Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нарық жағдайындағы қаржының экономикалық рөлін жетілдіру жолдары

Нарық жағдайындағы қаржының экономикалық рөлін жетілдіру жолдары

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарды. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге аырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның ңс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарынкөре білудің маңызы зор.

Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән-мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.

Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі – материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.

Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі

әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады.

Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.

«Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

Мемлекет қаржысы әдетте мемлекеттік бюджетке шоғырландырылады. Мемлекеттік бюджетте әртүрлі қаржы көздері жинақталып және шоғырланып, белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттің әртүрлі қызметтеріне жұмсалынып отырады. Жалпы кез-келген мемлекет макроэкономикалық даму жағдайында өз қаржы қорларының толықтығы мен жеткіліктігінсіз өзге мемлекеттермен қатынастарға түсе алмайды, өзіндік қаржы-несие жүйесін құра алмайды және өндірісін дамыта алмайды. Демек мемлекет дамуының ерекше маңызды бағыты және жолы ол мемлекет қаржы қорларына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бастап, елдің қаржы жүйесін қалпына келтіруге және жетілдіруге, қаржыларды жинақтаудың негізгі бөлімі – салық жүйесі мен салық қызметін дұрыс жолға қоюға, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайын жақсарту мен дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Алайда бүгінгі таңда, мемлекеттік қаржылық жүйеде мәселелер де аз емес.

  1. Қаржы туралы жалпы ұғым және оны басқару негіздері

1.1  Қаржының экономикалық мәні және қажеттілігі

Қаржы («қолма-қол», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты.

Бүгінде қаржы терминін күрделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы  Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері туралы») алғашқы авторы Ксенофонт ( б.э.д. 430-365 жж.) болды.

Аристотельдің ( б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғаммен экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:

  • әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
  • кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
  • өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
  • егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.

Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады.Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.

Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.

Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш- жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.

Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.

Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысытүрінде болып жатады.

Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.

«Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалпнуға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі – оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.

Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қарларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығын, мысалы, шығындардың түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу ман сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді.

Қаржының ақшадан мазмұны жағынан ла, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болады: қаржы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.

Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы мен экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады.

Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысандарын жасай алады: төлемдерді әр түрлі түрлерін енгізеді немесе күшін жояды, қаржы ресурстарының қаржы нысандарын өзгертеді және т.б. Шаруашылық жүргізу сферасында үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттеріне бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Бұл мақсатты арналымның ақша қорларын қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді.

Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлект өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.

1.2 Қаржының атқаратын қызметтері және экономикадағы рөлі

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.

Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлігіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамауға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.

Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының мәні ең алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы – шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулымақсатты ақша қорлары нысанында пайдалынылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек.

Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі немесе қайта бөлу болып ажыратылады.

Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процесінде ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқв бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқтыэкономикалық категориялармен тығыз байланысты дамиды.

Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық – заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады.

Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылад:

  • қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
  • несиелі-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.

Ұдайы өндірістік тұжырымдамасының жақтаушылары қаржы – бір стадияның емес, жалпы алғанда ұдайы өндірістің категориясы деп санайды, өйткені, олардың пікірінше:

  • қоғамдық ұдайы өндірістің барлық стадиялары бір-бірімен тығыз байланысқан;
  • қаржы қоғам қызметінің бүкіл сферасына – материалдық өндіріске, айналыс пен тұтыну сферасына ене отырып, ұдайы өндірістің бір стадиясына ғана емес, жалпы бүкіл бұл процеске қызмет көрсетеді;
  • қаржы қоғамдық өндіріс қозғалысының барлық стадияларында пайдаланылатын бақылаудың әмбебапты құралы болып табылады.

Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:

  • ақшалай табыстар мен қорлады жасау;
  • ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
  • бақылау функциясы.

Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнының бір бөлігін алады. Бұл процесс қаржының бірінші функциясын – ақша қорларын (табыстарды) жасау арқылы жүзеге асады, бұл өзінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең алдымен, мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дәйекті түрде сан алуан ақша қорлары – орталықтандырылған (мемлекеттік бюджет), орталықтандырылмаған (аймақтық және жергілікті деңгейдегі), мақсатты қорлар және т.б. жасалады.

Бұл ақша қорларын (табыстарды) нақтылы пайдалану қаржының екінші функциясы арқылы жүзеге асады, оның заттық мазмұны негізінен мемлекеттің шығыстары саясатын жүргізгенде көрінеді. Ақша қорларының (табыстардың) қаражаты қайта бөлу жолымен мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғамдық өндірістің ұтымды әрі тиәімді құрылымын жасап, қолдауға, материалдық жағынан аз қамтылғандарды қолдауды қамтамасыз етуге және т.с.с. бағытталады. Сөйтіп, бөлу процесі ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану түрінде жүзеге асады. Қоғамдық өнімді ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы бөлу экономикалық қатынастардың пйда болуына себепші болады.

Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.

Қазіргі кезде қаржылық бақылыудың мынадай түрлерін ажыратады:

қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомостволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке, еңбекке ақы төлеуге осылайша ықпал жасалады;

қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының (пайдасының) бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың немесе құрылыс қарқынының орындалуына қарай берілуін бақылайды;

несиелік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілдігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді.

Қаржы ұдайы өндіріс процесіне екі түрлі ықпал жасайды:

а) сан жағынан, бұл бөлгіштік процестің үйлесімдерімен сипатталады;

ә) сапа жағынан, бұл қаржының шаруашылық жүргізуші субъектілердің       материалдық мүдделеріне ықпалымен сипатталады.

Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:

  • қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
  • кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;
  • қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
  • қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.

Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара теңдестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.

Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының рөлін үш бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:

  • ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ету тұрғысынан;
  • қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;
  • қаржының әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде
  • пайдалану тұрғысынан.

1.3 Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы

Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдері орындайды. Қаржы құндылық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредитсияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы өндіріс циклінің басқа стадияларындағыдай сонымен бірге бөлгіштік процеске де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән әдістермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біркелкі процесіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа ұдайы өндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.

