Алматы. 12 қазан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 369,54 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (372,37 теңге / $1) ұлттық валюта 2,83 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 368,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 370 теңге, жабылу курсы бір долларға 369,50 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 22 млн 400 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 51.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 372 теңге, Алматыда – 372 теңге.