Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тәуекелді бағалау

Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тәуекелді бағалау

Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тәуекелді бағалау және есептеу мәселесі басқарудың тәжірибесі мен теориясының құраушы бөлігі ретінде өзіндік теоретикалық және қолданбалы маңыздылыққа ие болады.

Басқарушылық шешімдердің көбісі тәуекелділік жағдайында қабылданады және оны бірқатар факторлар сипаттайды – толық ақпараттың жоқтығы, қарсы тенденциялардың бар болуы, кездейсоқтық элементтері және тағы басқалар.

Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған стратегиясының негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ критикалық жағдайдың ықтималдығы ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес.

Тәуекелсіз бизнес мүмкін емес. Тәуекелдің күшеюі – кәсіпкерлік тәуекелдіктің екінші қарама-қарсы жағы, сол үшін өзіндік өтем.

Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық жаңашылдықтарды енгізуге және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол тәуекелдікті күшейтеді.

Осыдан мынадай шешімге келуге болады – кәсіпкер тәуекелдіктен қашпауы керек, оны азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек.

Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірібылай: «Тәуекелден қашпау, одан да оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге тырыса отырып, оның алдын ала білу».

Жоғарыда айтылғаннан осы курстық жұмыстың негізгі міндеттері мен мақсаттары туындайды:

қазіргі заманғы экономикалық фактордың сипаты ретінде тәуекелді есепке ала отырып, экономикалық үрдістердің сандық және сапалық қасиеттері туралы білімді кеңейту және тереңдету;

тәуекелді ескеретін экономика-математикалық модельдерді пайдалану, талдау және құрастыру методикасы мен методологиясына ие болу;

шешім қабылдау кезінде экономикалық тәуекелді өлшеу және моделдеудің қарапайым түрлерін оқу;

тәуекелді төмендету жолдарын анықтау және оны іс жүзінде пайдалану.

Курстық жұмыстың құрылымына келетін балсақ, бірінші бөлімінде – тәуекелдің мәні, функциялары және жіктелуі, яғни қандай жағдайда тәуекелдің қай түрі пайда болатындығы, екінші бөлімінде – тәуекелдікті талдау, яғни берілген кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалады және оның тәуекелі бағаланады, үшінші бөлімінде – кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдікті төмендету жолдары қарастырылған.

Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі

Тәуекел мәні және функциялары

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел табиғи түрде менеджментпен, оның барлық функцияларымен, жоспарлаумен, оперативті басқарумен, экономикалық бақылаумен, персоналды басқарумен түйіндес. Бұл функциялардың әрқайсысы тәуекелдің белгілі бір өлшемімен байланысты және оған шаруашылық жүргізудің икемді жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Яғни тәуекелдің ерекше менеджменті немесе тәуекелдің экономикалық мәнін тануға, кәсіпкерлік қызметтегі оған қатысты стратегияны дайындау және іске асыруға негізделген басқарудың ерекше жүйесі қажет.

Экономикалық ортада тәуекел әрдайым орын алса да, ол жеткілікті зерттелмеген. Ол бұл категорияның ұзақ уақыт теориялық зерттеу объектісі ретінде емес, практикаға қатысты қарастырылғанымен түсіндіріледі. Соңғы он жылдықта жағдай өзгере бастады: бұл нәрсе жоғары назар объектісіне айналды, ал экономикалық реформалардың басталуы – біздің зерттеу объектімізге.

Әдетте тәуекелді ресурстардың немесе табыстың шығынына әкеліп соғатын шаруашылық жүргізудің жағымсыз экономикалық салдарымен байланыстырады. Тәуекел көздері мен факторларын зерттеу арқылы оны болдырмауға, ондай аймақтан кетуге болады.

Егер шаруашылық тәуекел тек теріс нәтижелермен байланысты болса, онда кәсіпкердің оған дайындығын түсіндіру мүлдем мүмкін емес. Негізінде кәсіпкер мүмкін шығындарға қарамастан тәуекелге береды, себебі мұнда күшті ынталандырғыш бар – жоғары табыс, өзіндік кәсіпкерлік табыс. Әдетте инновациялық кәсіпкерлік формадағы табыс қарапайым табыстан жоғары болады.

Нарықтық экономика жағдайындағы тәуекел – кәсіпкерліктің маңызды элементі. Ақытында тәуекелге баратын кәсіпкер көбінесе сыйға ие болады. Тәуекел деп сәтті орайға сеніммен сәттілікке әрекетті санау қабылданған. Тәуекелдің өзіндік ерекшеліктері – белгісіздік, кенеттілік, сенімсіздік, сәттілік келеді деген болжам.

Саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында тәуекелділік дәрежесі бірталай өседі. Қазақстан экономикасының қазіргі дағдарысты жағдайында тәуекелділіктің күшеюі аса маңызды және ол өнеркәсіп кәсіпорындарының зияндылығынң өсуі туралы мәліметтермен анықталады.

Тәуекелділік - бұл жоспарларды іске асыру және кәсіпорын бюджетін пайдалану барысында қолайсыз жағдайдың болу мүмкіндігі. Тәуекелділіктің 2 функциясы ажыратылады: ынталандырушы және қорғаушы.

Ынталандырушы функциясының 2 аспектісі бар: конструктивті және деструктивті. Біріншісі, тәуекел экономикалық, әсіресе инновациялық, инвестициялық мәселелерді шешкенде, католизатордың ролін атқарғанда айқындалады. Екінші аспект негізсіз тәуекелмен шешім қабылдау және іске асыру авантюризміне әкеліп соғуымен айқындалады. Авантюризм – алға қойылған мақсатты іске асырудың мүмкін еместігінің маңызды ықтималдығынан тұратын тәуекелдің объективті бір түрі, бірақ ұндай шешім қабылдайтын тұлғалар оны сезінбейді.

