Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Құрылыс заттары қымбаттап жатыр

Құрылыс заттары қымбаттап жатыр

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылғы наурызда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыстағы баға индексі 100,1%, құрылыс-монтаж жұмыстарына – 99,7%, машиналар мен жабдықтарға – 100,8%, өзге де жұмыстар мен шығындарға – 101,7%-ды құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.

Ағымдағы жылғы наурызда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялар бағасының индексі 100% құрады.

2019 жылдың I тоқсанында силикат және қож кірпіштердің бағасы 3,9%, қыш тақтайшалар мен тақталардың – 2,7%, ғаныш картонның – 1,3%, фиброцементтің – 1,1%, цементтің – 1%-ға өсті.

Электр жарықтандыру жабдықтары 5,5%, бояулар мен эмальдар – 2,5%, ғаныш – 0,5%, құрылыс ерітінділері – 0,4%, құбырлар – 0,1%-ға арзандады.

Похожие материалы