Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Онлайн-дүкен: Тауарды төмен бағамен алу тәсілдері

Онлайн-дүкен: Тауарды төмен бағамен алу тәсілдері

Зат сатып алудың арзан әрі тиімді жол іздесеңіз - онлайн тапсырыс беріңіз. Бағасы дүкендегіден әлдеқайда төмен болады. Сондай-ақ, сіз бұрын білмеген бірнеше құпия тәсілмен бөлісуді де жөн көріп отырмыз. 7kun.kz тауарды төмен бағамен алу жолдарын түсіндіреді. 

Бүгінде көпшілік шетелдік aliexpress.com, amazon.com арқылы тапсырыс береді. Қазақстанмен салыстырғанда бағасы арзан. Жеткізуі тегін болатын кездер де кездеседі. Және бір артықшылығы - елде жоқты табуға болады. Алайда дұрысы - отандық өндірушілер мен интернет арқылы сатып алушыларды қолдау. Әрі патриоттық, әрі жаныңызда, сенімдірек. Қазір отандық онлайн-дүкендерінің тұтынушылары да күн сайын өсіп келеді. Жәй салыстыру үшін де қарап көрсеңіз болады. Оқуға құмартып жүрген кітабыңыз дүкенде сәл қымбаттау, ал онлайн тапсырыс берсеңіз арзанға түседі. Бұл - желі арқылы шоппинг жасаудың тиімді екенін көрсететін бір ғана жәйт. Одан бөлек, көбі мән бере бермейтін әдістер де бар.

Браузерді дұрыс таңдай біліңіз

brauzer Тауарлардың бағасы сіздің қандай браузер арқылы кіргеніңізге де байланысты болуы мүмкін. Иә, иә, солай. Кейбір ірі онлайн-дүкендер "баға белгілеу" саясатын қатты ұстанады. Мәселен, егер сіз MacBook арқылы кірсеңіз, демек сіздің тұрмысыңыз жақсы деген сөз. Бағасын сәл көтерсе, бұл қолданушы байқамай да қалады деген ой болады. Осылайша, браузер сіздің сатып алатын заттарыңыздың бағасына өзгеріс енгізуі мүмкін. Тиімді бағамен аламын десеңіз, Chrome немесе Firefox браузерлерін қолданыңыз. Немесе, ұялы телефоннан кіріңіз. Зерттеулер нәтижесінде, Safari арқылы кірген қолданушыға баға сәл көтерілетіндігі белгілі болған. Қарапайымдылық қашан да сәнде дегенге сенуші едіңіз бе?

Инкогнито режимінде сатып алыңыз

Wall Street Journal жасаған зерттеудің нәтижесінде кейбір интернет-дүкендер сатып алушының қай аймақта тұратындығына байланысты баға белгілейтін болып шықты. Мысалы, бәсекелестік аз жерлерде (ауылдық жерлер, табысы орташа елді-мекендер) бағаны көтеруі мүмкін. Қалада бәсеке көп, салыстырып қарауы да ықтимал. Сондай-ақ, сайтқа бірінші рет кірген адамға да бағаны өсіретін көрінеді. Браузерлер сіздің қайдан екеніңізді анықтай алады. Ол құрылғының IP адресі арқылы жүзеге асады. Бұрын-соңды байқаған да боларсыз?! Бір кіргенде көйлек қарасаңыз, келесіде көз алдыңызға неше-түрін көрсете береді. Сіздің не қалайтыңызды білу олар үшін маңызды. Бірақ, сізге барынша тиімді бағада алу керегін ұмытпаңыз. Онлайн-дүкендерге өзіңіз туралы ақпарат бермеңіз. Ол үшін браузерден инкогнито режимінде кіріңіз.

