығанағы терминалдарына дейін) Оңтүстік-Шығыс Азияның ұдайы өсіп келе жатқан нарығына каспий мұнайын тасымалдаудың ең қысқа жолы болып табылады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта және жақын болашақта Ресей таяу шығыстық мұнайға тек қана Батыс Еуропада ғана бәсекелесе алады. Дегенмен, алдағы жылдарда Батыс Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азияның нарығында мұнай мен газ саласында Ресей мен Каспий аймағы елдері жағынан бәсекелестіктің ұдаюы күтілуде. Осындай бәсекелестікте мұнай өңдеп шығару мен тасымалдаудың төмен шығынды жолдарды ұсынатын жақ жеңімпаз болып табылатыны айқын. Алайда, қазіргі уақыттағы осы бәсекелестікте таяу шығыс мұнайы жетекші орын алуда. [5]
1.2 Каспий аймағының мұнай нарығындағы маңыздылығы
Каспий аймағының мұнай нарығындағы маңыздылығын қарастыру аймақпен шектесетін мемлекеттердің (Қазақстан, Ресей, Түркменстан, Әзірбайжан және Иран) геосаяси-экономикалық бағытын анықтауда маңызды фактор болып табылады. Орталық Азияның батыс бөлігі Қазақстан мен Түркменстан, Кавказ өңірі, Ресей Федерациясының кейбір аудандарымен, Иранның солтүстік аумағы Каспий аймағын қүрайды. Бұл аймақ өз кезегінде Еуразия материгінің орталық бөлігін құрап, қазіргі таңда әлемнің саяси картасында ерекше орын алады (1-карта). Каспий аймағының маңыздылығы мен құқықтық мәртебесіне мыңдаған басылымдар арналған. Бұл мәселелер кең ауқымды және жеткілікті қарастырылған. Сондықтан өз дипломдық жұмысымда тек тақырыптың маңыздылығын ашуға қажетті фактілерге тоқталдым. Негізгі қорытындылар: әлемде мұнайға деген сұраныс қарқынды жылдамдықпен өсуде, әсіресе, Қытай мен Азия аймақтарында; алдыңғы зерттеулердің нәтижелерінде Каспий аймағының маңыздылығы аса жоғары бағаланған болатын, соңғы мәліметтерге сүйенсек Каспий аймағы әлемдік мұнай нарығының 3 – 4 %-ын ғана құрайды. Яғни, Каспий мұнай нарығының қайнар көзі ретінде қарастыру маңызды, бір жағынан жанама роль атқарады. Аймақтың ЕО мен Азия аймақтарының арасындағы географиялық орналасуы оның негізгі артықшылығы болып табылады. Бұл фактор ЕО мен Азияның ОПЕК-тен тәуелділігіне аз да болса елеулі әсер етеді.
Қазіргі таңда, Шығыс жартышарында Каспий мұнайын және тұтынатын екі негізгі орталықтарын – Азия Тынық мұхит аймағы (АТА) мен ЕО және Еуропаның Орталық және Шығыс бөліктері құрайды. Бұлардың әрқайсысы орта шамамен алғанда бірдей көлемде мұнай тұтынады (1150 және 900 млн. тонна 2005 ж. көрсеткіші бойынша).
Аталған аймақтарда мұнайға деген сұраныс тұрақты түрде өсуде. Халықаралық Энергетикалық Агенттігінің болжамдарына сәйкес 2010 жылға дейін Каспий мұнай кең орындарындағы мұнай өндіру көлемі максималды мөлшерге жетуі мүмкін. Еуропадағы тұтыныс 80 млн. тоннаға, ал Азия аймағындағы мұнай тұтынысы 500 млн. тоннаға жетеді. Аталған аймақтардағы мұнай өндірісінің төмендеуі мұнай бағасының өсуіне әкеп соқты, әсіресе Еуропада. әрине, Ирақтағы соғыс, АҚШ-тың мұнай өңдеу зауыттарының проблемалары және де Сауд Аравиядағы, Иран, Ресей, Венесуэла, Нигериядағы саяси-экономикалық тәуекелдер мұнай бағасының өсуіне әсер етті. Бірақ, әлемдік мұнай биржаларындағы бағаның өсуіне әсер ететін негізгі де фундаменталды фактор глобалды мұнай тұтынысының өсуі. Каспийдағы мұнай өңдеп шығарудың өзіндік құны барреліне 5 доллардан 12 долларға дейін болған кезде мұнай бағасының шамамен 55 – 60 доллар болуы (ал жыл соңында, эксперттердің бағалауы бойынша, бағаның 70 долларға дейін көтерілуі мүмкін) аймақтың ажиотажға әкеліп соғыуы таң қалдырмайды.
