Познавательный
Машина жасау өндірісін қолдау үшін Ұлттық қордан 35 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда 2015 жылы отандық машина жасауды қолдау жөніндегі шараларды іске асыру үшін Ұлттық қордан 35 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр деп хабарлады ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Марат Құсайынов.
"Отандық машина жасауды қолдау үшін 2015 жылы Ұлттық қордан 35 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде автокөлік өндірісі үшін - 20 млрд теңге, тікұшақ жасауға - 10 млрд теңге, жолаушылар вагондарын жасауға - 5 млрд теңге", - деп мәлімдеді ол дүйсенбі күні Астанада өткен брифингте.
Оның айтуынша, отандық машина жасаушыларды қолдау ішкі нарықтағы шетелдік өнімді отандық өндіріс өнімімен мипорт алмасуын қамтамасыз етеді және өндіріс көлемін сақтап қалады.