Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

МТС 2015 жылдың соңына дейін 500 млн доллар қарыз алады

МТС 2015 жылдың соңына дейін 500 млн доллар қарыз алады

Ресейлік "Мобильные ТелеСистемы" ААҚ 2015 жылдың соңына дейін 500 млн доллар қарыз алмақ. Бұл қаржы Украинадағы кәсібін дамыту үшін қажет деп хабарлайды Bloomberg агенттігі компанияның қаржы директоры және вице-президенті Алексей Корниге сілтеме жасап.

Украина шығысындағы жағдайларға байланысты Ресейге енгізілген санкциялар тізіміне кірмеген МТС компаниясы долларлы несиелерге қол жеткізе алады.

Владимир Евтушенко басқарып отырған МТС ақпан айында Украинада 3G сымсыз желісін пайдалануға берілген лицензия үшін 116 млн доллар төлеуге келісім берген. Корнидың сөзінше, компания оны 3 жыл ішінде құрамыз деп жоспарлап отыр. "Барлығы да мұнай бағасына байланысты. Біз Украинада 3G пайдалануға берілген лицензия үшін үлкен сомадағы қаржы жұмсадық. Бұл нарыққа үлкен қызығушылық танытып отырмыз және ұзақ мерзімді потенциал байқаймыз", - деді ол.

2014 жылдың соңында компанияның таза қарызы 3,8 млрд долларды құрады. Бұл - соңғы жеті жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Қарыздың төрттен үш бөлігі рубль түрінде алынған.  2015 жылдың бірінші тоқсанында МТС Сбербанктен 50 млрд рубльдік несие бағдарламасының аясында алғашқы 25 млрд рубльді (445 млн доллар) алған еді.

Похожие материалы