Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Microsoft АТ-академиясы ашылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Microsoft АТ-академиясы ашылды

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz – Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Microsoft АТ-академиясының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Microsoft-тың Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша бас менеджері Анке ден Аудeн және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры, профессор Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы қатысты.

Microsoft АТ-академиясы – студенттер мен оқытушыларды Microsoft технологияларына оқытуға арналған алаң. Академия ашылған сәттен бастап, студентерге Microsoft өнімдерімен және технологиялармен жұмыс жасау дағдыларын үйрету және ары қарай сертификаттаудан өтуге жағдай жасау мақсатында Ақпараттық технологиялар және Механика-математика факультеттеріндегі мамандықтарды оқыту курстары қайта қарастырылмақ.

«Тарихы тереңге тартқан қазақстандық университеттің оқыту-ғылыми кешенінде цифрлік технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшының озық АТ-академиясы өз жұмысын бастап отырғандығына біз қуаныштымыз. АТ-академия бағдарламасына қатысу арқылы университет осы саладағы кәсіпқойларға, болашақ студенттерге және академиялық экожүйеге мүдделі басқа да тараптарға Microsoft-тың ең соңғы технологиялары бойынша жоғары сапалы білім беріп, осы салада мойындалған университетке айналуға мүмкіндік алмақ», - деді Мұхамбетқали Бүркітбаев.

ҚазҰУ Microsoft АТ-академиясы технологияға бағытталған экономикада жетістікке жету үшін қажетті білімдерді оқытушылар мен оқушыларға игеруге мүмкіндік беретін оқу бағдарламалары мен сертификаттауды ұсынады. Курстар компьютерлік ғылымдар, АТ-инфрақұрылым, деректері өңдеу және талдау, өнімділік сынды бағыттарда дайындалған.

Похожие материалы