Қаржы алаяқтарының соңғы технологияларды пайдаланған айла-әрекеттері белгілі болды
Дипфейк – бұл жасанды интеллектпен өңделген фотосуреттер, бейнелер немесе аудио жазбалар. "Deepfake" қолданысы екі түрлі сөзден құралған – "терең" және "өтірік".
Бұл технологиялық әдіс өмірде жоқ адамды бар етіп көрсетуге, қажетті дауысты, бет-әлпетті жалған етуге болады. Және ол әдіс арқылы адам ешқашан айтпаған сөздерді сөйлетуге де болады. Қаржы қылмыскерлері дифейк арқылы кибершабуыл жасап, адамдардың жасырын мәліметтерін ұрлайды. Алаяқтықтық осы бір түрі туралы кеңірек тоқталғымыз келеді.
Deepfake әдісі ең қуатты нейрон деңгейіндегі жүйелер арқылы құралған. Бұл технологияның арқасында кез келген фотосурет немесе бейнені жасап алуға, дауыс тоналдылығы, адамның бет-әлпетін арнайы құралдардың көмегімен басқару мүмкін болады. Deepfake қолдану арқылы сіз өмірде болмаған жайттарды, жағдайды да жасауға болады. Белгілі бір кісіге жасын арттыруға, болмаса жасартуға, қайтыс болған кино әртісімен туындыны толық бітіруге, тіпті, ескі суретті жандандыруға болады. Бұл технологияны кино түсірушілер, маркетинг мамандары, жарнама агенттіктері жиі пайдаланады. Соңғы кездері мұны қаржы алаяқтары да қолданып жүр.
Қаржы алаяқтары дипфейкті қалай қолданады?
Deepfake арқылы шабуылдау жасаушылар:
- банктегі есеп шотқа қолы жетіп, оны нақты қаражатқа айналдыра алады және өзге біреудің тұлғасын жасап несие алуы мүмкін;
- өмірден өткен азаматтың жеке бас мәліметтерін алып, банктің oнлaйн қызмет мүмкіндіктері арқылы қаржы жымқыруы мүмкін;
- жер бетінде жоқ жаңа "кісіні" қолдан жасап, қомақты көлемде қаржы аударымдарын жасауы да ықтимал.
Мұндай әдістердің жүзеге асуы қалай болады?
Deepfakeтер жуырда ғана пайдаланыла бастаған еді. Ал ғаламтор желісінде бұл соңғы әдістің көмегімен жасалған өтірік бейнелер осыдан бес жыл алдында төбе көрсетті. Содан кейін осыдан үш жыл бұрын, 2019 жылы Deepfake арқылы жасалған ең ірі қаржылық қылмыс дүниені елең еткізді.
Ұлыбритания елінде интернетте топтасқан қылмыстық ұйым жаңа технологияның көмегімен үлкен кәсіпорын төрағасының дауыс ырғағын жасаған. Тіпті, оның сөйлеуіндегі неміс тілі ықпалын да айнытпай дәл келтірген. Кибер шабуыл жасаған топ компанияның атқарушы директорына телефон шалып, тез арада 220 000 еуро ақша аударуын тапсырған. Қоластындағы жұмысшысы «бастықтың» бұйрығын бұйрығын бірден орындаған. Қылмыстық топ ол ақшаға қанғаат етпей, кейін тағы екі мәрте хабарласып, ірі көлемде ақша жібер деген. Содан кейін барып қаға күдіктенген қызметкер полицияға хабар берген. Олардың алаяқтық әрекет жасағанын құқық қорғаушылар растағанымен, қомақты қаражатты қолды қылған кибер қылмыскерлерді табудың реті келмеді. Нақтырақ айтқанда, қолдан келмеді.
Осыдан екі жыл бұрын Филадельфия штатының тұрғыны да осындай кибершабуылға ұшыраған. Жасы 68-ден асқан заң өкілі өзіне телефон арқылы хабарласқан «баласына» сеніп, тоғыз мың долларды алаяқтарға аударып жіберген. Қылмыскерлер адвокаттың баласының жалған даусын жасап, әкесіне хабарласқан. Алайда көп ұзамай қылмыс әшкере болып, шабуылдаушылар ұсталды.
Ал осыдан бір жыл бұрын Қытай елінде ірі алаяқтықтың арты ашылып, айыпталды. Алаяқтар Deepfake арқылы салық қызметін алдамақ болған. Қолдан өтірік құжат дайындап, адамдардың суретін сатып алып, тексеру жүйесінен өту үшін Deepfake жаңа әдісін қолданған. Яғни, фотосуреттерге «жандандырған». Нәтижесінде қылмыстық топ жетпіс миллион доллардан астам қаржы жымқырғаны белгілі болды.