Баға – жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді. Ұлттық байлық бөлінгенге дейін және қайта бөлінегенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан әрі бөлінетін процестің алғашқы негізі болып саналады. Бөлініс процесінде еңбектің қоғамдық қажетті шығындарымен анықталатын құннан бағаның ауытқуы пайда болуы мүмкін, мұның нәтижесінде бірқатар өндірушілерде көп құн, басқаларында аз құн өткізіледі. Мұндай жағдайда қайта бөлгіштік процеске өзінің әдістерімен қаржы араласады: ол құнның бір бөлігін (мысалы, акциздердің, экспортқа немесе импортқа салынатын салықтардың, кеден баждарының көмегімен) алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенциялар, бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді. Бағаның құннан ауытқуын мемлекет бағалардың саясатын жүргізгенде реттелетін бағалар, әлеуметтік тұрғыдағы төмен бағалар, жоғарысұраныммен анықталатын баға – монополиялық бағаларды әдейі белгілей алатынын есте ұстаған жөн. Нарық жағдайында тауарлардың, қызмет көрсетудің сұранымы мен ұсынымы қалыптастыратын еркін бағалар басым болады.

Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгілеген құн қозғалысының шарттарын ескере отырып бөлудің бағамен басталған процесі түзетіледі. Егер бағаның көмегімен өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім-ақша қалыптасатын болса, қаржылық бөлу бұл түсім-ақшаны одан әрі бөлуге арналған мақсатты ақша қорлары бойынша бөлшектейді. Сөйтіп бөлудің қаржылық әдістері анағұрлым иілгіш келеді, олар бұлпроцестегі үлкен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің объектісі жалпы қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы (бағаның құннан ауытқу бөлігі). Бағамен бөлуге қатысты қаржылық бөлу қайталама болып табылады.

Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры

еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды.

Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін ынталандырады. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеу қоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бұл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу қоры қол жеткен қаржы нәтижелерімен тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады.

Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді. Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бұрынғыдан бетер арта түседі.

Ұлттық татысты бөлудің нәтижесі болып табылатын еңбекке ақы төлеумен өзара әрекеттесе отырып, қаржы оны салықтар, қарыздар және ақша ресурстарын жалпымемлекеттік қорға қаражаттарды жұмылдырудың басқа әдістері, зейнетақы, сақтандыру қорына төленетін жарналар арқылы ішінара қайта бөлуді қамтамасыз етеді.

Өндірістік емес сферада қызметкерлердің еңбекке ақы төлеу қоры елеулі дәрежеде бюджет қаражаттары есебінен қалыптасатындықтан және тиісті бюджеттің қаржы мүмкіндіктерімен анықталатындықтан бұл сферадағы қаржы мен еңбекке ақы төлеудің байланысы көрнекі болады.

Барлық жағдайда экономикалық категория ретіндедегі еңбекке ақы төлеу жасалған өнімдегі әрбір қызметкердің үлесінің сәйкестігін, яғни қызметкердің бөлудегі қатысу шегін анықтайды, ал қаржы жалақы қорын немесе еңбекке ақы төлеу жөніндегі қорды қалыптастырады.

Еңбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу арқылы пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сақтандыру жөніндегі жарналарды төлеуі түрінде; несиелік әдіспен – банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу, лотереялар өткізу жолымен жұмылдырылады.

Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы:

  • қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;
  • қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына – еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысты.

Жалақы көмегімен v толық және m ішінара бөлінеді. Қаржының көмегімен қорлардың жиынтығы, ал жалақының көмегімен жалақы қоры мен сыйлықақы қорын құрайды. Жалақы – салық төлеудің негізі. Жалақының көзі қаржы ресурстары болып табылады, ал жалақы қоры оны үнемдеу кезінде өзі қаржы ресурстарының көзі бола бастайды. Сонымен бірге қарастырылып отырған категориялардың іс-қимыл сфералары мен іс-қимыл уәждері айтарлықтай ажыратылады. Қаржының іс-қимылы еңбекке ақы төлеуге қарағанда кеңірек, өйткені қаржы бүкіл қоғамдық өнімді, ал еңбекке ақы төлеу тек қажетті өнімді және қосымша өнімнің бір бөлігін бөледі.. Еңбекке ақы төлеу оның өнімділігін ынталандырады, ал қаржы қаржы механизмі арқылы оның дамуын жандандыра  отырып, бүкіл қоғамдық өнімге ықпал етеді

Қоғамдық өнім құнын бөлуге несие де қатысады. Әр қайта бөлгіштік процестер несие қатынастарының сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты несие қатынастарында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады.

Сонымен қатар қаралып отырған категориялардың арасында белгілі бір айырмашылықтар да бар. Егер қаржы қоғамдық өнімді бөлетін және қайта бөлетін болса, несие қаржы бастаған бөлуді жалғастыра отырып тек қайта бөлуге қатысады. Несиенің объектісі осы мезетте уақытша бос болып келетін құнның бір бөлігі болып табылады, бұл ақшаны қажетсініп отырған шаруашылық органдары мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құнды несие қорына шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жинақталған ақша қаражаттарын пайдалану әдісі айтарлықтай айырмашылық болып табылады: қаржыландыру қарыжаттарды өтеусіз және мерзімсіз тәртіппен бағыттауды шамаласа, несиелендіру қайтарымдылық, мезгілдік, ақылық жағдайларында жүргізіледі; несиенің аса маңызды қағидаты – берілетін несиенің материалдық қамтамасыздығы.

Қаржы есеп-қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты, өйткені олардың іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп-қисаптар экономикалық категориялар емес, олар аталған – аталған категориялардыіске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және төлем құралы ретіндегі функциясы пайдаланылады. Қаржылық операциялардың уақтылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының қажетті бағыттар бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына байланысты болып келеді. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың бағаның, қаржының, кредиттің, еңбекке ақы төлеудің іс-қимылының өте қажетті шарты болып табылады.

Экономикалық категориялардың өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі қағидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудыңпрактикасында, оны жүзеге асырудың барысын бақылауда жэне оның тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді.

  1. Қазақстандағы қаржының нарықтық жағдайы және оның қызметін талдау

2.1 Макроэкономикалық даму жағдайындағы мемлекеттік қаржының қызметтері және рөлі

Мемлекет қаржысыз өмір сүре алмайды. Мемлект өз функцияларын жүзеге асыру үшін, әр түрлі әлеуметтік топтарды, халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру және жүзеге асыру үшін кең көлемде қаржылық ресурстарды қажетсінеді және қаржы ағымдарын іздестірудің көптеген бағыттарын қарыстырады, саясат жүргізеді.

Мемлекет тарапынан экономикалық процерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарына қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің саналуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының ( ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.т.) сан алуан түрлері реттеледі.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу- бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін,сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттік қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

  1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-әрекетін есепке алу.
  2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті түдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу.