Қорғаушы функциясының да 2 аспектісі бар: тарихи-генетикалық және әлеуметтік құқықтық. Біріншісінің мазмұны адамдардың әрқашан мүмкін салдардан қорғанудың формасын және шараларын стихиялы түрде іздейтіндігінде. Тәжірибеде бұл сақтандыру резервтік қорын құруда, кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыруда көрініс табады. Екінші аспектінің мәні тәуекелдің заңдылық категориясын шаруашылық, еңбек, қылмыстық заңдарға енгізудің қажеттілігінде.

Тәуекелге тән сипаттың қатарынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:

қайшылықтылық;

баламалылық;

белгісіздік.

Қайшылықтылық бір жағынан, тәуекел қоғамдық техникалық прогресті жеделдететіндіктен, қоғадық ой пікірге және қоғамның рухани жағдайына позитивті әсер ететіндіктен маңызды экономикалық, саяси және рухани-өнегелік салдарға ие болуында көрінеді. Екінші жағынан, егер толық емес бастапқы ақпарат, тәуекелділік жағдайы шартында балама шешім қабылдауға қатысты құбылыстың дамуының объективті заңдылығын есепке алмай таңдаса, тәуекел авантюризмге, валютаризмге, субъективизмге әкеліп соғады, әлеуметтік прогресті тежейді, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және моральдық шығындарды тудырады.

Баламалық шешімнің екі немесе бірнеше мүмкін нұсқаларын таңдаудың қажеттілігін болжайды. Таңдау мүмкіншілігінің жоқтығы тәуекелділік жайлы алып тастайды. Таңдау жоқ жерде тәуекелділік жағдай да туындамайды, яғни тәуекел де болмайды.

Тәуекелдіктің болуы белгісіздікпен тікелей байланысты. Ол пайда болу формасы бойынша және мазмұны бойынша біржақты емес. Тәуекел анықты білмеуді, бір мағыналықтың жоқтығын білдіретін белгісіздікті шешу тәсілдерінің бірі болып табылады. Тәуекелдің осы қасиетіне екпінді назар аударылуы тәжірибеде белгісіздіктің объективті және субъективті көздерін елемей басқару мен реттеуді іске асырудың келешегі жоқтығымен байланысты маңызды болып табылады.

1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі

Экономикалық тәуекелдердің жіктелуінің әртүрлі нұсқалары тәуекелділік ретінде қабылданатын белгілі бір нәтижеге әртүрлі қатынасты шарттайтын нарықтық экономиканың базисті қағидаттарынан құралады. Сондай қағидаттарға мыналар жатады:

 - тұтынушылық таңдау мен мінез-құлық еркіндігі (тұтынушылық тәуекелділік);

 - кәсіптік қызметтің таңдау еркіндігі (кәсіптік қызмет тәуекелдігі);

 - кәсіпкерлік еркіндігі (кәсіпкерлік тәуекелділік);

 - нарықтың барлық қатысушыларының рационалды мінез-құлқы, яғни олардың өз пайдасын іске асыруға ынталануы (минимум шығын – максимум пайда). Ұзақ мерзімді кезеңде басқа себептермен басқарылып экономикалық шешім қабылдайтын нарық субъектілері рете не кеш қайыршылық күйге түседі;

 - нарықтың барлық субъектілері шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануға тырысатын экономикалық ортаның мұндай ұйымында қоғамдық жігерді барынша күшейту (басқаларға зиянн тигізбей табысты барынша көбейту).

Тәуекелділіктерді әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: пайда болу сипаты; кәсіпкерлік функционалды салалары мен түрлері, ареал мен масштаб; проблеманы шешу кезеңдері; әсер ету ұзақтығы, сақтандыру мүмкіндіктері, мүмкіншілік деңгейі және тағы басқалары. Кәсіпкерлік тәуекелдіктердің түрлері 1.1-кестеде көрсетілген.