Алайда баға бағасымен, бірақ Каспийдің энергетикалық потенциалының объективті іске асатындығы бар. Каспий мұнайы қорларын 1990 жылдардың бас-аяғында АҚШта есептелінген кейбір ерте оптимистік бағалаулар бұл аймақты Парсы шығанағымен салыстырды. Бірақ соңғы жылдар зерттеулері көрсеткендей, каспий ресурстары аймақтық масштабта мәнге ие болғанымен олар әлемдік қатынаста елеулі орын алмайды. Сонымен қатар, негізгі халықаралық мұнай компаниялары мынандай қатаң шешімге келді: Каспий 3 %-дай ғана көмірсутектердің дәлелденген минералды қорларын құрайды. Бұл мәліметтер совет геологтары зерттеулерін толығымен дәлелдеді, бұл зерттеулерде ССРО-ның соңғы онжылдығында мемлекеттің негізгі ресурсты орталығы ретінде Каспийді емес Сібірді қарастырды.
Осыған қарамастан, Каспий бассейіні қазіргі таңда көмірсутектерді өңдеп шығару бойынша бірде-бір негізгі аймақтық орталық ретінде қарастырылады. Жеткіліксіз қаржыландыру мен біркелкі дамымау салдарынан соңғы онжылдықта шекаралас елдердегі мұнай мен газдың дәлелденген және потенциалды қорлары арасында үлкен айырмашылық бар. Өткен ғасыр аяғында Әзербайжан, Қазақстан және Түркменстанның потенциалдары американдықтардың өзімен ақ аз мөлшерде бағаланды: 180 млрд. баррель мұнай (шамамен 26 млрд. тонна) және 600 трлн. шаршы фут газ (шамамен 16 трлн. 800 млрд. шаршы метр). Батыста Ресей мен Иран көп жағдайда бөлек бағаланады: Иран ОПЕК мүшесі, ал Ресей тәуелсіз экспортер ретінде қарастырылды [6].
2004 жылдан бастап Каспий аймағының (Ресей мен Иранды алмаған кезде) дәлелденген мұнай қорларының бағасы жақсару жағына өзгермеді және 40 млрд. баррель (шамамен 5,8 млрд. тонна) деңгейінде болды, яғни АҚШтағы мұнай қорларымен (22 млрд., яғни, шамамен 3,1 млрд. тонна) және Солтүстік теңіздегі мұнай қорларымен (17 млрд., яғни, шамамен 2,5 млрд. тонна) салыстырмалы.
Бірақ көптеген эксперттер Қазақстандағы Қашаған кен орны аймағындағы жуықта ашылған қорларын өңдеп шығаруына байланысты жағдайдың өзгеруіне үміттенуде. Осы болжаулар негізделген болса 2010 жылға дейін мұнай өндірісі әлемдік көлеммен салыстырғанда 5 % құрайды. Таяу Шығыстағы мұнай қоры әлемдік көлемде 55 %-ы (600 млрд. баррельден, яғни, 87 млрд. тонна) құрайды. Бұл келесі онжылда да Парсы шығанағы әлемнің энергия ресурстарының орталығы болатынын анықтайды.
Каспий аймағындағы мұнай ресурстары Таяу Шығыс қорларына балама болмағандығымен, Каспий Еуропадағы 50 млрд. баррель мұнай қорымен дәлелденгенімен, каспий мұнайы еуропалық мұнайдан көп стандарттардан артықшылығы бар. Каспий бассейінінің мұнай қорының болашақтағы өндірісі 100 млрд. баррельмен (14,3 млрд. тонна) еспетеліп отыр. Осы болжамдарға сәйкес 2005 жылы Каспий аймағындағы мемлекеттер күніне 6 млн. баррель мұнай өндіреді. Бұл қазіргі көлемнен 6-7 есе көп. Бұл көлем Солтүстік теңізіндегі мұнай өндірісімен теңеседі. Еуропа ОПЕК-ке мүше емес елдердің тұрақты деңгейде ұстап тұру мақсатында Каспий мұнайы Солтүстік теңізде өндірілетін мұнайды алмастырады деген тұжырым айтады. 2015 жылдан кейін эксперттердің айтуы бойынша, Ресейдің өзінде мұнай өндірісінің төмендеуі, каспий мұнай қорының маңызын артуын болжайды.
