Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өнер туындыларының әлемдік сатылымы рекордтық соманы көрсетті

Өнер туындыларының әлемдік сатылымы рекордтық соманы көрсетті

2014 жылы әлемдік нарықтағы өнер туындыларының сатылымы рекордты көрсеткішке қол жеткізді. Бұған коллекция жиюшылардың соғыстан кейінгі және қазіргі туындыларды барыншы қымбатқа сатып алуға дайын екендіктері себеп болды. Бұл туралы әсем өнерлер Еуропалық қорының (TEFAF) жыл сайынғы баяндамысында жазылған.

2014 жылы сирек кездесетін зат пен өнер туындыларының сатылымы 51,2  млрд еуроны құраған, 2013 жылмен салыстырғанда 7% -ға көп деп хабарлайды TEFAF.Осыған дейінгі рекорд 2007 жылы орнатылып, 48 млрд еуроны құраған еді.

2014 жылы сатылған топтамалардың 1,5 мыңы 1 млн еуродан асатын сомаға сатылған. Мысалғы, Christie's аукционында Барнет Ньюманның " Black Fire I" картинасы 84,2 млн долларға, Энди Уорхолдың "Triple Elvis" және "Four Marlons" туындылары 81,9 млн доллар және  69,6 млн  долларға сатылды.

2014 жылы жұмыстары аукционға қойылған 127 мың автордың 54-нің жұмысы 10 млн еуродан асатын сомаға сатылды. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша АҚШ-тың арт-нарығы 38,8%-бен әлемдік үлестегі көшбасшылық позициясын сақтап қалды, екінші орында 22,4%-дық үлестегі Қытай, үшінші орында 21,9% көрсеткішімен Ұлыбритания тұр.

 

Похожие материалы