1.1-кесте. Кәсіпкерлік тәуекелдіктердің түрлері

Жіктелу белгілері Тәуекелдік түрлері Тәуекелдіктің сипаттамасы
1 2 3
Пайда болу табиғаты Субъективті (кәсіпкердің жеке басымен байланысты) Тәуекелге деген дамымаған қабілет; білім, тәжірибе, кәсіпқойлықтың жетіспеуі; негізсіз амбициялар; нарықтағы мінез-құлық ережелерін бұзу; келісімді жеткілікті түсінбеу және тағы басқалары.
Объективті Ақпараттың жеткіліксіздігі; апаттар; инвестициялаудың, салық салудың, несиелеу шартының, заңдардың, ақпарат деңгейінің, нарық коньюктурасының кенет өзгеруі және тағы басқалар.
Мәселенің шешілу кезеңіне байланысты Шешім қабылдау кезеңінде Ақпараттың жеткіліксіздігінен, оның сапасының төмендігінен немесе жалған хабарды пайдаланудан тәуекелдіктің деңгейін анықтау тәсілін пайдаланудағы қателік; немесе керісінше, бұл тәсілдерді жақсы иелену.
Шешімді іске асыру кезеңінде Дұрыс шешімді іске асырудағы қателіктер, субъективті шарттардың кенет өзгеруі.
Масштаб бойынша Жергілікті, жеке өндіріс деңгейінде Жеке фирмалардың (кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімдерінің) тәуекелдігі.
Салалық Саланың ерекшелігімен байланысты тәуекелдік
Аймақтық ҚР-дың, елдің экономикалық аймақтарының субъектілерінің территориясы деңгейінде кәсіпкерлікті қамтиды.
Ұлттық Кәсіпкерлікті макроэкономика (салық салудағы, несиелеудегі, заңдардағы, саясаттағы кенет өзгерулер нәтижесінде) деңгейінде қамтиды.
Халықаралық (еларалық) әлемдік нарық коньюктурасындағы өзгерістермен, елдер арасындағы қарым-қатынастармен, масштабты апаттармен байланысты.
Пайда болу ортасына байланысты Сытрқы Экономикалық саясаттағы, өндірістің макрошарттарындағы кенет өзгерістер; үлкен территориялардағы апаттар; валюталық тәуекел және тағы басқалар.
Ішкі Кәсіпорынның мамандануымен байланысты тәуекелдіктер: өндірістік, қаржылық, сақтандыру.
Сақтандыру мүмкіндігі бойынша Сақтандырылатын Сақтандырушылардың тәуекелін өзіне алатын ұйымдармен сақтандыруға және сандық анықтауға берілетін.
Сақтандырылмайтын Деңгейін бағалау мүмкін емес форс-мажорлы тәуекелдер, сондай-ақ сақтандырушының тәуекелін.
Кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша Қаржылық Фондтық нарықтағы тәуекелдік: өтімділік, ақпараттық, валюталық және тағы басқа; банктік-несиелік, пайыздық, портфельдік; жалпы нарықтық бағалаудың төмендеуі (инфляциялық); банк клиентінің ерекшелігімен байланысты лизингтік және факторингтік тәуекелдіктер.
Заңдық Заңдардағы кенет өзгерістермен және заң шығаратын актілердің сапасының төмендігімен түйіндес.
өндірістік өндірістегі мәжбүр болатын үзілістермен, өндірістік қорлардың істен шығуымен, айналым құралдарынан айырылумен, шикізат, құрал-жабдықтардың уақытылы жеткізілмеуінен және тағы басқалары.
Коммерциялық Нарық коньюктурасының және басқа да коммерциялық қызметтердің шарттарындағы кенет өзгерістер салдарынан
Инвестициялық Инновациялық қызметтегі, инвестициялық ортадағы күтпеген жағдайлармен, белгісіздіктермен сипатталады.
Сақтандыру Сақтандыру қорын құру, басқару, сондай-ақ меншік мүлікті, ақша қаражаттарын және персоналды басқару.
Инновациялық Инновациялық ортадағы белгісіздіктерден туындайтын (инновациялық идеяның туындауынан, оны өнімде немесе технологияда іске асырудан бастап, сәйкес өнімді нарықта өткізумен аяқтау).
Әртараптандыру мүмкіндігі бойынша Жүйелі Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір ортасына тән (бұлай жалпы құнды қағаздарлың бағасының төмендеуінің тәуекелділігі фондтық нарықта жүйелі саналады).
өзіндік Берілген қызметтік ортада нақты операциядан кәсіпкерлік табыс алумен байланысты.
Мүмкіншілік деңгейі бойынша Минималды Есепті көрсеткіш табыстың 0-25% -ға дейін жоғалтулар болуы мүмкін деңгейімен сипатталады.
  Жоғары Есепті көрсеткіш табыстың 25-50%-дан жоғары болмайтын жоғалтулар.
  Критикалық Есепті көрсеткіш табыстың 50-75%-ға дейін жоғалтулар.
  Жіберуге болмайтын Мүмкін болатын жоғалтулар жеке құралдар мөлшеріне жақын, яғни фирманың банкротқа ұшырау қаупі бар тәуекел деңгейінің пайызы 75-100-ге тең.

Тәуекелдің ғылыми негізделген жіктелуі олардың әрқайсысының жалпы жүйедегі орнын анықтауғы мүмкіндік береді. Әрбір тәуекелге бару тәсілінің жүйесі сәйкес келеді. Мүмкін нәтижеге байланысты тәуекелді 2 үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті.

Таза тәуекел теріс немесе нөлдік нәтиже алу мүмкіндігін білдіреді. Оларға мына тәуекелдер жатады: табиғи-жаратынды, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдердің бөлігі (мүліктік,өндірістік, саудулық).

Спекулятивті тәуекелдер оң және теріс нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Берілген топқа коммерциялық тәуекелдердің бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер де жатады.

Пайда болуының негізгі себептеріне (базисті немесе табиғи тәуекел) байланысты тәуекелдер былай бөлінеді: табиғи-жаратынды, экологиялық, саяси, транспорттық, коммерциялық.

Табиғи-жаратынды тәуекелдерге табиғи апаттарға байланысты тәуекелдер (жер сілкінісі, су тасқыны, боран, өрт, эпидемия) жатады.

Экологиялық тәуекелдер – қоршаған ортаның ластануымен байланысты тәуекелдер.

Саяси тәуекелдер мемлекеттің қызметімен және елдегі саяси жағдайлармен сипатталады. Олар басқарушы субъектіге байланысты емес себептермен өндірістік-саудалық процестің шарттары бұзылғанда пайда болады.

Транспорттық тәуекелдер – көлікпен жүк тасымалдаумен байланысты тәуекелдер.

Коммерциялық тәуекелдер қаржылық-шаруашылық қызмет процесінде жоғалту қаупін сипаттайды. Олар берілген коммерциялық қызметтегі нәтижелердің белгісіздігін білдіреді. Құрылымдық белгілері бойынша тәуекелдер мүліктік, өндірістік, саудалық, қаржылық болып бөлінеді.

Мүліктік тәуекелдер кәсіпкердің мүлкін ұрлату, диверсия, немқұрайлық, техника мен технологиялық жүйенің аса кернелуі мүмкіндігімен байланысты.

Өндірістік тәуекелдер – айналым немесе негізгі қорлардың бұзылуымен немесе істен шығуымен байланысты тәуекелдер, сондай-ақ өндіріске жаңа техникалар мен технологиялар енгізумен байланысты тәуекелдер.