Каспий аймағындағы көптеген мұнай қорының көп бөлігін әлі мойындау қажет. Әр божамдағы скважина пессимистік ой тудырады, ал расталғандар асырылған оптимизімді сипаттайды. Бұл мәселелер аймақтағы саясатты жүргізуге кедергі жасайды, әсіресе, соңғы онжылдықтағы аймақтағы мемлекеттер мен әлемдік державалардың экономикалық және геосаяси мүдделерінің тоғысу объектісі болып табылады.
Совет Одағының күйреуі және оның территориясында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы Каспий теңізі аймағы мен оған жанасып жатқан территориялардағы әлемдік мәндегі мұнай қорларының табылуы сай келді (2-кесте). ССРО-ның саяси дезинтеграция процесінде экономикалық коллапс бірге жүрді. Мұнай, анығырақ айтқанда, инвестициялық капиталдардың мұнай секторына ағыны және осы энергетикалық шикізаты экспортынан келіп түсетін табыс Каспий аймағындағы жаңа дамып келе жатқан елдерінде экономиканық қалыптасу және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту құралы ретінде қарастырылады. Мемлекеттің саяси басшылығына, көммірсутекті шикізаттың резервтерінің болу перспективалары болғандығы қысқа мерзім ішінде көмірсутекті шикізатты табу, өдеп шығару және сату бұрыңғы Совет Одағы елдерінің алдында тұрған тұрақты валютаның тапшылығы мәселесін шеуге көмектесер еді.
2-кесте
Елдер бойынша Каспий аймағындағы мұнай қорлары (2005 жылғы мәліметтер, млрд. барр.)
Елдер | Дәлелденген резервтер | Потенциалды резервтер | Барлығы | ||
Минимум | Максимум | Минимум | Максимум | ||
Әзербайжан | 7 | 12,5 | 32 | 39 | 44,5 |
Иран (тек Каспий аймағы) | 0,1 | 0,1 | 15 | 15,1 | 15,1 |
Қазақстан | 9 | 17,6 | 92 | 101 | 109,6 |
Ресей (тек Каспий аймағы) | 0,3 | 0,3 | 7 | 7,3 | 7,3 |
Түркменстан | 0,5 | 1,7 | 38 | 38,5 | 39,7 |
Барлығы | 16,9 | 32,2 | 184 | 200,9 | 216,2 |
Жалпы алғанда, саяси тәуелсіздікті алғаннан бері кіші Каспий аймағындағы елдерінде мұнай-газ ресурстарын өз болашағының көркею жетістіктерін байланыстырып отыр. Қазақстанның ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, “энергоресурстар басқа да минералды шикізаттар ресурстарымен бірге Қазақстанның экономикалық дамуындағы катализатор ролін атқарады. Мұнайды сатудан келіп түскен табыс, бірінші орында, өнеркәсіптің модернизациясы мен диверсификациясына, транспорттық-транзитті потенциалды кеңейтуге, өндірістік қорлардың техникалық жетілдірілуіне және біздің елдің адамзаттық потенциалының дамуына қолданылуы тиіс” [5].
Қазіргі уақытта Каспий аймағындағы мұнайдың дәлелденген қорлары көлемінің бағасының едәір айырмашылығы бар. Мысалы, 2004 жылдың аяғында баға жорамалы 17-18 млрд. баррельден 33-34 млрд. баррельге дейін құрды, бұл мұнайдың жалпы әлемдік резервтерінің 1,3 – 2,6 %-ына сәйкес. АҚШ энергетикасы министрлігінің Информациялық энергетикалық агенттігінің мәліметтері бойынша Каспий бассейінінің дәлелденген мұнай-газ қорлары жалпы әлемдік қорлардың 3 – 4 %-ын құрайды.
