Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Рахман Алшанов: Нарық за­ма­нын­да әр адам өзіне-өзі жа­уап­ты болуы ке­рек

Рахман Алшанов: Нарық за­ма­нын­да әр адам өзіне-өзі жа­уап­ты болуы ке­рек
Жеке қаражатты басқару, несие туралы Нарық за­ма­нын­да әр адам, әр от­басы өзіне-өзі жа­уап­ты болуы ке­рек. Тиын санай­тын заман келді. Ақша алғанда «Ертең оны қалай қай­тарамын?» деген ой тұруы керек. Бір кез­дері «Үкімет қол­дайды. Қарызды жауып береді» деген пікір қалыптасқан болатын. Одан арылу керек. Осындай пікірден арылмаса, ылғи проблема бола береді. Нарықтық эконо­микада өмір сүру жауап­ты өмір сүру дегенді білдіреді. Несие ал­дың ба, бел­гіленген мерзімде қайтару керек. *** Халық та үйренуі керек. Өз төлем қабілетіне қарамай көлік алады. Үй салады. Бірінен-бірі қалмауы үшін жанталасады. Негізі бір машинаның құнына шағын кәсіпорын, мысалы, нау­байхана ашуға болады. Тыраштанып өзгеден қалмайын деп джип, басқа да қымбат көлік алады. Бір-екі күн бай бо­ла­ды да, сосын қарызды қайтара алмай қашып-пысып жүреді. *** Біздің қазақ қарыз алып той жасайды. Шамасына қарамай тойға көп адам шақырудың керегі не? Той жасамағанға ұялатын несі бар? Қайта қарыз алып оны қайтара алмай жүрген ұят емес пе? Кей кезде біз жағдайға қарамай әрекет жасаймыз. *** Елбасы «Ағайындар-ау, несиені алғанда ертең оны қайтару керектігін ой­ламайсыңдар ма?» деп бірнеше рет айтты. Қайтара алмаған қарызды мем­лекет қашанғы жабады? Мемлекеттің бюджеті негізінен салықтан жиналады. Ол – халықтың ақшасы. *** Несие керек, өйткені экономика өсуі тиіс, бірақ әркім несие аларда өз шамасына қарауы қажет. Банктердің жауапкершілігі туралы Эко­но­микада тиімдісі – банктердің үстемақысы 10-15 пайыз шамасында болғандығы. Одан жоғары болса адамдардың қайтару қабілеті жетпейді. *** Халықтың (несиені-ред.) уақы­тында төлей алмайтынын түсінгеннен кейін банктер өз саясатын өзгертуі керек еді. Банктер де, мемлекет те, Ұлттық банк те ережені өзгертуі тиіс. Олай болмаған жағ­дайда бұл мәселе ары қарай жалғаса береді. *** «Үкімет несиемізді жауып береді» деп жүретін адамдар да аз емес. Банк қызметкерлері қайтару мүмкіндігі аз адамдарға несиені неге береді? Банкте несиені заңсыз жолмен алып беруді ұйымдастырып, солардың арқасында табыс тауып отырғандар да бар. Бұл жерде сыбайлас жемқорлықтың да иісі білініп тұр. Коллекторлар туралы Қазір бәрі коллекторларға қарсы шығып жатыр. Бір Алматының өзінде тұтынушылар 78-80 миллиард теңге қарыз екен. Коллекторлар бизнес жасап отыр. *** Коллекторлар халықтың ақша­сын сыпырып алып жатыр. Халық­тың қарызының көп болғаны коллек­торларға пайда. Халық жем болып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, коллек­торлар көтерем, ақсақ-тоқсақ малды сүйреп кететін қасқырлар сияқты. *** Пре­зидент сайлауы кезінде «Нұр Отан» партиясының штабын басқардым. Сонда бізге қанша адам келіп «Коллекторлар бізді тонап жатыр» деп шағым жасады. Біз сол коллекторларды шақырып, сөйлестік. Олар «заң солай» дейді. Дегенмен коллек­торлардың арасында белден басатындар аз емес. Ұлттық банктен бастап коллек­торларға дейін бұл жүйені реттеуі керек. Әйтпесе, қоғамда үлкен наразылық тууы мүмкін. 1 миллион 200 мың халықтың нара­зылығы деген оңай дүние емес. Проблемалық несие туралы «Проблемалық несиенің көбейіп кетуіне әлеуметтік ахуал да әсерін тигізіп жатыр» деген де пікірлер айтылып қалады. Бұл жерде айтарымыз банкте осындай мәселелерді қарайтын арнайы комиссия бар. Олар жағдайға қарап, зерттеп, тұтынушыларға жеңілдік беріп, ары қарай уақытын созып жатыр. *** Проблемалық несие дегеннің өзі үлкен, ушығып тұрған мәселе болып тұр. Сондықтан бұл мәселені халыққа күн­делікті айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тиіспіз. Проблемалық несие алып ұрынған жандардың басынан өткен жағдайды ашып көрсетіп, халықтың көзін ашуымыз керек. *** Проблемалық несиенің артында көп мәселе бар. Ол – жемқорлық, алаяқтық, банк қызметкерлерінің жеңіл қараған­дығы, халықтың надандығы. Айта берсең түрлі жағдайлар көп. *** «Елімізде эко­номистер көбейіп кетті» деп жатады. Елде нағыз экономист, қаржыгерлер көп болса, біз мұндай тығырыққа тірелмес едік. Қаржы тақырыбының БАҚ-да көтерілуі туралы Қаржылық сауаттылық, несие, оның үстемақысы қалай есептеледі, осындай жағдайларды БАҚ үнемі қозғап, жазып отырса жақсы болар еді. Дереккөзі: «Айқын» газеті. Гүлнар Жұмабайқызының «Қайтарылмаған несие мәселесі қашан шешіледі?»  атты мақаласы.

Похожие материалы