Саудалық тәуекелдер төлемдер бөгелісінің тауарды тасымалдау кезінде төлеуден бас тартудың, тауарды жеткізбеудің салдарынан пайда болады.

Қаржылық тәуекелдер қаржылық ресурстардың, яғни ақша қаражаттарының жоғалу мүмкіндігімен шартталады. Бұл тәуекелдер 2 түрге бөлінеді: ақшалардың сатып алу қабілетімен байланысты тәуекелдер және капитал салумен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер). Біріншіге мыналар жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер және өтімділік тәуекелдер.

Инфляциялық тәуекел – инфляция өскенде алынған ақшалай табыстар нақты сатып алу қабілеті көзқарасымен өскеннен гөрі тез құнсызданады. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты жоғалтуларға ие болады.

Дефляциялық тәуекел –дефляция өскенде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкердің экономикалық шарттары нашарлайды және табыстар төмендейді.

Валюталық тәуекелдер – сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізгенде бір шетелдік валютаның басқа валютаға қатысты курсының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалтулар қаупімен байланысты тәуекелдер.

Өтімділік тәуекелдері –құнды қағаздарды немесе басқа да тауарларды сатқанда оның сапасы және тұтынушылық құнын бағалаудың өзгергені үшін болатын мүмкін жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.

Инвестициялық тәуекелдерге кіреді: табыстан айырылу тәуекелі, пайдалылықтың төмендеу тәуекелі және тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.

Табыстан айырылу тәуекелі –қандай да бір шараны (мысалы, сақтандыру, инвестициялау және тағы басқа) іске асырмау нәтижесінде жанама қаржылық жоғалтулардың жақындауы тәуекелі.

Пайдалылықтың төмендеу тәуекелі несиелер, салымдар және портфельдік инвестициялар бойынша дивидендтер және пайыздардың азаюы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Портфельдік инвестициялар құнды қағазға және басқа да активтерге ие болу арқылы инвестициялық  портфельді қалыптастырумен байланысты.

Пайдалылықтың төмендеуі тәуекеліне пайыздар мен несиелік тәуекелдер кіреді.

Пайыздық тәуекелдерге инвесторлардың акция бойынша дивидендтердің, облигация, сертификаттардың және басқа да құнды қағаздар бойынша нарықтағы пайыздық ставкалардың өзгеруімен байланысты мойнына алатын жоғалтулар тәуекелі жатады.

Несиелік тәуекел- қарыз алушының кредиторға тиесілі пайызбен негізгі қарызды төлемеу қаупі.

Несиелік тәуекел сондай-ақ тікелей қаржылық тәуекелдердің бір түрі болып табылады және тікелей қаржылық тәуекелдерге мыналар кіреді: биржалық тәуекел, селестивті тәуекел, банкротқа ұшырау тәуекелі.

Биржалық тәуекел биржалық келісімдерден болатын жоғалтулар қаупін білдіреді. Бұл категорияға коммерциялық келісімдер бойынша төлемдер тәуеклі, брокерлік фирманың комиссиондық сый беруді төлемеу тәуекелі кіреді.

Селективті тәуекелдер – капитал салудың түрлерін, инвестициялық портфельді қалыптастыру кезінде құнды қағаздардың басқа түрімен салыстырғанда инвестициялау үшін құнды қағаздың түрін дұрыс емес таңдаудың тәуекелдері.

Банкротқа ұшырау тәуекелі – кәсіпкердің капитал салуды дұрыс таңдамағандықтан өзінің жеке капиталынан толық айырылу және өзіне алған міндеттемелер бойынша есептесе алмау қаупі.

Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және тәуекелін бағалау

2.1 Кәсіпорынның қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау

2.2 Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау

Тәуекелді талдауға тәуекел аспектілері бойынша мәліметтерді жинау және өңдеу, тәуекелді сандық және сапалық талдау кіреді.

Тәуекел аспектілері бойынша мәліметтерді жинау және өңдеу – тәуекелді басқару үрдісінің негізгі кезеңдерінің бірі, себебі басқару үрдісі бірінші кезекте әртүрлі ақпаратты алу, өңдеу, жіберу және тәжірибеде пайдалануды білдіреді.

Осы кезеңде алынған ақпарат дәйекті, сапалы толыққанды және уақытылы болуы керек. Тәуекелді капитал салудың мақсаты мен мінез-құлқына байланысты ол мынадай ақпарат болу мүмкін: тәуекелдік жағдайдың болу ықтималдығы туралы; бесекелестердің, тұтынушылардың, әріптестердің қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеті туралы; сыртқы экономикалық қызмет бойынша әріптестің еліндегі саяси және экономикалық жағдай туралы; белгілі бір қызмет және тауар нарығының жағдайы туралы; сақтандыру шарттары туралы және тағы басқа.

Мұндай ақпараттың көзі болып өткен шақтағы осындай жобаның тәжірибесі жайында мәліметтер, мамандардың (эксперт) ойы, арнайы мамандандырылған компаниялардың мәліметтері.

Сапалық талдауға жатады: тәуекел себептері мен көздерін, кезеңдер мен жұмыстарды орындау кезінде туындайтын тәуекелді анықтау, яғни: тәуекелдің әлеуетті аймағын анықтау; барық мүмкін тәуекелдерді анықтау; тәуекелі бар шешімді іске асыру барысында туындауы мүмкін теріс нәтижелер мен тәжірибелік табысты анықтау.

Сапалық талдау үрдісінде тек жобаға қауіпті барлық тәуекелдерді айқындау ғана емес, сондай-ақ мүмкіндігінше тәуекелділік жағдайдың туындауымен болатын ресурстарды жоғалту мүмкіндігін анықтау да өте маңызды.

