Астана. 6 қазан. 7kun.kz – Қазақстан халық партиясы кезектен тыс XXI съезінде партияның атынан президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Біз қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз. Бұл туралы бұрын да айттық. Осы ұстанымда қала береміз. Халық партиясының барлық бастамасы президенттің Қазақстан халқына жолдауында қамтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясынан шыққанын білесіздер. Бірақ президент Тоқаевтың саясаты бізге жақын, Қазақстан халық партиясының идеологиясы мен құндылықтарына толығымен сәйкес келеді», - деді партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.
Айта кетейік, қазірге дейін саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерден президент сайлауына келесі кандидаттар ұсынылды: Нұрлан Әуесбаев – Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП); Жигули Дайрабаев – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы; Мейрам Қажыкен – «Аманат» кәсіподақтар достастығы.
Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.