Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Казком аймақтарда бизнесті белсенді түрде дамытатын болады

Казком аймақтарда бизнесті белсенді түрде дамытатын болады

Қазкоммерцбанк жаңа стратегиясының негізгі басымдықтарының бірі ретінде алдағы үш жылда аймақтарда банктің бөлшек бизнесін және ШОБ-қа қызмет көрсетуді дамытуды көздейді деп хабарлайды банктің бас акционері, Директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Ракишев.

Ракишев мырза банк филиалының 20 директорымен жеке кездесіп, аймақта Қазкоммерцбанктің болашақтағы дамуы жайлы пікірлесті. «Біз аймақтардан көп үміт күтеміз», - деп атап өтті өз сөзінде Ракишев мырза. Оның айтуынша, бүгінгі күні аймақтағы бизнестің банктің жалпы пайдасына салатын үлесі 49% құрайды және алдағы 3 жылда бұл көрсеткішті 69% жеткізу жоспарлануда. Жаңа бизнес-стратегияға сәйкес, Қазкоммерцбанк бар күшін корпоративтік клиенттерге емес, халық пен кәсіпкерлерге қызмет көрсетуге жұмсайтын болады, сондай-ақ банктік қызметтің басым бөлігін (70% дейін) онлайнға ауыстыруды жоспарлап отыр. Банктік сервистерді виртуалды қолданатындардың көбі еліміздің екі бас қалаларының тұрғындары екен, ал аймақта виртуалды қызметтердің потенциалы әлі толығымен қолданылмайды. Сонымен қатар банкте клиенттік сервисті жақсартуға аса маңызды көңіл бөлінетін болады. «Өзекті тәуекелдерді ескере келе, біз алдағы үш жылдың ішінде күш-жігерімізді корпоративті клиенттерімізге емес, ШОБ және жекелеген кредиттерге жұмсайтын боламыз. Сондай-ақ біз Казкомның негізгі артылықшылықтарын күшейтеміз, соның ішінде, виртуалды сервисті, карталар бойынша кредиттеуді, эквайринг желісін кеңейтуді және клиенттеріміз Қазкоммерцбанктің мықты инфрақұрылымын толықтай пайдалана алуы үшін банкоматтар паркін жаңартатын боламыз», - деп сөзін толықтырды Ракишев мырза. Сонымен қатар, Ракишев мырза банктің жаңа басшылығының Қазкоммерцбанктің аймақтағы жайғасымын нығайту мақсатындағы алғашқы қадамы ретінде Қазақстанның 8 облысына, соның ішінде бастыс және шығыс аймағына банктің Директорлар кеңесінің төрағасы Марк Хольцманның іс-сапарын айтуға болады деді. Үcтіміздегі жылдың 13-ші шілдесінен басталып, 22 шілдеде аяқталатын аталған іс-сапардың бағдарламасында облыс әкімдерімен және Казком филиалдарының ұжымымен кездесулер ұйымдастырылады. Банктің жаңа басшылығы жергілікті атқарушы органдар мен бизнестің өкілдерімен қарым-қатынасты дәйекті түрде нығайтуға және өз тарапынан өзекті сұрақтарды шешіп, өзара тиімді ынтымақтастық құруға ниетті. «Мен клиенттеріміздің – біздің ең басты активіміз екендігіне сенімдімін. Сондықтан оларды қаншалықты бағалайтынымызды және олармен жаңадан жұмыс істеуге дайын екендігімізді көрсету үшін, мен және менің әріптестерім бөлімшеге барып, клиенттерге өзіміз қызмет көрсетуге дайын екендігімізді айтқым келеді», - деді Кеңес Ракишев.

Похожие материалы