Сапалық талдау нәтижелері сандық талдауды іске асыру үшін маңызды бастапқы ақпарат болып табылады.

Сапалық талдау және тәуекелдерді сандық анықтауды және жобаның жалпы тәуекелін анықтауды көрсетеді. Бұл кезеңде тәуекелдік жағдайдың болу ықтималдығының және оның нәтижесінің сандық мәні анықталады, тәуекел деңгейін сандық бағалауды жүргізу, берілген нақты жағдайдағы тәуекелдіктің мүмкін деңгейін анықтау.

Сандық талдау үрдісінде жобаны іске асыру кезінде кәсіпкер кездесетін теуекелдердің кең тобы анықталуы мүмкін. Сандық талдаудың статистикалық және эксперттік әдістері жиі қолданылады.

Статистикалық әдісте берілген немесе осыған ұқсас өндірістегі табыстар мен шығындардың статистикасы зерттеледі, белгілі бір экономикалық нәтиже алудың жиілігі мен өлшемі беріледі және болашаққа ең ықтималды деп табылатын болжам жасалады.

Эксперттік әдісте тәжірибелі кәсіпкерлер мен мамандардың ойларын өңдеу негізінде тәуекелдің сандық бағалауы алынады.

Мынадай мысал арқылы эксперттік әдісті талдайық.

Мысал. Бірінші приоритет үшінші приоритеттен 4 есе салмақтырақ деген болжам жасайық.

2.2-кесте. Бизнес-жоспарды іске асыру тәуекелдері

Тәуекелдер Si, i=1,n Табысқа теріс әсері Приоритет тобы Qj, j=1,k
S1 – ЖЖММ-ға бағаның өсуі  S2 – машиналар паркінің ескіруі S3 – айналым құралдарының жетіспеуі S4 – инфляция нәтижесінде күтілмеген шығындар Бағаның өсуінен табыстың азаюы Жөндеу жұмыстарына шығынның өсуі Айналым құралдарын толықтыру нәтижесінде табыстың азаюы Қарыз қаражаттарының көлемінің өсуі           Q1
S5 – жергілікті биліктің қарым-қатынасы S6 – еңбек ақының жеткіліксіз деңгейі S7 – кадрлардың квалификациясы S8 – тұтынушылардың төлем қабілеті S9 – салықтың өсуі            Олардың шарттарын орындау үшін қосымша шығындар Кадрлардан айырылу Ырғақтылықтың төмендеуі, авариялардың көбеюі Табыстың төмендеуі Таза табыстың азаюы         Q2
S10 – құрамдардың уақытылы жеткізілмеуі     S11 – мердігердің абыройсыздығ S12 – жабдықтаушыларға тәуелділік, баламаның болмауы S13 – жоба-ізденушілік жұмыстардың жеткіліксіздігі      Қуаттарды енгізу мерзімінің ұзаруы, мердігерге айыппұл төлеу Қуаттарды енгізу мерзімінің ұзаруы Бағаның өсуінен табыстың азаюы     Құрылыс құнының өсуі,  қуаттарды енгізу мерзімінің ұзаруы             Q3

2.3-кесте. Тәуекелдің пайда болу ықтималдығы

Тәуекелдер Эксперттер Орташа ықтималдық, Pi
Бірінші Екінші Үшінші
S1 S2 S3 S4 S5 S6 S7 S8 S9 S10 S11 S12 S13 85 80 70 70 50 40 30 30 25 15 15 10 5 80 85 75 65 45 35 35 35 30 15 10 5 11 80 75 80 70 45 40 40 30 35 15 10 10 5 82 80 75 68 47 38 35 32 30 15 12 8 7

Мысалда 3 эксперттің ойы қолданылды. Келесі ережелер бойынша орындалатын эксперттердің қарама-қайшылық талдауына олардың бағалаулары ұшырайды:

1-max/Ai-Bi/<50             I,n;

2-∑/Ai-Bi/ /n=<25

мұндағы Ai және Bi – iтәуекеліне қатысты әр I жұбын бағалау.

Бірінші және екінші, екінші және үшінші, бірінші және үшінші эксперттердің жұпты салыстырылған ойы үшін сәйкесінше барлығы үш бағалау (I=3)

Болуы керек.

ереже – кез-келген фактор бойынша екі эксперттің бағалауының арасында максималды жіберілетін айырмашылық 50-ден кем болуы тиіс.

ереже – эксперттердің бағаларының орташа келісулеріне бағытталған. Ол бірінші ереже орындалғаннан кейін орындалады. Айырмашылықтарды есептеу үшін бағалар модуль бойынша қосылады, нәтижесі жай тәуекелдер санына бөлінеді. Эксперттерлің бағалауларын бір-біріне қарама-қайшылықты емес деп алынған нәтиже 25-тен аспаған жағдайда айтуға болады.

Жалпы жоба бойынша тәуекелдің деңгейін бағалау қажет. Бірінші қадам болып әрбір жай тәуекелдің оның жиынтығы бойынша үлес салмағын анықтау табылады. Ол үшін ең аз приоритетті топтың салмағы анықталады:

Wk=2/k(f+1)                 W3=2/3(4+1)=0.133

Бұдан кейін қалған приоритетті топтардың үлес салмағы анықталады:

Wj=Wk*(k-j)*f+j-1/k-1

W1=0.133*((3-1)*4+1-1)/(3-1)=0.532

W2=0.133*((3-2)*4+2-1/(3-1)=0.333

Енді жай тәуекелдердің үлес салмағын есептейміз:

Wi=Wj/Mj

W1=W2=W3=W4=0.532/4=0.133

W5=W6=W7=W8=W9=0.333/5=0.067

W10=W11=W12=W13=0.133/4=0.033

Есептеулердің нәтижесін 2.4-кестеге енгіземіз.

