Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Qazkom-ның бұрынғы топ-менеджері Украиналық банкті сатып алды

Qazkom-ның бұрынғы топ-менеджері Украиналық банкті сатып алды

Алматы. 3 шілде. 7kun.kz - Qazkom-ның бұрынғы топ-менеджері Ариф Бабаев Украиналық Sky Bank-тің мажоритарлық акционері атанды, қазіргі кезде ол банктің 99,09% акциясына ие. Бұл туралы Украина Ұлттық банкінің есебінде айтылды.

Бұған дейін «Регион-Банк» аталып келген қаржы институты 2016 жылдың желтоқсан айында акционері мен атын өзгерткен.  Бабаев сол кезде банктің 53,54% акциясын украиналық бизнесмен Анатолий Волковтан сатып алған.

Айта кетейік, Ариф Бабаев 2013 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ атқарушы директоры болған еді. 2016 жылдың мамыр айында қызметінен кеткен. Банктің баспасөз қызметі Бабаевтың өнеркәсіп саласына ауысқаны туралы ақпарат таратқан еді. Алайда оның қайда барғаны туралы белгісіз қалған.

Ариф Бабаев – қазақстандық кәсіпкер. Ұзақ жыл ABN AMRO мен Royal Bank of Scoltand-та қызмет атқарған. Негізінен қазынашылық, инвестициялық портфельді басқару, тәуекелді басқару, қазынашылық операцияларды жүзеге асыруға маманданған.

Бабаев украиналық банктегі жалғыз қазақстандық емес. Онымен бірге банктің бақылаушылар кеңесінің мүшелігінде бұрын Qazkom-ның шетелдік валбюта және бағалы металлдармен жұмыс басқармасының бастығы болған Роман Владимирович Маргацкий, «Казкоммерц Секьюритиз» директорлар кеңесінің мүшесі болған Еркебұлан Тулибергенов пен Роман Кишкинов бар. Соңғы екеуі Qazkom-нан Бабаевпен бірге кеткен еді.  Айта кетейік, Бабаев бұл кезде «Казкоммерц Секьюритиз»  АҚ директорлар кеңесін басқарған.

Сондай-ақ, Sky Bank  директорлар кеңесі төрағасы  Константин Серегин  мен орынбасары Рустем  Галиев  2015 жылдың 1 шілдесіндегі «Қазкоммерцбанк» АҚ байланысы бар тұлғалар тізімінде бар. Яғни, украиналық банкке Qazkom топ-менеджменті иелік, басшылық етіп отыр деуге негіз бар.

Бұрынғы «Регион-Банк», қазіргі Sky Bank 2017 жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша Украинадағы 90 банктің ішінде 77 орынға ие.

Похожие материалы