Мемлекеттік борыш және оны басқару. Мемлекеттік несиелеу қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыштүзіледі. Мемлекеттік борыш-бұл алынған және белгілі бір күнде өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы ( олар бойынша есептелген пайыздырды қоса). Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногіне,қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш болып ажыратылады. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса ) айтады. Ағымдағы борыш-бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша несиегерлерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің,Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді. Егер борышты несиегерлердің түрлері ( типтері) бойынша өзара бөліске салсақ көбінесе Дүниежүзілік банкке, Халықаралық валюта қорына және Қазақстандық экспортты қаржыландыратын ұйымдарға қарыз. Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиелерге де тиеді.  Бұлар көбінесе Қазақстанның бағалы қағаздарын – қазынашылық міндеттемелерді, Ұлттықбанктің ноттары мен еурооблигацияларын сатып алатын шетелдік жеке және заңды ұйымдар. Орналастырылған еурооблигацияларды өтеу мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын жығыстардың негізгі баптарының бірі болып отыр.

Елдің экономикасының көлемімен салыстырғандағы оның сыртқы борышының мөлшері туралы түсінікті Дүниежүзілікбанктің сыныптамасы негізінде жасауға болады.Осы халықаралық қаржы ұйымының анықтауы бойынша мемлекеттің берешегі төмен деп есептелінеді, егер:

а) жалпы сыртқы борыштың жалпы  ішкі өнімге қатысы 48% аспаса (Қазақстанда – 33,8);

ә) жалпы сыртқыборыштың экспортқа қатысы – 132 (бізде – 113);

б) берешекке қызмет көрсету сомасының экспортқа қатысы – 18 (22,8);

в) сыйақы (мүдде) төлемдерінің экспортқа қатысы – 12 (5,1). Сөйтіп, егер мезгілі өткен төлемдердің көптігін есепке алмасақ, Қазақстанның берешегін әзірше төмен деп санауға болады. Бірақ республика борышының жоспарлы өсіп отырғанын ескерсек ахуалдың нашарлауы мүмкін.

Жалпы мемлекттік қаржы жүйесінің құрамы – бұл қаржы қатынастарының әр түрлі сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша қорлары құрылып, пайдаланылады. Нәтижесінде ол өзінің ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесінің құрамын құрайды. Сонымен бірге қаржы қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.

Бүгінгі Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы қатынастардың біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

  • мемлекеттік бюджет жүйесі;
  • арнаулы бюджеттен қорлар;
  • мемлекеттік кредит;
  • жергілікті қаржы;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
  • халықтың қаржысы.

Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпы мемлекеттік, яғни орталықталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және «Бюджет жүйесі туралы», «Жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы арнайы заңдарда және басқа да заң актілерінде қамтып көрсетілген.

Мемлекеттің қаржысын басқаруға өзінің функцияларының өзгешелігі сәйкес Қаазақстан Республикасының Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізгенде, ақша айналысын реттегенде, қаржы ресурстарын басқарғанда қаржы қатынастарына тікелей де, сонымен бірге жанама түрде де ықпал жасайды; ол Қаржы мистрлігімен бірлесіп мемлекеттік валюта-қаржы қатынастарына, экономиканың қажеттіліктерін қаржыландыруға арналған сырттан қарыз алуға қатысады. Сондықтан Ұлттық банктің бас шаруашылық ықпалының тиімділігі мемлекеттің бірыңғай қаржы-несие саясатын жүргізетін субъектілер қаржысының жай-күйінде көрініп, білінеді.

  • Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның негізгі буындары

Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Сонымен бірге жалпы интитуционалдық тұрғыдан алғанда қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін шығармаған жөн.

Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадайүш бөлікті қамтиды:

  • қаржы қатынастарының жиынтығы;
  • ақша қорларының жиынтығы;
  • басқарудың қаржы аппараты.

Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты  жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдереді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың (болжаудың), қаржылық бақылаудың және басқа қосалқы жүйелері.

Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарындағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың (үй шаруашылығының) қаржысына шектеуге мүмкіндік береді. Оны мына сызба арқылы көруге болады.

Мемлекттің қаржысы – қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу қайта бөлу туралы, мемлект пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты ақша қатынастары. Мемлекттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтажтарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстанда – республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – қорлардың ұйымдық дербестік негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.

Қалыптасу көздері:

         а) арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар;

         ә) бюджеттен берілетін субсидиялар;

         б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;

         в)  ерікті жарналар және қайырмалдықтар.

Бюджеттен тыс қорлар толық көлемде ресурстарды мақсатты пайдалануды және маңызды әлеуметтік шараларды дер кезінде қаржыландыруды кепілдендіреді; олар қаржылық қиыншылықтар жағдайында мемлекеттік билік органдары иек артатын қаржы резерві рөлін орындайды.

Мемлекеттік несие – мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын несие қатынастарының жиынтығы.

Қаржы жүйесіне жиі сақтандыруды да жатқызады, бірақ көптеген ғалымдар оны дербес, бірақ қаржымен өзара іс-әрекет ететін категория деп есептейді.

Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім – қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді:

  1. Материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы. Коммерциялық есеп шаруашылықты жүргізу әдісі, оның мақсаты рентабелділік деңгейде шаруашылық жүгізуді жалғастыруға жеткілікті ең аз шығындармен ең көп табыс алу болып табылады.
  2. Коммерциялық емес сфераның қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды мақсат етпейді.

Қаржы жүйесіндегі өндірістік емес сфера қаржысының орны мен рөлі оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады. Бұл сферадағы қаржы қатынастары оның бастапқы құрылымдарында және олардың арасында, қаржы жүйесінің басқа буындарының, өзге экономикалық жүйелердің: бағалардың, несиенің және басқа буындардың арасында пайда болады.

Бұл қосалқы жүйеде қаржы қатынастары түрлі мақсатты сипаттағы сан алуан ақша қорларын қалыптастыру арқылы одан әрі тұтыну мақсатында құнды қайта бөлудің каналдары бойынша жасалынған құнның қозғалысына қызмет көрсетеді.

Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфералармен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда органдарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор және т.б.) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақша қатынасатарын қоспағанда, қаржы қатынастары болып табылады.

Қазақстан республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.

Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпымемлекттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макро деңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микро деңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетінің орындалуы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жедел деректеріне сәйкес 2006 жылдың 1 шілдесіне табыс көлемі 1251,9 млрд. теңгені құрады ( 2005 жылдың 1 шілдесіне – 861,7 млрд. теңге) , шығындар- 1111,4 млрд. теңгені (2005 жылдың 1 шілдесіне 691,6 млрд. теңге ), операциялық сальдо-140,5млрд. теңгені құрады. Бюджеттік таза кредит беруге – 5,6 млрд. теңгеден, ал қаржы активтерінің операция бойынша сальдосына – 68,9млрд. теңгеден келді. Бюджет профициті 66 млрд. теңге деңгейінде анықталды. 2005 жылдың тиісті кезең көрсеткіштерімен салыстырғанда табыс көлемі бойынша деректер – 45,3 %-ға, ал шығындар – 60,7%-ға өсті.

