Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Renault: Биыл бізде өсім байқалмайды

Renault: Биыл бізде өсім байқалмайды

Renault SA франсуз автоконцерні 2015-жылға жасаған болжамдарының көңіл көншітпейтінін мәлімдеді. Бұған Қытай нарығындағы дағдарыс пен Ресей, Латын Америкасы елдеріндегі сұраныстың күрт төмендеуі себеп.

Керісінше автоконцерннің Еуропа нарығындағы позициясы күшейіп келеді. Еуронарықтағы үлесі өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға өсіп, қазір 62% -ды құрап отыр. Сатылым көлемі 9,3 пайызға артса, керісінше Оңтүстік Америка мен Еуразия нарығындағы сатылым 31 пайызға дейін төмендеген. Компанияның ендігі мақсаты – Еуропа нарығындағы өз позициясын сақтап қалу.

Похожие материалы