Дегенмен де, ғасырлар тоғысында, рентабельді игеру үшін Каспийдің пайдалануға жарамды ресурсты базасы, минимум есеппен алғанда, АҚШ территориясындағы (22 млрд. баррель) және Солтүстік теңіздегі (17 млрд. баррель) дәлелденген мұнай қорлары мөлшерінен жоғары және Парсы шығанағының мұнай қорлары мөлшерінің төрттен бір бөлігіне тең. Сонымен қатар, Конгрессте ұсынылған АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің бір баяндамасында аталып өтілгендей, “200 млрд. баррельге жететін мұнай қорларына ие бола отырып (шамамен 27,5 млрд. тонна) Каспий аймағы алдағы он жылдықта мұнайдың әлемдік нарығында жетекші роль атқара алады.” Американдық эксперттер бағасы бойынша Орталық Азия және Каспий аймақтарындағы көмірсутекті шикізат қорларының ақша түрінде көрсеткіші зор шаманы 4 трлн. долларды құрайды. Негізінде аймақтың көптеген энергоресурстары Каспий теңізі шельфінде өнеркәсіптік түрде өңделмеді. Жағалау мен шельфтің маңызды аймақтары әлі зерттермеген.
3-кесте
Елдер бойынша Каспий аймағындағы мұнай өндірісі (2005 жылғы мәліметтер, млрд. барр.)
Елдер | 1992 | 2004 | 2010 | |
Минимум | Максимум | |||
Әзербайжан | 222 | 418 | 789 | 1140 |
Иран (тек Каспий аймағы) | - | - | - | - |
Қазақстан | 530 | 998 | 1617 | 2400 |
Ресей (тек Каспий аймағы) | - | - | 150 | 150 |
Түркменстан | 110 | 256 | 374 | 964 |
Барлығы | 862 | 1441 | 3100 | 4654 |
АҚШ-тың энергетика министрлігі бағалауы бойынша, 2010 жылға қарай Каспий аймағының елдері күніне 3 тен 4,7 млн. баррельге дейін мұнай өндіре алады. Жалпы алғанда, батыс эксперттерінің пікірлері бойынша, 2015 жылға қарай Каспий теңізі (оған жанасатын континентті резервуарларды қосқанда) 1990 жылдардың аяғында Солтүстік теңізде өңдеп алынған мұнай мен газ мөлшерінде мұнай мен газ бере алады. Осыған сәйкес, Каспий аймағы әлемдегі энергетикалық шикізатты өндірудің ең ірі өндірушілерінің бірі бола алады.
Алты мұнай-газ блоктарынан тұратын Каспий шельфінде 36 кен орын және 374 геологиялық құрылымдар табылған. Каспий аймағы елдерінің максималды мүмкін көмірсутекті ресурстары мұнай эквивалентінің 95,7 млрд. тоннасына бағаланады. Көмірсутекті ресурстардың басым бөлігі Қазақстан мен Түркіменстанда, яғни, мұнай эквивалентінің 60,0 және 16,5 млрд. тоннаға сәйкес. Көмірсутектер қорларының Ресейдің үлесі мұнай эквивалентінің 2,2 ден 5,0 млрд. тоннаға дейін құрайды. Иран – шамамен 2 млрд. тонна, Әзірбайжан – 5,0 млрд. тоннадан 12,0 млрд. тоннаға дейін [6].
Каспий аймағында мұнай өңдеу көлемі аз болғанның өзінде де бұл аймақтың жер қойнауы бұрыңғы совет уақытынан бері мұнай-газ қойнауларына жеткілікті зерттелген. Каспий теңізінің шельфінде мұнай өңдеп шығару өндірісі 1925 жылы Әзірбайжанда басталды. 1930 жылдардын бастап мұнай Избебарш атты теңізді кен орнында өңделіне бастады. Кейіннен мұнай өңдеу өндірісі Дағыстандағы Инчхе-теңізінде басталды. Каспий шельфінің қазіргі кездегі түркімендік аймақта мұнай және газ өңдеп шығару 1970 жылдардың аяғынан бастап жүрді.