2006 жылдың  1 шілдесіне табыс жылдың нақтыланған бюджетіне қатынасы бойынша 60,7% , мемлекеттік бюджет шығындары – 52,9% орындалды.

Салық түсімдері құрылымында негізгі құрылымында негізгі үлес корпоративтік табыс салығына – 34,7% (415,4 млрд. теңге ) және ҚҚС (қосымша күн салығына) – 18,9% (226,9 млрд. теңге ) келеді. Көрсетілген салықтар бойынша 2005 жылдың тиісті кезеңіндегіден тиісінше 46,3% және 41,3 % асатын түсімдердің ең көп өсімі байқалады.

Бюджеттің барлық шығындар көлемінен әлеуметтік қызмет көрсетуге 46,1%, жалпы мемлекеттік қызмет көрсетуге және қорғанысқа – 16,5% келеді.

2006 жылдың 1 шілдесіне мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдалану) жалпы көлемі 66 млрд. теңгені, одан ішкі түсім 73,5 млрд. теңгені құрады. Бюджетті қаржыландыруға 83,7 млрд. теңге бюджет қаражаттарының бос қалдықтары пайдаланылды.

2006 жылдың 1 шілдесіне республикалық бюджетке түскен табыс көлемі – 1031,1 млрд. теңге болды, бұл 2005 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 48,3% артық (695,1 млрд. теңге).

2005 жылдың тиісті кезеңімен (525 млрд. теңге) салыстырғанда шығындар 79,1%-ға өсіп, 940,4 млрд. теңгені құрады. Операциялық сальдо 90,7 млрд. теңгені, бюджеттік таза кредит беру – 10,4 млрд. теңгені қаржы активтерінің операция бойынша сальдосы – 65,2 млрд. теңгені құрады. Бюджет профициті 15,1 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты.

Есепті кезеңде республикалық бюджет табысының 91,7%-ын салықтар,      1,8%-ын салықтан тыс түсімдер, 6,4%-ын ресми трансферттер, 0,1%-ын негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер құрады.

Шығындардың негізгі бөлігі әлеуметтік салаға -32,1% (301,7 млрд. теңге) және жалпы мемлекеттік қызмет көрсетуге, қорғанысқа – 16,1% (151,7 млрд. теңге) келеді.

Жергілікті бюджетке осы кезең ішінде түскен табыс 515 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 49,6%-ға артық (344,3 млрд. теңге), шығындар – 465,2 млрд. теңге, 35,7% (2005 жылдың 1 шілдесіне 342,7 млрд. теңге) жоғары. Операциялық сальдо – 49,8 млрд. теңгені, бюджеттік таза кредит беру – 0,4 млрд. теңгені, қаржы активтерінің операция бойынша сальдосы – 3,7 млрд. теңгені құрады. Бюджет профициті 46,5 млрд. теңге деңгейінде анықталды.

Кесте-1

Мемлекеттік бюджеттің 2008-2010 жылдарға арналған шығыстарының болжамы

Атауы 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл
ЖІӨ-гі %-бен Үлесі % ЖІӨ-гі %-бен Үлесі % ЖІӨ-гі %-бен Үлесі %
Шығыстар 22,5 100,0 21,9 100,0 21,8 100,0
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 1,2 5,3 1,2 5,3 1,1 5,0
Қорғаныс 1,4 6,2 1,4 6,2 1,4 6,4
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі 1,8 7,9 1,6 7,5 1,6 7,1
Білім беру 3,7 16,4 3,8 17,6 3,8 17,4
Денсаулық сақтау 2,7 11,8 2,8 13,0 2,9 13,5
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 3,8 17,1 3,7 17,1 3,6 16,7
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 1,4 6,2 1,4 6,3 1,6 7,1
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 0,6 3,8 0,8 3,8 0,8 3,9
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану 0,6 2,6 0,4 2,0 0,4 1,8
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 1,2 5,3 1,2 5,3 1,1 5,2
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 0,05 0,2 00,5 0,2 00,4 0,2
Көлік және коммуникация 2,0 9,1 1,8 8,2 1,7 8,0
Басқалар   1,4 6,4 1,3 5,9 1,3 6,2
Борышқа қызмет көрсету 0,4 1,7 0,3 1,4 0,3 1,5

2.3 Нарықтық қатынастардағы халықтың қаржыгерлікті жүргізу құндылықтары

Азаматтардың қаржыгерлік құқықтық қатынастар құндылықтарын сақтау орны мен тапсырмасы.

Адамдардың бостандығы мен теңдігі тек олардың экономикалық қатынастар құқықтығы негіздеріндегі қаржыгерлігінің дамуында ғана орындалады. Тек азаматтардың құқықтыққатынастардағы сана-сезімі оянып өскен сайын және де оның құқықтық нормалық базасын кеңейтіп жасалған сайын,қоғамдағы орын алған көлеңкелі экономикамен сыбайластық жемқорлықты тұншықтыруға болады. Демек, нарықтық қатынастардыжүргізудегі бүгінгі күні әркімнің қажыгерлік құқықтық қатынастар орны заң жүзінде өмірге ендіру және жетілдіру тапсырмасы бар. Қоғам алға жылжып дамыған сайын оның негізгі мақсаты адамдардың бір-біріне дегенқажыгерлік қатынастарына қоятын талаптары күшейе түсуде. Азаматтардың экономикалық қатынастар жасауындағы қаржыгерлігін қорғайтын құқықтары тек субъектілік экономиканың ұсыныстары мен сұраныстары жағынан қаралып, ондағы әрбір адамдардың іс әрекетіндегі мүмкіншілігін арттыратын объектілік құқықтық қанағаттылық ұсыныстары мен сұраныстары бөлініп алып қаралмайды. Сондықтан болар, азаматтардың құқықтығы тек субъектілік экономиканың дамуына тәуелдіболып келуі. Бірақ. Субъектілік экономиканың дамуы тек азаматтардың объектілік экономикалық қатынастар құқықтық жағдайына тәуелді болуы керек және де ол жолды біз іздестіріп таба да алуымыз керек. Мысалы. Халықтың экономикалық қатынастарды жүргізудегі қаржыгерлік құқықтығы. Онсыз қоғамның дамуындағы экономикалық қатынастардағы әділеттілік пен шындықты өз уақытысында жетілдіре енгізе алмасымыз қақ.

