Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Отандық тауар ұтып, сатып алуға асығыңыз!

Отандық тауар ұтып, сатып алуға асығыңыз!

Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz – 4-5-6 мамыр күндері Нұр-Сұлтанда қазақстандық өндірушілердің көрмесі өтеді. 

Республиканың барлық өңірінен келген бес жүзден астам кәсіпорын үш күн бойы өздері өндіретін тауарлардың ең сапалы, ең таңдаулысын өз бағасына ұсынады.

Атап айтқанда: азық-түлік, ерлер, әйелдер және балалар киімі, аяқ киім, арнайы киім, металлургия және машина жасау, зергерлік және кәдесый бұйымдары, фармацевтика өнеркәсібі, медицина және косметика құралдары, целлюлоза-қағаз, электр құралдары, химия, жылу, су және газбен жабдықтау құралдары, резеңке және пластмасса бұйымдары, жеңіл өнеркәсіп, сұлулық, аспаздық қызмет өкілдері, жиһаз және ағаш бұйымдар, құрылыс материалдары, Қазақстан франшизалары өкілдері өз тауарларын ұсынып, қызмет көрсетеді. 

Сонымен қатар, көрме аясында қазақстандық дизайнерлердің топтамасымен танысып, сән көрсетілімін тамашалап, түрлі семинар, шеберлік сабақтарына тегін қатысып, азық-түліктің дегустациясында үздік тағамдарды таңдауға үлес қоса алады.

Көрмені тамашалаушылар тегін лоторея билетін алып,  көрмеге қатысқан отандық кәсіпкерлердің өнімдерін ұтып ала алады.

Көрме бағдарламасымен танысу үшін мына https://damu.kz/kz/vystovka/raspisanie-vystavki/ сілтемеге өту керек.

Похожие материалы