Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нығматулин: банктер ауыл шаруашылығына кредит беруді қаламайды

Нығматулин: банктер ауыл шаруашылығына кредит беруді қаламайды

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Ауыл шаруашылығындағы несие саясатының тиімділігі аграрлық сектордағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады, ол тез арада шешім қабылдауды талап етеді, - деп мәлімдеді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

«Мұндай бизнесті жүргізу қаупі мен өтімді қамтамасыз етудің болмауы себепті банктер агроөнеркәсіптік жобаларға кредит беруді қаламағанын айта кету керек, сонымен бірге несиелердің 96%-ы ірі агроөнеркәсіптік нысандарға беріледі, ал несиелердің тек 4%-ы шағын және орта фермерлік шаруашылықтарға беріледі», - деді Н.Нығматулин жұма күні Мәжілістегі парламенттік тыңдау барысында.

Ол бұл мәселе жыл сайын көтерілетіндігін атап өтті.

Спикер Ресейді мысалға келтірді, онда шағын фермерлік шаруашылықтарды қаржыландыруға және сүт және сиыр етін өндірумен айналысатын отбасылық ауыл шаруашылық бизнестерін қолдауға бағытталған кредиттік бағдарлама бар.

«Бүгінгі күні екінші деңгейдегі банктерде орташа несиелік мөлшерлемесі 15-22%-дан асып отыр, ал ауылшаруашылық өндірушілердің көпшілігі үшін ипотекалық базаға қатаң талаптар қойылмайды, ауыл шаруашылық өндірісі негізінен шағын және орта бизнес болып саналады, ең алдымен, бизнестің осы санаттарына қаржыландырудың қолжетімділік мәселелерін шешу қажет», - деді Нығматулин.

Ауыл шаруашылығының тағы бір шұғыл проблемасы, ол өңдеуші кәсіпорындардың жұмыс көлемінің аздығын атап өтті. Оның мәліметінше, бүгінгі күні Қазақстанда еттің 33%-ы және сүттің 31%-ы ғана өңделеді, ал қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 60%-ды құрайды.

«Статистиканы талдай келе, жыл сайын 6 мың тоннадан астам сары май, 22 мың тоннаға жуық ірімшік пен сүзбе, жалпы сомасы 45 млрд теңгеге 6 мың тоннадан астам ет консервілерін импорттайтынымызға таң қаламын. Ал, бұл өнімді қайта өңдеу зауыттары өндіруі тиіс», - деп есептейді Мәжіліс спикері.

Ол мұндай импорт көлемі бөлінетін субсидиялардың әсерін бәсеңдететінін атап өтті.

«Көркемдеп айтсақ, потенциал бар, өсім жоқ. Бір жағынан біз бұл саланы 76 млрд теңгеге субсидиялаймыз, ал екінші жағынан біз бірден өз нарығымызда басқаларға орын беріп, ел ішіндегі нарықта кем дегенде 45 млрд теңге жоғалтамыз. Мен үш позицияны ғана сөз етіп отырмын», - деді спикер.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров түсіндіргендей, 2018 жылы сиыр еті 477 мың тоннаны, құс еті 192 мың тоннаны құрады.

«Еттің барлық түрлерінің экспорты 78,7 млн доллар сомасына 33,2 мың тоннаны құрады, оның ішінде сиыр еті - 19,9 мың тонна. Ағымдағы жылдың төрт айында 15 мың тоннадан астам ет және ет өнімдері экспортталды», - деді Омаров.

Сонымен қатар, 2018 жылы ұйымдастырылған шаруашылықтар 1,5 млн тонна сүт өндірді. Экспорт 43,6 млн доллар сомасына 103 мың тонна сүт құрады.

«Оның ішінде 27 мың тонна өңделген сүт, шамамен 10 мың тонна қышқыл сүт өнімдері, 1,7 мың тонна сары май, 2 мың тонна ірімшік пен сүзбе және т.б.», - деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, республикадағы құс шаруашылығында тауық жұмыртқасына деген ішкі сұраныс толығымен жабылды.

«Бірінші рет 557 млн жұмыртқа экспортталды, бұл 2017 жылға қарағанда екі есе жоғары. Экспорт негізінен Ауғанстан мен Ресейге кетеді», - деп түсіндірді Омаров.

Похожие материалы