Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік қызметке келетін үміткерлерге жаңа талаптар қойылады

Мемлекеттік қызметке келетін үміткерлерге жаңа талаптар қойылады

Астана. 24 желтоқсан. - Елімізде мемлекеттік қызметке келем деушілерге қойылатын талаптар өзгерді. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Мақсұт Өтешев журналистермен болған брифингте мәлім етті деп жазады Қазақпарат. 

Мақсұт Өтешевтің айтуынша, біліктілік талаптары әрбір мемлекеттік орган тарапынан дербес жасалады және міндетті түрде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен келісіледі. Біліктілік талаптары барлық мемлекеттік лауазымдарға білімі, еңбек өтілі және құзыреттілігі бойынша бірыңғай талаптар орнатады. Білімге талаптар лауазым деңгейіне байланысты қойылады. Бірқатар лауазымдарға, мысалға, ауылдық және аудандық деңгейде ортадан кейінгі, техникалық және кәсіби білімдер рұқсат етіледі. Орталық деңгейде үміткердің Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алғандығы немесе шетелдік білімі бар болуы ескеріледі. Мұндай білімі бар мемлекеттік лауазымға үміткерлерге мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілінің қысқалау мерзімі талап етіледі (мысалға 5 жылдың орнына 3 жыл мемлекеттік қызметтегі өтілім). Мемлекеттік қызметке келетіндер үшін жұмыс өтілі маңызды рөл атқарады. Қазір мемлекеттік қызметке мемлекеттік емес мекемелерде, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарда жұмыс өтілімі бар азаматтар да келе алады. Мансаптық үлгі икемділігін қамтамасыз ету және жеке сектордан дарындыларды тарту үшін мемлекеттік органдардағы міндеттермен ұқсас қызмет салаларда айтарлықтай жұмыс өтілі бар азаматтар арасында «ашық» іріктеу жүргізіледі. Сонымен бірге, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатындағы жаңа тәсілдерді іске асыру үшін жаңа талап бойынша, төменгі тұрған лауазымдағы азаматтың бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда мемлекеттік қызметте кезең-кезеңімен жылжыту тетегі енгізіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерлердің квалификациялық талаптары мемлекеттік қызметтегі жаңа тәсілдерге сай жетілдірілуде. Аталған сараптаманың негізінде, ендігі кезекте әскери қызметтегі, Парламент пен маслихат депутатының мәртебесіндегі, сот және халықаралық қызметкерлері мәртебесіндегі жұмыс өтілі ескерілетін болады. Биылғы жылы квалификациялық талаптарға жаңа «біліктілік» ұғымы енгізілді. Бұл әрбір қызметкерге тиімді жұмыс жасау үшін қажетті білім мен дағдылардан тұратын жиынтық. Біліктілікті бағалаудың автоматтандырылған жүйесі 12 тесттік жұмыстан құралған. Басшылық қызметіне үміткерлерге 10 біліктілік деңгейін анықтауға 90 минут, қалған қызметке үміткерлер үшін 8 біліктілік деңгейін анықтауға - 75 минуттан беріледі. Аталған жылдың басынан бері жеке қасиеттерін бағалауда тесттілеуден өткендердің 76,3% жоғары баға алды.

Похожие материалы