Адамдардың өмір сүру әлеуметтік теңсіздігінің туындауы – тек заңдығы бір құқықтықтың екі жақтық қаржыгерлік қатынастардың жүргізілудегі біреуінің мүддесін қорғау мақсатымен шешілгендіктен барып туындайды. Адамдардың қай түрлердегі экономикалық қатынастары болмасын ол тек құқықтық қаржыгерлік қатынастарда негізделінуі тиіс. Адамдардың әлеуметтік (бай,орта, кедей) теңсіздігін түзейтін жол да осы болса керек. Әлеуметтік  теңсіздік  әрқашанда қылмыстық істер бастамасы.

Азаматтардың қаржыгерлік құқықтық қатынастарды дамыту мен қолдана білуі оның құндылық орнын зерттеп белгілеу тапсырмасын анықтайды. Азаматтардың қаржыгерлік құқықтығының өзіндік сұраныстар мен ұсыныстар база қорларын жасап, оны халық игілігіне бірден ұсына салу мүмкін емес. Себебі, экономика дамыған сайын оның қатынастарын ұйымдастырып жүргізетін категориялар қызметтері жетіле түсіп, құқықтық мазмұны да жаңғыра береді. Дегенмен, бүгінгі күннің негізгі тапсырмасы азаматтардың қаржыгерлік құқықтығын танып білудегі қажеттіліктерді қанағаттандыру қатынастарын жетілдіруіміз керек. Халықтың қаржыгерлік құқықтық қатынастар қанағаттануындағы ұсыныстар мен өзіндік сұраныстар орны аталғанынан кейін барып оның механизмдік әрекеттерін жетілдіру мен өңдеуге болады. Мысалы, мұндай өңделуге алғашқы кезде оның мазмұндық желілерін анықтау дәл бүгінгі нарық қатынастарының басталуына сәйкестенуі мен оның болашақтағы шыңдалып. Жетілу жолдарын айтуға болады. Демек, азаматтардың қаржыгерлік құқықтық қатынастардың объектілік өзіндік ұсыныстары мен сұраныстары бүгінгі күннен сана-сезімін оятар бастамасы көтеріліп, болашақта баяндалып жатуындағы тапсырмасы бар. Конституция – адамдардың еркіндігіне кепіл болуы, тек әркімнің өзіндік ұсыныстары мен сұраныстарын қанағаттандыратын құқықтығы болған да ғана нығаяды.

Азаматтың қаржыгерлік құқықтығы ішінде әйелдер мен аналар құқықтық қатынастар айрықша құндылық ерекшелігі өмірге адамдарды әкелудегі әлеуметтік қамқорлықты қамтамасыз ету қаржыгерлігімен белгіленеді.

Азаматтық қаржыгерлік құқықтық құндылық нормасы:

  • адамдар мен азаматтардың экономикалық қатынастар жүргізу қаржыгерлік бостандық құқықтық құндылығы;
  • азаматтардың (адамдардың) қаржыгерлік құқықтығын қорғалуын талап ету құндылығы,
  • азаматтардың (адамдардың) қаржыгерлік құқықтық құндылығының теңдігі;
  • азаматтардың (адамдардың) қаржы-қаражат қатынастарынан туатын дүние мүліктерге егелену құқықтық құндылығы;
  • азаматтардың (адамдардың) авторлық шығармашылық құқықтығындағы қаржы қаражат қатынастар құқықтық құндылығы.

Азаматтардың (адамдардың) қаржыгерлік құқықтық құндылықтарының жүгінетін негігі принциптері:

  • қаржы-қаражат қатынастарынан туған меншігінің (капиталының) қорғалуын қамтамасыз етілуі;
  • қаржы-қаражат қатынастарының шарттық тәртіптері мен міндеттерінің сақталуы;
  • азаматтардың (адамдардың) қаржыгерлік қатынастардағы өзіндік объектілік және өзгелік субъектілік бір-біріне бағынышты емес қарым-қатынастары бойынша теңдігін сақтау құқықтығы;
  • қаржы-қаражат қатынастардағы жеке және қоғамдық мүдделерді сақтау;
  • қаржы-қаражат қатынастар жүргізудегі қаржыгерлік қызметтерді орындау құқықтық заңдылықтардың мүдделерін қатаң сақталуындағы әртүрлі қайшылықтар келтірмеуі, бұзуға, қол сұғуға жол бермеуі.

Азаматтардың (адамдардың) қаржыгерлік құқықтық құндылығының бастауы Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі болып табылады. Оның бастау көздері:

  • субъектілік экономика жүйелеріндегі барлық қабылданған заңда(оның

ішінде халыққа тікелей және қосалқы тиесіліктер)

  • Республика Президентінің нормативтік сипаттағы қаулылары:
  • Барлық министрліктер мен иедомстволардың, комитеттердің халыққа сыбағалы жетекшілік түсіндірмелері;
  • Жергілікті өкілділік пен атқару органдардың халыққа тиесілі азаматтық-құқықтық нормалары менмазмұндалған шешімдері.

Азаматтардың қаржыгерлік қатынастар құқықтық құндылығының туындауы. Адамдардың қандай бір экономикалық қатынастары болмасын ол тек өзгелердің (субъектілердің) және өзіндік (объектілік) екі жақтық ұсыныстары мен сұраныстар қанағаттық құқықтығын қорғау туады. Сондықтан, қаржыгерлік қатынастарды қаржы – қаражаттың құқықтық категориясы деп тануымыз керек.

Халықтың барлық өмір тіршіліктегі экономикалық қатынастарды жүргізу, тек қаржыгерлік құқықтық нормаларымен реттелінді. Бірақ осы құқықтық нормалар жеткілікті ме, деген сұрақ туады. Мысалы, қандай құқықтықтың түрлері болмасын, оның алғашқы туындаушы көзі экономика және адамдардың ақша есебіндегі ара қатынастарындағы алашақ және берешек нәтижесін жүргізілуден басталғандықтан, субъектілік орындаушылардың ұсыныстары қанағаттанушының сұраныстарын толық орындамай жатады. Сондықтан, халықтың азаматтық қаржыгерлік құқықтығының өзін екі жақты қарауымыз керек. Бірі қатынастарды орындаушылардың ұсыныстар жасау құқықтығы болса, екішісі әркімнің өздерінің қанағаттылық жасау сұраныстар құқықтығы.

