Россельхознадзор (Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөнінідегі федералдық қызмет) Қазақстанға 1,3 тонна Польша алмасын қайтарды, олар Астрахань облысына жеткізілуі тиіс еді.
Федералдық қызмет хабарламасында айтылғандай, автокөліктердің бірін тексеру кезінде Россельхознадзор мамандары, кеден қызметкерлері мен шекарашылар жалпы салмағы 1300 кг 100 қорап контрафактілік өнім тапқан.
Хабарламада бұл өткен екі апта ішіндегі Астрахань облысында жеткізу режимін бұзған екінші оқиға екендігі айтылған. Польша алмаларына қатысты бірінші оқиға 20 наурыз күні болған.
Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Ресей тарапы қарсы шара ретінде бірқатар елдердің өніміне қатысты қолданған жауапты шаралардың аясында Польшадан РФ-ға жеміс-жидек жеткізуге тыйым салынған.
2014 жылдың 7 тамызына дейін (азық-түлік эмбаргосының енгізілген күні) Польша Ресейге алма жеткізетін жетекші ел болған-тын (алма экспортының 68%).