Инкогнито режимін қалай қосады?

incognito-mode.@750 Браузерден "Баптаулар" батырмасын тауып алаңыз. Әдетте ол оң жақ жоғарғы бұрышта орналасады. Үш көлденең сызық не тегершіктің суретін көрсеңіз, баптау деген сол деп біліңіз. Одан кейін: Chrome: Баптаулар > Инкогнито режимінде жаңа бет Safari: Файл > Жаңа жеке бет Firefox: Баптаулар > Жаңа жеке бет Internet Explorer: Баптаулар > Қауіпсіздік > Приват режим

Төмен бағамен тауар алудың тағы бірнеше тәсілдері

— DuckDuckGo — сіз туралы ақпаратты мүлдем сақтамайтын іздеу жүйесі. Егер, приват режимге өз браузеріңізден ауыса алмасаңыз, бұл дайын браузер. — Сookies пен қаралымдар тарихын түгел өшіріңіз. Ол үшін "Жеке мәліметтер" бөлімін ашыңыз. Ол "Баптаулардың" ішінде орналасқан. Содан кейін тарихын тазалауды таңдайсыз. Қалауыңызша, бәрін не онлайн-дүкен сайттарын ғана өшіруге болады. Қосымша кеңес: қай затты болсын, алмас бұрын сол туралы жазылған пікірлерге мән беріңіз. Тауар туралы құндырақ ақпарат алуыңыз мүмкін.

Бағаларды салыстыратын құралдар қолданыңыз

Chrome, Firefox және Safari браузерлерінде кеңейтілімдердің түр-түрі бар. Соның ішінде, автомат түрде бағаларды салыстырып беретін кеңейтілімдерді қосып алсаңыз артық емес. Мысалы, өзіңізге ұнаған затты басқа дүкеннен арзан бағаға алуыңыз болады. Кеңейтілімді орнатып қойсаңыз, онлайн-дүкенге кірген бетте сізге тиімді ұсыныстар туралы ескертпені өзі-ақ шығарады. Invisible Hand кеңейтілімі қолдануға әрі ыңғайлы әрі көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген. Сондай кеңейтілімнің тағы бірі — Priceblink. Бұл тек бағаларды салыстырып қана қоймай, жеткізу құны қандай екенін және жеңілдік купонын алуға бола ма, сол жөнінде ақпарат береді. Егер сіз Amazon.com-нан тауарды жиі алатын болсаңыз,  PriceJump  немесе CamelCamelCamel сервистерін қолданыңыз. Олар тауардың ең тиімді бағасын көрсетіп береді. 

Бағаларды "аңдитын" құралдар

Сыйлық жасарда белгілі бір тауарды не брендті таңдайтын әдетіңіз бар ма еді? Олай болса, бағаларды қарап отыратын құралдарды қолдануыңыз керек. Мәселен, SlickDeals Price Tracker сервисі. Бар болғаны тауардың сілтемесін саласыз, бағасы төмендеген сәтте сіздің электронды поштаңызға хат келеді. Бұдан бөлек, PriceZombie атты сервистің де көмегі көп. Ол тауар бағасының өзгеру тарихын көрсетеді. ShopItToMe де осылай жұмыс істейді. Бірақ, көбіне сәнді әрі қымбат заттарға бағытталған. Айталық, сәнгерлер ұсынатын киімдерді алатындардың қатарынан болсаңыз, әрі сәнді әрі тиімді бағамен алуға мүмкіндік береді.

Жеңілдік арқылы алуға бола ма? Мұны да тексеріп алыңыз

Өзіңізге ұнаған затты таптыңыз, бағасы да жақсы. Бірақ, одан да төменге дәл сол тауарды алсаңыз, нұр үстіне нұр ғой? Промокодтар сайттарын бір шолып шығыңыз. Coupons.com, RetailMeNot сынды сайттар сізге осы жағынан көмек бере алады. Honey атты кеңейтілімді қосып алсаңыз, жеңілдікпен алу жолдарын, купонмен алу сияқты әдістерге жол сілтеп отырады. Үнемдеген қай жағдайда болмасын озары анық. Онлайн-дүкеннен сатып алға үнемді әрі тиімді. Саудаңыз сәтті болсын!

 "7"

Похожие материалы