Заң жүзінде бекітілген бір құқықтың орындалуында екі беттігі, бірі құқықты орындау ұсынысы болса, екіншісі құқықтың орындалу қанағаттығындағы сұраныстары. Бірақ біз осы қанағаттанушылардың сұраныстар құқықтығын толық білмегендіктен, өз есебінен өзгелерге жіберуде. Әсіресе, субъектілік экономиканың халыққа тиесілі ұсыныстарына сұраныстарын жасау құқықтығы ғылыми тұрғыда зерттелмеген тың бағыт. Мысалы, азаматтардың қаржыгерлік құқықтық қорғалуы тек субъектілік экономикалардың ұсыныстар жасау жасау жағынан қаралып, оның объективті сұраныстар қанағатындағы қаржыгерлік құқықтығы жетілмеген түрлері: тауар және қызметтердің субъективті баға ұсыныстарына объективтік баға сұраныстар құқықтығы; еңбек күрделілігіне қарай еңбек ақы төлеу субъектілік ұсыныстарына объектиті еңбек ақы алу сұраныстар қанағаттылық құқықтығы және т.б.

Нарықтық қатынастарды жүргізудегі халықтың қаржыгерлік жүйелері. Халықтың нарықтық қатынастарды жүргізу қаржыгерлік құқықтардың негізгі бағыттары:

  1. Субъектілік экономика жүйелерінің қатынастар ұсыныстары мен сұранысындағы халықтың қаржыгерлік жасау құқықтығы;
  2. Халықтың өзіндік объектілік экономикалық қатынастары жүргізудегі ұсыныстары мен сұраныстарын жасау қаржыгерлігі.

Халықтың қаржы-қаражат қызметтері бойынша қаржыгерлігі:

  1. Табыстану қаржыгерлік (қаржылану қаржыгерлігі мен қаражаттану (өсім құнында) қаржыгерлігі);
  2. Жарату қаржыгелік (қаржыау қаржыгерлігі);
  3. Пайдалану қаржыгерлік (өсім құнында орналастыру қаржыгерлік).

  1. Нарық жағдайындағы қаржының экономикалық жетілдіру жолдары

3.1 Қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігі

Банк жүйесінің жиынтық жеке қаржысы 2003 жылдан бері 5,6 есе өсіп, қазіргі кезде 7 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Осы кезең ішінде банктердің активтері 5,7 еседен астамға ұлғайып, 51,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Екінші деңгейдегі банктер активтерінің ішкі жалпы өнімге қатынасының көрсетткіші 75,4 пайыз болды. Бұл Шығыс Еуропа елдерінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді, Қазақстан қаржы рыногының басқа көрсеткіштері бойынша да осы елдердің көрсеткіштік деңгейіне жақындап қалды. Қазақстандық қаржы ұйымдары халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына көшірілді. Сондай-ақ ипотекалық кредиттерді кепілдендіру қоры мен алғашқы кредиттік бюро құрылды.

Елімізде несиелендірудің үш деңгейлі жүйесі дамып келеді. Қор рыногының, оның ішінде ішкі институционалдық инвестоларды дамыту және инвестициялау мүмкіндіктерін кеңейту,инвесторлардың құқтары мен мүдделерін қорғауды күшейту, копоративтік басқаруды жақсартуға арналған ынталандыруды көтеру жөніндегі құқтық негіздері жетілдірілуде. Инвестициялық үлестік қорлар құрылып, «Секьюритилендіру туралы» Заң қабылданды. Зейнетақы секторында зейнетақы активтерінің табыстылық деңгейін қамтамасыз етуге, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жүргізілді. Бүгінде жинақтаушы зейнетақы қоларындағы қаржы көлемі 6,5 миллиард АҚШ долларына жетті.

Елімізде сақтандыру рыногы табысты даму үстінде. Оның заңнамалық базасы Халықаралық сақтандырушылық бақылау қауымдастығының қағидаттары мен стандарттарына сәйкес келеді. Алматы қаласында қаржы орталығы құрылды. Мемлекет басшысы бұл жобаны Қазақстанның қаржы жүйесін, әсіресе қор рыногын дамытуға жасалған ерекше қадам екендігін атап өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы ескертіп өткеніндей, келесі жылдан бастап еліміз валюталық режимді ырықсыздандырудың жаңа кезеңіне өтеді. Бұл ішкі экономикалық қызметке әкімшілік қатысушылардытөмендетеді және қазақстандық инвестицияны, сондай-ақ тауарлар мен қызмет көрсетулерді әлемдік рынокқа қарай ілгері жылжытады. Біздің қаржы секторымыз бұл біздің мақтанышымыз және бәсекеге қабілеттілігіміз, деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осындай үйлесімді ынтымақтастық экономиканың басқа да салаларында қамтамасыз етілуі қажет. Мысалы, ауыл шаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіп салалары халықаралық стандаттарға ұмтыла отырып, әлемдік және өңірлік бәсекелестікке қабілетті болатындай жұмыс істеулері тиіс. Осыған байланысты өнеркәсіп, құрылыс, экономиканың басқа да салалары бүгінгі күні өзінің тиімділігін көрсетіп отырған Қаржыгерлер қауымдастығының тәжірибесі мен жұмыс тәсілдерін меңгеруі керек.

Бүгінде еліміздің қаржы секторының алдында үлкен міндеттер тұр. Жұмсалған күш-жігер мен кәсібилік арқылы қалыптасқандар төмендемеуі тиіс. Жүзеге асырылғандарға сүйене отырып, түпкі мақсат – Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиялық мақсатына қарай ілгерілеуіміз қажет.

Елбасы еліміздің қаржы секторын дамытуға байланысты бірқатар жаңа міндеттер қойды және Үкімет пен қаржы органдарына болашаққа арналған қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Оның бірінщісі – болашақта отандық қаржы рыногын дамытудың перспективаларын айқындау. Мамандар қаржы секторында қол жеткізген жетістіктерді дамытып әрі нығайта отырып, алдағы уақытта оны асқан жауапкершілікпен ілгері жылжытуы керек. Осыған байланысты Президент Үкіметке және қаржы органдарына қаржы секторын дамыту перспективаларына арналған жаңа Тұжырымдама дайындауды тапсырды. Бұл мәселе Үкіметте бірнеше рет талқыланған, сондай-ақ еліміздің қаржыгерлерінің қарауына ұсынылған болатын.

Мемлекет басшысының атап көрсеткеніндей, бүгінде барлық негізгі қаржы секторына реформалар жүргізілді. Енді қаржы рыногын алдағы уақытта дамытудың барлық сегменттерін нақтылау қажет. Сондықтан да Тұжырымдамада банктік, банктік емес, сақтандыру және валюталық, зейнетақы қорлары мен қаржы рыногының басқа да тетіктері көрініс табуы керек. Тұжырымдамада үш жылдық мерзімді емес, бес жылды, керек болса он жылды қамтуы тиіс. Бұл нақты миссияға, дамытудың басымдықтары мен міндеттерге арналған стратегиялық құжат болуы қажет.

