Қытай Халық Республикасының өкілетті органы ел тарихында бұрын-соңды болмаған 6,03 млн юаньді құрайтын айыппұлды Procter & Gamble Co. компаниясына жалған жарнама үшін салып отыр.
Crest тіс пастасының жарнамасында қолданған бірінші күннен кейін-ақ тісіңіз ағарады деп айтылады, алайда, шын мәнінде, сәйкес визуалды нәтижеге қол жеткізу үшін роликте арнайы компьютерлік бағдарлама қолданылған екен.
P&G компаниясының бөлімшесі Crest China өкілдерінің айтуынша, аталған жарнаманы өткен жылдың ортасында телеарналардан беру тоқтатылған, ал "бір күн ішінде тіс ағарту" осы паста мен дұрыс тазалау әдісін қатар пайдалануға қатысты болған.