2.4-кесте. Тәуекелдердің үлес салмақтары

Тәуекелдер Si   Приоритеттер  Qj Тәуекелдердің үлес салмақтары, Wi
S1 S2 S3 S4     Q1 0.133 0.133 0.133 0.133
S5 S6 S7 S8 S9     Q2 0.067 0.067 0.067 0.067 0.067
S10 S11 S12 S13   Q3 0.033 0.033 0.033 0.033

Екінші қадам – эксперттердің бағаларының қарама-қайшылықсыздығына талдау.

2.5-кесте.

Тәуекелдер Эксперттер /Ai-Bi/ Max/Ai-Bi/
I II III
S1 85 80 80 /85-80/=5 /80-80/=0 /85-80/=5 5
S2 80 85 75 /80-85/=5 /85-75/=10 /80-75/=5 10
S3 70 75 80 /70-75/=5 /75-80/=5 /70-80/=10 10
S4 75 65 70 /75-65/=10 /65-70/=5 /75-70/=5 10
S5 50 45 45 /50-45/=5 /45-45/=0 /50-45/=5 5
S6 40 35 40 /40-35/=5 /35-40/=5 /40-40/=0 5
S7 30 35 40 /30-35/=5 /35-40/=5 /30-40/=10 10
S8 30 35 30 /30-35/=5 /35-30/=5 /30-30/=0 5
S9 25 30 35 /25-30/=5 /30-35/=5 /25-35/=10 10
S10 15 15 15 /15-15/=0 /15-15/=0 /15-15/=0 0
S11 15 10 10 /15-10/=5 /10-10/=0 /15-10/=5 5
S12 10 5 10 /10-5/=5 /5-10/=5 /10-10/=0 5
S13 5 10 5 /5-10/=5 /10-5/=5 /5-5/=0 5
∑/Ai-Bi/ /n 160/13=12,3

2.5-кестенің мәліметтері эксперттердің келісімділігін және 2.5-кестенің мәліметтерін есептеулерде пайдалануға болатындығын білдіреді. Себебі эксперттердің ойларының қарама-қайшылықсыздығын бағалаудың ережелері орындалады:

1-max/Ai-Bi/<50             I,n;  (6 бағана)

2-∑/Ai-Bi/ /n=<25

Біздің мысалда ол 12,3-ке тең.

Үшінші қадам жобаның жалпы тәуекелдігін бағалау.

2.6-кесте.

Тәуекелдер, Si Үлес салмақ, Wi Ықтималдық, Pi Бал, Wi*Pi
S1 S2 S3 S4 S5 S6 S7 S8 S9 S10 S11 S12 S13 0,133 0,133 0,133 0,133 0,067 0,067 0,067 0,067 0,067 0,033 0,033 0,033 0,033 82 80 75 68 47 38 35 32 30 15 12 8 7 10,91 010,64 9,98 9,04 3,15 2,55 2,35 2,14 2,01 0,49 0,40 0,26 0,23
Барлығы 1,0 х 54,15

Жобаның жалпы тәуекелінің бағасы 54,15 бал, қарастырылып отырған жобаның орташа тәуекелдігін көрсетеді.

Кәсіпорынның тәуекел дәрежесін өндірістік, қаржылық және өндірістік-қаржылық леверидж көрсеткіштеріне сүйене отырып жүргізуге болады.

Өндірістік леверидж тұрақты шығындардың табысқа және өндіріс көлемінің өзгерісіне әсер ету деңгейін көрсетеді. Өндірістік леверидж деңгейі өзгермелі шығындарды алып тастағандағы өткізілген өнімнен түскен табыстың жалпы табысқа қатынасымен анықталады. Өндірістік леверидж өнімді өткізуден түскен табыс төмендегендегі тәуекелділік дәрежесін сипаттайды. Оның жоғары мәнінде өнім өндірудің елеусіз төмендеуі немесе өсуі табыстың елеулі өзгеруіне әкеліп соғады. Олай болса, өндірістік леверидж неғұрлым жоғары болса, кәсіпкерлік тәуекел соғұрлым жоғары болады. Жоғары өндірістік левериджпен өз өніміне тұрақты сұранысқа ие, өндірудің және өткізудің тұрақты көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар кәсіпорындар ғана жұмыс істей алады.

Өлев=(өт.өн.түс.таб.-өзг.шығ.)/жалпы табыс=(795512-556858)/180756=1.3

Бұл дегеніміз кәсіпорынның шығындар құрылымы өзгеріссіз қалғанда өндіріс көлеменің 1 пайызға төмендеуі, жалпы табысты 1,3 пайызға төмендетер еді.

Қаржылық леверидж табыс пен меншікті және қарыз капиталының ара қатынасын көрсетеді.

Қаржылық леверидж – меншікті және қарыз капиталының құрылымы мен көлемін өзгерту арқылы табысқа әсер етудің әлеуетті мүмкіндігі. Оның деңгейі жалпы табыстың таза табысқа қатынасымен анықталады.

Қаржылық левериджтің өсуі ұзақ мерзімді несиелер мен займдар бойынша пайыздарды төлеуге қаржының жетіспеуімен байланысты қаржылық тәуекел деңгейінің өсуімен сипатталады. Жоғары қаржылық леверидж жағдайында инвестицияланған капиталдың рентабельділігі мен жалпы табыстың елеусіз өзгерісі өндірістің төмендеуінде қауіпті таза табысбың елеулі өзгерісіне әкеледі.

Қлев=жалпы табыс/таза табыс=180756/41348=4,4

Яғни жалпы табыстың 1 пайызға төмендеуі, таза табысты 4,4 пайызға төмендетеді.