Бұдан кейін Президент қаржы рыногын дамытудың стратегиялық міндеті мақсатына тоқталды. Елімізде қаржы секторын реформалау  табысты жүзеге асырылды. Қозғаушы күш жеке сектор болуы тиіс, ал мемлекет өз тарапынан олардың белсенділік танытуына қолдау көрсетіп келеді. Елбасы осыған байланысты Үкіметке, Ұлттық банк пен Қаржылық қадағалау агенттігіне конгресте талқыланған мәселелерді назарға ала отырып, қаржы секторын дамытудың тұжырымдама жобасын дайындауды тапсырды. Конгресте Елбасы атап өткен екінші мәселе – қаржы жүйесін дамытып, дағдарыстық жағдайларға жол бермеу. Қазіргі кезде қазақстандық банктер өз капиталдарын сыртқы рынокқа шығаруға және тартымдылық жағдайда займдар тартуға мүмкіндіктері бар. Олардың ресурстық базаларының артуы экономиканы несиелеу бойынша қызметін белсенді жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Отандық банктер халықаралық оперциялар, әсіресе ТМД аумағында жұмыс істеуге ынта таныта бастады. Бірақ, бұл мәселеде қаржы жүйесінде тәуекелділік жүйесінің өсіп отырғанын айта кеткен жөн. Егер олар басқара білмесе, оның соңы қаржы дағдарысына соқтыруы мүмкін. Президент өз сөзінде осыған қатысты бірқатар факторларға назар аудару қажеттігін де атап берді. Біріншіден, несие берудің шектен тыс жоғары қарқынмен өсіп бара жатқандығы жағымсыз салдарға ұрындыруы мүмкін. Мысалы, 2005 жылы экономиканы несиелеу 52 пайызға өскен болса, 2006 жылы – 75 пайызға, ал ағымдағы жылдың тоғыз айында несиелеу – 50 пайызға өсіп отыр. Жалпылай алғанда, жыл ішінде экономикалық өсім 10 пайызды құрайды. Несиелеудің өсуі қарыз портфелінің сапасын нашарлатады. өткен жылы банктердің күдікті және сенімсіз міндеттемелерінің көлемі 61 пайызға, ал үстіміздегі жылдың тоғыз айында 47 пайызға артқан. Олардың қарыз портфеліндегі үлесі 40 пайызды құрап отыр. Елбасы қаржыгерлерге қарыз портфелінің сапасына назар аудару қажеттігін қадап айтты.

Екіншіден, банктердің қарыз портфелі қажетінше әртараптандырылмаған. Несиелер негізінен тауар өндірісі экономиканың экспортталмайтын секторындағы немесе қызмет көрсету жобалары үшін беріліп келеді. Бұлар құрылыс пен сауда салалары. Дегенмен, ол секторлар белгілі бір деңгейде шикізат өндірісіне тәуелді. Әлемдік мұнай бағасының төмендеуі байқалып отыр. Бұл құбылыс жалпылай алғанда, экономикаға, сондай-ақ қаржы секторындағы жағдайға да әсер етуі мүмкін.

Үшіншіден, банктер халықаралық рынокта байланыстар жасауға мүмкіндік алып отыр, бүгінде соны белсенді пайдаланып келеді. Тек өткен жылдың ішінде резидент еместерден тартқан займдарының көлемі 62 пайызға артты. Банктердің сыртқы рынокқа орналастырған қарыздық құнды қағаздарының көлемі үш есеге өскен. Бірқатар банктер өздерінің бизнестерін өзге елдерде дамыта бастады. Өткен жылы резидент еместердің займдары 50 пайызға, ал осы жылдың тоғыз айында 72 пайызға өсті.

Қаржылық қадағалау агенттігінің міндеті – қаржы секторының тұрақтылығы мен тұрлаулылығына қажетті жағдайлар туғызу, деді Мемлекет басшысы. Ендігі маңызды мәселе инфляцияны ұстап тұруға қатысты. Ел басының атап өтуінше, инфляция өсіп барады, Ұлттық банктің мәліметі бойынша, ағымдағы жылы ол 8,5 пайызды құрады. Бұл жоғары көрсеткіш, әрі қарай өспеуіне кепілдік жоқ. Ұлттық банкке елімізде бағаны тұрақтандыру жөніндегі барлық өкілеттік берілді. Ол сол өкілеттікті пайдалануы тиіс. Сондай-ақ Үкімет бағаның өсуіне жол бермеудің кешенді шараларын дайындауы керек.

Төртінші – Қазақстанның БСҰ-ға кірудегі қаржы секторының дайындығы. Еліміздің бұл ұйымға ұмтылу перспективасы қаржы саласында бәсекеге қабілеттілікті аса қажет етеді. Біздің рынокқа шетелдік және басқа қаржылық ойыншылар келеді, деді Ел басы осы жөнінде. Республиканың қаржы секторы осыған дайын болуы керек. Әрбір банк, әр қаржы ұйымының өз даму стратегиясы болғаны жөн. Капиталды басқарудың, менеджмент сапасын көтерудің озық үлгідегі шетелдік тәжірибесін қолдану тиімді. Біздің мақсатымыз – қаржы секторындағы бәсекелестікті жаңа деңгейге алып шығу болып табылады.

Елбасы сөзінде, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға да назар аударды. Жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін басқаруды жетілдіру қажет. Сондай-ақ сақтандыру рыногын дамытудың үлкен мүмкіндіктері бар. Сондықтан халықтың бұл ұйымдарға деген сенімін арттырып, міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру тиімді.

3.2. Мемлекеттік қаржы саясаты және қаржы жүйесін жетілдірудің негізгі  бағыты

Қаржы саясаты – қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржы саласында жүргізетін мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамы бөлігі болып табылады.

Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлі орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды. Осы бес бағыттың жиынтығы мемлеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтаса керек. Мемлекеттік қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конструкциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс.

Қаржы экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.