Совет Одағында терең сулы теңіз кен орындарын өңдеудің қажетті технологиялары болмауы мынандай бағалаудың салдары болып табылды: батыс сібір мұнайын игерумен салыстырғанда айтылып отырған аймақты игерудің салыстырмалы экономикасы тиімді емес, соңында бұл Совет одағы экономикасының жоспарлы дамуының басты отын-шикізатты базасы болып табылды.
1980 жылдардың аяғында батыс сібір кең орындарының таусылу шамасына қарай Совет одағындағы мұнайды өңдеп шығару перспективасы басты түрде Каспиймен байланыстырылды. 1992 жылға дейінгі жүргізілген кешенді геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде Каспий теңізінің түбінде көмірсутегінің бай ресурстары (10 – 12 млрд. тонна) анықталды. Соңғы экспертті геологиялық талдаулары Каспий теңізінің мұнай және газдың потенциалды ресурстары шамамен 20 млрд. тонна құрай алатынын көрсетті. Совет кезеңінде Каспий акваториясында 250-ден артық жергілікті құрылымдар анықталды, олардың 47-сі бұрғылауға дайын болды, 27 объектіде терең барлап бұрғылау жұмыстары жүргізілді және 20 мұнай мен газ кен орындары ашылды.
2004 жылы бұл аймақта күніне 1,8 млн. баррель мұнай өңделіп шығарылды, соның ішінде Қазақстан 1,2 млн. баррель мұнай күніне, Әзірбайжан – 0,4 және Түркменстан – 0,3 млн. баррель мұнай күніне құрайды. Өндірістің бұл көлемі өнеркәсіптік және транспорттық инфрақұрылымның жеткіліксіз қуаты жағдайларында жеткен, сонымен қатар бірқатар ірі шельфтік кен орындары әрекетсіз қалған. Осыған сәйкес, мұнай өңдеп шығару және құбыр инфрақұрылымының дамуы бойынша жаңа ірі жобаларды іске асыру шамасына қарай (таяу бес – он жылдың ішінде) Каспий аймағы мұнай мен газ өңдеп шығару бойынша әлемде таяу Шығыс пен Сібірден кейін үшінші орынға шығуы мүмкін. [7]
Қазіргі таңда Каспий аймағында мұнай өңдеп алудың негізгі көлемі мына үш кен орындарына келеді - қазақстандық Теңгіз және әзірбайжандық Чираг пен Гюнешли (соңғы кен орын – терең сулы). 2004 жылы осы кен орындарда күніне 410 мың баррель мұнай өңделіп шығарылды. Осы үш мұнай алыптары 2010 жылға қарай күніне 1,7 млн. баррель мұнай беретіні күтілуде. Соңғы жылдары бұл аймақта басқа да жаңа ірі мұнай-газ кен орындары барланды. Біріншіден, бұл 1999 жылы Каспий шельфиндегі әзірбайжандық сектордағы ашылған Шах Дениз, оның потенциалды резерві 14 трлн. шаршы фут табиғи газ бағаланады, және де шельфтің қазақстандық секторында орналасқан Қашаған алыбы, оның қоры 7 ден 13 млрд. баррель мұнайды құрайды.
Каспий теңізінің әзірбайжандық бөлігінің акваториясында өңдеудің көлемі жылына 80 млн. тонна мұнайды құрайды. Қазақстан, Түркіменстан, Иран және Ресей теңіз шельфінде мұнайдың қатаң өнеркәсіптік өңдеулерін әлі жүргізбейді. Бірақ, Каспий теңізінің қазақстандық секторының анықталған қорлары 2,2 млрд. тонна мұнай құрайтынын есептегенде бұндағы өндіріс перспективасы өте жоғары. Олар шамамен мұнайдың жылына 40 млн. тоннасын құрайды, жәнеде Қазақстанда осындай деңгейге алдымыздағы жылдарда шығуы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір болжамдар бойынша 2006 жылы теңіздің қазақстандық аймағында 70 млн. тоннаға дейін, ал 2010 жылдары - 102 млн. тоннаға дейін мұнай өңдіріліп шығарылатын болады. 1998 жылдың мамыр айында Алматы қаласында өткен Экономикалық қарым-қатынастарды ұйымдастыру саммитінде ел басы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан сөздері бойынша 2015 жылдарға қарай Қазақстан мұнай экспортының көлемін жылына 130 млн. тоннаға дейін жеткізуі мүмкін. Бұлардың басым бөлігін шельфті мұнай құрайтыны белгілі [8].