Қорытындылаушы көрсеткіш болып өндірістік және қаржылық леверидж мәндерінің көбейтіндісін көрсететін өндірістік-қаржылық леверидж табылады. Ол сыртқы қарызға қызмет көрсету бойынша қаржылық шығындарды және өндірістік шығындарды өтеу үшін қаржының жетіспеушілігімен байланысты жалпы тәуекелді білдіреді.

ӨҚлев=Өлев*Қлев=1.3*4.4=5.72

Өндіріс көлемінің 1 пайызға төмендеуі таза табысты 5,72 пайызға азайтады.

3.Тәуекелдікті төмендету жолдары

Жобаның тәуекелдігінің жоғары деңгейі оны төмендетудің жасанжы жолдарын іздеуге итермелейді.

Жобаларды басқару тәжірибесінде тәуекелді төмендетудің 3 тәсілі бар:

жобаға қатысушылар арасында тәуекелдікті бөлу (тәуекелдің бөлігін орындасушыларға беру);

сақтандыру;

күтілмеген шығындарды жабу үшін қорларды сақтау;

Тәуекелді бөлудің қарапайым тәжірибесі тәуекелді әрдайым есептеуге және бақылауға мүмкіндігі бар жоба қатысушысын тәуекелге жауапты етуден тұрады. Бірақ өмірде дәл осы серіктестің тәуекел әрекетінің зардабына төзуге қаржылық жағынан жеткілікті берік емес болуы жиі кездеседі.

Кеңес беруші кәсіпорындардың жабдықтаушылардың және тіпті мердігерлердің көбісінің өздерінің тіршілігін қауіпке ұшыратпай пайдалана алатын, тәуекелдің орнына төлеуге арналған шектеулі қаржылары бар.

Тәуекелді бөлу шартты құжатты және жобаның қаржылық жоспарын өңдеу кезінде іске асырылады.

Тәуекелді талдау сияқты тәуекелді жобаға қатысушылар арсында бөлу де сапалық және сандық болады.

Жобаларда тәуекелдерді сандық бөлу үшін концептуалды модельді пайдалану ұсынылады (3.1-сурет).

Ықтималдық және шешім ағашы негіз болып табылатын модель шешімнің стандартты әдісіне негізделген және бұл ағаш шешімдердің жүйелілігін қалыптастыру үшін пайдаланылады.

Белгілі бір тапсырысты талдау бойынша шешімдердің тізбектілігі тапсырыс портфелін қалыптастыру кезеңінде анықталады. Бұл проблема инвестициялық жоба кем дегенде екі жақтың сатушы және сатып алушының немесе тапсырыс беруші және орындаушының қатысуымен сипатталатын екі жақты белгіге ие.

3.1-сурет. Тапсырыс беруші мен мердігер арасында тәуекелді бөлу үрдісінің жалпы концептуалды моделі

Бір жағынан тапсырыс беруші барлық сапа және мезгіл бойынша талаптар орындала отырып, келісімнің құнын мүмкіндігінше төмендетуге тырысады. Екінші жағынан орындаушы тапсырыс портфелін құру кезінде максималды табыс алуға тырысады. Орындаушының табысы, яғни тапсырыс портфелін бағалау келесі формула бойынша анықталады:

 П=(К+У1)Р(У1)*(К+У2)Р(У2)*…*(К+Уn)Р(Уn)

Мұндағы П – белгісіздіктерді есепке алғандағы фирманың табысы;

К – фирманың бастапқы капиталы;

Уі –фирманың мүмкін табысы;

Р(Уі) - әр бітудің мүмкіндігі.

Жобаны инвестициялаудың ұзақтығы мен өлшемдерінің өсімі, әртүрлілігі және күрделілігі, оларды іске асыруға жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу, кез-келген фирманы қоршаған сыртқы ортаның жоғары икемділігі, бәсекелестік, инфляция және басқа да теріс факторлар жобаны іске асыру үрдісіндегі тәуекел деңгейінің өсуіне әкеліп соғады.

Тәуекелді сапалы бөлу жобаға қатысушылар әлеуетті инвесторлар диапазонын кеңейтетін немесе тарылтатын бірқатар шешім қабылдайтынын көрсетеді. Қатысушылар инвесторларға тәуекелділіктің неғұрлым жоғары дәрежесін міндеттеуге ниеттенсе, соғұрлым қатысушыларға жобаны қаржыландыруға тәжірибелі инвесторларды тарту қиынырақ болады.

Сондықтан жоба қатысушыларына келісөз жүргізген кезде тәуекелдің қандай бөлігін олар өз мойнына алуға дайын екендігіне байланысты максималды икемділік көрсету ұсынылады. Жоба қатысушыларының өздеріне тәуекелдің үлкен бөлігін қабылдау туралы мәселені талқылауғаынтасы тәжірибелі инвесторларды талаптарын азайтуға көндіруі мүмкін.

Көптеген ірі жобаларға оларды іске асыруда мүдіріс тән, ал ол тапсырыс берушіні жобаның бастапқы құнынан да асып кететін жұмыс құнының өсуіне әкелуі мүмкін.

Мысалы, электрмен жабдықтау желілерінің уақытылы қосылмауы нәтижесінде. Мұндай жағдайда мүдіріс үшін мердігердің айыппұлының көлемі тапсырыс берушінің шығындарынан біршама аз болады.

Мұндай жағдайдан шығу үшін жобаға қатысуға сақтандыру компанияларын тарту қажет.

Тәуекелді сақтандыру дегеніміз – белгілі бір тәуекелдерді сақтандыру компанияларына аудару болып табылады. Бұл мәселені ірі құрылыс кешенін тұрғызу мысалында қарастырайық.

Сақтандырудың 2 тәсілі пайдаланылады: мүліктік сақтандыру және кездейсоқ жағдайдан сақтандыру.

