Экономика
Назарбаев 2017 жылы зейнетақыны 20 пайызға өсіруді тапсырды
Астана. 15 желтоқсан. 7kun.kz - 2017 жылы Қазақстанда зейнетақы көлемі 20 пайызға өседі. Бүгін Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы құрметіне мен Үкіметке алдағы жылы зейнетақы мөлшерін 2016 жылғы деңгейге 20 пайызға өсіруді тапсырамын», - деді ҚР Президенті. Осы орайда Елбасы бұл өсім 2 миллион 200 мың қазақстандықты қамтитынын атап өтті.
Айта кетейік, мерейтойлық салтанатты жиын Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр. Бұл шараға мемлекетіміздің дамуына, Тәуелсіздігіміздің нығаюына зор үлес қосқан елеулі азаматтар еліміздің түкпір-түкпірінен келіп отыр.