Мемлекеттің қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады. Ол қаржыны ұцымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламарын орындау үшін мақсаттыақша қорлары мен ақша қорланымдарынын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұнв экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі аяқталып отырады. Алайда, тап осындай (стратегиялық) тәсілдеменің болмауы елдің үнемі нашарлап бара жатқан қаржы жағдайынан, мемлекеттің жиынтық қаржы жағдайынан, мемлекеттік жиынтық қаржы балансының тепетеңсіздігінің өсуінен дер кезінде тиісті қорыиынды жасауға және экономикадағы қажетті құрылымдық өзгерістерді уақытылы қамтамасыз етуге, оның бүгінге дағдарыстық жағдайда сырғып түсуінен қорғап қалуға мүмкіндік бермеді. Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үйлестіре отырып жасайды. Оны  жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі тенденциялары болжанады,оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді.

Ұзақ мерзімді мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.

Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландырады отырып,стратегиялық нұсқаманы нақтылайды.

Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістері өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгілеген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге – қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтеркөрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады. Ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизмі құрамды және ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.

Сөйтіп, қоғамдық формацияның экономикалық заңдарымен, белгілі бір өндірістік қатынастардың және тиісті категориялардың болуымен анықталатын өндіріс процесі шаруашылық механизм арқылы іске асатын экономикалық саясатын реттелініп отырғанда тұйық, айналмалы заңдылық байқалынып отырады: шаруашылық механизм, өз кезегінде, ұдайы өндірістің нақты нәтижелерін тиісті сандық және сапалық және сапалық тұлғалауда (нысанда) жаңғыртуға көмектеседі. Бұл диалектикалық заңдылық, диалектикалық бұралым түрінде өспелі қағидат бойынша іс-әрекет етеді.

Сондықтан ұлғаймалы ұдайы өндірістің қалыпты ағыны экономикалық саясат пен механизмнің құрамды бөлігі ретіндегі қаржы сачясаты, анық етіп қалыптастырылған, синхронды жұмыс істейтін қаржы механизмі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдеседі. Кері тенденция да болады: егер қаржы саясаты экономикалық заңдардың іс-әрекетін толық есепке алмаса немесе олармен қарама-қайшылықта болса, онда тиісті қаржы механизмі ұлттық  шаруашылықтың, саланың, аймақтың және т.б. өндірістік мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайды немесе пайдалануға оның халі жоқ; мұндай жағдайда қоғамның экономикалық дамуы тежелінеді, жағымсыз құбылыстар қолданылады, қоғамға қарсы процестер пайда болады. Мұндай ситуацияның объективті экономикалық заңдардың талаптарын елемейтін басқарудың әкімшіл-ерікшіл, тым орталықтандырылған әдістерін қолданғанда қалыптасады.

Экономикалық дамуға, әлеуметтік прогреске қаржы саясатының белсенді ықпал жасау мүмкіндіктері оны терең ғылыми негіздеуді талап етеді. Тек ғылыми көзқарас, саясатты анықтайтын барлық біліп, зерделеу оның салыстырмалы дербестігінің объективті экономикалық қатынастар тәуелділігіне ұласпауының кепілі. Шаруашылық құрылыстың тәжірибесі қаржы саясатының экономикадан қол үзуінің қатаң экономикалық қиыншылықтарға ұрындыратынын, экономикаға негізі қаланған мүмкіндіктерді іске асыруды сөзсіз тоқтататынын дәлелдейді.

Қорытынды

Қорыта келгенде, қаржы экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының) іс-әрекетіне негізделеді.

Бүгінде еліміздің қаржы секторының алдында үлкен міндеттер тұр. Жұмсалған күш-жігер мен кәсібилік арқылы қалыптасқандар төмендемеуі тиіс. Жүзеге асырылғандарға сүйене отырып, түпкі мақсат – Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиялық мақсатына қарай ілгерілеуіміз қажет.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің қаржы секторын дамытуға байланысты бірқатар жаңа міндеттер қойды және Үкімет пен қаржы органдарына болашаққа арналған қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Оның біріншісі – болашақта отандық қаржы рыногын дамытудың перспективаларын айқындау. Мамандар қаржы секторында қол жеткізген жетістіктерді дамытып әрі нығайта отырып, алдағы уақытта оны асқан жауапкершілікпен ілгері жылжытуы керек. Осыған байланысты Президент Үкіметке және қаржы органдарына қаржы секторын дамыту перспективаларына арналған жаңа Тұжырымдама дайындауды тапсырды. Бұл мәселе Үкіметте бірнеше рет талқыланған, сондай-ақ еліміздің қаржыгерлерінің қарауына ұсынылған болатын.

Қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді.

Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламарын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарынын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін қаржы құбылысын қарастырудан оның мәнін – зат болмысының барлық әр алуан нысандарының бірлігін білдіретін оның ішкі мазмұнын зерттеуге көшу қажет.

Біздің қаржы секторымыз бұл біздің мақтанышымыз және бәсекеге қабілеттілігіміз. Осыған байланысты өнеркәсіп, құрылыс, экономиканың басқа да салалары бүгінгі күні өзінің тиімділігін көрсетіп отырған Қаржыгерлер қауымдастығының тәжірибесі мен жұмыс тәсілдерін меңгеруі керек. Қазіргі таңда Қаржы секторындағы бәсекелестікті жаңа деңгейге алып шығу – басты мақсатымыз болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
  1. Амрекулов Н. «Қаржы жүйесін ұйымдастыру және бюджет жүйесі» Экономика-2006 ж. Оңтүстік Қазақстан облысының және Қазақстан Республикасының  статистикалық мәліметтері.
  1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы» Алматы-2005ж.// Қазақстан жоғары мектебі 2005ж.
  2. Ысқақов Д. «Ілгерілеу бар, баяулы байқалады» // Қаржы-қаражат №5- 2006ж.
  1. Жанибеков С. «Бюджеттің орындалуын қалай көтеру керек?» Қазақстан қаржысы. №8-2006ж.
  1. «Қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігі» // Егемен Қазақастан 2006ж. қараша.
  1. «Облыс бюджетінің басты бағыты» // Оңтүстік Қазақстан 2007 ж. қазан.
  2. «Мемлекеттің қаржы саясаты» // Хабаршы №11-2007ж.
  3. «Қаржы жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары» // Хабаршы №9-2006ж.
  4. 2007жылғы Шымкент қаласының бюджеті. 2007ж. қыркүйек.
  5. Иманбердиев Б.Ж. «Қазақстан Республикасындағы экономикалық саясаттың экономикалық өсу нәтижелері» Статистика №2-2007ж.
  6. Жүнісова Н.А. «Бюджет саясаты» Саясат, №1-2007ж.
  7. «Салық – халық несібесі» // Егеменді Қазақстан, 2007ж. 1 қазан.
  8. Кадырбекова М. «Преодоление малежного баланса и дефицита госбюджета», Алматы 2006ж.

Похожие материалы