Мүліктік сақтандыру келесі формаларға ие болады:

мердігерлік құрылыс тәуекелін сақтандыру;

кеме жүктерін сақтандыру;

мердігердің құрал-жабдықтарын сақтандыру.

Кездейсоқ жағдайдан сақтандыруға кіреді:

жалпы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;

кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру.

Сақтандырудың негізгі формаларының ерекшеліктері:

Мердігерлік құрылыс тәуекелін сақтандыру аяқталмаған құрылысты материалды шығындардан немесе зияндардан сақтандыруға арналған.

Сақтандыру тәуекеліне байланысты мердігерлік құрылыс тәуекелін сақтандыру келісімшартының 3 түрі бар:

Өрттен сақтандырудың стандартты келісімшарты келісімшартта көрсетілген меншікті тікелей материалды шығыннан және зақымнан қорғау үшін қажет.

Өрттен сақтандырудың кеңейтілген келісімшарты өрттен сақтандырудың стандартты келісімшарты мен нақты сақтандырушылардың қажеттіліктерін ескеріп бірнемесе бірнеше өзіндік толықтырмадан тұрады.

Әдетте мұндай қосымшаларға азаматтық толқуларман, жарылыспен, дауылмен байланысты тәуекелдер кіреді.

-барлық тәуекелдерден сақтандыру келісімшарты әдетте мердігердің нақты қажеттіліктерін ескереді және оған сақтандыру шартының кеңірек талғауын қамтамасыз ете алады.

Мұндай келісімшарт сақтандырылмайтын тәуекелдер ретінде келісімшартта арнайы келісілген тәуекелдерден басқа сақтандырылған мүліктің зақымдалудың немесе  материалды шығындардың барлық тәуекелдерден сақтандырылуды қамтамасыз етеді.

Сақтандыру келісімшартының мұндай түріне барлық аяқталмаған құрылыс, барлық материалдар, құрал- жабдықтар мен еңбек нәтижесі жатады.

Кеме жүктерін сақтандыру әуе жолымен немесе су жолымен тасымалданатын кез-келген жүктің зақымдануы немесе материалды шығындардан қорғауды қарастырады.

Сақтандырылу соғыспен, көтеріліспен бірге барлық тәуекелдерді қамтиды және жүк жіберушінің қоймасынан жүк алушының қоймасына дейін тауардың ауысуына қатысты. Басқа сөзбен айтқанда, жүктің әрбір жөнелтуін сақтандыру оның орын ауыстыруының барлық процесіне, сонымен бірге жерде түсірілу портынан және тиеу портына тасымалдауға қолданылады.

Мердігердің құрал-жабдығын сақтандыру мердігерлер мен субмердігерлер өз қызметінде өз құрал-жабдықтарын жоғары қалпына келтіру құнымен қолданғанда көп пайдаланылады.

Сақтандырудың бұл формасы әдетте жалға алынатын құрал-жабдыққа да пайдаланылады. Ол сондай-ақ көлік құралдарын физикалық зақымдануының салдарынан қорғау үшін жиі қолданылады.

Тапсырыс берушілер кейде құралдар істен шыққанда құрылыстың күнтізбелік жоспарының бұзылу тәуекелін азайту үшін мердігерлер мен субмердігерлердің осылай сақтандыруын талап етеді.

Жалпы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру кездейсоқ жағдайдан сақтандыру формасы болып табылады және оның мақсаты оның іс-әрекеті нәтижесінде үшінші жақ мүліктік зиян немесе жеке залал, денелік зақым алғанжағдайда бас мердігерді қорғау.

Кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру тек бас мердігер архитектуралық немесе техникалық жобаны дайындау, жобаны басқару, жоба бойынша басқа да кәсіби кызмет көрсетулер берілген қызметте жалпы қабылданған белгілі бір сапа стандарттарына сай келуін қамтамасыз ете алмағанда пайда болады.

Мүмкіндігінше мұндай стандарттар келісімшартта нақты анықталуы қажет, себебі ол заңдық жауапкершілігін анықтауға раналған критерилерге қатысты түсінбестіктің пайда болу ықтималдығын төмендетеді.

Кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру келісімшарттары мердігердің қызметті орындау мерзіміне және де кепілдемелік кезеңге жасалады. Әдетте бұл келісімшарттарға жылдар бойынша есептеулерде немесе жалпы сақтандырылатын жоба бойынша көрсетілген сақтандыру өтемінің шекті деңгейі жатады.

Күтілмеген шығындарды жабуға арналған қаржы резервін құру жобаны іске асыруда іркілістерді жеңуге қажетті шығындар көлемі мен жобаның құнына әсер ететін әлеуетті тәуекелдердің ара қатынастарын құруды қарастыратын тәуелмен күресу әдісін білдіреді.

Күтілмеген шығындарды жабуға арналған қаржы резервін құрғандағы негізгі проблема болып тәуекелдің әлеуетті салдарын бағалау табылады.

Күтілмеген шығындарды жабуға арналған қаржы резервтерінің құнын анықтағанда жобаның бағалау жүргізілген кезеңіне байланысты оның элементтері мен жобаның құнын бастапқы бағалаудың нақтылығын ескеру қажет.

Жобаның құнын бағалаудың нақтылығы күтілмеген шығышдарды жабуға арналған резервтің көлеміне әсер етеді.

Егер бағалау әлеуетті тәуекелдің жобаға толық мөлшерде нақты әсерін ескермесе, онда қаржының елеулі артық шығынынан құтылу мүмкін емес.

Күтілмеген шығындарды бағалауды мұқият жетілдіру қаржыны артық жұмсауды төмендетеді.

Күтілмеген шығындарды жабуға арналған резервтер құрамын анықтау 2 әдістеменің біреуінің негізінде іске асырылады.

Похожие материалы