2015 жылдың 15 қарашасында ұлттық валютаға 22 жыл толады. 1993 жылы 12 қарашада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасын енгізу туралы" заңға қол қойды. Теңгенің құрылуы өте құпия деңгейде сақталды. Артық дабыра барлық жоспарды құрдымға жіберіп, үлкен шығынға батыруы мүмкін еді.
1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға енгізілді. Ұлттық валютамыздың дизайнерлері: Меңдібай Әлин, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов, Тимур Сүлейменов және Хайрулла Ғабжалылов.
1 теңгеге "екінші ұстаз" әл-Фарабидің бейнесі, екінші бетіне әл-Фараби атамыздың геометриялық құрылымдары мен формулалары салынды.
3 теңге сұр-жасыл, жасыл түстес болды. Ақын Сүйінбай Аронұлының портреті, екінші бетіне Іле Алатауының бейнесі салынды.
5 теңге қоңыр, сары-күлгін түстес болды. Күйші Құрманғазы Сағырбайұлының, екінші бетіне мавзолей кешенінің бейнесі салынды.
10 теңге күңгірт-жасыл, жасыл түсте болды. Бірінші бетіне ғалым Шоқан Уәлиханұлының, келесі бетіне Оқжетпес тауының бейнесі салынған.
20 теңгелік банкнотаға Абай атамыздың портреті салынды. Екінші бетінде құсбегінің бейнесі болды. Түсі күңгірт - қоңыр, қоңыр.
1993 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкнот. Бірінші бетінде үш жүз ханы Абылай ханы, екінші бетіне Қожа-Ахмет Яссауи кешенінің бейнесі салынған. Теңгенің дизайнын жасаған суретшілердің бірі Меңдібай Әлиннің сөзінше, тарихи тұлғалардың портретін салу өте қиынға соққан. 19 ғасырға дейін суреттер болмаған, Абылай хан мен әл-Фарабидің портретін саяхатшылардың еңбегінен іздейді. Абылай хан бейнесі орыс саяхатшыларының еңбектерінен табылды.
Портреттерді салушы - Ағымсалы Дүзелханов. Бірақ бұл ақшалар 2006 жылы 25 шілдеде айналымнан алынып тасталды. Суретшінің сөзінше, Ұлттық банкке көптеген мұсылмандардан адамның бейнесі салынған қағазды пайдаланғысы келмейтіні туралы шағым түседі.
Дегенмен алғашқы банкноталарға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті салынбақшы болған. Бұл туралы Мемлекет басшысы "Қазақстан жолы" кітабында жазады. " Е.Асанбаев, Т.Сүлейменов және Ғ.Байназаровменің бейнем салынған 50 теңгелік банкнотаны алып келді. "Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз-тарихи тұлғасыз, Қазақстанның бірінші Президентісіз. Осыған байланысты сіздің портретіңізді теңгеге орналастыруды қаладық",-дейді Ерік Асанбаев. Мен қаншалықты тарихи тұлға болғанымды болашақ бағалайтын болады деп жауап бердім. Барлығын әзілге айналдырып, портретімнің ақшада болғанын қаламайтынымды айттым. Африка елдерінің басшыларынан басқа, ешқандай тірі мемлекет басшыларының бейнесі банкнотаға салынбаған.
Әр кеш сайын мен жұмыс тобы отырған қала сыртындағы саяжайға бардым. Бізде валютаны қалай атауға байланысты үлкен дау туды. Маған "алтын" деген атау көбірек ұнайтын. Бірақ соңында "теңге" деген атауға келістік. Қыпшақ даласында монеталар "танга" деп аталған әрі орыс тіліндегі "деньги" сөзі мен "тенге" сөздерінің түбі бір.
Төменде 1993-1994 жылғы банкноталар үлгісі
Қазіргі банкноталардың барлығында архитектура ескерткіштері және табиғат бейнеленген. Дизайнерлердің басты мақсаты - банкноталар барлығына түсінікті болуы және ешкімнің мүдделеріне қайшы келмеуі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына шығарылған мерейтойлық жазуы бар 2001 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнот. Басым түстері - қоңыр және күлгін. Жалпы таралымы - 1 000 000 дана.
Адам бейнелері салынған ақшалар соңғы рет 2003 жылы шығарылды.
2006 жылдан бастап жаңа нақыштағы банкноталар пайда болды. Суретшілердің сөзінше, бір банкнота жасап шығару үшін 2 жылға жуық уақыт кетеді. Бұл технологияның өте қиын болуымен байланысты.
Әлемдегі ең таза банкноталардың бірі - эстондық валюта. Олар қысқа уақытта айналымнан алынып тасталынады. Ағылшындық фунт 9 ай қолданыста жүреді.
Біздің банкноталарымыз 6 айдан бір жылға дейін қолданылады. Жалпы банкноталар 5-7 жыл ішінде өзгереді, бұл қауіпсіздік жүйесіне байланысты.
2010 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкнотаның сипаттамасы. 2010 жылғы 5 қантарда айналысқа жіберілді.
Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуіне арналған номиналдық құны 1000 теңгелік ескерткіш банкнотаның сипаттамасы. 2011 жылғы 25 мамырда айналысқа жіберілді.
Жетінші Қысқы Азия Ойындарына арналған 2011 жылғы номиналы 2000 теңгелік ескерткіш банкнотаның сипаттамасы. 2011 жылғы 17 қантарда айналысқа жіберілді.
2013 жылғы үлгідегі «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 (бір мың) теңгелік ескерткіш банкноттың сипаттамасы. 2013 жылғы 12 желтоқсан айналысқа жіберілді.
Мәліметтер Ұлттық банк сайтынан алынды. Фото:voxpopuli.kz
Дарын Шөкенов "7"