Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық бизнесмендер онлайн-кассалық аппарат сатып алуға міндеттелді

Қазақстандық бизнесмендер онлайн-кассалық аппарат сатып алуға міндеттелді

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылдың соңына дейін барлық қазақстандық кәсіпкерлер онлайн-кассалық бақылау машиналарына көшуі керек, - деп хабарлайды Қаржы министрлігі.

Ведомствода хабарлағандай, көшуді жүзеге асыру үшін жаңа функционалы бар кассалық аппараттарды сатып алу немесе ескі аппараттарды өзгерту қажет.

«Қазақстанда деректерді беру функциясы жоқ 255,2 мың кассалық аппарат тіркелген. Олардың бір бөлігі, атап айтқанда 181,5 мың немесе 71,1%-ы бағдарламалық қамтамасыз етуді онлайн-кассалық аппаратқа жаңарту есебінен модификациялануы мүмкін», - деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Телекоммуникация болмаған жерлерде пайдаланылатын кассалық аппараттар жаңасына ауыстырылмайды. Елде мұндай машиналар 12 мың (жалпы санның 4,7%-ы).

Өз кезегінде телекоммуникация желілері жоқ жерлерде одан әрі кәдеге жаратуға немесе пайдалануға 32,1 мың кассалық аппарат (12,6%) жатады.

Қаржы министрлігінде хабарлағандай, онлайн-кассалық тіркеу көлеңкелі экономиканы төмендету, салықтық әкімшілікті жетілдіру және салықтық тексерулерді азайту құралы болып табылады.

Похожие материалы