Каспий шельфінде мұнайды өңдеп шығарудың шығындары деңгейінің нақты мәліметтері болмағандықтан қазіргі таңда каспий шельфі мұнайының әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілеті дәрежесінің бағалауын нақты болжамдау қиын. Алайда, шельфті әзірбайжандық аймағын өндірші мұнай компанияларының және қазақстандық теңіз аймағында барлау бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан компниялардың бағалаулары оптимизімге толы.
Әзірбайжандық және қазақстандық секторлардағы белгілі каспий жобаларын игерудің кейбір экономикалық көрсеткіштерін толығымен қорытындылау мәліметтері жеткілікті кең тараған бір де бір қоғамдық қайнар көзі Халықаралық энергетикалық агенттігінің баяндамасы болып табылады. Алайда, бұл баяндамада тек қана негізгі мұнай-газ жобалары бойынша “ең биік шыңдағы қуат” (мұнай өңдеп шығарудың максималды деңгейі) бірлігіне келетін болжамды меншікті ақша қаражатын жұмсау анықталған. Меншікті ақша қаражатын жұмсау орта есеппен алғанда әзірбайжандық кен орындары бойынша жылына тоннасына 535 – 625 мың долларды құрайды, ал қазақстандық кен орындар бойынша жылына тоннасына 600 – 715 мың долларды құрайды. Лондондық глобальді энергетикалық орталық зерттеулерімен есептелінген ОПЕК елдеріндегі меншікті ақша қаражатын жұмсау көрсеткіштерін ұқсас көрсеткіштермен салыстырсақ Каспийдегі қуаттық шыңының күніне мұнайдың бір баррельге (немесе жылына бір тонна) өсуіне меншікті ақша қаражатын жұмсау көрсеткішін ОПЕК-тің көрсекіштерімен қатар қоюға болады. Каспий бойынша орташа меншікті ақша қаражатын жұмсау ОПЕК-тің негізгі алты мұнай өңдеп шығаратын елдер көрсеткіштерінен 2,5 есе артық, бірақ бұл көрсеткіш ОПЕК-тің қалған мемлекеттеріне арналған орта көрсеткіштің төрттен бір бөлігіне ғана артық. Әзербайжандағы және Қазақстандағы меншікті ақша қаражатын жұмсауы Нигерия, Индонезия және Алжир деңгейінде болып отыр. Алғашқы мәліметтер бойынша мұнайды өңдеп шығарудың есептелген шығындары Әэербайжанда тоннасына 19 долларды және Қазақстанда тоннасына 27 долларды құрайды. Салыстыру үшін ресейлік Тимано – Печорский бассейнінің мұнайды өңдеп шығарудың шығындық есептерін жүргізу керек, олар тоннасына 40 долларды құрайды [9].
Каспий аймағы елдерінің мұнай және газ өндірістерінің даму мәселелерін қарастыруға кірісе отырып мынаған көңіл бөлінуі тиіс: каспий мұнайының өңдеп шығару және тасымалдау мерзімдері мен жылдамдығына, динамикамсына әсер ететін негізгі факторы әлемдік нарықтағы мұнай бағасының қазіргі кездегі тұрақсыздығы болып табылады. Бұлар батыс мұнай компанияларының белсенділік дәрежесіне тікелей әсер етеді. Бұл жағдай ұзақ мерзімді мұнай жобаларының таралуына теріс әсерін тигізеді.
Қазақстан мұнай кешенінің салаларын қамтамасыз етуге арналған қажетті сападағы қажетті еңбек ресурстарына ие, алайда, бөлек мамандықтар бойынша мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі бар, сондықтан өнеркәсіп шет ел мамандарын жұмылдыруға мәжбүр.
Бағалық фактор да Қазақстанның мұнай-газ кешенінің инфрақұрылымының дамуына дамуына әсер етеді. Көмірсутектердің әлемдік және ұлттық қорларының шектеулігі бағаны бақылаудың аймақты және глобальді жүйесін құруға әкеліп соғады.