2015 жылғы республикалық бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге шаққанда 2,3%-дан 3%-ға көбейді, яғни 1,2 трлн теңгені құрайды
Негізгі сценарий бойынша, 2015-2017 жылдары мұнай бағасы барреліне 80 доллардан 50 долларға дейін төмендейді, 2018-2019 жылдары барреліне 60 доллар болады деп көрсетілген. ЖІӨ өсімі 2015 жылы 1,5% деңгейінде деп бағаланды, осыған дейін болжамды деңгейден 3,3 пункт төмен көрсетілген. ЖІӨ-нің номинальды көлемі 2015 жылы 41,308 трлн теңгені құраған.
Нақтыланған болжам мен шығын тапшылығының ұлғаюына байланысты 2015 жылы республикалық бюджет 7,244 трлн теңгені құрайды. Осыған дейін нақтыланған көлемнен 610,7 млрд теңгеге азайтылған. Жекелей алғанда, жаңа жобалар мен бағдарламаларды қысқарту, әкімшілік, іс-сапар және өкілдік шығындарды азайту ұсынылды. Ұлттық банк болжамы бойынша, экспорт көлемі осы жылы 44,7%-ға азайып, 43,6 млрд долларды құрайды, импорт 21,8 %-ға азайып, 34,7 млрд долларды құрайды. Инфляция деңгейі бұрынғысынша 6-8 % дәлізде сақталған. Республикалық бюджеттің 2015 жылға нақтыланған табыс болжамы (трансферттің енгізілуінсіз) 3 трлн 219,9 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде салықтық түсімге байланысты 959,6 млрд теңгеге азайған. 2015 жылы республикалық бюджеттің табысын қайта қарауға экономика даму темпінің азаюы, сыртқы сауда көлемінің төмендеуімен байланысты макроэкономикалық көрсеткіштердің қайта нақтылануы себеп болды. ЭСА бәсінің өзгеруіне байланысты табысы көлемі 259,9 млрд теңгеге азайды деп болжамдалған. Осыған дейін хабарланғандай, 2014 жылдың қарашасында бекітілген бюджетте табыс 1,16 трлн теңге (трансферт есебімен - 6,858 трлн теңге), шығын-7,855 трлн теңге деп жазылған еді. Тапшылық 997,1 млрд теңге көлемінде бекітілген (ЖІӨ 2,3% ). 17,3 млн адамнан көп халқы бар Қазақстанда республикандық бюджет негізгі қаржылай құжат болып есептеледі. Оның негізінде аймақтар бюджеті енгізлетін мемлекеттік бюджет құрылады.